Ата жолы мектебінің парыздық қағида шарттары.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 56

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Масхабшылар, яғни дін мүфтиятымыздың пәтуасымен мұсылмандық бес парыз деген қағида негізгі шарты болып саналса, ата жолының ең басты ерекшелігі де, маңызы да бірінші адам баласының ұлттық ар-намыс, ұятын, арлылық болмысын қалыптастырумен, тіл, ойдың арасын бөлмей сөйлеу даналықтарын, сұхбатты меңгерумен бірге масхаб шариғат білімін көлемді түрде түркілік болмыстағы Ясауи ілімінен нәр алып, 9 жолдың бәрін тоғыстыруды насихаттайды.

Енді масхаб имамдарымыз еліміздегі жалпы халықтың имандылыққа бет бұруын, мешіттердің көптеп салынып, имамдардың сол мешіттерде жұмасына бір рет уағыз айтуымен, баспасөз беттеріндегі өздерінің жартылай сауатсыз пәтуаларының жемісі деп түсіндіреді. Бірақ сол мешіттердегі намаз оқушы қауымның бәрінің аруағы болып, көп жағдайда ата жолының батасынан, зираттау арқылы алғашқы рухани өлім дәрежесінен өткендердің басым көпшілікті құрайтынын және ата жолындағы көпшілік сарбаздардың ешқандай масхабтың, имамдардың ақылынсыз-ақ жоғары дәрежелі имандылық сатыларын меңгеріп жатқандарын, біздердің шәкірттеріміздің орындаған намаздарын, құран насихаттарын меңгергендердің ең жоғарғы білімді имамдарының өзі меңгере алмағандарын біле бермейді. Сондықтан діни сауаттылық тұрғысынан  хазіретіміздің өзі де ата жолының негізгі ілімдерінен масхаб білімінің әлде қайда артта қалғанын аңғарар емес. Егер сенбестік болса, онда ашық барып хазіретті хикмет көрсетіп діннің хақиқатын білдіруге, Мұса пайғамбарымыздың мұғжизасы әулие басында кездесуге шақыруға да болады. Сондықтан ата жолының намаз қағидалары масхабтың ұсынған мешітте отырып алып жарысу емес, ата жолының жалпыға бірдей тіптен ұлттық ерекшелігіне де қарамай батамен жетектеп, әрбір пенденің өз аруағын, ақыл-ойын қосқан  мұндай аламан жарыста; «Әуел бір ат келіп, сосын көп аттың келетіні», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығару» сияқты ғұрыптық, салт-дәстүріміз негізінде Раббымыздың хикметтерінің көрінуімен, ашық дәлелдермен атқарылады.

Әрине мұндай аламан доданың алғашқы басында тұрғандардың көп қателіктермен және қара бақсылық істерге өтіп кетіп шығынға да ұшырауы заңдылық. Сондықтан ата жолының негізінен мұндай тұлпарлар мен сұңғыла сұңқарларды дайындау барысында өзіндік иман қағидасы, яғни 9 жылдық мектебінің ақ бақсылық істерін, хикметтерді меңгерудің емтихандық шаралары да бар.

Алғашқы бұл адамзатқа келген үлкен рухани өзгерісті бастаған ата жолының сенімнің рухани батырлары болған топтағыларға, тек ғұмыр заңдылығы, яғни ата жолының негізгі шарттарын, ата салт-дәстүрін жаңғыртып, діннің шариғат білімімен негіздеу жүктеліп, қалған жағынан жеңілдіктер және дүниелік нығметтер де беріліп, түрлі әулиелік, қасиеттік дәрежелермен алдын-ала марапатталып, иманмен зейнеттеліп отырғаны да даусыз. Сондықтан мұндай жағдай талай жыл масхабты, тақуалықты немесе түрлі шығармашылық, дарындылық қабілеттерді меңгеруде көз майын тауысып, тер төккендерді әуеліде таң қалдырып, артынан ызаларын келтіріп, екіжүзділіктің, көре аламастықтың бой көрсетуімен ата жолына ашық қарсылыққа дейін тірегені де даусыз.

 Енді бұл жағдайдың  жаратқаннан сынақ болып, арты көптеген өздерін сауатты атаған пенделердің қарсылығын тудырған  сынақтармен, жан ұяларына келген қайғы-қасіреттермен және әлем алдында ақымақ болып көрінуімен, келе жатқан рухани алапат дауылдың бар екенін білдірумен жіберген, әлі де өзгеріссіз қайталанып жатқан хикметті көріністерді негізгі жеткен жетістіктеріміз, алған ілім-білім дәрежесімен салыстырып, бағалап, ақ-қарасын ажыратып алғанымыз да жөн. Ол үшін де әуелі сөз білімін, атаулар ұғымын, сөз түсінігімізді жетік білуіміз шарт.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *