АТА ЖОЛЫ ЖӘНЕ АҚҚУ СҰҢҚАРЛАР ТУРАЛЫ

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 349

Негізінде аққу, сұңқар ұғымы метафизикалық тұрғыда көз бен жүректің бірлік жүйесі және құс тілімен жалғанумен байланысты. Мұны құс тілі ілімімен байланысты деп түсіну керек және көру, есту қасиеттерінің бірлігі болмақ. Яғни көру сезімі арқылы ести білу қасиетінің жетілуімен, есту сезімі арқылы көру қасиетінің бейнеленуі болмақ. Бұл екі түрлі қуаттық жүйенің де екі түрлі көздің қасиеттілігін қалыптастырумен нәтижеленбек.  Енді Көз дегеніміз барлық жанды жаратылыстың  дүние мен табиғат жаратылысын танып меңгеруге негізгі жарығы болып,  екі жарты танымнан, танудан тұрады. Толық оқу …

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жүрген сұхбаттан:

Жанар Даулетханова
Алланың аманатын арқалап, əулие бабаларымыздың аруағы қолдап Алланың ақ жолына Имандылыққа халқын жетелеп халқын арақтан нашақорлықтан тазартып ұрпақ үшін ақ жол ашқан Ақ ұл ағамыздың аты мəңгі өшпейтініне мен сенемін.
2017ж., 5 ноября в 17:50

Токберген Байтасов
Сезімдік тұрғыда осылай сияқты. Бірақ Ақ ұлдың атын өшіруге өзінің ең жақын шәкірттері ібіліске қызмет қылып арпалысып жатқанда Ақ ұлдың жаулары әзірге жеңіске жетіп жатқаны хақ. Ақ ұлдың ісін алға бастырып, ата жолын биікке шығаратын аз ғана аққу, сұңқар сарбаз шықпақ!

Жанар Даулетханова
Оның бəрін тек бір ҰЛЫ АЛЛА ТАҒАЛА ғана біледі Ақ ұлымыздың артын пенде кірлеткенмен тек бір АЛЛАМЕН БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АРУАҒЫ АҚТАП АЛДЫ ҒОЙ. БƏРІН ТЕК БІР ҰЛЫ АЛЛА ҒАНА ШЕШЕДІ. АЛДЫМЫЗДА НЕ БОЛАРЫН АЛЛА ТАҒАЛАМЫЗДАН БАСҚА ІШКІМ БІЛМЕЙДІ. БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАЙТЫН МАЙҚЫ БИ Т.Б ƏУЛИЕ БАБАЛАРЫМЫЗ ЖОҚ ҒОЙ ҚАЗІР СОНДЫҚТАН ТЕК БІР АЛЛАҒА ҒАНА СЕНЕЙІК.

Токберген Байтасов
Шайтандық сезім! Ақ ұлдың қайтыс боларын жарты жыл бұрын соңынан ерген ең жақын шәкіттеріне жылататындай сөз айтып, Ақ ұлды мұнымен құртасыңдар, ата жолын бүлдірдіңдер дегенде;» Бір Құдай өзі біледі, аруақтар қолдап алып шығады бізді»  деген еді. Қайда сол БІР ҚҰДАЙҒА тапсырғандарың? Амал қылмағанды Алла тағала жақсылыққа жеткіземін деген бе? Не деген надандық! Сендер мұндай топас болсаңдар сонда кім ата жолын жаңғыртып жетілдермек?

Жанар Даулетханова
Мықты болсаңыз қайда қалдыңыз болашақты болжап ағаны ажалдан құтқарып қалмадыңыз ба? Іліміңіз біліміңіз мықты болса ағаның қорғаушысы болмадыңыз ба? Қатын-қалаштарды қарғап-сілеп солармен арпалысу ғана қолыңыздан келеді екен сіздің басқа істеп жатқан ісіңізден нəтиже көрмедім.

Токберген Байтасов
Ия рас маған ата жолының азғындағанын, арты жамандыққа түсуін ескерткен аянмен бергенді. Бірақ Ақ ұлдың маңындағы қатындармен қатынға бергісіз мақтаншақ, арсыз еркектермен соғысудан жалыққан едім. Сосын ерегісіп бармадым, айтпадым! Ақ ұлдың өзі тамағын ұстап «Тоқберген менің мына жеріме келдің, енді өзіңмен өзің жүрші» дегенді. Соңғы өзің сияқты арсыз аққулардың, Нұрсұлудың соңынан ергендердің жабылып қалайда мен тығырыққа тіремек болғаны үшін керуенді де бөліп алдым. Есесіне ата жолы жазбаларын сақтауға, әрі қарай жазылуға, Құран үніне аз болса да көргенді, иманды аққулар жәрдем берді. Бұл да болса Ақ ұлдың ісін жоғалтпай түбінде көбейіп өнім беруіне қызмет емес пе? 2004 жылы кітапқа бұл жағдайды жазғанда сендер емес пе, кітапты таратқызбай ордалардан лақтырып;» Ақ ұлды Тоқберген жамандаған» деп жұртты қарсы қойған?. Кім жаны ашып жүгірді, кім батпаққа батырып сынаққа түсіруге қызмет қылды, ол тарихта мәлім болады, халық бәрібір өздері баға береді. Әзірге жұртты құранның үні жоқ, айнадан алған батамен алдай тұрыңдар. Қашанға шыдас берер екенсіңдер! Ақ ұл сендермен емес, ай сайын біздермен кездесіп жол сілтеп жүр! Оны да біле жүріңдер!

**** *****

Ата жолының сынаққа ұшырап халыққа жек көрінішті болуына біріншіден өзіміз, аққу, сұңқар, сарбаз аталғандар кінәлі болғаны тақуалықпен, ата дәстүрін меңгерумен надан қауымға қарсы тұра алмай, керісінше арзан дүниеге, оңай ақша табудың жолына айырбасталып кетті. Бұл әрекет әлі жалғасуда. Рас, Ақ ұлдың кезінде құранның үнімен батада ерекше қасиет болды. Халықтың рухани оянуына, құран үнінің хикметтері себеп болды.

Сонымен бірге ата жолының білімі де аруақтардың жетелеуімен оқылып, мұны жазуға біздер аз ғана топ қызмет қылдық. Ақ ұлдың алдынан ашылған қаншама аққулар батаның кереметіне халықты таң қалдырғанмен, оны ұстап тұруға шариғатты меңгеруге төзімдері жетпей және ел билеуші, дінші қауымдардың қарсылығына ұшырап тазарту амалдары тоқтап, қамшы тағы басқаларға тиым салынып, шындық дерек ұрлана бастағанда Ақ ұлдың өзіне де дерек тоқтады.

Мұны сезгенмен Ақ ұлымыздың жанында көмекші болатын, текті тақуа еркектерді алдын-ала аққулар өсектеп, артынан сөз ертіп, айтпағанын айтты деп Ақ ұлға қарсы қойып, өздерінен басқалар жоламайтындай қамал қорған жасап алып, сырттан ақпарат жеткізудің барлық жолын жапқан да еді. Соның бірі мен болдым. Менің қателігім өзіме Раббымыздың көрсеткен білдіргенін айтуға бармадым, маңындағы қатындар мен еркектерден жиркеніп таласып, қарсыласуға еріншектік таныттым.

Сонымен Ақ ұлдың ақиретке көшер алдында 4-5 ай бұрын аруақтар Арыстан бабаның басына шақырып алып; «Телпектеріңе тышудан басқаның бәрін істедіңдер, енді ақпараттық түрде ізденіп Алла жолында соғысыңдар» дегенмен «Бір Құдай бар» деп жүріп алып, арты осылай аяқталды. Өкінішке қарай кезінде Құранның үні бар кезінде батамен жұртты сусындатып, шәкірттер ертіп бедел-абырой жинағандар, енді жындармен хабар алушыға айналып, әлі кезге дейін бұл істерін жалғастырып тәубеге келер түрі жоқ.

Мұндай дүниелік тұрғыда көк пен жер арасынан айнадан хабар алушылар дүниелік жалғанмен керемет көріпкел саналғанмен шынында ақиреттің арасын, тағдырмен жалғануға қарсылықты ұйымдастырумен қара түнек күштерге қызмет қылады. Мұны көрсетпеу үшін жоғарыдағыдай сөздермен өздерін ақтап, шариғат, парыздарды, тақуалықты сақтамауларын, арсыздықтарын сынағанды қарғадың деп, өзіне ұқсастарды бізге жалпы ата жолын сақтап әрі қарай дамытуға тырысқандармен араға от салып жүрген тәкаппар, мақтаншақ, мен білемдер ата жолының 70-80 пайызы болмақ.

Ақ ұлмен жиі кездесіп сауалдарға жауап алып отырамын. Маған берген аманаты; «Ешкімге де сенбе! Құдайдан ғана сұра! Үнемі тексеріп отыр, менің қателгімді қайталама! Ел басына маған жете алмағандай болып жүрме! дегенді. Яғни тылсымнан келген шындықтарды ел билікке үнемі жеткізіп отырмасаң, кенеттен үкім түсіп, ел басының да қайтыс болып кету қаупі арта береді деген еді.

(Қараша 2017 жыл)

https://www.facebook.com/haruah17?fref=hovercard&hc_location=chat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *