XXXX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 77

«Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғұны қалай?», «Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай (қанағаттанып шүкірлік қылмай), тыныштықтан жалыға қалатұғұны қалай?», «Нәпсісін тиып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғұны несі?» (40-сөз).

Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайы «қырық қожасын қырқа асыра алмағандықтан», «Қызға қырық үйден (қырық қарсылық, арамдықтан) тиым болмай» дінімізде; қырық шілтендік рухани жүйеге, жер ана рұқына жалғанып табандылықты меңгере алмай, қырық пышақ араздықта өмір сүріп ойланбайтын елдер қатарына әбден сіңіп алдық. Бұған басты себеп; ел билігіміздің әлемнің арсыз салтын, «гендірлік теңдік» атты жаратылыстық негізге ашық қарсылық, құдайсыздық және түнек күштермен байланыстық жүйеге жалғанып тұруға, жалаңбастық әдетпен байланатын әлемдік таздардың ой жорып айтатын қырық өтірікке негізделген саясаты да себеп болғаны хақ. Яғни, әлемдік жеті жоғарғы дәрежелі жын-перілер басқаруындағы қауымдастығына тұрақты мүше болып алғанымызда да хақ.

Таза ойдан хабар келмесе ақылдың әлсіреуімен, білімге сіңіп жоғалуымен қандайда бір ұятсыздық, арсыздықтың заманға сай әдеп болып қабылдануы да заңдылық. Қазақтың әдет-ғұрпының сақ дәуірінен бастап ділдік біліммен негізделіп және әлемге түсірілген діндердің барлық тіл білімдерімен жалғанып жүйелену арқылы белгілі заман салттары болып қалыптасып арамыздан шыққан әулие-әмбилер арқылы ұлттық жобамыз, арман мақсатымыз дәстүр болып бекіп отырғаны да сөзсіз. Ислам дінінің құранмен толық баяндалып, әлемнің барлық істері мен уақиғалары санмен бекіп, әрбір заманға қарай дәуірлердің бірлігі болып, яғни «тоғыз жолдың торабына» айналып әлемнің біртұтас тағдыры болып қайталануы хижрамен байланысты болуы да сөзсіз.

Адамзаттың өткен шағы хижрамен жыл есебімен байланысты болса, болашағымыз әрбір атқан және қызарып батқан күннің қозғалысымен, ал бүгініміздің тағдыры уақыты жұлдыздардың әрекетімен бейнеленіп отырады. Біздердің күнделікті екі қолмен атқарған істеріміз белгілі бір 11 жылдық кезеңді толтырып 12-жыл өзіміздің тағдырымыз, сынағымыз, қуанышымыз болып алдымызға қайта оралып отырады. Аятта; «Бастарыңа жаманшылық келсе онда оны ешкімнен көрмеңдер екі қол істеген істермен деп біліңдер» деген жаратушымыз.

Сондықтанда қандай замандарда болсын үш түрлі уақыттың кездесуімен (күн, ай, жұлдыз) және құрандағы бейнеленген белгілермен белгілі бір өзгеріс уақиғалардың, дінге қарсылықтардың да пайда болуы елдің, белгілі бір ұлттың ішінен нәсіл (жын-перілік) болып бейнеленіп, адамзат мінезінің, әрекеттерінің алуан түрлігін қалыптастырады да. Біздердің мұндай тозақтық нәсілдік сипаттарымыз міндетті түрде тазарудан өтіп, қайта өмірге жаратылыстық айналымға келіп, адамдық сипатқа дейін жетіліп өсіп, көбейіп, бірленіп отыруы шарт. Ислам діншілерінің адамзат нәсілінің тек қана қиямет-қайымда қайта тіріледі дегенін құран аяттарында мүлде теріске шығарады.

Аятта; «Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе оған; «Бол» дейді. Сонда ол бола қалады. (68) Мұхаммед Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады?» (40-69) Бұл аятпен кез келген уақытта Алламыздың барлық адамзаттың нәсілін, қылықтарын қайта өмірге әкеле алатын құдіретін паш етеді. Барлық адамзаттың тағдыры, қылықтары, істері «Бол» деген бұйрықпен аруаққа, қолдарға айналып, біртұтас барлық қозғалыстың негізі ОЛ (Алла) сипатына бірленуі шарт.

Сонымен адамзаттың мінездерінің, қылықтарының және белігілі тарихи уақиғалар мен қасиет, тектердің қайта өмірге тіріліп келуін Алланың бұйрығымен болып отыратын жаратылыстың айналымдық заңдылығын ашық ескертеді. Олай болса, қазіргі таңдағы қазақ еліндегі рухани жағдайдың ата жолымен байланысты ерекше Раббымыздың хикметті белгілері түсіп, бұрынғы замандағы көптеген дін уақиғаларының (әруақтық қолдардың бейнеленуімен) інжілдік сипатта қайталанып жатқаны да хақ. Және осындай тоғыз жолдың торабымен байланысты әлемнің барлық заманға қарай бейнеленген уақиғаларының кезедесуі мен ақ пен қараның соғысы жүріп жатқанын және ел билеуші мен білімді, дінші қауымдықтардың басым бөлігі ібілістің ықпалын атқарушы болып алғандары да хақ.

Мұндай ақпараттық жаңа дәуірге аяқ басумен қияметтік мезгіліне тән ашық дәлел Раббымыздың білімінен хикметті белгілерін, әрбір пендесіне оқылып жатқан аян, аяттарын, Ақ ұл арқылы ерекше мұғжиза келіп жүректің құлағын ашумен байланысты әулие-әмбиелер аруақтарынан уахи болып; бата, көркем сөздің оқылуын дінші қауымдықтардың, ғалымдардың Алланың заман тағдырына «Бол» үкімін теріске айналдырып, «серік қосу» деп халықты сендіріп болғаны да хақ. Қазақ еліне келген ата жолының мұғжизалары мен түрлі хикметті білімдерінің Алланың үкімімен алдына–ала жазылған адамзаттың тағдырымен байланысты болғанын;

Аятта; «Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой ұсынған кісі ғана үгіт алады. (13) Егер қарсы болғандар жек көрсе де дінді өзіне ғана арнап нағыз Аллаға жалбарыныңдар. (14) Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қалса, өз бұйрығымен уахи түсіреді. (15) Ол күні олар (әулие-әмбилері) көрнеуге шығарылады (пенделермен ашық сөйлесе бастайды). Олардан еш нәрсе Аллаға жасырын болмайды. «Бүгін патшалық кімдікі? Тек қана жалғыз өктем Алланыкі делінеді.» (40-16) Енді Ол Аллалық сипаты жер бетінің барлық істерін басқарушылық жүйесі құдай патшалығы және Алланың жалғыздық сипатынан нағыз Аллаға жалбарыну, дінді өзіне арнауға яғни біртұтас аспан мүлкі Ол сипатының біртұтас жаны болған «БІЗ»-дерге құлшылығымыз болмақ.

Негізінде Ол сипаты Алланың елшілерімен байланысты Мұхаммед пайғамбарымыздың дәнекерлік шапағатшылығынан, рұқтық жүйесінен болып; 8-түр қуаттық жүйенің 9-шы тұрғыда Алланың өзінен, періштелерінен Бір Аллалық басқару жүйесі болып қазақта; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожаны қырқа асырмай текті болмас» деген нақыл қалдырған. Ата жолында «Ғайып ерен қырық шілтендік» қуаттық жүйенге жалғанумен 41 әулие–әмбилерден, Алланың достарының алдынан өтіп бой өріс жарықтарын алмастырумен; «Бірақ бой ұсынған кісі ғана үгіт алады» деген аяттың үкіміне сәйкесті атқарылмақ.

Ата жолында Алланың «Бол» үкімін атқарушы мөрі арқылы жүрек құлағы ашылған; аққу, сұңқарлар арқылы әулие-әмбилер тарапынан ақиреттің білімі уахи болып оқылуын; «Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қалса, өз бұйрығымен уахи түсіреді.» деген үкімге сәйкес қазақ халқына құдайдың патшалығында өмір сүруге қалауы болып және оған өзге ұлттарды да шақыруға жол ашылған еді. Әрине мұндай жағдайда дін исламның ішінен ібілістің ұрпақтары дін ғалымдарының; «Мұхаммед пайғамбардан кейін уахи тоқтаған, Алла енді ешкімге хабар бермейді» деген пәтуамен құранды терістеп, аяттарын ертегіге, аңыздарға айналдырып халықты сендіріп те үлгіргендері хақ.

Ал шынында қазақ еліне түсірілген жағдайды; «Алла сендерге белгілерін көрсетеді. Ал сонда қайсы белгілеріне қарсы келесіңдер? (81) Олар жер бетін кезбеді ме? …Өйткені оларға елшілері мұғжизалармен келгенде, өз қастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті.» (40-83) Сонымен қазіргі таңдағы діншілер мен ғалымдар білімділер болсын, жер бетінде Алланың осы заманға дейінгі түсірген белгілерінің ешқайсысын да Ол Аллалық сипатынан аруақ арқылы құдаймен хабарласып, жол-жоба алу деген болмаған, құранда Алла мұны бұйырмаған. Және Имам Ағзам Алланың барлық қиямет–қайымға дейін түсіретін де белгісін білімге жазып кеткен ОЛ сипатының өзі деп сендіреді.

Ал шындығында дінші ағайындарымыздың бұрынғы замандағы білмге ғана сеніп, құдайды тастап қойған нәсілдердің қылығын қайталап, өздерінің де сол нәсілдердің Алланың жер бетіне сынау үшін қайта жаратқандарын аңғаруға ақылдары жете бермейді. Сол сияқты мейлі ата жолындағы аққу, сұңқарлар болсын, мейлі ел билеушілер, білімді қауым болсын, белгілі бір Аллаға дініне қарсылық қылған нәсілдермен, жын-перілермен, қарсылық қасиеттермен жүктеліп мұнан тазаруға, ақылмен меңгеруге тағдырлық жоба алған ел екеніміз де хақиқат болмақ. Ел билеушілердің, ел басымыздың кезінде білімде үлкен жетістікпен дүние ісін жетік меңгере алған Перғауындық ел билеушілермен де байланысты нәсілдік қайталану екенін іс-әрекеттерінен ашық аңғаруға болады.

Сонда Алланың бар белгісін, кімге қай заманда қандай белгі түсіретініне; «Қашан бір істі бұйырғысы келсе оған; «Бол» дейді.» деген үкіміне теріс куәлік беріп жүргендер, Алла қиямет -қайымсыз «Болдыра алмайды» дейтіндер кімдер? Қиямет–қайымға дейін Алла тірі, рас, барлығын көрсете алмайтын болғаны ма? Негізінде; «Мұхаммед Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады?» деген Алла сөзінің хақиқатын масһабшы, ел билеуші, білімділер расқа шығарып сондықтанда; «Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.» (40-59) Олай болса сағаты, мезгілі, соңғы қайымы қайта жаратуы болсын, бәрібір қиямет аталып, Ғиса пайғамбардың оның дәлелі болуына да жаратушымыздың үкімі бар.

Сонымен құдай патшалығына шақырған Ғиса пайғамбарды және оның шәкірттерін парызшы, тәуратшыл діншілердің қудалауымен ел билеушілерді көндіріп, қарсы заң шығарып соттауы, жазалауы да қазақ елінде қайталанып, әлі кезге дейін жалғасып жатқаны да дәлел бола алады. Қазақ елінде исламның бірлік жүйесіне христиандық елдерді дінге шақыруға, Алладан ислам бірлігі «Бол» деген жоба түсіріліп, сондықтан інжіл, тәурат, зәбурлік дін құлшылықтары да құран арқылы атқарыла бастаған еді. Әрине мұндай жағдайда ондай елдердің нәсілдерінің де араласуымен түрлі жын-перілік, шайтандық перілік қылықтардың, білімдерінің шабуылына ұшырап азғыруға түсуіміз де заңды құбылыс.

Шынында ата жолында исламдық шариғат тазалығын, сопылық тұрғыда тақуалықты меңгермей–ақ ақиқатты меңгерген әулие-әмбилерден де жаппай уахи-бата алу да жүйелі атқарылған еді. Ата жолының алғашқы кезеңінде ерекше хикметпен, мұғжизаның қуаты болып «Аққу, сұңқар Бол» деген Алланың үкімі ешқандай кедергісіз атқарылғаны да хақ. Бірақ әулие-әмбилердің үгіттерінде үнемі исламның құндылықтары, пайғамбар сүнеттерін, ата дәстүрін қалыптастыруды, тақуалықты сақтауды үнемі ескертіліп отырғанымен оған құлақ асқан аққу, сұңқар, сарбаздардың да аз болғаны жалған емес. Әулие-әмбилер батасында; «Ой түземей бой түзеп қана кеттіңдер» деген ескертулермен исламның білімін, намаздарын орындауды тастап қойғандарымызды үнемі ескертілген де еді. Ата жолы даналығында; «Адамдықтың белгісі қасиет, қасиетті меңгере алмағанда қасірет» деген нақыл бар. Сонымен Алланың нұрын бірте–бірте жоғалтып тауысып, жын-перілердің ықпалына өту «аққу, сұңқар» аталған қасиеттіліктің қасіретке айналуына қызмет жасап кеттік.

Қасиеттің әулие-әмбилер мен Аланың ұлықтаған сүйікті құлдарына мирас болған кісілік жарық сипаты мен және қараңғылық түнекпен бауралған қарсылық кісілік сипаты да барын білген жөн. Аятта; «Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді.» (27-48) Енді адамзаттың бойындағы 8 жындық, серілік, көздік сипатымен 9 кісілік қарсылықты көбейтсеңіз пайғамбарымыздың ескерткен (8х9=72) адасқан қарсылыққа түскен дін топтарының пайда болуын түсінуге болады. Олай болса қазақтың, «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожаны қырқа асырмай текті аталмас» деген нақылы осындай 72 топтық қарсылықты 49 сандық белгімен меңгеруді, яғни Ғиса пайғамбарымызбен байланысты (3-49) аятын меңгерумен байланысты деп білген жөн.

Және әлемдік тұрғыда барлық діндердегі меңгерілген, меңгерілмей қалған 41 періштелік, қауымдық қасиеттілік жүйелерді де, нәсілдік жүктерді аруақтық жүйемен 40 періштелік жүйені 7 әулиелік қасиет арқылы бірлеумен яғни ислам діні құлшылығымен; Мұхаммед -47 сандық жарықтық белгімен намаздарын толық меңгерумен де адамзатқа деген махаббатты қалыптастыру ислам дінінің бірлігі болып саналады. Әлемдік тұрғыдағы мұндай жүктер мен нәсілдерді меңгеру ата жолының аққу, сұңқарлары мен сарбаздарына тиісті болып; жындық, шайтандық, перілік тұрғыдағы сан алуан қылықтардың да мінез болып бой көрсетумен де байланысты екені сөзсіз.

Сонымен жасынан ата дәстүрінен тәлім алмаған, шариғатты ұстанбаған, кеңестік заманнан қалған арсыздықты әдепке санаған салтымызбен қазақтың ұрпақтарына бұл сынақтың нәтижесінде аққу, сұңқар аталғандардың шайтанның жамағаты, ібілістің ұрпағына айналып, әлемдік қарсылықтағы жеті жындық жүйеге толық жалғанумен жын-перілерге бейнеленіп алғаны да хақ. Мұндай жағдайда ел билеуші, дінші қауымдардың қудалануына ұшырап жапа көрумен сынақтың болуы жән оған, ата жолдықтарға Алла тағала тарапынан қолдау болмауы да заңдылық еді.

Бірақ ата жолында аз ғана топтың тақуалық ісімен жалғап қасиеттіліктерді меңгеруде бұл сынақтардан өте алғаны, ата жолының негізгі құндылық қасиеттерін сақтап жетілдіре алғаны да хақиқат. Оған дәлел осы ата жолы жазбаларының осындай қасиетті аққу сұңқарлар арқылы алынған уақилармен, аяндармен байланысты жазылып жатқандығы дәлел бола алады. Енді дін масһаб, муфтият ғалымдарының ел билеушілердің ата жолын қудалап соттауына негізгі себеп құранмен дәлелі жоқ, немесе «құдайдың жобасын алмаған, адасқан діннен бөлек секта» деген пәтуа болған еді. Ал осы соттың үкімі шыққаннан бері 9 жылда оннан аса кітап жазылып, құраннан ем-шипа, рахметін меңгерудің ашық әлемге де көрсете алатын тәжірибе де жинап үлгірдік.

Бірақ енді мұны мойындап, ғылымдық тұрғыда азаматтық мектебін ашып ата-баба бабаларымыздан қалған мирас құндылықтарды меңгеру жолын халыққа есік ашуға ел басшымыздан бастап білімді қауым өкілдерінің ақылдарының жындық топтардың қамалына байланып негізделуімен жете, саналық ақылдың жетіспеушілігі мен іштеріндегі перілігінің сезімнің басқаруында тұрып, сырттан салған қорқынышты жүректерімен түсінуге қауқарсыз болып жатқандары да хақиқат. Сонымен бірге Құдайдан ашық хикметті біліммен, мұғжизаларымен дәлел беріліп, ал оны халыққа дәріптеуге ата жолының аққу, сұңқарлары да заңнан қорқып, ел биліктің ұлықсатын күтіп жүргендері де ақылдың негізделумен жын–перілік, нәсілдік жүйеге жалғанып кетумен де байланысты екенін біле жүріңіздер.

Егер дін ислам тұрғысынан қарастырсақ, онда ата дәстүрі болып бекіген, талай ғасыр ел тағдырымен жазылған ата жолымызды ел билеуші, дін басқарушыларынан ұлықсаты болу деген ата дәстүріне ата заңымызға, ғасырлар бойы ұстанған құдайшылдық дінімізге, құранға қарсы болған нағыз ібілістің ұрпағына тән әрекет болмақ. Және қандайда бір дін тобының жағдайын Құдайдың өзінен сұрап, аян, уахимен білуге тиісті дін басшылары, ел басшыларының рухани жағдайы болмаса, онда олардың өздері адасушылар болып, мұндай орындарда отыруға лайық болмауы тиісті. Әрине мұндай жоғарғы рухани дәреженің жетелік, саналық ақыл тұрғысында болуымен байланысты екенін де жадыңызға тоқып алыңыз. Ақылдың мұндай дәрежесі осы баяндалып отырған жер мен көк арасындағы «қырық әулиелік сандық ақпараттық жүйеге» жалғанумен байланысты болмақ.

Сонымен жындық жүйеге негізделуден яғни қырық үйдің (қырық қабатты) қорғанын бұзып, адамдықтың үлгісін көрсету, қазақтың екі күнін қапастан алып шығып елдің рухани оянуына жәрдемге тұру ата жолында сұңқарлар болуы керек еді. Бірақ қазіргі таңда аққу, сұңқарлар аталғандардың басым бөлігі өздері жол таппай, құдай патшалығына еніп рахметін көре алмай, бастары дал болып, қыспаққа түсіп, мұнан шығар жолды халықты қалайда зияраттумен айналысу деп жүргендер жеткілікті. Ал мұндай зиярат керуенін өткендердің басым бөлігі Құдайдан ешқандай да нәтижесін көрмей, ақырында аққу, сұңқар дегендер халықты тонаушы, алдап ақшамызды алып бізге ештеме алып бере алмады деген сөздердің елге тарап кеткені де жалған емес.

Бұған негізгі себеп өздерінде жоқ тазалықты елден қалай сұрамақ? Сондықтан тек зиярат үшін ғана дәрет алып киім киіп, келгесін бәрін тастап шықса оған Құдай тағала не бермек? Және мұндаймен айналысатындар негізінде; Ақ ұлдық қасиетті мүлде ібілістің ықпалына байлап беріп халықты ата жолынан түңілдірумен айналысып кеткендер, кезінде Ақ ұлдың қасында көмекші, жақын жолдас, құрбы аталғандар арасынан шығып жатқаны да жасырын емес. Енді мұнан ел биліктің, білімді қауымдықтардың, дін ғалымдарының өздері ата жолына келіп зерттеп, керуеннің қисайған жүгін түзеуге шығатындар да әзірге көрінбейді. Ел басшымыз керісінше қалайда дүниенің табысын, жеңіл тұрмысты елдермен түнек күшінің ықпалында өмір сүруге, жалғанның тіршілігін рухани өмірден артық қойып, халықтың оянып жанын құтқаруына жолды жабумен ашық айналысып жатқаны да есті пендесіне айқын жағдай. Яғни қазақты бай қылып Құдайды басқаруға дейін жету деген нұрлы жолдық саясатымыз бар.

Алайда аз ғана болса елдің арасынан аруақтың жетегіне мойынсұнып, ата-бабамыздан келе жатқан ата дәстүрін меңгеруге жол ізденіп жүргендерде де бой көрсете бастады. Сондықтан енді сондай есті мемлекетіміздің тұрғындарына құдай патшалығына қалай енудің «Қырық қожаны қырқа асырып, тоғыз төрені төбеден келтірудің» сырларын да баяндап көрейік. Сонымен жоғарыда аққу, сұңқардың шариғаттың парыздарына берік болып және ата дәстүріне сопылық ұстанымға сай киімі, әрекеті болуын ескерттік. Және мұны үнемі орындамай тек ордада немесе зиярат үшін ғана киініп ұстанатын болса, ондай пенде теріс қасиеті ішінде перінің басқаруымен қалайда өзінен жоғары тұруға жол бермейтін жынның ықпалында болады.

