Алла тағаламен ібіліс «ғұламамен» болған тартыста ібіліске тура жолдағы негізгі кедергі болып, мұнан аз ғана пенделердің азғыруға көнбей өтетіні туралы ескертілгенді. Олай болса, жанатқа ібіліс адамзатпен бірге тазарып, адамдықтың жоғарғы сипаты кісілігі болып кіреді. Біздің барлық білген меңгерген білім, іліміміз ібілістік періштелік сипатпен жанай қанатына айналуы шарт. Осыдан барып қанатты, қанатсыз періште деген ұғым пайда болады. Барлық періштелер адам баласына қызмет қылу арқылы біртұтас денемен қанатты періштеге түрленуі керек. Ал қанатты өсіру үшін ібілістің 7 сипатты қарсылығы болмақ. Масһаб, тарихат тәпсірлік білімдерде бұл жағы ескерусіз қалғанды. Демек періліктен кедергінің тұрғанына бұл ашық дәлел болмақ.
Сонымен алдыңғы тарауларда ібілістің негізінде; қорқыныш, сұлулық, білімділікке теріс ойды енгізіп, сөз ұғымдарын өзгертумен әсем (мақтандық) қылып көрсету арқылы кедергі болатынын баяндадық. Мысалы масһабшылар құран аяттарын арапша оқи сала, оны аудармалауды өздері қатты ұнатқан әдеттері болғанмен, бұл ғылымға сөз киесін, қадырын сақтауға ашық қарсылық перілік болмақ. Сол сияқты тура жолды біліммен намаз оқумен бейнелеп және тарихатшы сопылардың ескі заман сөз ұғымдарын тауып алып бейнелеп сөйлеуі де осы сипатты әдетке жатады. Ел биліктің Алланың нұрын жер бетіндегі тұрмыстық ұғымдарға айналдырып жатқандары да ақылдың киесін ұрлауға перілікке жатады.
Бұл әрекетті жүзеге асыру үшін әрине адам қандағы жанның негізі болып табылатын шайтандық сипаты арқылы атқарылуы жаратылыстың заңы. Сондықтан қандағы шайтандық қуаттарды шектеп сыртқы ортамен байланысқа түсірмеуге терінің тазалығын сақтаумен байланысты болып, сезімді ақылмен басқару адамдықтың құлшылығы болып шариғаттан негіз алған қазақ дәстүрі әлемде ең жоғарғы тазалық, тақуалықтың жетістігі болмақ. Адам баласының адамдық сипаты ақылдың қуатталығымен жанға берілген ғылымның дәнінен ойлау қасиетіне тәуелді болмақ.
Бұл тектіліктің негізі біреуде аз, біреуде қалыпты, кейбіреулерде тағдырына қарай мүлде жоққа тән болып келеді. Мұндай пенделер тозақ үшін жаратылған болып адамзатқа сын болатыны да хақ. Ібіліс осындай пенделерді жетекке алып, дүние байлықтың иесі қылып; атақ, дәреже, мансапты қалайда меңгеруге жәрдем береді. Парақорлық, жемқорлық түрлі айла қулық арқылы білімде, ақпараттық жүйеде басқарушылық орындарға оңай жететіндерден болмақ.
Қазақ еліндегі болып жатқан қияметтік уақиғалардың да негізгі себебі осындай тобырлардың өзінің ықпалын барлық салада арттырумен, елді тозақтық жағдайға ұшыратуға себеп болып, мұны ел биліктен ғана деп елдің рухани оянуға деген жолын кесіп отыруға қызмет қылып жатыр. Жасанды рухани жаңғырудың әр түрлі ар-ұяттылыққа қарсы ділді жоғалтуға бағытталған жобасын да ұсынып отырған осы тобырдың басшылары болмақ.
Енді мұндай топтың жоғарғы дәрежелі қызметшілерін дайындау ата жолында ібілістің ар-ұяттылықты төмендетушілер арқылы оңай дайындап, қазіргі таңда солардың ықпалын арттыруға деген үлкен соғыс та жүріп жатыр. Оған себеп ата жолы осындай барлық топтарға қарсы Құдайдың хабарын шындығын жеткізу арқылы Құдайдың құдіретті қолы болған аруақтардың ісін атқарушы болуы да шарт. Мұндай жағдайда ібілістің өз тыңшыларын ішке енгізуі де жаратылыстың заңдылығы. Екінші жағынан Құдайдың хикметіне жалғанып жақсылықтың жаршысы, ақ жолды меңгеруге тұрған аз ғана топ та қалыптасып келеді. Бірақ перілік жүйенің ықпалынан толық құтылдық деген тақуалар әлі шыға қойған жоқ.
Себебі ақыл-ойдың, амал-әрекеттердің бірлік жүйесін қалыптастыруға деген құлшылық істеріне өзіміздің іштен сыбырлап, сырттан салып отыратын ібілістің әскерлерімен соғысу тәсілін тақуалық тұрғыда үнемі жетілдіріп ата-баларымыздан қалған аманаттар мен ата дәстүрінің намаздарын толық орындау дәрежесіне жету де оңай іс емес. Ең басты кедерігі Абай атамыздың; «Үш-төрт жылғы әдетің, Өмір бойы жендетің» деген насихатынан туындайды.
Бұл жендеттерді біздер бала кезімізден шариғатқа, ата дәстүріне қайшы теріс әдеттермен, шұбарланған сөзімізбен өзіміз өндіріп, енді оны қайта меңгеру де қиямметің сыны болмақ. Олай болса бұл көлеңкелердің де өзімізден шыққан шайтаннан болған жындарға айналып, оларды жалғау үшін біздің теріміздің қалайда перілікке қызмет қылуға деген жағдайын қалыптастыруға өзіміз ескі әдет, мінез, қылық, білімсіздік арқылы жол береміз. Жалпы перілікпен күресудің қазақ дәстүрі болып сопылық тақуалық тұрғыда қалыптасқан дайын үлгісін меңгеру үшінде замандық салтты қайта бейімдеу де Құдай ісін меңгерумен, яғни құдайшылдық тәуекел-сеніммен байланысты болмақ.
Кейбір оқырмандармен ата жолының тақуалықта ізденуде жүрген аққу, сұңқарларының тарапынан мұндай сауалдың болып; «Сонда өмір бойы перінің ықпалынан құтыла алмаймыз ба?» деген қорқыныш та жоқ емес. Әрине сәл ғана жалқаулықпен тақуалықта жетілуді тоқтатсақ болды, Құдайың қалауымен жәрдемге тұрған аруақтар тарапынан да қолдауы қуаттық алмасуы тоқтайды да, мұны ібілістің оңай өзінің әскерлеріне жалғай салуға мүмкіндікті өзіміз береміз. Сондықтан да пайғамбарымыздан; «Құлшылықтың ең абзалы не?» деп сұрағанда; «Үзбей жасаған құлшылық» деп ескерткен екен.
Олай болса әйелзатының қанша тақуа, тектілігі, қасиеттілігі болғанымен жас болса ай сайынғы қайыздық үзілісі, үлкен жасқа келгенде немере мен бала шағаның жағдайына бейімделу деген сияқты тоқыраулар және әйелзатында жандық тұрғыдағы қандағы шайтанның көбейіп, оны үнемі тазартып жағып отыруды қажет етеді. Осындай өтпелі кезеңдерде тоқырауға түсу, күмән-күдіктердің, күнәнің шабуылына ұшырап, көңіл-күйінің ауыспалы болып келуі де себеп болмақ. Сондықтан да мастықтың да әйелдер мен жастарға тән деген пайғамбарымыздың ескерту өсиеті барын ұмытпаған жөн.
Әйелзаттарына масаңдыққа түсіп кетуі арасында ақылдың шайтандық сезімдік қуаттарымен жүктеліп отырумен байланысты оған тылсымнан беріліп тұратын қуаттық шаманы «арағын» (жастық шақ қылық көлеңкелеріне жалғанып отыруы) дұрыс қорыта алмай тақуалықтан тежелу немесе қарсылыққа түсіп қалуы жиі кездеседі. Мұндай жағдайда көріпкелдік, маңдай көз арқылы шындықты келтіру намаздарында міндетті түрде періліктің тарапынан жалған бұрмаланған ақпараттардың араласуы да болмақ.
Бірақ қазақ тарихында жоғарғы әулиелік дәрежелерді меңгерген аталарымыздың жұбайлары, кемпірлері де тақуалықты меңгеріп, көмекші бола алғандары да хақ. Пайғамбарымыздың да жұбайлары осындай дәрежеге жете алғанды. Бірақ ол кездегі қасиетті маңдай көзі ашық, тылсымнан хабар алатын әйелдерді перделеп еркектермен де жүздестірмей ұстау деген салттың осы кезге дейін надандық тұрғысында бейнеленіп жалғасып келе жатқаны да осындай сақтықтық шаралардан туындағаны сөзсіз. Ендігі заман мүлде басқа, себебі білімді меңгеру арқылы ғана сондай дәрежеге жетуге болатынын, ал білімді қауымның өзара ашық еркін қатынаста болуы да міндетті болмақ. Бұрынғы замандарда дүниелік білім болмады, тек қана ілім арқылы меңгеру керек болды. Ал қазіргі заманда өнер-білімді тәжірибеден де өткізумен, ілімді меңгеру үшін қалайда өзге еркектердің және жындардың сұғынан теріні таза ұстаумен ортасын табу шарты болмақ. Сондықтанда қалайда мұндай қасиетті әйелдердің жоғарғы дәрежелі «Ақ манаттық» (сахабалық, жанға қожалық) қасиеттерді меңгере алатынын дәлелдеуге қазақ ұлтының ғана мүмкіндігі бар.
Және бұл мүмкіндік ата жолында ғана. Мен өз басым мұндай әйелдерді тәрбиелеу барысында екі рет, мүмкін онан да көп шығар, қателіктермен жеңіліске ұшырадым. Бірақ бұл мен үшін үлкен сабақ қайта пайдалы болды да. Сонымен еркектер ақ бақсылықты жоғарғы дәрежеде меңгере алмаса, қасиетті әйелдерді үнемі қорғап рухани қуаттармен жанын қамтамасыз ете алмаса, мұндай аманаттарды атқарып шығуда мүмкін емес. Бірақ мен білетін қасиетті, текті деген ер азаматтары етекбасты, рұқы әлсіз қатын мінезді немесе жынды, білімсіз тәкаппарлар болып кездеседі. Әзірге ақ бақсылықты меңгере бастаған шәкірттердің де болашағы бұлыңғыр, себебі аққулардың да құранның жеті үніне толық жалғануы болған жоқ.
Мұндай жағдайға кедергі де кеңестік дәуірдегі ұлттық тәрбиеміздің ақсауы мен ана тілінің қадірінің болмауынан, үғымысыздықтан яғни иманның жоғалуынан деп білген жөн. Ал енді бұрын ділі қатайып, еркек сияқты қылықпен орыстық мінезбен өскендердің енді қайта жұмсақ ділді, иманды, қазақ әйеліне тән мінезді қайта табуы да өте қиын шаруа болмақ. Мұндай жағдайда ділмен сақталатын ғылымның дәнін жоғалтып алып, енді оны қайта табу үшін ұят деген қуатты меңгеру керек болады. Етегін, әурет жерін ашып үйренгендерді ол жерлерді жауып үйреткенмен оның ұятын қайдан алмақ? Құр біліммен мынадан ұял дегенмен, ол жасына әдетке айналмаса қалай қымсына алады? Сондықтан ұят деген қуаттың жоғынан, қанша оранып жүрсе де, ұмытшақтықпен әурет жері ашылып қалса да қымсыну деген болмай қайта рахат сезімге бөленіп жинаған бой қуатын жоғалтып алуы да жиі кездеседі.
Және асқазанды арамдап алмау деген бұл заманда өте қиын шаруа. Әсіресе еркектерге осы жағдайдың басты кедергі болып тұрғаны да сөзсіз. Енді өзіміздің өткен тәжірибеден мысал келтіріп дәлелдер бермесек, бұл сөздеріміз жүрекке жетпей қалуына да, терінің тазалығына, жұмсарып, иілгіштік пайда болып ағарып ақталуына да өзіміз құлықсыз болғандықтан, перінің ықпалына жалғанудан ажырай алмай жүргеніміз де кедергі болмақ. «Құлақтан кіріп бойды алар» деген Абай атамыз. Бой өрісінің тазалығы, сұқтардың шабуылынан киіммен пайда болатын зейнетін ар сауытымен қорғалған, бой бақшасының қадірімен оралған теріміздің тазалығына тәуелді екенін ұмытпаған жөн.
Жоғарыда айтып кеттік; ата жолында құран үнін сақтап көріпкелдікте жоғарғы сатыға көтеріле алған екі аққуымыз болған. Бірі менің бәйбішем болса, екінші кейіннен құдағай болған еді. Сонымен үнемі менің жындылық тұрғыда соғыс ашумен әйтеуір сүрініп, қабынып аруақтардың қолдауымен ата жолының алдыңғы 6 кітабы да осы аққулар арқылы алынған деректермен, Құдайлық аяндармен жүйеленіп жазылғанды. Ал енді 7-жандық тұрғыдағы перілік туралы білім ғана емес, іс жүзінде тәжірибеден өтуге тура келді де, ақырында бұл аққулардың да ібілістің қақпанына түсумен аяқталғаны да сөзсіз.
Бұл қақпаның негізі; Ашу, ызақорлық, кекшілдік деген қызметшілері барын жадыңызға тоқып алыңыз. Ашу жын қуатымен байланысты қызғыныштан бастап түрлі себептері және білімсіздіктен, шариғатты ұстанудан бас тартудан пайда болады. Негізінде басты себепшілер шайтанның салуымен болатын қызғаныш, іштарлық және қорқынышпен сұлулықтың терістелуі болмақ. Ал енді бұл ашуды теріге сыйдырмай сыртқа қарай бейнеленіп, қара жындарға жалғануға де себеп болатын кекшілдік пен ызақорлық деген жәрдемшісі болады. Ашу отпен байланысты ол келген кезде от болып жансаң, ыза келсе сумен байланысты жүректі суытып, мұз болып қатып, мейірім шуағын, иман шырағын өшіріп тастайды. Ал кекшілдік деген жалпы негізінде әйелдердің жәндіктік сипатына тән сезімнен пайда болған жыланы болмақ.
Сонымен ызақорлық жанның жетілмей қалған әйелде жәндіктену, жыланға айналу болса, еркектерде іштегі жылан мастықты қалыптастырады. Кекшілдік иттік сипаттың, яғни алты ағайын арыстың қарсылыққа түсіп, алты жанның жетілмей қалуынан ғылымсыздықтан туындайды. Бұл жағдай қазақ ұлтына тән ортақ тексіздік болып, орыстан қашуға атыңды «қазақшала», кек алу үшін латын таңбасына ауысу деген сипатынан аңғаруға болады. Қазіргі таңда осындай амалды еріксіз орындауға құштарлар тектің азуынан иттік мінездің тектілік болып саналуынан көрінісін беріп жатқаны хақ. Әйелде қаншықтық, еркектерде төбеттік дүние қорушылық пайда болады.
Діл азғандарда қандағы шайтан қызғаныш деген сипатпен періліктен түрлі деректерді жеткізіп, еркек әйелдердің өзара соғысып текті мүлде аздыруға себеп болмақ. Және қазаіргі таңдағы сан алуан түрлі ақылды шектеп қазыққа байлайтын қорқыныштарды көбейтуге де білімінің кемшілігі жаратылыстың, құранның сырын меңгере алмаудан пайда болып жатыр. Менің басымда бұл жағдайдың болуына да жұбайымның осындай жасынан тағдырмен бірге келген кекшілдігі яғни бір нәрсеге ашуланса, айлап ұмытпай жүретіні және сәл нәрсеге ызаланып жылай салатыны қанша тақуалықпен тазарып қасиеттілікте жетілгенмен жастық шаққа қайта жалғап жіберуге де өзіміз себеп болдық ібіліске.
Бұл біріншіден шариғатты толық меңгере алмау, мойынсұнбаудан; екіншіден ата жолы білімін терең меңгере алмаудан; үшіншіден намазды үзбей уақытында оқып тақуалықты сақтауда жалқаулық танытудан; төртіншіден қатесіз сөйлеудің сөз өнерін меңгере алмаудан; бесіншіден Құдайдың аманатқа берген қасиеттілікті өзі тауып алғандай меншіктеп, ібілістің азғыруымен тәкаппарлыққа түсумен; алтыншыдан ақылдың жоғардағы түрлі белгі себептері болған қорқынышпен шектеліп қалуынан; жетіншіден қызғаныш атты теріс қуатқа жүген салып ауыздықтай алмаудан пайда болады бұл сынақтан сүріну, сезімге ерік беру деген болады.
Сондықтан осы жағдай енді кез келген жоғарғы дәрежелі қасиеттілік сатысына көтерілген аққуларға әйтеуір бір белгісі болса да міндетті тосу кедергі болмақ. Ал оның ғылымды жоятын, маңдай көзді сезімге жалғап жіберетін ібілістің әрекеті екенін білсеңіз, онда Шәкәрім атамыздың; «Кемпірімнің жоқ қуаты. Ғылымнан жоқ суаты» деген өсиетін Раббымыздан сұрап, мұны іс жүзінде сынақтан өзімнің кемпірімнен танып, ұғынғанның өзі Құдайдың хикметі емес пе? Ал енді мұндай сынақтардан сүрінбей өту үшін ақ бақсылықты меңгерген еркектердің қызметі, яғни еріксіз түрде ақ қуатты сіңіріп отырумен байланысты болмақ. Ақ бақсылықты қалай меңгереміз, қандай қиындық сынақтары болады деген сауалға жалпылама түрде өткен тәжірибемізден жауап іздеп көрсек.
Және оның жасырын тұрған әрбір мұндай амалға бой ұсынған еркектің тағдыры өмір сүру ерекшілігімен де байланысты кедергілер де болуы сөзсіз. Демек бұл әлі талай тәжірибелерден өтіп, зерттеліп, шыңдалып арттағы ұрпақтарға қалдыратын біздердің аманатымыз, тәжірибелік біліміміз болып қалыптасуы үшінде ортақ мүддеге біріге алуымызда қажеттілік болмақ…. (жалғасы бар Тамыз айы 2018 жыл)