Тәубе мен иман іздейік

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 51

Бісіміллә сөздің басы деп айтамыз,

Жаман сөзді ауызға енді алмаңыз.

Жақсы сөз  жарым ырыс болар деген,

Мұхаммед Алла досы деп айтамыз.

Бұл дүние бекер емес, жалған деген,

Жаннан жан, рухқа рухыңды жалғау екен.

Адамзатқа парыз екен иман іздеу,

Өлген соң иман жолдас болады екен.

Тәніңнің сумен жусаң кірі кетер,

Ар сауытын кимесең өмір бекер.

Сираттан өте алмассың қылдай көпір,

Арсыздыққа құмарлық түбіңе жетер.

Дүние ісі қисық жол бұраңдайды,

Бақ, дәулет баста тұрақты бола алмайды.

Аспаннан мың бір атты пәле жауса,

Бұл сыннан пендесі сүрінбей тұра алмайды.

Тәубе қылып, сұрағайсың кешіре көр,

Білмей істер күнәң көп, пенде өкіне біл.

Күнәм бар де таудан үлкен, тастан қатты,

Рахым қылып, зейнет беріп өшіре көр!

Ақиреттің сұрағайсың саудасына несібе бер.

Жол-жобаңды  аяныңмен көрсете көр.

Шақырса шақырғаннан қалма деген,

Тілегіңді Алла досын тауып өткізе біл.

Күнәсіз көңіл түзу пенде болмас,

Тағдырың қалай болар, болжап болмас.

Құдайдың көзі түзу, тура болмай,

Шариғатпен Құдай ісін біліп болмас.

Дін ісі- шариғатың бекітпек сенімді,

Иман келді, келтірдім демек дінші.

Сенім рухыңа күзетші қуат берілетін

Ал иман жан жарығы өмірдің түсінігі.

Иман жарық дін меңгерген кісілерден,

Ақиретпен саудасынан иман келген.

Алла жолына шығып, мал жұмсаумен

Иман да енер төбеден жұлдызбенен.

(қараша 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *