Қамшыгерлік дәстүрің

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 150

Қазаққа киелі сөз қамшы деген,

Қамшылайын сөзбенен түсінбесең.

Қамшыда сұс бар істерді білгізетін,

Қан тазартар қамшының сырын білген.

Құранда жаратқанның бар үкімі,

Әрдайым қамшыланар жердің жүзі.

Арнаулы және ортақ он күні бар,

Айында құрбан түседі Алла жібі.

Қамшыны тастамайтын хан да болса,

Жүрдек болар атың да қамшыласа.

Атыңды сылай сипап қамшылаған,

Жарасар сән салтанат боз балаға.

Жолаушылап атқа мініп шыға қалсаң,

Міндетті қамшы болсын қолға ұстаған.

Жүрмейді жуас атпен жабыларда,

Тепеңдеп, итеңдеумен жолдан қалған.

Қазақта сәлем болып сөздің басы,

Сұрасқан амандық ағайын-тумаласты.

Ат үстінен қамшымен жол нұсқаған,

Қамшымен жолға салу дәстүр-салты.

Қамшыны қастерлеп төрге ілген,

Сұсымен жамандықтан қорғайды екен.

Екі бүктеп қонышқа салып жүрсең,

Сенен қашық шайтан да жүреді екен.

Қамшының сыры терең білген ерге,

Қолданған қамшыны барлық емге.

Маған шын жұртқа ертегі болғанымен,

Жазылды талай ауру сен, мейлі сенбе.

Жазылғанды талай дерттер, сусамыр да,

Қамшымен өлтіргесін жегісін құрттарын да.

Күнәсінен тез  ақталу діннің жолы,

Қамшыдан тазарар енген рухтың кірі.

Тоғыз түрлі емге шипа түрлері бар,

Және түрлі ауруға қамшының өрімі бар.

Есінен айырылған талай ауруларды,

Қамшыдан жазылғанын  көргенім бар.

Қамшымен немеремді тәрбиеледім,

Мінездері жөнделгенін және білдім.

Бедеулер қамшыдан емін алса,

Көрдім ер, әйелдің риза боп күлгендерін.

Нәзіктер шайтаны өсіп сөзінен жаңылады,

Қамшымен қандары да тез тазарады.

Тумайды деген қатын бала туып,

Қамшы алмаса іздеп, енді  сағынады.

Қамшының сырын талайлар оқып отыр,

Түршігіп жаны, шайтаны іштен қорқып отыр.

Жек көріп жынды атап мені шайтан,

Жауыз деп, тыңдасаң үнін қосып отыр.

Қамшының оқырманға сұсын аштым,

Сөзбенен қамшыладым көзіңді аштым.

Ал енді байқасаң сұсын қамшы сөздің,

Іздемесең  қамшыны шайтансың, тұра қаштың.

(қаңтар 2014 жыл)

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *