Ата жолы философия мектебі.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 138

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Қарапайым ғана дін құлшылығындағы дұға, тілек және жалбарыну амалдары әрбір ұлттың сөз ұғымын меңгерудегі жеткен шыңы болып, сондай көркем сөздермен жалбарыну арқылы дұға, тілектерің Раббыларыңның қолдауы арқылы ғана Алланың алдына жетеді деп түсіндіреді құран насихатында. Ал енді ақсақалдарымыздан, әулиелерімізден, абыздарымыздан, үлкендерімізден кішілеріміз алатын баталарымыз да осы философия мектебіміздің білімін көрсететіні де хақ. Ал енді тылсым арқылы аруақтардан бата алу, бұл енді философия мектебінің жоғарғы дәрежесі болып саналу керек. Оған себеп, екі дүниенің арасын көркем сөз арқылы жалғау пенденің қолынан келетін іс емес. Сондықтан муфтиятық масхаб, мешіт дін имамдарының да көрсетіп, айтып жатқанын философия мектебінің сабағы емес деп айтуға да болмайды, бірақ тура жолдың жетілген мектебі деп тағы да айта алмаймыз.

Мұхаммед пайғамбарымыз жалпы бүкіл пайғамбарлардан дәрежесінің артық болуы да, құран философиясын терең меңгеріп және тылсымнан аруақтар арқылы бата болып оқылуын сол қалпында жеткізе білуімен ерекшеленеді, бағаланады. Сондықтан жаратушымыз «сендерге құраннан артық қандай мұғжиза керек»,- деп айт деген аятта бар.

Қазіргі таңдағы қазақ елінде тылсымнан аруақтар арқылы құран үгітінің көркем сөзбен бата болып оқылып жатқан ақирет және дүние өмірінің тіршілік намаздарының насихаты болып, енді осы Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған мұғжизаның екінші көрінісі деп түсінуге де болады.

Барлық нәрсені жұп және парымен жараттым деген құран философиясын негізге алсақ, онда бұл заңдылықтың бұрын жеке-жеке әулиелерге уахи болып оқылса, енді аққу, сұңқарлар арқылы бата болып жалпы халыққа ортақ оқылып жатқаны даусыз. Енді аз ғана мысалмен масхаб философиялық сөз түсініктерімен салыстырып көрейік.

Діннің тірегі намаз деген дін құлшылығының философиялық түсінігі бар. Енді бұл ұғымның намаз орындау, намаз оқу және намаздарды толық орындау болып ретімен берілген аяттар бар. Бұл намаз ұғымының мықты сөз екенін өз пайдасына пайдаланатын сөз жүзінде, ой жүзінде екі жүзділіктің қараңғылығынан шыға алмай муфтияттық, мазхабтық «тәкледи» иманды діншілеріміз намаз оқу деп намаз ұғымын әлсіретіп, халықты тек бес уақыт намаз оқумен ғана жаннаттарға кіресің деп алдайтынын өздері де білмейді.

Негізінен әрбір күрделі сөз атауларының екінші, үшінші ұғымдарымен парға айналатын сөз, философия заңдылығы бар. Сонымен намаз оқу ұғымы: сабақ оқу, яғни қандай да білімді, ілімді жазылған кітап жүзінен меңгеру дін намазының бір саласы болып шығады. Сонымен бірге дін құлшылық намаз оқуы өзінше еншісін алатын болса, онда сәжде болып аталып, бес уақыт намазымыз да, нәпіл, уәжіп, айт намаздарын оқу осы сәжденің ұғымына кіріп кетеді.

Енді масхаб діншілерінің мүлде жоғалтқан сөз ұғымы да, намазы да ол  ақирет намазын оқу болып, яғни жүректі дем алдыру, дем алу сияқты болып саналып, бұл намаздар тағы екі түрлі жағдайда орындалады. Бірі аруақтарға құран оқу болып пайғамбарымыз: «Мен құран оқушымын» деген астарлы сөзін «құранды жаттап оқушы» қылып өзгертіп жіберген. Бұл қате түсінікті және аруақтарға бағыштап құран оқу намазын: «Мұхаммед өзіңе уахи етілгенді ғана оқы» деп ескерткен, яғни құранның кез келген аятын аруақтарға оқуға болмайды деген ұғым пайда болады.

Енді екінші негізгі намаз оқу түрі ол аян, уақи, бата болып, яғни Раббымыздың көрсеткендерін тылсым үнін білім арқылы оқу болып, бұл жағдай кейінгі кезде барлық әлем дін саласынан ресми түрде шығып қалғанымен, қазақ елі негізгі осы намазды оқушы, сондықтан кітап берілген халық болып саналамыз.   

Ясауи бабамыздың сәни дәптерінде: «Көкке шығып періштелермен намаз оқыдым» деп астарлы түрде сәжде туралы ұғымды ескертсе, екінші бір хикметінде: « Намаз оқып, сабақ алдым» деп, пайғамбарлық аруақтардан бата алып отырғанын, яғни кітаптарын алғанын ашық ескертеді. Бұл ұғым құранда кітап берілу, Раббыларыңнан түсіргендерді намаз қылып орындау болып ескертіледі. Ал енді бір перденің ар жағынан: «Мен аруақ, сен пенде, арамызда бір перде» деген мақаммен оқылып жатқан намаз оқу түрлері ерекше мұғжиза болып, сонымен  намаз оқудың үшінші жағдайын ескертіп, құран философиялық насихатын толық білдіріп тұр. Ал пайғамбарымыз өзі өлгеннен кейін мұндай хикметтер мен мұғжизаларды да жын-шайтаннан дейтін исламда екіжүзді ғалымдар шығатынын; «Расында, Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаны тірі қалдырмаған кезде адамдар, білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады.» (85\100 өсиет).

 Енді надандық дегеніміздің ұғымы да сөз астарын меңгермей, құран философиясына, пайғамбар өсиеттеріне қарсы болып ортақ қосқан, шерік қатқан, Алламен бірге тәңір шақырған және жалпы философиялық, психологиялық жан, рух білімдері әлсіз болып, өзін білімді, ғалым етіп көрсетушілердің бәрі де кіреді. Қазақ еліндегі осындай надандықтың бірінші себепші қазақ елінің философия мектебінің ұстаздары мен сөз ғылымының барлық қызметшілері, Абай-Шәкәрім танушылардың осы уақытқа дейін құран тәпсірін қазақтың қара сөзімен де өлеңімен де сөйлетіп кеткенін өздері де меңгермей, халыққа де меңгеруге кедергі келтірген теріс ақылдарының қысқаша жайын осы басылымдарда жеткілікті дәлелдер беріп кеттік.

Ал енді діннің намазын толық көрсетіп, санмен белгілеп, хикметтерін түгелдеп беріп кеткен Ясауи бабамызды түсінбейтін, бірақ өздерін хазірет, дін ғалымдары деп атағандардың білімі қарапайым ашық түсінікті аяттар мен пайғамбар өсиетінің ашық-ашық үгітіне де ортақ қосумен айналысатынын көбіміз түсіне бермейміз, әлде оларға сондай сенім келтірумен надандар тобын көбейтіп жатқанымызды да білмейміз. Мысалға кеше ғана ораза айы аяқталып, осы басылымды оқып отырған көпшіліктің жұмаларға қатысып немесе теле арналардан имамдар уағызын болмаса кітаптарын оқығандар болса, 10 жыл бойы мен барған мешітте: «Ораза ұстап, намаз окушы ғана жанаттық болады» дегеннен әлі жаңылған емес. Ал пайғамбарымыз: «Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мархамметі, нәпсінің жомарттығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (ибн Әбидүниеден) деп ескерткеніне қарсы пәтуа берумен пайғамбарымызды өтрікші қылып, және жанына қожа машайық болу түгіл, тәнін жауып, рухын тазарта алмағандарды «намазхан» атап және бір рет ораза ұстаса болды «роял» деген жаннаттың есігінен кіресің деп, Алланың атын жамылып халықты тұтастай алдайды. Надандық па әлде ашық залымдық па? Өзіңіз ақылыңызға салып бағасын берерсіз.

 Енді ата жолы қалай философиялық мектептің негізін қалайды десеңіз; Қазақ тіліндегі көптеген сөз атауларын және біздердің сөздігімізден түсіп қалған ұғымдарды бата арқылы тірілтумен және ғұрпымызда араптық шариғаттың әсерінен жоғалып кеткен, мысалы менің жас кезімде ақсақалдардан естіген, әжелеріміз үгіттеген, көптеген қазіргі ырым деп шығарып тастаған ғұрыптық әдеттердің Құранның, Інжілдің, пайғамбарларымыздың өсиеттерімен растап жан ғылымының амалдары екенін жасым қырықтан асқасын барып, бата арқылы ата жолына келіп зерттеп, салыстырып қана түсіндім. Ал бұған дейін қазақ тілін, ғұрпын жетік білем деп, осы кездегі ата жолындағы алған білімсіз, 10 жыл бойы құранды зерттеп, аяндармен аятын көрген ілімсіз-ақ, дін имамдарын қазақ туралы теріс пәтуа беруден тоса алатын жағдайда едім. Енді қазіргі жағдайымен салыстырсам, ол кезеңдерде надан болыппын да, ал аталар батасымен, хикметті аяндармен қазіргі білім, ілімімді Құран ғылымымен, көк мүліктерінің құпия сырларымен салыстырып көрсем, әлі түк білмейтінімді мойындаймын. Бұл пәтуаға да сенбесеңіз, бір ауыз сөз арапша білмесем де, аруақтардан ең білімді арап танушының да қателігін сұрап және санмен өлшеп көрсем, дәл шығатынына әлі таң қалумен келемін. Сол сияқты осы басылымдардағы  және кейбір дін ғалымдары мен әлем ғылымында да жоқ, алда баяндалатын барлық құпия ақпараттарды жетелеген шәкірттерім, аққуларым және аян, уахилар арқылы және ата жолындағы намаздың ақиреттік философия мектебінен намаз оқу арқылы періштелерден сабақ алмасам қайдан пайда болды дейсіз?

Енді муфтият ғалымдарының әлі екіжүзділік тәубаның жетегінен шыға алмағанын сондықтан сөз, тіл, ой жүзінде «мұнафықтық» болып саналатынына ашық мысал бере кетейік. Ораза айында пітір садақаны бидай құнымен есептеп және оны әркімнің өз қалауынша береді деп мешіттер, баспасөз арқылы да насихатталды. Және бұл пәтуаны тек жалқы бір негізде түсіндіргені де рас. Ал бұл жалпы құран ғылымына қарсылық болып, ең болмаса пітір садақаның жұбы болмаса да, тақ санды өлшемдермен пары болу керек еді. Ал енді осы пәтуа туралы Раббымнан сұрап едім, аруақ арқылы мынандай жауап келді: Пітір садақа 3 бөліктен тұрады. 1-мал садақасы болып, ол адам баласының дүниесінен, жалақысынан, мүліктерінен берген зекет-салықтан төленбей қалғаны болса өз орнына тапсыру керек. Яғни, біздің табысымызды үкіметтен жасырып, табатын дүние мүлкі табыстарымыздан да өз еркімізбен қосымша төлейтін салығымыз. 2-Жол садақасы деп, жолда қалған аруақтарды көтеру мақсатында, шалған құрбандығың, түрлі ғұрыптық амалдар мен оқытқан құраның және мүмкіндігінше әулие бастарына барып зияраттауың керек. 3-Жан садақасы  мешіт имамдарының көрсеткен мөлшерінде, абзалы дін істерін жүргізуші орындарға төлеу керек. Осындай жылдың жұмасы болған ораза айында барлық қарызынан құтылған, әрбір ораза ұстамаған пендесіне де беретін жаратқанның нығметі болатынын муфтияттық діншілеріміз халықтан жасырады әлде білімдері жетпейді.

Енді ата жолының негізгі қағидасында толық дәретті үнемі сақтамай, яғни тақуалық киімді меңгермей, намаз арқылы нығметті де толық алу мүмкін емес екенін насихаттайды. Ал муфтият ғалымдары ораза кезінде әрбір ораза ұстаушы түгіл, жағдайы жетпей ұстай алмағандардың да төбеден, аяқ астынан зейнеттелуіне, тек толық дәретті кешке дейін бұзбаған жағдайда ғана өзінің ар сауытының, бойының шамасына қарай ғана жаратқанның жаннатынан нұр түсетінін біліп, түсіндірмейді. Және мешітке жұмадағы берілген, жәшікке салынған садақаны пітір садақадан бөлек деп түсіндіреді. Сонда бұл үгіттерінің астарында да сөз жүзінде алдау, қосымша дүние талап ету жатқаны да сөзсіз.

 Бұл тек намаз оқып, мешіттегі құлшылық амалдарына байланысты қысқаша пәтуаларына талдау жасағандағы шыққан қайшылықтары, ал егер бүкіл муфтият пәтуасын осылай құран аяттарымен, пайғамбар өсиетімен салыстырып өтсеңіз, онда мүлде діннен шығып сектаға айналып кетуі де хақ. Егер бұл дін қандастарымыздың тарапынан бұл пәтуаға келіспейтін болса, хабарын жеткізіңіздер, арнаулы санмен белгілеп, талқылап көрсетуге дайынбыз және болашақта құранның арап тілінде пайғамбарымыздан кейін қағазға көшіру барысында бір таңбадан кеткен қателігі болып, осыдан құранның көптеген аяттарының насихаты түсініксіз болып келгенін дәлелдейтін арамыздан бір арап тілін жетік меңгеруші сұңқардың әулие бабаларымыздың дайындап жатқаны да сөзсіз. Сол кезде осы кездегі толып кеткен аудармашылардың халыққа көріне алмай, жерге қарап үйден де шыға алмасы да шындық болар, егер екіжүзділік тәуба құрсауынан құтыла алса.

Енді бір екіжүзділік масхабтық имамдарымыздың өздерін шариғат білімін жоғарыдағыдай біліммен меңгергеніне қарамай, өздерін ұстазбыз, яғни тура жолға жол көрсетушіміз деп санайды. Сонда бас хазіретіміздің өзі әлі тура жолдың қандай болатынын білімін білмейді екен де және сөз жүзінде қазіргі арнаулы жоғарғы білімді болған философтардан, жазушылардан да әлдеқайда төмен тұрып; хикметсіз, ашық дәлелсіз, мұғжизасыз пайғамбарларымызбен, сахабарымызбен  өздерін тең дәрежедегі дін имамы, хазірет, теолог ғалым атайтынына менің жеке басымның  ақылы жетпейді. Әлде мұндай екіжүзділікке алдануды  жаным түгіл, үнемі өзгеріп жетіліп жатқан рухым да қаламайды. Енді ел басшылардың, жазушы зиялы қоғам арасында  дінді жетік меңгердім деп, түрлі тақуалық амалдармен масхабты тек сырттай сөз жүзінде мойындағанымен, бірі ахмедия, бірі ясауи-зікірші, біреулері нахшпанди тарихатшы болып жүргендеріміз жеткілікті. Әзірге мен танитын ешқайсысының атын атамай-ақ, негізгі философиялық ұстанымдары ұқсас, тура жол қағидасы Матрубилік, Имам Ағзам масхабы және олардың ата жолына жақын жері де аруақ заңдылығын мойындағанымен, бірақ жаратылыста әуелі Мұхаммед пайғамбар аруағын жаратып, Адам атамыз қызғаныш білдіріп, бірақ оны жанатта көміп тастады дегендей пікірлермен пәтуа береді. Ал құран философиясында ондай ұғым жоқ және аруақ барлық періштелердің ақ-қара аралас періштелік қуаттарынан тұрып, тек Адам атамыздың жаннаттан кейінгі құлшылық арқылы жанатқа көтерілуімен ғана қалыптастынын сандар тағлымымен де, астарлы сөз ұғымдарымен де ашық көрсетіп қойған.

Алтыншы басылымда аруақтық қуаттардың білімін жазғанбыз, енді 7-ші басылымда аруақ білімінен тағы мысалдармен толықтыра жатармыз, әзірге бұл философиялық көзқарасты біздің ұстазымыз болған, ешқандай құран немесе масхаб білімін зерттемей-ақ, тылсым арқылы намазбен сабақ алып жазған «Мәңгілік заңы» атты өлеңінде: «Шексіздікте шекаралар бола ма? Болашағы адмзаттың қолда ма? Жаратылыс сырын ашу сұраққа, Надандыққа салу керек томаға. Жылды құрап, күнді айналып жер шары, Тәуліктерде күн мен түннің құрамы. Сыр сандығы жұлдыздардың жарығы, Осы болар мәңгіліктің қазығы.» деген насихатпен Темірқазық жұлдызына барлық жаратылыс қозғалыс сырының байланып тұрғанын ескертіп: «Адамзаттың мәңгіліктің бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл, ойы, ниеті, Аруақтан бастау алар бұлағы.»  деп барлық жаратылыс судан басталып, ал ақыл, ой, ниетті тек судың буы көлеңкеміз аруақтан ғана алып, осындай ақылды, білімді жер егесі болғанымызды түсіндіреді. Әрбір пенденің пары ол аруақ екенін де ескертеді. Яғни, пендеге қарап аруағының шамасын білуге болады да, керісінше аруағын көріп, пенденің ішкі болмысын анықтауға болды екен. Сондықтан аталарымыз бұл жағдайды: «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деп жан ғылымынан хабар берген.

Аруақ білімі ала жіп, сондықтан ала жіпті аттағандарды құдай жазасын береді деп ескерткен. «Жер бетінде ай саналар сыңары, Күн мен түндер бірін-бірі қуады. Тылсымнан аруақтар қолдаса, Жер бетінде пенделердің тұрағы» деп аруақтың білімін білгің келсе, айға қара, қалай өсіп, солады аруағың да сондай сыңарың, яғни ай сияқты барлық жер бетінің тіршілігін қамтамасыз ететін болса,  сенің пенде болып жүргенің, су несібең парыңның арқасы деп түсіндіреді.  Енді аруақтың жұмбағын шешкіңіз келсе: «Жер мен айда байланыс бар жұмбақ, Бір-бірінсіз бола ма екен сұрақ тұр? Ай бетінен күн шуағын шашқанда, Сызат салып ай туады аспанда. Пенде менен аруақта байланыс бар жұмбақ сыр, Пенде болмай аруақты тумақ кім? Жолын ашып Алла нұрын шашқанда, Мәңгіліктің жолындағы адамзат та жұрнақ бір.» Жер мен айда қандай байланыс және ай жермен салыстырғанда қандай өлшемде, құрамда болса аруақ та пендемен салыстырғанда сондай дәрежеде болады деп түсіндірген. Ал айдағы элементтер жерден алты есе жеңіл болса, аруақ та пендедегі негізгі элементтерден тұрып алты есе жеңіл болады. Және Шәкәрім атамыз мұсылмандықты меңгерген адам баласында 6 айдың болатынын ашық ескертіп және оның он саулықпен, ақ жаулықпен байланысты ғана пайда болатынын астарлап көрсеткен.

Аруақ арқылы айдан нұр алған пенденің енді өз аруағын туатынын және Ғиса пайғамбарымыздың, інжіл аяттарының көптеген астарлы әңгімесін шешіп, құрандағы«…Расында мен бұдан бұрын  іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де. Алла олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары.» (10-18) деген аяттың біздің жанымыздың жұрнағында пайғамбар аруағының белгісі болатынын және «Күдіксіз мен мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым» де Және әсте ортақ қосушылардан болма.» (6-14) деген аятты дұрыс түсінбей адасқан дін ғалымдарының да философиялық түсінігін Ақ ұлымыз қазақтың қара өлеңімен суреттеп кетіпті.

Бұл жерде осындай дін сопыларымыздың ел басқарған ақылды, ойлы азаматтардың Мұхаммед пайғамбар Адам атадан бұрын жаратылды дегендерін, керісінше Адам атамыздан бастап қана пенделік істерге байланысты ғана аруақ тіршілігі болатынын және әрбір пенденің өз дәрежесінде аруақты туушы (жаратушы емес) яғни Хау анамызды 11-қабырғасынан ұрық қылып, жұбы  12-ші қабырғасы қылып туған Адам бола алатынын ата жолдағы  философиялық терең сырдың батаның құдіретін дәлелдеп берген.

Ал жоғарыдағы дін танушы Бейбіт мырзаның ата жолына топырақ шашып: «шерік қосылады, кәпір жын кіреді» деген пәтуасына да Ақ ұлымыз алдын ала жауап та беріп білімін көрсеткен. Енді осы өлеңге ғана жүгінсек, некемен пайда болған «еттен» жынның да бірге туылып, енді өзің етіңді араммен былғасаң, онда кәпір жынды өсіріп шығарып, оны кейін малға айналғанын өзің ет қылып қайта жейтінің даусыз. Сондықтан осындай шерік қатып, тілмен, сөзбен, оймен арамдық жасап, ел арасына шайтанның салатынын таратқан пенделерге: «Өз туысқандарыңның еттерін өздерің жейтін құзғын болмаңдар» деп ашық ескерткен Раббымыз.

Алдағы басылымда бұл сырларға қайта оралып, жан ғылымымен дәлелдеп көрсетеміз, әзірге ата жолының барлық діни ғалымдық пен философиялық пәтуадан, тақуалықты меңгерген аққу, сұңқардан ғана көркем сөзге айналып шығатын аруақ батасының құдіретімен әрбір пенде санасын ашып, тазарған жүрек көзімен көріп, рухын тазарту үшін 4 түрлі намаздарын оқумен (масхабтық бір сипаттағы намаз оқумен емес) ғана құлақ көзімен тыңдағаннан артық түсіндіре алмайтынымды да ескергендеріңіз жөн болар. Ал енді масхабтық  өздерін «намазхан» атағандар мен ата жолына алғашқы түсірілген пенделердің тәубасы көп жағдайда ұқсас болып келеді. Мысалы тілмен айтып, оймен сеніп, иман келтірдім деп жалаң аяқ, жалаң бас, бойын, ар сауытын қалыптастырмай 100 жыл мешітте отырған намаз оқушы мен ата жолының осындай жағдаймен немесе зиярат басына барғанда, шырақ жаққанда ғана сақтап, өзін Алладан қорқушы болып, мейлі қандай да аққу, сұңқар дәрежесінде болсын, қылықтық, мұсылмандық әдеп және шариғат тұрғысынан да екіжүзді «Мұнафықтық» тәубенің дәрежесінде болары да шын. Ал енді сыртын түзеп, өздерін тура жолдамыз деген имамдар мен тағы басқалай масхабтық діншілер мен ата жолының да дәретін толық сақтаушы, бірақ әлі алғашқы 3 жылдық рухани өлім дәрежесінен сынағынан толық өтпегендер арасындағы тәубелік иман дәрежелері де бірдей деп санауға болады. Себебі, ата жолындағылардың мұндай сатылардан өтумен ұйқы кезіндегі түс, аян арқылы намаз оқулары болғанымен, қалған бес уақыт намаздары ұлттық масхаб, ғұрыптық әдеттері, ана тілін де жетік меңгермей және ой мен тілдің арасын бөліп, яғни сөздің ұғымын бұрмалап, шүлдірлеп сөйлейтін болса, онда бәрібір тәубелік дәрежесі төмен,  екіжүзділік  болып, ұлттық иман,  ар-намыс жүзінде  «мұнафақтық» қылықтық, әрекеттік белгі сақталады.

Абай атамыз мұндай 3 жүзді толық меңгере алмаудан қазақтың екіжүзді имандылығын: «..Жоқ қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерлі, малды түзеп, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй не болсын!..Жүз  қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірі-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» деген астарлы насихатпен және 24-ші нұр сүресінің аятымен, рухани өмір сағатымен  белгілеп қойыпты.

Сол сияқты жалпы қазақтың масхабтық діншілері осы тәубенің реттік санымен екінші, ал негізгі рухани сүннеттелудің бірінші сатыларынан жалпы әлі өте алмағанына да осыдан 10 жыл бұрынғы әдеттерімен салыстыру түрінде ақылмен өлшеп көрсеңіз белгілі болмақ. Мысалы, бүкіл мешіттерде осыдан 3-4 жыл намаздан соң таспих тартылып, аруақтарға құран бағышталмақ түгіл, аруақ ұғымын мүлде адасқандық деп қабылдап, өздерін тура жолдамыз деп түсіндіретін еді. Ал қазіргі таңда құдайға шүкір толық болмаса да түзеліп келеді. Яғни, қызыбастық жолдан көрі ата жолға жақын әдеттер пайда болып, халықтың да мешіттерге ден қойған ықыласы да арта бастады. Жақында «Ислам өркениеті» атты басылымды алып оқып көріп, шамалы да болса жүрегім жылыды.

Бұрын осыдан бір жыл бұрынғы басылымдарда: «Алла+ақ тағала» деген, Алламен қосып шайтан «лағын» (лақ, лаһ) қосып жазу, яғни Алламен қосып тәңір шақырып, шерік қату, шерік қосу қалыпты жағдай болып, мұндай шығармашылықты рухани өлім дәрежесінен өтіп сөз қуатын жүрегімен сезген адам баласының жанын түршіктірумен оқу мүмкін болмай, ал мен өз басым тек жылына бір-екі рет философиялық бағыттарын бақылау үшін қана қарайтынмын. Енді бұл қателіктерін толық болмаса да, халыққа білдірмей түзеп жатқан түрлері бар. Бірақ әлі масхабтық дін танушы атаған өздері «Алла+ақ тағала» деп көгілдір арна төрінен де сөйлеуді әлі тыйған жоқ және осындай өрескел қателіктермен шыққан діни кітаптары әлі басылып көбейтіліп жатқаны да бар. Демек бұндай тіл ғылымы, сөз ұғымы жөнінде қайшылықтарын былай қойғанда, қарапайым мұсылмандық тәубенің негізгі шартын, ашық қателікті ашық түрде мойындап: «біз бұрын «Аллақ» деп қате айтып, жазып және көп істерде ұлтымызға сай дұрыс пәтуа бермеген екенбіз, тіптен әулие басына зияраттау да «шерік, қураған сүйектерден не аласыңдар деп хазіретімізден бастап тыйым салып едік, қателесіппіз, енді ғана тура жолымызды таптық»— деп пәтуасын берсе, біз сияқты бәрін ине жіпке тізіп жүргендер де өтірік алдана салар едік те, олар үшін бір қадам болса да  тәубенің дәрежеленуі сөзсіз болар еді.

Ал тәубенің иман сандарымен дәрежеленуі ғана келесі бір ақыл-ойдың кедергісінен өту болып, яғни сіз бұрынғы өткен күнәләріңізді айқын түсініп мойындаумен сенім қуаты, иман дәрежесі толысады. Ал сенімнің, ниеттің тазалығы тек әрекеттерге, істерге айналған тәуба мен қайырмен көрнекті болмақ. Ал қандайда бір дінші, «намазхан», тарихатшы, сопылық ағымдағы топтар немесе ата жолдық сарбаз болсаңыз да, тілмен айтып, қолмен істеп, тіршілік жүзінде намаздарын, амалдарын толық орындай білмей немесе шала орындасаңыз да ол тәубенің  алғашқы сатылары ғана болып саналады.

Негізінен сенім, ниет тазалығы 3 түрлі сипатта: қылық, тіл сөз және ойлау, яғни естілік дәрежелерімен өлшенеді. Енді бір жыл бұрынғы істеген мінез, қылықтық қателіктеріңізді ашық мойындап тәубеге келсеңіз, онда бұл тағы осындай 3-ші сипаттық сатылармен екінші дәрежеге көтерілгеніңіз болады. Ал жаздағы қателікті қыста яғни 6 ай, сосын, 3 ай, бір ай, бір жеті, сосын бір күн, бір сағат, бір минут сияқты ақыл-ойдың таразысының өлшемін меңгерумен  бұрынғы іс, сөз жүзіндегі қателігіңіз түгіл, іштей білінген ой жүзіндегі қателігіңізді де дереу түсіне қойып, іштей «Астапыралла» деп тәубеге келіп, өзіңізден де кешірім сұрай білсеңіз, онда мұнафықтықтан құтылып нағыз тақуа, сұпы болғаныңыз. Ал толық қанды мұсылман болуды пайғамбарымыз: Туыстарыңа, жолдастарыңа 3 күннен артық ашуланбау керек,-деп өсиет етіп кетіпті.

 Ал енді біздің муфтияттық дін қандастарымыздың 3 күн түгіл, 17 жылдан бері өзгеріссіз келе жатқан діни сауаттылық қателіктерін, құрандағы ашық аяттарды көрсетіп сынағанымызбен, тәубеге келіп, сөзді зерттеп ашық мойындап, өкінішін ашық білдіріп, «әлхамдулла» келісім тәубе дәрежесіне келмек түгіл, ғұмырлық ата-баба ортақ дін намазын орындамауларын былай қойғанда: «Ата жолының бухгалтериясын 15 жыл бұрын тексеру керек еді» дегендей, дінді дүниемен бағалап, жоғалтқан өзінің емес, біреулердің қалтасынан шыққан ақшаға өкініп немесе біздерден де артық алып қойды ма деген қызғанышпен шайтан жамағатына айналып және  ел басшыларына жақындықтарын пайдаланып, ыза-кектерін ашық көрсетуін қалай түсіну керек?

Пайғамбарымыз: «Өзіне тиесілі емес дәулетке көз алартушы — бізге жат адам. Ол өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген. (774-өсиет) Енді халықтың ортақ намазынан, садақадан салық талап етіп, өздерін діннен бөлек және халықтың тілегіне мұқтаж еместігін білдірген екіжүзді ел басшыларына, ондай араммен жинаған қазынаны тазартуға да және екіжүзді пенделердің жеке бастарына да келетін ескертуді аятта: «Мұнафықтықтар әр жыл бір-екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды.» (9-126)  деген аяттың үкімі жылда қайталанып, от, су, ауру, шегіртке т.б. сияқты апаттармен бірге көктен су бермей қою сияқты сынақтардың әрқайсысы үнемі жылына бір, екі рет қазақ жерінде қайталанғанмен, ел басшыларымыз да, дін басшыларымыз да жинаған дүние байлығына сенім артып, өткен іске, қателіктеріне көздеріне шұқып тұрып жазып, тылсымнан өздеріне аянмен оқылып, көрсетіліп жатса да, жорып амал қылуды былай қойғанда, өткен істеріне мүлде өкіну сипаттары да байқалмайды. Яғни, онда құдайдың хикметін, азабын, себебін түсініп қорқу жоқ болса, онда иман да әлсіз және екіжүзді болып саналады.

Астанада екі рет ата-аналарымызға көше бұрышына шашын жайдырып, жалаңбас шашын алып тастап, бас киімсіз мүсін қойып гүл шоқтарын қойған исламдық дінімізді мазақтаған әрекеттеріне көктен шелектеп су құйып, көшелердің бәрін суға толтырып, екінші жолы дауылмен төбе шатырларын да жұлып және көктен ұшақтарын құлатып, жолдарда апаттармен көптеген шейіттер алып ескертсе де керісінше, осыдан кейін де құдайға ашық соғыс жариялаудың сипаты болған, Павлодар өңіріне бас философымыз бастап Абай атамыздың мүсінін қойып қадірлеудің дініміздің салты осы дегендей тағы гүл шоқтарын қоюмен ол жаққа да пәле шақырып және бұл әдеттің Алматыда да қайталауымен арты от апаттарымен хикметті жағдайда: «Шоқынған шөптерің оттың азығы» деп ескертілсе де, оны ұғынып, тәубеге шақыртатын хазірет, дін ғалымдарымыз, философ абыздарымыздың аты бар да, заты жоқ. Пайғамбарымыздың: «Кімде-кім мұсылман дінінде жоқ жаңалық ойлап тапса ол жоққа шығарылады» (770-өсиет) деген ескертуіне айқын белгі болып түскен мұндай елді қайғы-қасіретке қарай азғырушыларды  «Бала-шағаларынан аулақ, бастарына келіп, істеріне өкініп, тәубеге келіп, өмірден өздерінің ақиреттік несібесімен ақ өліммен өлсе екен» деген тілегеніміз де дұрыс болар. Енді мұндай ел басқару ісінде жүрген мұнафықтық қандай да пенделердің тобының өздері оңаша жиналып, келісіп алып, қателіктерін байқатпай түзеп, жылда пәтуалары өзгеріске ұшырап отыратын қарапайым жақсылыққа қарай бағытталатын да  белгісі болады.

Егер  ата жолында намазыңыз да, басқалай масхаб амалдарыңыз да, ғұмырлық істеріңіз де толық болып, құранды өз бетіңше қазақша аудармадан оқып зерттеп жүрсеңіз, онда бұндай екіжүзді ілімі жетілмеген сенімнің жағдайын аққу, сұңқарларымыздың да арасынан да байқап, бірақ олардың кейде ай сайын пәтуалары өзгеріп, алға қарай басқанын көрсеңіз өтірік иланып, бұрынғы өткен қателігін бетіне баспаған да иманға лайық.  Егер бетіне бассаңыз, онда «мұнафықтық» мінездің, яғни ата жолының 6 жылда ғана келетін рухани өлім сатысынан өте алмай және өзіңізге ондай қасиетті пенделердің тазармаған жындылығы да имандарына қауіпті болып: «Мен сендерді қорғап, иманға жеткізушімін, мені кім дейсің? Сендер үшін күнәларыңды арқалап, жамандықтан қорғап, қызмет жасап жүрмін. Сынақ салып жіберемін» дегендей өздерін құдай, тәңір қылып немесе аруақтың орнына қойып алып, иманын жойып алуына себеп болып, сіз де «Мұнафықтық» ойды жеңе алмағаныңызды, яғни жаныңызға байланысты 3-дәрежелі иман сатысын, сабыр қуатын меңгере алмағаныңызды байқатып қоюыңыз әбден мүмкін. Ал енді муфтияттық мазхабтық топтағылар өздерін «аллақ, ал-лақ тағала ыстықпарда болу, мағфират ету, ғалексалам, әнху» т.б. түрлі арап атауларымен шерік қатудан тыйылып, өздері бармаса да ата жолының зиярат қағидасын мойындап, қазақтың ғұрыптарына келумен, енді ғана даңғыл жолға түстік деп, баспасөз беттерінде ашық мойындағанымен де, құран ғылымының философиясын және көптеген арап сөз атауларының ескі тәпсірін пайдаланумен ой жүзінде, яғни тілмен сөздің арасын бұзып сөйлеп, солай пайымдап, құран аяттарын тәпсірлеумен бәрібір өздерінің атақ, тақ, шен, ғалымдық дәрежелерімен салыстырмалы түрде «мұнафықтық» болып есептеледі. Ал, ата жолында да аққу, сұңқар аталып, 9 жылдық тәубе сынағынан алғашқы берілген жеңілдіктермен тек ғұмырлық 91; 21 кітаптардан үлес алумен  ғана өтіп, бірақ құраннан таза білімі болмай, Абай-Шәкәрім шығармаларына оймен сүңгіп інжу-маржан алу түгіл, қарапайым ой гүлін теріп ала да алмаса, онда саламға тойған есектің ондай тәтті нәрсені жемейтіндей, әлі рухы толық қалыптасып тазармаған болып, онда муфтияттық масхабтық имамдардан еш айырмашылығы жоқ деп біліңіз.

Бұл алғашқы кезеңде ата жолына келіп, дүниелік нығмет алған, өздерін басқарушылармыз, ұстазбыз деп есептейтін орта жолдық топтағыларға ғана тән сипат. Ал осыдан 3-4 жылдар бұрын, яғни Ақ ұлдың қазасынан 4 жыл бұрынғы уақыттардан бастап ата жолына келгендер үшін жоғарыдағы 3 түрлі  тәубе сатыларынан өтуге арналған кітаптардың міндетті ілімдерін алмай, 9 жылдық сынақтан өткен болып саналмайтынын ұмытпағаныңыз да жөн.

 Енді ата жолының осындай иманның дәрежелерін меңгеру сатысына да қарай батаның да ой, сөз тереңдігін, ата жолының қасиеттік қадірін меңгере білген аққу, сұңқарларымыз қандай құлшылықтарды жетік меңгеру керек?-деп сұраңыз. Әрине дін теңіз болса, ата жолы сол теңізден  несібе іздеген кеме ғана, ал кемеміздің көлемі де Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан тарихтың өсірген діл ағашымен жасалып Нұх кемесі, соның бір қайығы ғана болып шығады.

Сондықтан ата жолының маңызын түсіндіру үшін қазақ елінің барлық көкжиекті көріп өскен ұлттық ар-намысты шығармашылық өкілдері жабылып жазсақ та, біздің мына қысқа ғұмырымыз оған жете алмайды. Себебі аруақ деген ақ бұлақ көзін ашқан сайын су молайып, сол теңізден нәр алып, ғылым-білімінің өркен жаюымен әлемнің бар құрлығын да жаулап алары да даусыз. Сондықтан әзірше қысқа ақылымыздың жеткен жерімен ғана баяндап отырумен де, сіз бен біздің ата жолындағы тұрмыстық тәжірибемізді біріктіре білсек, іс жөнінде жұмыла білсек, болашақта көптеген басылымдар шығарарымыз да сөзсіз. Ал ата жолының негізгі арманы да, ой қуаты арқылы көріп, естіп және тылсымнан алған таза ақылмен өлшеп, әлемдік жаңа жетілген исламдық бірлеуші ілімін заман намаздарымен орындай білумен ғана көрінісін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *