Ашкөзділік (93)

Бөлім: Зікір өлеңдер 51

Дүние қызық мақтан боп,

Қол жеткізбес арман боп.

Адастырар ашкөздік,

Ақирет ісін жалған ғып.

Дәулет пенен сәулетің,

Қымбат киім келбетің.

Маңызды болар сен үшін,

Жылтырағың, зейнетің.

Құдайлықты ұмытып,

Көзді байлар соқырлық.

Қайран сенің тағдырың,

Қысқа өмірді есіл ғып.

Сауық-сайран көп болса,

Өмірің тыныш, құт болса.

Өз-өзіңді алдайсың,

Жетемін деп мақсатқа.

Сонда да жүрек тыншымай,

Дүрс-дүрс соғып шаршамай.

Сандалтады ойыңды,

Аз дүниеге мәз болмай.

Дүние қазық түбінде,

Тартқызар азап көріңде.

Ашкөздік деген сойқан бар,

Өмірден қызық көруге.

Қызықты қуып қалмайтын,

Жаныңды өлтіріп алдайтын.

Тойымсыздық деген дертің бар,

Бақыт деп байлық санайтын.

Қайратпен оны түзерсің,

Көпке ілесіп жүрерсің.

Жетегіне аруақтың,

Нық сеніммен жетерсің.

Жұмылған қолды ашатын,

Арамнан көңіл тазарсын.

Садақа беріп үздіксіз,

Шүкірлігің болсын қылатын.

Тазартып малды арамнан,

Тағдырдан келер хабардан.

Өлілерді риза қылумен,

Құдайдан жол–жоба алсаң.

Жүрекке жан бітіріп,

Етектен сана өсіріп.

Елдігің болар әйелдер,

Ақ білек қасиет өндіріп.

Тазартып алсаң жүгіңді,

Меңгеріп ұлттық рұқыңды.

Ойды түртіп леп берер,

Кие, деп білсең бөркіңді.

Тазартып бастан жын суды,

Келтірер әйел көркіңді.

Қанынан таза шараппен,

Күшейтіп әлсіз тегіңді.

Ашкөздік қылмай білімге,

Дін ісін айналдырмай ілімге.

Періліктен тыйылсаң,

Мән беріп шындық өзіне.

Құдайлыққа келтіріп,

Қауымыңмен бақша өсіріп.

Бақташы болып малыңа,

Сормаңдайлықты бастан өшіріп.

Ашылса көзі жүректің,

Маңдаймен тағдыр көретін.

Болашақтың біліп хабарын,

Жеті жаныңа қуат беретін!

(Тамыз  2018 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *