Тәубешіл екіжүзділер (110)

Бөлім: Зікір өлеңдер 81

Адасып жүріп жол тапқан, Аллаға көп рет тәубе айтқан. Қиналған шақта оңалтып, Құтқардың бізді деп мұнан.

  Тағдырдың жүгін танымай, Аруағына баба жалғанбай. Жағамыз дейді пендеге, О несі екен, Құдай-ай.   Ұлы той деп көппен көргенді, Дегенді желеу етеді. Көппен бірге адасып, Халықпен болдым деседі.   Құдайдың көзі түскенді, Берілген аян түстерді. Теріске жорып сезіммен, Ақталсын деген пендемді.   Дүниелік қызық таусылмай, Қанағатпен шүкір қылдырмай. Аяғы тайып кетеді, Қадірін сөздің алдырмай.   Мұншама құрмет көрсеткен, Құдайға рахмет деместен. Не тосты жолдан пендені, Не ойлап тапты ішінен?   Мұқтаж ба Құдай пендеге, Көңілге бөтенді түйсе де. Мың ойлантып алыстан, Хикметімен нұрын бергенде.   Мүміндік берген Аллаға, Пенде шын мұқтаж қашанда. Екіжүзділік жығар орына, Тәубешіл қанша болсаң да.   Қарайып жүзің барғанда, Сұрауына Құдай алдына. Не тосты сені дүниеде, Жұмақтан тежеп жалғанда?   Ата-баба мирасы қалғанда, Нақылмен жете, санаға. Дәстүрін, дінін меңгермей Екі күніңді тастап қашарға?   Жауабың берер болар ма? Есебін түгел алғанда. Қарыз боп барлық қуаттан, Түсерсің тозақпен азапқа. (Тамыз 2018 жыл) **** **** Әсемпаз болма әр неге,(110) Өнерпаз болсаң, арқалан. Сенде-бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тапта бар қалан! ………………………………… Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп, қайғы алма. Мініңді ұрлап жасырып, Майданға түспей бәйгі алма… (Абай атадан) **** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *