«Мен» деген сотым ішімде,
Айтаушым келер түсімде.
Ақыл-ой, дінім жақтаушым,
Жұмса дейді біздей күшіңді.
Жек көрген мені кейбір нәзік жан,
Арсыз, ұятсыздықтан мен тыйсам.
Нең бар деп, біздей жастарда,
Қалмай жүрген өмір қызықтан.
Қатындар бар, сөгер мені мазақтап,
Қатты сөз айтпа дегенді сен қарғап.
Жігіттерге айтым түземекке міндерін,
Шалсың дейді, жүрген бос сандырақтап.
Жастар да көп, намазхан болып аталған,
Масһабты тура жол атап шақырған.
Ғылымын айттым ата жол дәстүрдің,
Талайы сөкті, надан деп сен адасқан.
Айыптап тылсымнан бабалар батамен,
Қайтпа деп, сыналмақ ер түрлі жапамен.
«Менім» тұр оқып құдай үкімін,
Бұл сын деп өтер ел түгел қайғы-қатерден.
Ақыл-ойым мені санамда тұрып жақтайды,
Жігерлен, жасыма деп құдайдың өзі ақтайды.
Ел билікте және зиялы деген қауымда,
Тектілер бар оянар рухы, деп сені жақтайды.
Бар дейді ұлтыңда нәзіктер көргенді,
Салт-дәстүрін қадірін діннің білгенді.
Ата жол Айша ана ақ туының астына,
Жиналып талай ұл-қыздар текті келеді.
Тылсымнан келген бабалар үн қатып,
Ұстаңдар деп жолын тектің номадтық.
Һұд пайғамбар салған ізі даналық,
Қазығын қақты исламмен Ясауи бабаң деп.
Нұх баба — Нұр ата берді бата,
Сақ пен ғұн арасын қосқан дана.
Мұхаммедтей пайғамбар жолын ұстап
Кемесін ақыл-ойдың мін деп бала.
Ақылын жеткізсем аруақ жамандама,
Құдайдың еркін білдім, мазақ қылма.
Айыптаса аруағың ақтағаны деп түсінсең,
Ескі күнәң өліп, оянғаны рухың және сана.
(қаңтар 2014 жыл)
*** ****