Ер мінезі тектен белгі

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 66

Қайсарлық қорқақтықтан тәуір екен,
Тайсалмас табандылық күміс екен.
Ақылға көнгіш мінез, жайдарылық
Алтынға татырлық қазына екен.

Ессіздік, иілмейтін қисық мінез
Сорыңды қайнататын азап екен,
Тіл табысқыш, жұмсақтық, ізеттілік,
Басыңды қадірлетер ынсап екен.

Көрсеқызар, мақтаншақ, іші тарлық,
Топастыққа апарар тар жол екен.
Кең пейіл, ақылдылық, тұрақтылық,
Берекеңді келтірер жолдас екен.

Көпшілік елемейді бұл ұғымды,

Тектіліктің әр заманға келер сыны.

Қасиетсіз, қаралықпен тегің азар,

Болғанмен ер мінезді бұрынғысы.

Ата жолы дәстүрімен Құдай ісі,

Меңгеруге әр заманға түсер сөзі.

Дін ісімен, Құдай ісін ажыратып,
Ұғынып, ұстанса егер озар еді.

Дүниелік жақсылықты келтіретін,

Дін ісі шариғатпен жетілетін.

Ақиретке баратын бастау еді,

Құдай ісі- жоба алып, иманды өсіретін.

Ер мінезді жүрек, қайрат ақылменен,

Ғылымнан кітап алып меңгертін.

Ұғынып ой түйетін жай-күйінің
Жағдайын ел түзеудің көрсеттін.

Бұрынғы заман білген ерлер қайда,

Әйел азып, еркектер отыр сайда.

Әр заманың соғысы тек түзейтін,

Рухани батыры жоқ ел жоғалмай ма?

Мал табарлар аталған ер мінезді,

Мойны жуан сөз өтпейтін көн терілі.

Ой түземей бой түзеген ғалымда көп,

Төрге шықты қалың қалта ел билері.

Жұмыр баста бөріксіз ой азбай ма?

Қозғалмаған ой шіріп жоғалмай ма?

Мидан хабар алмаған жүрек жынды,

Желкесіне пері мініп басқармай ма?

Өз қауымын түзетпеген бақытсыздар,

Елді түзеп бақытты қалай қылмақсыңдар.

Қатын мінез, етекбасты ел басқарған,

Байлықты бақыт деген ынсапсыздар.

Ерден мінез жоғалса ұлттығың жоқ,

Ұлтшылдығы жалған намыс кекшілдік боп.

Елдігің ұят, әдеб, жұмсақ ділді ұждандылық,

Өспейді ел бақшасы, төменгі етек санасы боп.

Ер мінезін сақтаған қазақтың аналары,

Қан аздырмай әке қызы бола алды.

Әкесінің мінезін іздеп жүрген,

Қазақта нәзік жанды аз ғана қалғандары!

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *