Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 197

Қыз деген шоқ қой отты тұтататын,

Шоқты көміп күлмен анаң сақтайтын.

Шоқ сұрау салты болған қазақтың,

Шоқтан да талай даулар туылатын.

Шоқ деген тілдің уы тұз емес пе?

Тұзсыз асты бүгіндерде ит жемес те.

Тұз деген салқындаған от емес пе?

Тұзы жеңіл қыз жамандық көзі емес пе?

Тұзды қорғап қараңғылап ыдыспенен,

Ет бұзылса ем сол, тұзды сепкен.

Тұзы таза, ауыр болса тегі мықты,

Нәзіктер тазартушы ерін некесімен.

Тұздың буы бойдан қазық аталатын,

Бойы толық қыздар жерге жалғанатын.

Тұзы таза, еті таза қатындар бала туса,

Ұрпақ болар аманатын елдің ақтай алатын.

Қырық ошақ нәзіктерде шоқ сақтайтын,

Қараңғылап киіммен бүркеп тұмшалайтын.

Ошақтардан тұз жанып бойы жетіледі,

Арлы қызда ошағында еріне шоғы дайын.

Тұз — сөздің кені, шығады бастан буы,

Ауыр тұз — киіз қазық, етексізде  болмас үйі.

Үйлеріңе есігінен кіріңдер деп,

Құранда ескерткен аятпен бар үкімі.

Жалаңбас, жалаңаяқ,  түрулі және етегі.

Қыздардың киізден болмай үйдің тегі.

Нәзіктердің тұзы жоқ, болмас күйі,

Қаны азып, иманы ұшып, тағдыры өлі.

Шаш жайып жинайды от жалынын,

Қол, төсінде жалаңаштап біл безін оятқанын,

Шалбар киіп арбаң-арбаң адымдаған,

Жын-шайтан әлде пері болды қызың.

Тіршілік бастауы, әлемнің жан бұлағы,

Адамзат өмірі ана қанынан нәр алады.

Еркек қанша текті  болып туылғанмен,

Жаман қатын жамандықты арттырады.

Әкесі жаманнан жақсы туған нанбас адам,

Жақсы қатын қаны қызу тазарта алған.

Дана қазақ тектіліктің бабын біліп,

Қыз тәрбиесімен  бүгінгіңді сақтап қалған.

Еркектер көп нәпсі қуып рухы азған,

Қатын алып, баласын, үйін тастап қашқан.

Себебін ізде қазығын ердің қаға алмаған,

Қатынынан жаманның санасын аша алмаған.

Қазақты жылқы мінезді деп атаған,

Жылқыдай өріс іздеп, отын алған.

Текті мал жем жеген қорасын ұмытпайды,

Адаспай өз қазығын іздеп тапқан.

Әйелдің бойы таза, еті ұндай майда болса,

Қанынан ерге берер шарабы адал болса.

Санасын жаман ердің ашады шабыт сыйлап,

Байлар аттай  киіз қазық мықты болса.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *