Қазақта дейді, текті шал бар ма?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 103

Қазіргі заман бұл қай заман,

Қуаты адамзаттың қашқан заман.

Белсіз еркектен мезі болып,

Шалда да болады ма деген заман.

Шалдың жағдайын келсе білгің,

Тарихқа үңіл, шежірені оймен сүзгің.

Алпыспай, тоқсанбайлар қайдан шықты,

Тауық емес, оны да жас қатын туған.

Қатын ырза болмаса ерге күйлей алмас,

Текті болып ұлды өмірге келтіре  алмас.

Әрине сылтау бүгін заман басқа,

Шалдар түгіл қуат жоқ деген жаста.

Япырмау менде солай ойлаушы едім,

Қырықтың қырқасына шығып білдім.

Шариғат дәстүрлі қолға алып,

Бұл сырдың құпиясын ашқан едім.

Рас бүгін алған әлі тоқалым жоқ,

Деген емес оған жетер қауқары жоқ.

Елуді еңсеріп тұрсам дағы,

Дәлелдеймін, туғызамын баланы деп.

Бұл сырдың құпиясы жатыр тақуалықта,

Оған әзір қатындар жете алып па?

Мінезі, тегі барда тазалық жоқ,

Таза дегенде тегі кеткен жоғалып та.

Қазақ болар  дәстүрімен әлемге үлгі,

Тазарып  арамынан оянып рухы, тегі.

Қазақтың шалдарынан тұқым сұрап,

Өзге ұлттан да келетін болар күні.

(Қаңтар 2014 жыл)

****   ***

Мұқаңдар елдің ағасы,

Қабыл болып берген батасы.

Аумин деп қолды ал жайдық

Қазақтың біздердей баласы.

Үлкендікке жарасқан,

Сөз асылын таратқан.

Салты еді-ау қазақтың,

Бата алуға жастар таласқан.

Қонсыншы қайта елге деп,

Ақсақалдық үлгі кеп.

Батамен ер көгерген,

Жылқыдай жүйрік желмен кеп.

Төрелер рух оянып,

Мұхаңдар отырса төрді алып.

Қол жайып, бата алуға,

Трұсыншы жастар қол жайып!

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *