Ақ пен қара айқасы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 178

Жарықтың түсіп сәулесі,

Жасырынды паш етер.

Қараңғы түссе қарайып,

Түнек болып күнә өсер.

Жасаған күнәң тығылып,

Жасырынып әуре етер.

Қараңғы қарсы жарыққа,

Босатпас орнын құр бекер.

Жарықтың күші тым зор деп,

Тырысып бағар теңселтер.

Ақ пен қара тебісіп,

Өзара жарыс күн өтер.

Ақты ұстанған адаспай,

Қарсылығын қара зорайтпай,

Адамдықпен күресер.

Қорған  салып арамға,

Бой өрісін өсірер.

Тері таза ұстауға,

Зейнетін киім жарыққа,

Иманан қуат алмаққа,

Жер кезуге белсенер.

Киелі орын ойпатқа,

Зияраттап мұны меңгегер.

Біздермен көкке жалғанса,

Сәулесі түсіп бойына,

Бой бақшасын өсірер.

Сүйкімді болар Құдайға.

Лебімен Құдай жаңарып,

Жетілер жеміс бақшада.

Жемісінен тәтті дәм татып,

Тіл үйрілер әр таңда.

Көкейден ластық тазарып,

Сандуғаштай сайратар,

Аруақтан алып ақ бата,

Даналыққа тоғысар.

Құдайдың сөзін салмақтап,

Асылын алып асынар.

Нұр төгіліп бойына,

Иісі жұпар бұрқырар.

(Маусым 2018жыл)

**** *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *