Қарсылықты арттырмай,

Қасіретке қадам бастырмай.

Шыдамдылық, төзімді,

Тәрбиелей білсең қалдырмай

Табанды сонда боларсың.

Өзіңнен құрбы оздырмай

Оқ бойы озып шығарсың.

Сөзіңді бағып бағамдай

Сау-саламат боларсың,

Абайлап паңдап-астырмай.

Әр сөз, іске қойып өлшемді,

Нұр үстіне нұр қосылар

Айтпасаң сөзді ойланбай.

Әрбір қылық тіктеулі,

Әрбір сөзің өлшеулі

Есебін біліп жаратсаң,

Боласың пенде көргенді.

Санаға нұрын беретін,

Құдайдың ісін білетін.

Қалауына жетіп Құдайдың,

Әр іске жауап келетін

Пендеге болар береке.

Сараң болсаң бос сөзге,

Құлақ салып кеңеске,

Білгіштікпен егеспе.

Білмейтінді білдірер,

Құдайдың өзі әлбетте.

Білген сайын білместі,

Түсінсе иман келмекте.

Жалғанса жан көмеске,

Көңілің болар мереке.

Таратып Алла беретін,

Өлшеп берген несібе,

Тұтастай тиер өзіңе.

(Маусым 2018 жыл)

**** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *