Қадыр(63)-(64)-(65)

Бөлім: Зікір өлеңдер 76

Көңілің қалпын бұзып тұрса,

Тұрақсыз айнымалы аласұрса.

Ашынып баяу таппай іштен мінез,

Құбылған қылық шығар жындылыққа.

Тағатты таптырмайды  жынды мінез,

Өзгенің мінін тауып ісін тізер.

Қалыпты адамшылық қайдан шықпақ,

Ақылмен артын ойлап өзін түзер.

Өзіңді жөнге салып, мінді түзе,

Қалыпты адамшылық жақсыны ізде.

Құлыптап жамандықтың есіктерін,

Есерсоқтық дерттерді салып тезге.

Қадірлі болуға жан-жағыңа тырысып бақ,

Қадір деп, пайғамбардан қалды аманат.

Мінездің ең тәуірі- қадыр аталғанды,

Нұрынан алғашқы жардың сипаты хақ.

Көп не істесе мен де қылсам солай,

Жындылықтың бұл үлкені бұзыққа сай.

Адам деген аттың қадіріне,

Кір келтірген адамзатқа лайық болғай.

Қалыпты жайлы мінез адамға тән,

Қадырін адамдықтың жалғастырған.

Өшірмесе адамзаттың адамдығын,

Хайуаннан артық болар жаралған жан.

Ғылымсыз адам деген болар хайуан,

Қадырін адамдық  мінезінде арттырмаған.

Қадырді адамнан бұрын жаратқаны,

Мұхаммед деген атпен лайық қылған.

Не қадырлі, қадырсіз не бұл жалғанда,

Біліммен бәрін біліп алмақ болма.

Ақылым Қадырін Алла біліп алды,

Деген сөз күпірлікпен болар сайда.

Қадырі Алла тағала ғылымында,

Хикметімен бірге жүрмек мұны байқа.

Жасыл түспен тоғыз түр бекімекті,

Қадыр жасыл — өмір нұры мінсіз бойға.

Бақ қарасын қадыр дарысын деп,

Батасы бұл қазақтың ғылым білмек.

Ғылымды сол адамдығын жетілдірген,

Қонатын бақ пайғамбарлық қасиеті боп.

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Ана тілі қадірі(64)

Шұбарланған тілімен,

Ділін бұзған талай бар.

Айыр тілді жыландай,

Шағып алар сыңай бар.

Ата сөздің бұзып қадірін,

Кескілеп ділін оңайлар.

Қысқартып таңба өзгертпек,

Ұяттан безбек сыңайлар.

Ауыздан дуалы қасиет,

Теріске кетер жайы бар.

Көптің сөзін сөйлеген,

Көп адаспас деп ойлар.

Көпше жүріп көбейткен,

Арсыз салтын қолайлар.

Аталы сөзді білмеген

Танымай сөздің салмағын.

Суға келген балықшы,

Тастап кеткен қармағын.

Жеңілдетіп үрлеген,

Тілге кірді жинаған.

Теріс ойлы сөз білген,

Жындылар көп сайраған.

Асқазанның түбіне,

Ауыр тасты байлаған.

Бауырдың байлап жолдарын,

Әкелік тегін аздырған.

Бөтен сөзбен діл бұзып,

Ант ұрып ауру шақырған.

Ана тілім — арым деп,

Адамдығың болса асырған.

Маржандай сөзді тізбектеп,

Үніне құран қосылған.

Аурудың жолын бөгемек,

Даурықпай тасыр-тұсырдан.

Өкпесімен шаң қаппай,

Қатайып дені сауыққан.

Шикі өпкелік мас болмай,

Үлкендікке бас ұрған.

Сау сақадай сақайып,

Қасиетін бойдың арттырған.

Күйзелісі де жанның азайып,

Ананың сүті ақталған.

Қадамы басқан нығайып,

Болашақтан үміт қосылған.

Құдайға берген уәдесін,

Аманаты деп баба таныған.

Бұзбай жетер мұратқа,

Ананың тілін жасынан

Қадірін біліп әр сөздің,

Ар-ұятына қуат қосылған.

Кеспесе алдын үлкеннің,

Қасиетін тектің асырған.

Меңгермек пайғамбар қадырін,

Қатесіз сөйлеп жасынан.

Қырық жетінің сынынан,

Кім бар енді өте алған?!

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Дүниені дүптеушілер(65)

Дүние қоңыз пенделер,

Нәпсінің құлы әлсіздер.

Дамылсыз еңбек еткенмен,

Жаны өлі, рұқы күшсіздер.

Сарп қып өмірін дүниеге,

Қамалар өзі түнекке.

Адалдықпен болып қас,

Қарсылық өсіп жүректе.

«Менімен» оның ісі жоқ,

Ар-ұят десе мысы жоқ.

Обал, сауап ойлауға,

Ақылда ерік күші жоқ.

Тоқмейілсіген іші боқ,

Қазынасына жиған көңіл тоқ.

Сенделіп көппен адасып,

Ынсап пен ары ойда жоқ.

Мансап пен дәулет ойында,

Қуанышы сыймас қойнына.

Тік жүріп тегін пайда алса,

Қанағатты алмас тойымға.

Дүниемен ғана дүптеуші,

Арқалап білімді жүргені.

Жер үстінде тәңірсіп,

Ел түземек өнер білгені.

Қазына алмас мирастан,

Ажырап аян тағдырдан.

Аруағы тұрар шырылдап,

Дәметіп дұға құраннан.

Ас төк шашып ас берген,

Байлар көп ісін жөн көрген.

Тазармай дүние арамнан,

Тағдырдан жібі үзілген.

Түзетпей өз қауымын,

Ақтаумен жібін тағдырдың.

Түземес оны Құдай да,

Шашқанмен бар байлығын.

Бос қайтар толмас дорбасы,

Аруақтың болмай ризасы.

Жүктерін ақтап алмасаң,

Жеті ата тектен жалғасты.

Мастанған пенде біле ме,

Қияметтің күні келгенде.

Жауабын берер күйі бар,

Не пайда бірақ сол кезде?

Байлығың баба мирасың,

Аманатын жүктеп алғансың.

Бірің кедей, бірің бай,

Себеп қылып туыс жалғансын.

Бай жомарт, кедей мәрт болса,

Ар, ұждан ынсап нық тұрса.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл,

Аяқ пен қол күші қосылса.

(Шілде 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *