Неге ислам діні барлық діндер басы, бірлігі бола тұра, осындай әлем халқының европалық елдер түгіл, ислам елдерінде де сауатты қауымның жек көрініштілігін туындатып, қазақ билігінің де; «Мемлекет саясаты діннен бөлек» деген заң шығаруына әкеліп соқтырды? Дін ұғымында тура жолға түскен адамзаттың, сол белгісі түскен қауымның алтын ғасырда, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманында өмір сүруін қалыптастыру керек. Және ғылымның жаңа сырларының ашылуын, құранның жаңадан қырларының, хикметтерінің пайда болуымен ерекшеленуі де керек. Ал Ханафи масһабын ұстанып, осындай дәрежеге жеткен арап елі болды ма тарихта? Жоқ әрине. Неге?- деген сауал туындайды. Бар мәселеде ілімге келіп тірелгенін көбіміз аңғарудан қалдық. Ілім екі түрлі бірі құс ілімі, екіншісі қадым деп аталады. Құран осы екі ілімді де басын біріктіріп түсіндіреді. Сондықтан оны теология ілімі деп атаған дұрыс. Ал енді бұл ілімнің төрт кітаптан тыс бесінші кітап болып, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан сөз өнері, сөз ілімі, шежіре кітабымен бірге дамып отыруымен ғана заманға қарай оқылып, түсірілген негізгі дін кітаптарын түсініп, салыстырып меңгеру мүмкін болады. Яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аян, уахимен байланысты; әрбір елге елшілері арқылы келген жоба Құдайлық ілімнің дәстүрге айналуымен нәтижеленеді.
Әрбір нәрсені жұбымен, парымен жараттым деген сияқты енді діннің жұбы болып, сөз шежіресі — Философия ілімі, болып табылады. Философия әрбір заман өзгерісінің, сөз білімнің алдын-ала халық арасында түрлі аңыз, әпсаны болып қалыптасып, оның түсінігі де дін арқылы хикметпен амалға айналып отыру шарт. Құран түскенге дейін арап елінде сөз ілім, философиясы жетік болмағанда, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін меңгерген білмеген халық болғанда, сөздің құнының насихатын, пайғамбарымыздың сүннеттерін, құранды қысқа уақыт ішінде меңгере де алмас еді. Ал түркі елінде бұл бесінші кітап дала философиясы құранға түспеген, көптеген пайғамбарлар, абыздар арқылы дамып, шариғат үлгісі мен құран философиясы да Укаша сахаба бастаған түркілік әскердің апарған кітабына тығыз байланысты екені де хақ. Сондықтан арап елдері үшін құраннан кейін ешқандай өзге философиялық ұғым сөздері болу мүмкін де емес. Ол елдерде ендігі философтар, абыздар тек шейх, хазіреттер болып саналады. Сондықтан; орта топтық деп атаған құранда. Яғни философиялық сөз атаулары өзгеріссіз болатын елдердің тобынан болып саналады. Ал қазақ елінің жағдайы мүлде бөлек, философиялық сөздер қоры құранның замандарға қарай талай құпиясын сырын ашуға негізделген, көптеген елдерден және құранмен бірге пайда болған атауларды алып үлгірген және ұғымдарын өз тілімізге, сөздік қорымызға керегін ғана сіңіре білген халық едік. Бірақ қандай да бір ілімге қарсы тажалдық ілім, яғни пары пайда болуы да заңдылық және тарихи оқиғалармен бекіген.
Құран теологиясы мен философия іліміне енді тажалдық философиямен, масһабтық білім түрінде біріккен ілім пайда болды да осы ілім арқылы ислам әлемі енді Құранның өзін теріске бұрып, бүлікшіл, «фанат» елдерге айналуымен бірге, европалық еркіндік деген философиясын да алуымен, біртұтас тажалдық дінге бірігіп, арап көктемін туындатып жатқанын әлем куә болып отыр. Бұл аурудан қазақ елі жалпы түркі елі де аман қалған жоқ. Оған куә, түріктерден басталған көтеріліс, жаппай ала ауыздық енді бірте-бірте қалған елдерге де ауыз сала бастайтыны хақ. Оған себепке Құдайдан пәрмен сынақ түсіп, жерден өндіріп бергенін азайтса болды, қарны толып жүргенге әбден бойы үйренгендер, бірден бас-көзге қарамай, билікті кінәлап, көшеге шығып кетуі де сөзсіз. Бұл жағдайлар таудың бергі бетіне қарай өтіп келе жатқанын әлі мойындауға шарасызбыз. Қазақ еліндегі мамыражай тыныштық уақытша ғана. Ақпараттық түрде үлкен эвалюциялық сөз майданына кіріп келеміз.
Бұл жерде мемлекет — әке, дін- шеше болып, осы екеуінің некесінен туған «саясат»- атты баласы ғана бұл жағдайды қантөгісіз, ақпараттық түрде насихат майданымен бітімге келуге жеткізуге болады. Болмаса бәрібір қан төгіледі. Ол деген бір қазақ бір-бірінің қанын төгеді деген емес, Құдайдан сынақ түсіп, көптеген ел басқарған, ұлтына, жан-діліне қарсы, тек масһаб тура жол, араптың салтынан артық дін болмайды деп діл-жанын яғни шешесін және Құранды ашық мазаққа айналдырғандардың жан ұяларынан, өздерінен жан құрбандығын беруімен қан төгіледі. Сонымен бірге қарапайым халықта; « екі түйе сүйкенсе шыбын өледі» дегендей, халқымызға келген азап пен апаттардың құрбаны болуы да сөзсіз. Бұған ең басты кінәлі кімдер? Діншілер ме? Жоқ, бірінші кінәлі философия мектебінің өкілдері, жазушы, ақын және ел билігі мен біздер сияқты дайын білім мен діннің тәпсіріне байланып, ойлануға ерінетін орта буын өкілдері. Барлық сөз араптан келді деген ұғымды діншілердің қалыптастырып, сөз тазалығы түгіл көптеген ұғымдардың мүлде жоғалып, құран қарапайым мектеп оқушысына да түсінікті оқулыққа айналуына себепші болған, халықтың ойлану қабілетіне қақпан құрған надан дінші ғалымдар болғанымен, оған қой дейтін қожа — сөз даналарының болмағаны түгіл, керісінше бүкіл жазушы қауымы, тілшілер әлі кезге дейін қазақ ұлтының тілінің азуына, сөз қуатының жоғалуына, ойланбауына жан беріп жан алысып ақпараттық түрде соғысуда. Яғни дін халықтың анасы, фатихасы болудан мүлде қалды.
Сондықтан осы соғыстан күнде өз бауырларымнан таяқ жеп жүрген бастан кешіріп жүргеннің бірі өзім. Нақты дәлелдермен 9 кітап түрінде жазылғанмен, оны талқылап, дұрыс, бұрыс деген ашық пәтуаға келген бірде-бір философ, не жазушыны көрген де естіген де емеспін. Тажалдықтың ең нақты көрінісі ол — тәкаппарлық. Бұл салада енді кімде қолында қағазы, арнаулы білімі және әйтеуір көз майын тауысып, кітап ақтарып көшіріп алып, ғалымдық атақ қорғап, лауазымды орынның тұтқасын ұстаса болды, өзін енді құдайдан да білімді қылып көрсетіп жүргендер де аз емес арамызда. Ал қазақта текті, сөз түсінетін даналар, естілер мүлде жоқ деген емес, керісінше жеткілікті, бірақ олардың батылдарына ақпарат есіктерін жауып қойған тажалдар қарсы отырса, ал қалғандары қызметінен қорқып, ел биліктің заңына қарсы шығуға қорқады. Бір жағынан бұл дұрыс. Ел биліктің заңын сынауға болады, бірақ көшеге шығып тас лақтыру ол да тажалдық!
Бізге европаның да, азияның да еркіндік ел басқару институты жарамайды. Бұрынғы аталарымыз қалыптастырған естілікке негізделген ақсақалдар институтын қайта құру керек. Онда да ендігі ақсақалдар тек қартайғандар немесе бір жақты білімді, дінді меңгерген де бір жақты ақсақал да, білімділер де жарамайды. Ел басқарып, талай мамандықтардың майын ішіп, қартайып, енді ешкімге де тәуелді емес, бірақ жан-жақты дінді де меңгерген, философия, білімді, шаруашылықты да білетін тәжірибелі, есті ақсақалдар кеңесі болу керек. Мәжілісте заң шығаруда сондай ақсақалдар, естілер отырса, әлдеқайда әділ және халыққа да, Құдайға да лайықты жақын заңдар шығар еді. Оларға тіптен жоғары жалақының да, арнаулы қызметшінің де, мемлекеттен қыруар қаржы шығарудың қажеті аз болар еді. Тіл мен сөз біліміне философия мектебінің өте төмен кез-келген жастың меңгеретін білімдік, пәндік дәрежеге түсуіне бірден-бір басты себепші де мемлекетіміздің «жалпақ шешейлік», орыстың маржасының ділдік білімінен шыға алмауынан пайда болды.
Халықтың өз түсіну қабілетін яғни діл-жанын өсіретін сезімдік, ділдік қуатын жетілдірмеуге жазушы, ақын, философ, ел билігі тажалға қызмет жасап жатса, ал құранның құндылығын жетілдірмеуге, өздері ғана меңгерген тәпсірлік білімнің аясында ақылды қамап ұстауға дін ғалымдары мен имамдар жанын салып жатқаны да хақ. Оған тағы тажалдарға бір ой келіп, таңбаны ауыстырып, елдің ділдік білімін 50 жылға кейін шегергісі келіп жатқан азғырушыларды тағы қосып қойыңыз. «Айырылысар дос, жолдасының артқы қа..сын сұрайды» дегендей немесе: «На перевале коней не меняют!» деген орыстың даналағын ұмытып қалдық. Бұл руханиятқа аяғынан тұра алмай жатқан сөз біліміне тажалдардың дайындап қазып жатқан оры. Бұдан біріншіден; «Баласы жаман болса әкесін түйенің үстінен ит қабады» дегендей, жастарда жалпы білімді қауым болып қалыптасқан, тажалдық біліммен уланғандар, аруағымен жалғана алмағандықтан да алтауы түгелденбеген тұтас қауымға айналады.
Ар білімінің онсыз да жетпей алауыздықтың белгісі болып, әзірше ондайлардың ел билікті дүниелік, нәпсілік ниетпенен ит болып үріп жатқаны да айғақ. Ал латын харпін алған елдердің нәтижесі енді көріне бастады. Рухани тұрғыда пісіп жетіле алмай, сөз түсінігі жоғалған; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендей, түрік мемлекетінде енді иттері өсіп төбетке айналып, өздерін талай да бастады. Ел алдына шығып басшылары сөйлегенмен, халықтың жүрегі жабық, ақылға көнбей, яғни халықтың алтауы араз болып итке айналып алғандарға тек тамақ беріп алдамаса, енді тоқтамайды. Немесе қамап қойып ашықтыру керек. Қазақ билігі де осыған қарай жақындап келеді.
Жарайды заң шығарып, енді бұл қателіктерімізді бірден түзей қойдық дейік. Қоғам өзгереді ме? Жоқ. Неге? Тағы да аталарымыздың; «Қара қытай қаптаса күнің қараң болар…» деген мақалы пайда болады. Ол деген қытай келіп жаулап алады деген емес. Біздің рухани азығымыз, дем алған ауамыз, тамағымыз, бәрі де өмірден өткен адам жаны мен рухына байланысты. Қазақ елі бұрын тамақта ешқандай елге тәуелді болып, өзге елден тамақ тасып ішкен емес. Және баласының түбінде тосын нәсілдер мен өзге ұлттардың жындардың шабуылына, жүктелуіне ұшырайтынын біліп, тілін, сөзін, дәстүрін қатаң ұстаумен мұндай азғындыққа, хайуандық, жәндіктік сипатқа дейін төмендеуге жол бермеген. «Әйеліңді қылығы жаман ауылға апарма, жұғады» деп ескерткен. Ендігі еліміз қазіргі заманда өзге елден тамақ тасып ішумен бірге, таңдаусыз барлық салттарын алып, есіктерін құлыптамай қараусыз қалған мемлекетке ұқсаймыз.
Жер бетіндегі шек арамыздың беріктігімен әскеріміздің қуаты артқанына мәз болып, ал рухани әскер, шеріктер, отанымыздың көгін қорғайтын аруақтық әскер білімі туралы түсінікті мүлде жоғалтып алдық. Және қазіргі таңда масһаб білімімен аруақтық білімге тыйым салып, халықты мәңүрттікке тәрбиелеп үлгіргеннің арқасында қытайлық нәсілдер, яғни жындар жоңғар қапасынан өтіп (шайтан қолы), бұлт болып басып, жаңбыр болып жауып, иіс болып еніп, жастарымыз жәндік сипатқа айналып жатқанын тек соқыр ғана көрмейді. Екіншіден, шошқа жейтін көршімізбен қаншама жыл табақтас және моларының өзі әрбір ауылдан да кездестіріп, ұлтының нәсілі араласып, орыс мінезді халыққа айналып алғанымыз қашан.
Үшіншіден; масһаб білімі бес парыздың бесіншісін жалған қажылыққа айналдырып, арап елінің шеріктік қуатын жүтелуге, өз еліндегі әулиесіне тағзым жасау «серік қосу», ал арап елінің әулиелеріне тағзым жасап зияраттауды парыз қылып, қырыққа толмаған жастарды кіндігін, табанын туған жерімен, көк отанымен жалғап алмай, алдап арандатып, нәсілдік сипатымыздың араптануға, діліміздің орта топқа айналуына ел билік жәрдемін де аяп жатқан жоқ. Яғни ондайлардың ұрақтары, нәсілі түбі арапқа тартып кететінін ескермейміз. Және көгіміздегі тазармаған жындар тәндегі қорадағы малдарымызға да кіріп, өз рухымызды өз қолымызбен өлтіріп өртеп жатқанымыз да құдайдың осы теңдікті қалыптастыруға жіберген құрбандық сынағы деп біліңіз. Мұндай жағдайда құрбандықтың қанымен, ата дәстүрімізбен ғана көк отанымызды тазартып, жастарымыздың өзіне-өзі қол жұмсаудан, ұлтсыз, намыссыздықтан тазартуға болатын еді, бірақ ата жолына тажалдар заңмен тыйым салып, тіптен зияраттап нәсілін тазартуға шыққандарды қудалап, салық салып, ордаларға айыппұл салып Құдайға; «маған не істейсің?» деген саясатымыздан әлі қайтар ойымыз да жоқ.
Философиялық, шопандық дәстүріміздің өлгенінің белгісі сөзден ұялатын ел билік пен жазушы, тілші түгіл, дінші имамдарды кездестіру қиын. Мүлде жоқ деуден де аулақпыз. Бар, жеткілікті де, бірақ саясатымыз, заңымыз қазақтықты қаламайтын «зайырлы», «толерантность» деген ұғымдарды тажалдық түсінікке яғни дінші тілімен «ақидаға» айналдырып алдық. Болмаса үкімет басшыларына, жер тәңірлеріне шоқынбай серік қостың! Мемлекет өз халқына өгей әкедей, саясатымыз діннен бөлек, ашық заңды баспасөз бетінен, халық алдында намыстанбай айтуды былай қойғанда, әкесі қазақ, шешесі қазақ алаштың ұлы екенін мойындауға да намыстанатын, ана тілін білмейтін, білгендерінің сөзі аузынан түсіп, жазып алғанын да оқып бере алмайтын ел билеушілері жеткілікті. «Көңілсізден көтсіз, яғни тексіз, ұждансыз бала туады» депті аталарымыз. Осындай «көтсіз» туылған саясаттың жемісі де жетіліп келеді. Өгей әке де асырап алған баласынан өз әкесін жасырмайды. Құранда да Алла тағала солай ескерткен.
Ал қазақ екеніне мақтана білмейтін көтсіз ұрпақтар ел билікке түгел келетін болса, онда күнің қалай болады? Онсызда бүкіл ақпараттық жүйенің басында осындай тәрбие алған жастардың ақылын тыңдамасаң, сөз атаулары, ұғымы, түсіну қабілеті қысқа, тек күнделікті шаруаға, күн көріске, табыс тауып тез баюға негізделген білімді, ақылды, бірақ ессіз, шолақ ойлы философиялық көзқарасына, мемлекет саясатына, көкелерінің көрсетіп берген пәтуаларына қарсы пікір білдіре қалсаңыз жағаңнан алып, шибөріше жабылып, баспасөз беттеріне, сайттарға мүлде жолатпай қоятынын күнделікті кездестіруге болады. Бірақ, олар да өз еріктерімен істемейді әрине. Халықтың мұңын жоқтаушы болып, партия құрып алып, негізінен ішкі арамдығы қалай да қазақтың ар білімін, шежіресін, дәстүрін ашық насихаттаудан шектеп, ақыл-ой өздерінің қитұрқы саясаттарына бағынышты қылуға түрлі амалдар ойлап, ел биліктегілердің де сеніміне кіріп алып отырған жағымпаз мүйізі қарағайдай, бір қазаннан ас ішіп отырған өз ағайынымыз, туысымыз, бауырымыз. Бұл жағдай бұрынғы замандарда болған, болашақта да бола да береді…… (Жалғасы бар)