IV-Перілік жүйемен оның белгілері туралы  

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 60

               Алдыңғы тарауларда жалпы перілік жүйенің белгілерінен сипаттама бердік. Енді оның ішкі жағдайында әр пендеде аз көп түрлі мінездермен пайда болып, оның негізі үш түрлі адамзаттың (Ойлау, есту, көру) қасиетінің негізінде; Қорқыныш, сұлулық-әсемдік және білімді ақыл деп түсінумен ұғымыдылықты өзгерту арқылы ібілістің ықпалында өмір сүретін қоғамды қалыптастыру болмақ. Бұлардың ең негізгісі білім болып, оның ішкі ойын терістей сөз ұғымдарының, атау сөздердің әрбір жүз жыл сайын діл үнінің өзгеріп, қосымша таңбаларды меңгеру жүйесін қысқартумен маңызды болмақ.

    Адам  баласының ақылы неге жетпесе сонан қорқады. Перілік жүйенің де ықпалы ақылдың әрекетін шектеумен белгілі бір дерек көздеріне жалғанатын жіптерді үзумен байланысты. Енді адамзаттың ақылы, жанның әрекеті тән тазалығына тәуелді болып, ал тән тазалығынан терінің жеті қабатты ақпараттық кітабы пайда болатын болса, перінің де терімен байланысты әрекет етуі және тәнді қалайда араммен былғап осы дерек көздерін жабумен ақылдың да қуаты кеміп, кеңістік өрісі шектеледі. Ал белгілі бір ұлттың ішінде бұл әйелдер қауымына тәуелді тектік өрісті шектеумен байланысты қазақта; «Қыз өріс, шырақ» деген.

   Олай болса сезімдік тұрғысында; жақсы көру, әсемдік, сұлулық арқылы шайтанның белгілі бір замандағы өркениет әлде азғындық болған кезеңдеріне адам баласының құштарлығын арттырып, қазық қылып байлаумен енді белгілі бір шекараны, шеңберді білім арқылы қалыптастырып, онан шығуды қорқыныш қылып сезімді үш түрлі қуаттармен байлап тастайды. Мұны естілікпен яғни екі естілікпен байланысты деп түсіну де керек. Екі естілік талантты адам баласының өзін елдің алдында белгілі бір атақ-шен, дәреже мадақтармен ақыл айтуға тұрған пенделерінің жасырын түрдегі екі жүзділік сипаты болмақ.

  Мұндай екі жүзділерді өзінен төмен тұрған қауым, пенделерден құралған топ, тобырлар аңғаруға да шек қойылады. Сондықтан кез келген талантты пенденің мұндай дәрежеге дейін көтерілуіне дүниенің байлығымен байлануға ібілістің өзі перілік жүйесі арқылы білімнің сипаттарын жалғанумен жәрдем беріп көтермелуі де сөзсіз. Есепсіз білім меңгеруді; «Кітап арқалған есек сияқты» деген Раббымыз. Мұндай жүктерді арқалап ақыл қылып жұмсап жүрген білімділерді қазақ қоғамында қай саладан болса да көрісін байқауға болады. Мұндай жағдайда артық білімді тазартумен және адам баласы өзін тануына жол ашатын амалдармен оның білімі қажеттілігі туындайды.

   Қандайда бір пенденің білімі артып елдің алдында өзін көрсетуге деген ынтасын арттыруға періліктің ықпалы да зор болмақ. Әрбір пенденің тағдырына байланысты өз ерекшелігі, қасиеттілігі болмақ. Ібіліс осы қасиеттерін айрықшалап «Сен осы жағынан артықсың» деген үнді салып отырады. Немесе «Сен ақынсың, жазушысың, ақылды, білімдісің, сен мынадай атақ дәрежең бар, тектісің, елді жамандықтан арашала! Ол үшін әділдік ізде, кедейлік болмасын, бәріне дүниені тең бөліп бергіз» деп дүниенің соңына салып қояды. Ел басымызға; «Астанадай қала салған әлемде ақылды басшы жоқ, олай болса елдің ділін де көркейтіп, санасын өсіре аласың!» деп сыбырлап біліммен жоба жасауға мәжбүрлеген де ібілістің әрекетінен болмақ.

