Ғылымды болу(130)

Бөлім: Зікір өлеңдер 37

Тылсымның түссе хикметі,

Жан оянып тірілер.

Алланың берген нығметі,

Ақ түске еніп түрленер.

Жанның жазып жарасын,

Көбейтіп жанды өсірер.

Мың бір есік құлпының,

Кілтін алып сыр шертер.

Түнектен шыққан жан өссе,

Жібіне күміс жалғанар.

Құдайдың берген жобасы,

Ғылымды алға жылжытар.

Айналып ғылым амалға,

Аллаға тура жалғантар.

Емшілік міндет жүктеліп,

Қауымын аруақ құтқарар.

Теңізде жатқан асыл тас,

Жерге шығып жарқырар.

Ойдан маржан теретін,

Қасиет көзін аштырар.

Құс жолына жалғантып,

Ұжданмен хабар алдыртар.

Кітабын тағдыр қайтадан,

Болашақпен жаздырар.

Ғылымнан кірпіш қалатып,

Әлемге қуат қостырар.

Жан өсіріп, көбейткен,

Адамдық қадір жаңғыртар.

Ғылымды болса адамзат,

Алтын ғасыр оралар!

(Қыркүйек 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *