Жаманды жақсыдай көреді,
Көпті аз деп біледі.
Ақылы саяз болса да,
Білгішсініп жүреді.
Алабұртып алысып,
Ұғымсыз сөзбен салысып.
Ел түземек көптер бар,
Өзара жүрген жарысып.
Аласұрып, жұлынып,
Басқарам де елді ұрынып.
Өзіне бәрі міндетті,
Сөз айтады суынып.
Басыңа келген жалғыздық,
Рұқы өнбей жан кіріп.
Бүтіндікті меңгермей,
Рухани ақсақ жартылық.
Таба алмай өз аяғын,
Киімін ерден алатын.
Әйелдер көп мүгедек.
Міне алмай жаны тұлпарын.
Жан мен рұққа сынақ бар,
Құдайдың өзі қосақтар.
Егінмен, малды өсіріп,
Тылсымнан тұлпар қуат бар.
Үш ағаш текке жалғанбай,
Аттарын ерлер байламай.
Ақыл мінбес тұлпарын,
Әйелден етектік сана алмай.
Жоғалған діннің бірлігі,
Қазақтың болған дәстүрі.
Тазартып рұқын меңгермес,
Ұлтының қазақ жаны өлі.
Аз дәурен сүрер ақсақтар,
Ұғымсыз сөзбен мақтанар.
Шүлдір-шүлдір етеді,
Үш тілмен ғылым алмақтар.
Менсініп тілін қайтеді,
Дүниемен болса ермегі.
Жаны өлі оянбас,
Құдайға жоқ сенгені.
Адамдық ғылым білмегі,
Білімін мақтан етеді.
Қан тегі елдің қасиеті,
Ар-ұяттың жоқ керегі.
Ақсақ пен тоқсақ биледі,
Дүние ісін артық көргені.
Сөз ұғымын бұрмалап,
Жаңашылдық болып өнері.
Тілінде ана сөйлесе,
Сөз қадірін меңгерсе.
Үніне құран жалғанып,
Келер еді иман жүрекке.
Қонар еді ем-дауа,
Рұқы жүктен тазара.
Жетелік ақыл толысып,
Ашылып есік санаға.
Ақсақтықтан арылып,
Жан жарасы жазылып.
Талаптың мінің көлігін,
Көңілден кетер таршылық.
Ақиқатты түсініп,
Уахи мен аян көрініп.
Сайрар еді жүрегі,
Табылып жанға керегі.
Тазарып тоттан жүрегі,
Жағдайын тәннің білмегі.
Дерттерді тұрған тығылып,
Анықтап, емдер денені.
Кіреді сонда береке,
Өмірің болар мереке.
Тазарып тағдыр күнәдан,
Қосылар қуат әлемге!
Болмаса Құдай сенбегі,
Жол-жоба, аян көргені.
Рухани ақсақ емделмес,
Ұрпағын тауысып жемегі.
(Тамыз 2018 жыл)
**** *****