 Енді мұндай тәкапарлық пен мастықтан тазарып ақылды өсіруді өмірлік тәжірибеге айналдырумен шұғылданып жатқан  ата жолының ішкі жағдайына үңіліп көрсек;  Сонымен ата жолы жазбалары мен бейне баяндарда бұл туралы мәліметтерді елге ашық түсіндіретін де мүмкіндік туып, артық жүктелуден тазарудың ісі атқарылып жатыр және алда жалғасын таба береді. Қазіргі таңда ата жолында осындай перілік жүйенің ең жоғарғы дәрежесі қалыптасып қалайда Ақ ұлмен қазақ еліне келген жүрек құлағын, естушілік қасиеттің Алла тағаладан хабарын келтіруге арналғанын көбіміз білеміз. Бірақ енді оның өркениеттілік даму заңдалығын шектеп, қалайда сол қалпында қабылдап және төменге қарай құлатуға арналған Ақ ұлымыздың ең жақын деген серіктері мен жұбайлары, туыстары тәкаппарлықпен өздерін бәрінен артық ақылдымыз деп, осы перілікті жан-жақты атқарып жатқаны әзірге көпшілікке ұғымсыз.

   Ұғымсыз болудың да басты себебі біздер де аз ғана топпен кезінде бұл мұғжиза, хикметті шындық келтірудің құлшылығын жетілдіріп, белгілі бір жетістікке жеткенмен де, сол топтың өзі ібілістің қақпанына түсіп, қалайда ата жолын қайта құлатуға қызмет жасап кеткенін де біле жүріңіздер. Сонымен бұл топқа басшылық жасап жүрген менің де жалғыз қалып, басынан қайта бастауға тура келіп, екі жылдай тер төгіп, сол жоғалтқан межеге қайта жалғануға мүмкіндік туды. Бұл жерде егер сол топтағы шәкірттеріміз өздерінің жеткен жетістік қасиеттерін елден артықшылық деп тәкаппарлыққа байламай, шариғатқа бағынышты болып, перілік жүйеге жалғанып кетпегенде, яғни белгілі ата дәстүріне сай аманаттарға қиянат қылмағанда, қазіргі таңда ата жолының жағдайы мүлде басқа болуы да сөзсіз еді.

  Мұны қайта-қайта баяндап жүрудің де артында, ендігі қалыптасып жатқан топтарды да осындай жағдайдың яғни менің басымнан өткен сынақтардың талай ер азаматтарға қайталануы да сөзсіз. Сондықтан мұндай сынақтармен күрсе білуге де тәжірибе керек. Осыдан барып ендігі ата жолын өрістетуге Құдайдан әулие-әмбилер аруақтары арқылы оқылатын көркем сөздердің ақылдың өз құндылығын сақтап, елге сол қалпында жеткізудің де маңызы зор және бұл басты белгі ата жолының қазығы болу керек.

    «Батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді» дегендей көктің (жасыл түр) ғылымын, яғни Мұхаммед пайғамбарымызға берілген 3 түрлі құлшылықтың негізі миғраждан алған осы жүйені перілікпен қарсы соғыс арқылы ғана меңгере аламыз. Қандай уақиғалардың да қайталану хикметі болуы сөзсіз. Ата жолында мөр ашылумен оның орындауына негізінде әйелдер қауымы себеп болып, бастапқы кезде ер азаматтар мүлде аз кездесетін еді. Енді құран үнінің жалғанумен аққу, сұңқарларды қайта дайындау, ақ батаға жалғау ісінің де басында әйелдердің жүріп бұл істе еркектерден де артық қызмет көрсетіп және рухани батырлардың шығып жатқаны баршылық.

 Бірақ бұл уақытша жағдай, түбінде ер азаматтардың ақ бақсылықты меңгеруі болмаса бұл әйелдеріміз де қақпанға оп-оңай түсуі де ғажап емес. Себебі әрбір қасиетті әйелдің өзіндік артықшылығы ерекшелігі болып, сәл ғана дін шариғаттан ата дәстүрден қателік жіберсе, арам асты асқазанға ендіріп алса, мұны ібілістің оп-оңай өзіне қарай бұрып алып перісін ендіре салуы да қалыпты болмақ. Қазіргі таңда екі үш-еркек қана ақ бақсылықты меңгеруге талпынып жатыр. Әзірге бар салмақ та менің бір өзіме түсіп тұрған жағдайы бар. Және Құдайдың да хикметі алдымен құран үніне жалғанып дерек алудан сынақтан өтпей, батаға жалғану да мүмкін емес. Бұл ашық дәлелі бар істерден. Ал енді әйелзаттары құран үнінен еркектерге қарағанда тез жалғанады, себебі аяқтарында ер азаматтардай пердесі жоқ, жерге жалғану мүмкіндігі де зор.

   Енді мұндай аққуларды дайындауға тек қана Ақ ұлдың кезінде мөрге жалғанғандарға ғана жарайды және олардың белгілі бір тазалықтан өту сынағы да еркектердің ақ бақсылық жағдайына тәуелді. Бұл жағдайда тауық бұрын пайда болды ма, әлде жұмыртқа ма деген қағидасы шығады. Негізінде Алла тағаламыз еркектердің дәрежесі артық деген аятымен. Демек әйелзаттары қалайда шариғатты, ата дәстүрін, тазалықты яғни дін салтын қарапайым түрде ұстанса болды, еркектердің рухани оянуымен, ақ бақсылық жолында ізденуіне өзінен-өзі жол ашылады.

   Сондықтанда ібілістің перілік жүйесінің басты мақсаты қалайда әйелдердің тазалық, тақуалықты меңгеруіне түрлі кедергіні қойып, оған қарсылықтарды әдемі, қызық, әсем қылып көрсету. Ата жолындағы аққу, сұңқар аталғандардың да перілік жүйеге қызмет қылып, ібілістің ұрпағына айналуын да осындай белгімен-ақ оңай аңғаруға болады. Енді қазіргі таңда рухани батыл, бойындағы қорқыныштарына қарсы тұрып, қалайда құран үніне жалғанып, ақ батаның сырын меңгеру жолына түсіп жатқан нәзік жандылар көбейіп келеді.

   Сонымен бірге олардың да қалайда перілік жүйеден ажырамауына біздің бұл ісімізге астыртын кедергі қоюға да еріксіз қол ұшын беріп жатқандар шығып жатыр арамыздан. Енді бұған себепті осы топтың алдындағы біздердің шәкірттеріміздің сатқындығынан деп білген жөн. Себебі олармен біздер барлық қарсылықтарды жеңу арқылы ұзақ жылдар бойы өтпелі кезеңдерді меңгерумен, сүрініп қателік жасаумен де тәжірибе жинап қандай майда жасырын нәрселерді анықтауға қабылетті болғандықтан, құран үнін сақтап батаны жоғалтуға жол берілмеді.

  Бірақ қасиеттілік артқан сайын білімнің де жетіспеушілігі және әйелдер үшін көп құпиялардың көрсетілмей тек қана еркекке бағынышты сәждесі болғанда ғана алға қарай жылжу болмақ. Бұл жағынан ібілістің біздің, яғни аққулардың алдын орап «Сендерден артық қасиетті жоқ ата жолында, нағыз «Ванга» әжей болдыңдар» деген сезімді ергізіп, ақырында менің өзіме бәйбішем ашық қарсы шығып «Кім кімге бағыну керек?» деген сынақ пайда болды. Бұл жерде ақирет білімі, ата жолында жазылып жатқан деректер, Құдайдың хикметі, жалпы еркектің өмірдегі орны деген де мүлде естен шығып кетті. Бәрінен де «Атам айтты, көрсетті» деген дерекке сүйеніп сонда аруақтар шариғатқа, құранға да бағынбайтын тәңірлік жаратушылық сипатқа айналып кеткендей іс болды. Олай болса біздің әрбір жеткен дәрежеміз де ел биліктің атақ, шенге мастық қылғанындай тәкаппарлыққа қызмет қылдыруы ібіліске оңай шаруа болмақ. Енді ата жолында орда ұстап аққу, сұңқар аталғандардың ішіне мұндай білгіштік дертке ұшырамағанды сирек кездестіруге болатыны да хақ.

   Бұл сынақтан әрине Құдайдың еркін орындауға уәде берген менің Астанаға қашып кетіп, құран үніне жалғанудың тәрбиесін қайта бастауға тура келіп, ал маған ерген еркектердің де қатындардың ықпалынан шыға алмай көп жинаған тәжірибенің жалғанбай қалып, бұл топта оның жетіспеушілгінен енді астыртын қалайда құлату, тежеу керек деген перілік ықпалдың да көріністері пайда болып жатқаны бар арамызда. Сонымен бірге сырттан тақуалықсыз араға кіріп өзінің білген білімін немесе көріпкелдік пен емшілік қасиеттерді ту қылып ұстанып қалайда иықтарын теңестіріп сөздерін өткізуге тырысып жатқандар да көбейіп келеді.

    Тере берсе мұндай қарсылықтар мен белгілер ашық амалдары да пайда болып жатқанмен, мұны енді аз ғана тақуалықта алға озғандарға ғана түсіндіріп сақтандырып отырмаса, мұны ібіліс те аңдып тыңдап, басқа тәсілдерге ауысуы да әбден мүмкін болмақ. Қазіргі құран үніне жалғанған аққулар ғана қызмет жасап, оларды қадағалап отыратын сұңқарлардың болмауынан әйелдердің тақуалықта бәрібір қателік жасауымен байланысты, бой өрістерін былғап алып, құраннан жалған деректердің пайда болуымен байланысты болмақ.

    Осындай жоғарғы дәрежелі қасиеттерді меңгерушілердің өзі болашақта бұра тартып сезімге жалғанып маңдай көздің ашықтығын перілік жүйеге қызметке қоюы да болады. Мұның көрінісі тарихат, сопылық топтарда, зікіршілерде, емшілікпен, көрпкелдікпен айналысатындарда ашық белгілері де бар. Бұл топтың енді құран үніне жалғанғандардың да көбейтуіне әбден мүмкіндік те бар.

  Мұндай жағдайда менің өзімнің үнемі көз алдымда бақылауда жүрген білімге деген құштарлығы жоғары тақуалыққа қажырлы әйелдер арқылы ғана қатесін түзеп отыруға болар еді, бірақ оларды да қалай алға оза бастаса болғаны; ібілістен міндетті түрде кедергі болып, бірде дүние қаражат мұқтаждықпен, бірде басқа бір дүниелік себептермен көңілдің тоқтығын бұзып, өздеріне де толық дерек шығара алмауға мәжбүр қылып отырады. Демек тек қана Құдайдың қорғанымен, аруақтардың қолдауымен ғана амал қылуға тура келеді. Бұл болашақта барлық ақ бақсылық жолында ізденуге тұрған еркектердің басына келетін қиыншылық сынақ екені де сөзсіз.

  Қарапайым ғана мысалмен түсіндере кетсек; Шілде айының басында әдеттегідей Қызылорда қаласына қамшыдан кезекті өтуге 17 аққу, сұңқарымыз келді. Олардың арасында тақуалықта жоғарғы сатыға шыққандар мен әлі енді бастаушылар және араға мүлде дәретті де сақтап жаулық тартуды меңгермеген етексіз келіп емге тазаруға қосылғандар болды. Сонымен бірге тосыннан пенделерді де аққуларымыздың өздері араға тықпалуына да бұл ібілістің өздеріне ашықтан қойған кедергісі, солар арқылы өздерінен шыққандардың қайта енуге деген әрекеті және ол жақсы атқарылды да.

  Мұндай жағдайда менің де кірлеп, ақ қуаттың алмасуына төмендеуіне де мәжбүр болдық. Ал ең сенімді деген аққуымыздың өзі етеккірі келген пендені қамшыға қосып жіберіп, оны мен кейіннен аяғына қарай аңғарып қалғаным да үлкен қателік болды. Мұндай жағдайда осындай пенделерді араластыру арқылы енді алға шығып құран үніне жалғанады дегендерге еріксіз кедергі түсті де. Ал бұрынғы шәкірттерде мұндай қателік түгіл кімнің дұрыс дәрет алмағанын, басқа жерде киімді сақтамайтыны аруақ арқылы ескертіп тиып отыратын да еді.

   Мұнымен енді қалай күресуге болады? Оған жәрдемді Ақ ұлдың қасында жүрген әлі де елге өздерін кереметпіз дегендерден күтпек түгіл, қайта қарсылық түрлі зиянды әрекеттерді, азғыруды ғана күтуге болады. Ал ел билік, дін масһаб, тарихатшы, білімді қауымға деген біздің бұл топтың жетіліп ата жолының нығметін халыққа паш ету деген қорқыныш сондықтан бұндай жағдайға түсуімізге бірі іштей, біреулері сырттай ашық қуанулары да періліктерінен хабар береді.

   Ал жалпы қазақтың «тектісімін» дегендер дүние-мал үшін қам жеуден әзірге қолдары босайтын түрі жоқ. Қол бостарының бірінде өздері ұнатқан тәңірлік «десін» деген мақтандары бар. Бірі желтоқсан, жаңөзен десе, бірлері атыңды қазақшала, латын таңбасына ауысып алсақ Құдайдың қалауына жетеміз деп өздерін тәңірге санап, елді азғырып ібіліске жағынып жүр. Перінің үлкені ақын, жазушы, сопы, ел билеуші, депутат болып алса кімнен жәрдем күтеміз? …(жалғасы бар 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *