Үміт (129)

Бөлім: Зікір өлеңдер 38

Бос үміті алдаған,

Шырағы жанбай қиналған.

Жер бетінде пенде көп,

Оты бықсып шоқ болған.

Талабын ақыл жоғалтқан,

Тазартпай жанды қарадан.

Құдайдың берген нығметін,

Бағалай алмай сорлаған.

Бес жалғанға байланған,

Қызығына дүние малданған.

Арамдап тәнін, ет малын,

Бекімей тағдыр ұрланған.

Ақылға сарай болмаған,

Тазармай ағза арамнан.

Он екі мүше саулығы,

Болмады бойы қорғалған.

Ардан сауыт алмаған,

Ақталмас пенде арамнан.

Мөрленіп жүрек таңбамен,

Маңдай көзі сорланған.

Көрсе көзі барлығын,

Құлағы естіп дауысын.

Көкірегі соқыр түсінбес,

Үнімен, сырын ғаршының.

Не алдады адамды.

Қызық қылып жалғанды?

Қапаста қалған жанына,

Үмітін қалай жалғайды?

Қайда барып тығылам,

Күнәдан қалай тазарам?

Аманатты арқалап,

Қалайша оны атқарам?

Құдайдың тойын қаласам,

Қалайша аянына жалғанам.

Ақиреттің сыйын иманнан,

Алсам деген бар ма Адам?

Жағуға үміттің шырағын,

Таусылған шамда майларын

Шариғат деген базардан,

Білер ме әйел сатып аларын?

Елдігің болмас әйелсіз,

Ар-ұят, тәлім, әдепсіз.

Ұлттығың намыс жалғанды,

Еркектер болар жетесіз.

Жете мен сана үміттің,

Шырағы еді екі күн.

Екі күн шырақ жанбай тұр,

Ата жол дәстүрін ұмыттың.

Шамың жоқ шығар түнектен,

Беймаза күй бар жүректен.

Өз жаныңнын үнін түсінбей,

Өлі рұқын кім бар тірілткен?

Талаптың мініп тұлпарын,

Ғылымда болса іңкәрің.

Жолымен ата із кесіп,

Үмітің  жанға жалғансын!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *