Қасиетің болмас- қасірет
Тазалықпен бағып, жан күзет.
Арамдықпен алысып,
Адамдықты басым ет.
Құдай берген сыйы, деп
Аялап көпке қызмет ет.
Тығырыққа тірелсең,
Аллаға сыйын, сабыр ет.
Сабақтас болсын өнермен,
Ағаштай жапыраққа кенелген.
Толықтырып бір-бірін,
Ұмтылсын көпке көлеңкең.
Қасиеттің киесін танытпақ,
Қадірін біліп ұғып бақ.
Иеңе білдір алғысты,
Жауапсыз сені қалдырмас.
Тазартып тастың асылын,
Тереңінен тартып аласың.
Інжу, маржан тергізген,
Ұлтыңның өсір бақшасын.
Мұң шалмасын көңілді,
Сөз айтқызып күпірлі.
Өзіңнен шыққан көлеңкең,
Босатса буын, беліңді.
Нығметін Құдай беріпті,
Шүкірлікпен еске ал өлімді.
Қанағатты көңілге бекітсең,
Күзетшің болар сенімді.
Иманың болып жолдасың,
Қияметте келер қорғаның.
Болар осы текке қасиет,
Сабырмен меңгер сындарын.
Қасиетке қарсы қасірет,
Аққа қара бұл міндет.
Қарадан аршып алмаған,
Жүктерін ұрпақ өсіред.
Келесің қайта жер басып,
Әке мен бала алмасып.
Жүктерді қайта аларсың,
Тегіңді қара жын басып.
Талайда талай замандар,
Алмасып келген адамдар.
Тәнің бір, жаның екі рет,
Қасиеттің сынын алғандар.
Тағдырыңды тазартар,
Жолымен Құдай ақталар.
Дін ісі-шариғаттпен,
Малыңды қуат қорлар.
Әр пенде өзін жамандар,
Өткенін ұмыт қылғандар.
Өлгенге жаман сөз айтып,
Жан жібін үзіп алмаңдар.
Құранда тарих тағлым бар,
Жаңбырдай жауып айналар.
Кім едің, енді кім болмақ,
Тағдырдың сыны абайлар!
Тарихатпен жалғанар,
Аянмен жоба алғандар.
Досынан Алла пір тауып,
Қасиетін танып бағалар.
Мағрипатпен жалғанар,
Маңдай көзін ашқандар.
Шындықты елге паш етіп,
Құс жолынан жалғанар.
Үш ағашқа ат байлар,
Аманаты айтқан бабалар.
Тоғыз төре төбеден,
Қырық қожа қырқа асырар!
Ақиқат деп, аталар.
Игілікпен екі алғандар.
Қасиетпен текті өсірген,
Жанаттымен жаны жалғанар.
(Шілде 2018 жыл)