Алайда мұндай ықпалдан азат, аруақтың жетегіндегі қасиеттілердің жеті өрісі толық, ар сауыты мықты болғанда ғана құраннан жеті үніне жалғануы болмақ. Және бұл үндердің ата жолы жазбаларымен де ой қуатымен жалғануы барын естен шығармаңыз. Білімге, ілімге құштар болмаған қандайда керемет қасиет егесінің жындық топтармен негізделуі де сөзсіз. Енді жындық топтармен бе әлде аруақтық жүйемен байланысты қасиеттілер арқылы берілген деректердің де айырмашылығын ажырата білу керек. Әрине оның да көптеген тәсілдері бар, ең қарапайым түрі кез келген мемлекеттің тұрғынына ата-жөні мен туған жыл, ай, күн сандық белгісімен алыстан көрмей білмей сырқаттық белгілерін, рухани жағдайын дөп басып айта білуі шарт.

Осындай жағдайда ғана бой өрісінің толық әрі жермен жалғанып тұрғанын аққу, сұңқарлық қасиеттің алғашқы кезеңін меңгергенін ажыратуға болады. Бірақ мұндай жағдаймен де құраннан дерек алып, батаның толық қуатты болуы да мүмкін емес. Бұл топтардың үшінші кезеңдік сипаттарға жатып, ал мұндай белгісі жоқ кез келген жұртты батамен ұйытып жүргендер белгілі бір жындар тобымен мұсылмандық сипатта болуы ғажап емес. Егер тақуалығы болса, шариғатқа берік ұстаныммен қарапайым діннен хабары жоқ халықты құдай патшалығына шақыруға да қызмет жасауы да масһабшы діншілерге қарағанда дәрежесі артық деп түсінуге де болады.

Мұндай топтықтар көп жағдайда ата жолының рухани білімін, құранның насихатын меңгеруге құлықсыздар болып келеді. Және өздерін еркектерден үстем санап, билеп төстеп ақыл айтуға құштар қыз, қатындардың ықпалында болуы да сөзсіз. Сонымен бірге алты ауыз жанның толық жетілмеуінен ондайлардың кез келген жерде, қоғамдық орындарда, ала құла шариғат ұстанатын ортада тамақ ішіп жүре алатыны да ашық белгі болады. Мұндай топтардың арасында батаның маңызын жоғары қойып сезімге, түйсікке негізделген ырғақты үннің тербеліссіз жасанды баталармен кез келген мықты деген еркектердің өзін аруақтан сынақ арқылы қорқытып, үркітіп тек қана керуенге шығарумен айналысатындар болып келеді. Олардың басты сылтауы болып, егерде мұнан да жоғары қарай жетілуге, қасиеттілікті меңгеруге, үйренуге шақыра қалсаңыз; «Ақ ұлдың кезінде мұндай болған жоқ, атам айтқан жоқ, бізге осылай жүрсеңдер ғана болады» деген сөздерді естуге болады.

Көп жағдайда ата жолының қадір-қасиетін тануға шыққан білімді, діннен хабары бар ел тұрғындары осыларға тап болып, көп ұзамай күдер үзіп, дұрыс бес уақыт намазбен тыныш жүргенді имамдарға ұйығанды жөн көреді де. Немесе біздер сияқты екінші топтың намаз орындау жолында жүргендерге келсе, мұндай тақуалықпен ұстанымды діншілердің өзі қолдай көрмейді, қиынсынып аулақ жүруге тырысады да. Олай болса масһабтық немесе тарихаттық топтар тұрғысында да тақуалық құлшылығынан жоғары тұрған қазақтың сопылық, әулиелік тұрғысындағы ақиқаттың ақ бастауына жалғанып хал ғылымын меңгеруге қалай келмек? Егер қандайда бір зерттеп білуге тиісті өмірдің сырын, оның шеңберінің ішінде жүріп, амалдарын жасап ақылмен пайымдай алмаса, онда сырттан бақылап не түсінбек? Олай болса ел биліктің, дінші, білімді қауымдықтардың ата жолға қарсылығын жын-перілердің басқаруына өтуіне де қолайлы екені де хақ…(жалғасы бар Ақпан 2017 жыл) Ата жолы блогы; http://btk.atazholy.local/аққу-сұңқарлар-және-ата-жолы/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *