Құдайға ұқсарсың адам болсаң

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 54

Жаратушы деп атаймыз түп негізді,

Сипаты бар әшкере көрінер өзін бізге.

Құдай деп атаймыз ақылды нұр иені,

Адам-кісі болмақ, ұқсас болып бір өзіне.

Адам деген орынбасар ісін біліп құдай,

Меңгеру аманат, уәдені де алған құдай.

Жолы бар ғылым ақыл бермек өзі құдай,

Тура жолға Алла досын салмақшы өзі құдай.

«Құдайым қаласа» деп бастаймыз әрбір істі,

Құдайсыз қурай сынбас дейміз күшті.

Ақылмен ойды қозғап меңгеріп ғылымдарын,

Таза ақылға жалғанбақ есті болып кісі.

Бүгінде аңғарғанға адамдардың көбі құдай,

Меңгерсе ақыл-білім ғылымын алса ұдай

Енді тек мені ғана тыңда деп жол сілтеген,

Ел билеген, дін меңгерген болды құдай.

Қоғамды заңмен түзеп мәңгілік ел боламыз,

Баланы шынында құдайсыз енді тудырамыз.

Табиғат қолайсыз боп, бұлқынғанмен,

Дүние байлық болса, заңға оны да бағынтамыз.

Құрамыз заңмен бұзбайтын әділ қоғам,

Әлеуметтік жағдай болса қатын туған.

Саны болса сапасы маңызды емес,

Тәрбиемен түзейміз тегін де көмес тұрған.

Осылай ақыл-білім меңгерсек болдық құдай,

Таза ақыл, ар білімі қалды маңыз болмай.

Шаруашылығы мықты елдей болып алсақ,

Енді бізге керек емес нанымың, ескі құдай.

Кәрі қыз, жесір, бойдақ болған құдай,

Парызы құдайдың берген маңыз болмай.

Байсыз, қатын-баласыз бақытты боп,

Дүние болса жалғыз жүріп болмақ құдай.

Адам-жан, таза ақылдың түбі құдай,

Көлеңкесін жаныңа түсірген өзі құдай.

Адамдық махаббаттан, шектен шықсаң,

Я жануар немесе болмақсың жалған құдай.

Партиямен ел түземек,  ұқсас олар құдай,

Бақытқа жол ашпақ, заң шығарып тоқтамай.

Тек, жыныңды қазақшалап жазып алсаң,

Қазақ деген ұлтты мәңгі сақтамақ-ай.

Тура жол, жеті жолы ғылымы еді құдай,

Ханафи масһаб болып өзгерді бізде құдай.

Білмесеңдер біздерден сұраңдар деп

Дін имам, ғалымдар жүр болып құдай.

Құдайың бұрынғы жоқ, енді өлді дейді,

Тілдеспейді, сөйлесіп ақылын көрсетпейді.

Құдайлық ауысыпты арапша құран жаттағанға,

Әулие-әмби аруағы кітабын оқып жебемейді.

Заңы бар ел билікте діннен бөлек өзі құдай.

Арсыз, ұятсыз қатындар да би боп шықты-ай.

Мәңгілік ел болмақпыз құдайды еске алмай,

Парыз түгіл аманатын ата-баба ұмытып-ай.

Салт-дәстүрсіз мәңгілік ел боламыз,

Заң шығарса құдайдай шоқынамыз.

Құдай мәңгі заң емес туылмайды,

Онда қандай мәңгілік заң шығара аламыз?

Заңың бар, құдайлық заңды керек қылмас,

Жетілген ел  болмақпыз арды бақпас.

Дамыған елге ұқсап, болсақ сондай,

Құдайымыз өлді ме енді, жерді бақпай?

Ар қайда, тағдыр қайда, тарих қайда,

Артыңдағы тарих бір күн оралмай ма?

Қырылған қарсы болып құдай ісіне,

Арсыз елдей лағнетке ұшырамай ма?

Құдай өзі қаласа ғана ұлт боламыз,

Мәңгіден үлгі алсақ, мәңгі ел боламыз.

Бар байлықты меңгерген Сүлеймендей,

Құдайдан үкім келсе бәрібір жоқ боламыз.

Құдайға ұқсас орын басар Адам деген,

Таза ақылға махаббатпен жалған деген.

Бүгінгі көп «құдайға» шоқынған аз ақылына,

Шын Құдай көрсетемін өзін деген.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *