Тәуекел(66)

Бөлім: Зікір өлеңдер 144

Тәуекел деңіз Аллаға,

Қиналсаң өмір жолында.

Жүрегің таза, сөзің ақ,

Амалың сәйкес болғанда.

Амалға алмай тәуекел,

Кімге дерсің жалғанда.

Сынынан Құдайдың туысың,

Сүрініп, құлап жатқанда.

Жақының менен бауырды,

Арашалауға болмай шамаң да.

Дәуренің өтер өткелге,

Қауымыңнан бөлек болған ба?

Тұрақты емес бұ дүние,

Қанша жерден мықты болсаң да.

Төтеп бере алмас кәрілік,

Күтіп-ақ тұр әркімді алдыңда.

Қайратың барда еске ал,

Құлшылық етіп танып ал.

Алланың жібін аттамай,

Алдыңғы күнге жарық ал.

Болмысыңды адамдық ағартпай,

Ағашыңды күтіп баптамай.

Құлшылық оңды бола ма,

Сауапты мол жасамай.

Кенелем деме бақытқа,

Қол созбай туыс жақынға.

Тырыссаң да қаншама,

Өлісіз жетпес ризыққа.

Иманың тұр қашықта,

Ақиретсіз келмес жуықта.

Өліге иман, тіріге,

Аянмен берекет жарықта.

Қарайды Алла қалыпқа,

Сыртыңа жиған ар сауытқа.

Іштегі күнәң шикілік,

Ағарып толық жанып па?

Тазармас күнә ағарып,

Болмаса толық адамдық.

Машһарда жатыр қиналып,

Сенен де артық ол анық.

Әулиелер өткен өмірде,

Құлшылық қылған кезінде.

Ғылымды толық бола алмай,

Құлаған сират көпірде.

Ақиқат сыры танымнан,

Қадыры ұлттық нанымнан.

Ұзын сөзді қысқартып,

Атау сөз ойынан жаңылған.

Алланың жібін тарқатып,

Жақсысын ескі жаңартып.

Табынған көп діншілер,

Тура жол атап адасып.

Тәуекел-сенім Құдайға,

Құдайшыл болмақ алайда.

Жол-жоба алып аянмен,

Тазартып тағдыр жалғауға.

Ақталса пенде арамнан,

Мал жанға болсын садақаң.

Баспенен аяқ масіғін,

Екі қол тағдыр амалдан.

Қадыры Алла Бір болған,

Көктегі жұлдыз Біз тұрған.

Халифасы жер бетінің,

Пір болар Алла қолынан.

Тәуекел деп беріп қолыңды,

Мұхаммедке елші сенімді.

Аруақтардан сен де бөлшегі,

Исламның болмақ бірлігі.

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *