Білімді тілде дейді көп ойшылдар,
Сондықтан тіл білуге болдық құмар.
Қай ел білімді болса, соның тілін алып,
Салт болған, үш тұғырлы тіліңде бар.
Жаратқан бар нәрсені пар, жұбымен,
Бұл сырды дана қазақ ерте білген.
Екі жарты бір бүтіннен болып адам,
Ұрпағына ар білімін парыз деген.
Тәрбиесіз білімнен қасірет туар деген,
Білім жұбы ілім, үні өзіңде ділің деген.
Ұлдың жақсысы ата тегі нағашыдан,
Бұл қаныңнан, ана сүті сені емізген.
Анаңның тілінде –таза ой, ұлттың нәрі,
Ата сөзі, өмір сыры, көктің жүзі — тілдің жаны.
Жан берсе ана тіліне, шығады оның майы,
Жанып шамың, жан-жағына түсер жарығы.
Жас балаға үйретесің білім беріп,
Тозған елдің таңбасын алған, жөн деп біліп.
Тілмен бірге таңбамен ойының үнін алып,
Қылығы мінез болып келеді нәсілі еріп.
Орыстың тілін алған қазағың көп,
Сөйлеген сөзін алып, білімді боп.
Қылығы мен мінезіне назар салсаң,
Өзгеріп ұлтық мінез, нәсілдік қуаты жоқ.
Ой мен тіл бірлігінен құралған ұлттық наным,
Ар мен ұят керегесі отаныңның дейді таным.
Танымасаң дәстүріңді, арың болмай,
Ана тілсіз жетілмейді діл мен қаның.
Қан-діліңе қуат уахи аян, алу керек,
Шариғат-дін ісіне тазалыққа болып зерек.
Құдай ісін-шындық білім, аян көріп,
Ер ұрығымен жанына нәзік жазылар дерек.
Ойшыл еркек, қаны тазы рухы-дәні болар,
Әйел – жер, күнге ғашық болар құмар.
Өртеніп ғашықтықтан қан тазарып,
Некемен қаннан шарап еріне қуат қосар.
Ойшыл еркек ақын жанды, рухы- ұрығы бар,
Жан жарының жерін өртеп, егін салар.
Жары арлы, тегі таза егінін күтер баптап,
Жұбайлық өмірден аруақ атты қуат туар.
Ана тілін меңгермесе ойы болар шолақ,
Тазарып рухы, жер жыртылып таппас тұрақ.
Тілі шолақ қыздың, діл-қаны жетілмей,
Санды білмес санасыз, жыландай туар ұрпақ.
Ана тілін меңгеріп сайраған қазақта бар,
Өлең жазған, білімді ақын жазушылар.
Сөз астарын, ойдың үнін меңгере алмай,
Тіл мен ойын қоса алмай адасты ақылдылар.
Сан ғылымын меңгермей, ой-үнін білмей,
Құран оқып дінші жүр, кітабын, уахи көрмей.
Философ, психолог, әкімдер бәрі ғалым,
Жол-жобасыз ұлтының дәстүріне ермей.
Бұлбұлға сөз үйретсең сөйлейді, тіл үйреніп,
Ана тілін білдім деме бос күшеніп.
Ой мен тілдің арасын қоса білмей,
Сен де бұлбұл сайраған сөз үйреніп.
(қаңтар 2014 жыл)