Әркімге таңдау еркін берген Алла,
Қысымды көрсетпейді ешбір шала.
Қайсысын таңдасаңдар Құдай жақтар,
Мейлің сүй, мейлі датта, мейлі мақта.
Біреу ақтап жөн көрер өз жағдайын,
Біреу алып үлгі ісін жақсылардың.
Біреу жылап көңілмен дұға арнайды,
Қарасар Құдай шамалап тағдырларын.
Әркімнің өзі білген есебі бар,
Ептілік, білгіштікпен кеселі бар.
Құдайдың жолын таңдап ұғынарға,
Пендесіне нығмет берер уәдесі бар.
Кеңдігін Құдай берген тағаланың,
Еркіндігін сақтайтын баршалардың.
Жаман қылмақ пендені Құдай емес,
Әркім жазбақ өз қолымен тағдырларын.
Тазартып тағдырыңды ұмтыл алға,
Бір ғана бұл өмірмен шектеп алма.
Қанша рет дүние есігін ашқаныңды,
Құдайым көрсетеді жол-жобаңда!
Босқа сеніп, тәпсірлерге қапы қалма,
Дін ісін біл, Құдай ісін қолға алда.
Ортасында ізігілік амалың бар,
Қазақтың дәстүрі ата жолдарында.
Дүниемен ақиретті қатар ұста,
Қайсысын артық көрмек таңдау қолда.
Дүниені қалағанға дүние беріп,
Ақиреттің сыйы болмас, мұны ойла.
Кешірімді Құдайдың ісін байқа,
Хикметін сезінумен құлшылықта.
Біз кешірдік бір-бірімізді сен де Раббым,
Кешір деп тәубеге кел, дұға қыл да.
Менікі мен Мендігің екі ұғымға,
Кедергің екі түрлі тура жолға.
Жомарт жүрек, ар ұятты жалау қылып,
Мәңгілік өлмейтін Мен жанды қамда!
(Шілде 2018 жыл)
***** *****