Уақытқа тағзым (111)

Бөлім: Зікір өлеңдер 52

Уақыт сыншы төреші,

Ақылдың мінген кемесі.

Баға берер өткенге,

Тағдырдың жазу есебі.

Уақыттан бәрі өнеді,

Жанды мен жансыз денесі.

Өлшеніп шектеп өліммен,

Түрленер жаратылыс әлемі

Пенденің жасырын істері,

Уақытпен қалар бейнесі.

Әруақ деп қазақ атаған,

Тағдырды екі қол істерді.

Жоғалмас күндер өткені,

Уақыт боп, бейне кеткені.

Оралып қайта алдыңнан,

Қосылар қайта есебі.

Уақыттың тегі қаныңда,

Тілі мен ана жазуда.

Діл болып ана сүтімен,

Жалғанар қайта тағдырға.

Жеті жер әлем тағдыры,

Адамзаттың жан жарығы.

Маңдайға пешене жазылған,

Алланың уақытпен тағдыры.

Уақытқа тағзым етерсің,

Қуат боп жанға енетін.

Иман боп, білім жазылар,

Тазарған тағдыр дерегің.

Сын сағаты тағдырда,

Қосылған күнә уақытқа.

Жазылған күнә теріге,

Айналмақ қайта жарыққа.

Мәңгілік уақыт нұрынан,

Алладан ризық қосылған.

Қысқарса уақыт күнәмен,

Көбейіп нұрмен ұзарған.

Мәңгілік Мен жан болған,

Уақытымен БІР Алладан.

Бір болған көкте Біздері,

Мәңгілік уақыт Ол жанған.

Киімің жарық зейнетің,

Уақыттан алған бейнесін.

Артыңнан ерген жүрек бар,

Сағатпен уақыт дерегің.

Уақыттың да үні бар,

Түніңде жұлдыз жарқырар.

Уақыттан қуат жеті өрісте,

Мәңгілік өмір сыры бар.

Тарихтан жарық киімін,

Шапан мен бөрік сыйының.

Төрелік қасиет уақыттан,

Ұғынуға мәнін өмірдің.

Алланың нұры сөз болған,

Қозғалыс беріп сан қылған.

Бар нәрседе уақыт бар,

Санмен өлшеп жазылған.

Уақыттың ақыл кемесі,

Ақ нұр мен айда киесі.

Күн ата, жандар таралған,

Жұлдызбен он бір сәждесі.

Ол Алла Рұқ әкеміз,

Адамдық БІР тегіміз.

Мәңгілік уақыт тағдырың,

Бір Алламен бірге денеміз.

Уақытсыз бар ма құлшылық,

Өлшемсіз болар қарсылық.

Серік пен шерік қосуға,

Хижраны алсаң күн қылып.

Күн, ай, жұлдыз жарығы,

Тәңірлік қуат барлығы.

Жер ана рұқы Өзінен,

Мәңгілік уақыт Рабб нұры!

Тағзым қыл жұлдыз, күн, айға,

Тіршілік нәрің алайда.

Жеріңнен іздеп ойпатты,

Тағдырыңды тап қалайда.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *