Ғұмыр мектебі және ар білімінің негізгі шарттары мен парыздары.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 110

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Адам өмірі мен тіршілік ету барысында дін мектебінің орны қандай болу керек? Дін негізінен рухани қуат бұлағының негізгі ақ бастауы болып, бүкіл адамзат тірішілігінің саналы өмір қағидаларын қамтып отыру керек. Адам баласының заман талабына сай қарекеттік, тұрмыстық қуаттарын меңгеру, кәсіптік ілімдер мен түрлі өнерлік кәсіптердің ілімін мегеру мектептері өздерін діннен бөлекпіз деп санағанымен негізінен осы негізгі рухани ақ бастаудан қуат күшін алып отырады. Бірақ ендігі жағдайда бұл ілімдердің бәрін діни құлшылық намаздары мен сыйыну, сәжде амалдарына теліп қойсақ, онда бір-біріне тек зиян тигізгеннен басқа пайда болмасы да сөзсіз. Бірақ осы адам дүние тіршілігінің барлық саласын қамтитын ортақ ілім ар білімі болып, әрбір мектептің өкілдері өз тарапынан осы білімді дамытуға, тазартуға үлестерін қосумен, ортақ мәміле ұстанымдары арқылы бірлікке келумен ғана адам баласының жан-жақты және бақытты өмір сүруіне мүмкіндігі және ішкі еркіндігі мен сезім қуаттарының рухани жетілуімен, әрбірінің өз саласында жетістіктерге жетелейтін рухани күштің де жетілуі мен дарындылықтардың да жаңадан көздері бұлақтары ашылары да сөзсіз.

 Олай болса адам баласының бір мемлекет шекарасында өмір сүру ерекшелігі мен өмір мектебінің негізгі шарттары философиялық көзқарасын, сөз ілімін жетілдіретін, жан сырын (психологиясын), ден саулығын қорғайтын әділ заңдар жүйесін, жарғыларында бағытын көрсетіп тұратын, жетілген ар білімінің ілімі ғана мектеп болып саналу керек. Сондықтан адам баласын белгілі бір жағдайда жақсылықтарға, рухани жетістіктерге апаратын ілім, білім, кәсіп салаларын діні жоқ немесе діннен бөлек деп айту да үлкен күнә және жаратқанға жала болып табылады. Ал мұндай жағдайда ондай пенделердің дінінің бар жоғы арлылық тарапынан ғана бағалану керек. Сонда ғана мұндай теріс ұғымдар күшін жойып, ойдың сөздің қуатының тұтастығы қалыптасады.

Ал енді діншілердің мемлекеттен, ғылымнан, жалпы тіршіліктік өмір тәжірибесінен бөлектеніп, тек дін жолының құлшылығы арқылы ғана бақытты өмір сүріп, мәңгілік өмірге жетеміз дегені де «утопия», яғни бос қияли арман, Шәкәрім атамыздың ескерткен имансыздық арманының екінші жұбы болып саналады. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз: «Орташа өмір сүріңдер. Дін жолына қатты беріліп кеткен адам да кейін өкініште қалады» (563-өсиет) деп ескерту себебінің өзі, дін жолының да белгілі шектеулері мен өзіндік ар білімінің шарттары, яғни арманы да біртұтас болып, адам баласының өмір сүрген ортасы мен  тарихи есінен бөлек болмауын меңзеп тұр.

Сондықтан барлық тіршілігіміз, құлшылығымыз, тек бұрынғы надандық дәуірлерде өзінің жемісін берген масхаб білімімен және арап діни салттарымен, яғни шариғатымен ғана бақытты ғұмыр кешеміз деген пікір тек ақымақтықты және адасуды ғана туындатады. Ал мұндай қиялдық жағдайға түсіп кетуден сақтану мақсатында және білімнің ескіріп, ар білімінің әлсіреуінен пайда болғанда, тылсымнан кері рухани күштердің ықпалында кететін діни құлшылықтарынан бас тартқан жағдайда да, яғни дін жолынан мемлекетіміз бөлек деген де мұндай ой-арманның да соңы үлкен қайғы-қасіретпен аяқталары да даусыз. Және қазіргі таңдағы әлем дін тәжірибесінен айқын білініп, бұл әлемдік қияли философиялық арманның жетегінде кетудің ықпалынан қазақ елі де аман қалған жоқ.

Осындай жағдайда әлем діндеріне үлгі қылып және барлық ілімдердің басын біріктіріп, ортақ бір арнада пәтуаға келуге жаратқаннан жәрдем келіп, адам баласының заманына қарай, адамзаттың дұрыс армандарын бір арнада тоғыстыратын ар білімін жетілдіруге тылсымнан келетін хабарларды жариялауға, белгілі бір халықтың ішінен елшілер шығып, соған байланысты ескірген, білімдер мектебі және дін мектептерінің адасқан армандарының да қарсылығын да туындатып, армандық, ақпараттық негізде соғыстың  болатынын барлық рухани негіздегі шежірелер мен тарихи оқиғалар кітаптары да растайды. Інжілден мысал берсек: «Тәурат заңын (немесе құранды арапша) үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге тым ыңғайсыз борыштарды (арапша құранды жаттату, шариғат деп ғұрыптық істерге тыйым салу, әр түрлі дұғалар, тек арап еліне ғұмыра жасату т.б.) арқалатып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұштарын да тигізбейсіңдер.» (11 тарау 45,46).

 Бұндай жағдайдың діннің және халқымыздың армандарының бөлшектенуімен, біріміз араптық, біріміз европалық, жаңа қазақ, бай қазақ, шала қазақтарға айналуымен ата жолының қазақтың біртұтас ғұмырлық дәстүрін өліктердің тылсымнан хабар берумен ерекше хикмет болып, халықтардың біртұтас арман жүктерін, аруақтарын алуға шақырумен, артық хайыр, құрбандық қандарымен борыштарды өтеумен басталуы да тарихи шежіремен белгіленген заңдылық болды.

Осындай алғашқы кезде бір қызық, ертегі болып, қазақ елінің бүкіл алыс ауылдарына дейін өркен жайып, кейіннен білімді, ілімді топтағылырдың, ел басқарушыларының ызасы келіп, қудаланған ата жолының сырын, маңызын енді өткенмен салыстыру үшін жеткен жетістіктеріміз де болу шарт. Бұндай оқиғаның Інжіл тарихында дәл осы қазақ еліндей көшірмесі болғанын және көптеген жылдарға созылған оқиғаның енді бір оншақты жылдар ішіне сиғызған, біздің елімізге тағдырлық сынақ болып келгенін зерттеп білген бірде-бір философ, теолог немесе білім және дін мектептері болған жоқ.

Барлық болатын оқиғалар, ел және адам баласының жеке тағдырлары да шындық болып, аянмен, уахимен көрсетіліп және уахи болып батамен оқылуы Алла тағаланың үш түрлі жағдайда адам баласымен тілдесуі болатынын 42-сүре 51-аят хикметтер негізі болып, осы үш жағдайдағы рухани өлім сатысынан өту әрбір адам баласына міндетті болып саналады.

Дін ғалымдарының бұл аятты тәпсірлей білмеуінің себебі де жоғарыдағы: «Сендерге түсіну үшін барлық нәрсені парымен жараттық» деген аяттың астарлы сыры да аяттардың сандық мәндеріне де қатысты. Мысалға 42-ші санның пары 24-ші сан болып енді бұл аяттың: «Алла тағала адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді..» (42-51) аятқа біздердің ғана емес бүкіл әлем дін ғалымдарының назарынан тыс қалып, аруақ заңдылығының, құдай патшалығына енудің, қазақтың асыл діні тура жолының құлшылық амалдары ібілістің қақпанына түсіп, өз ел басшыларының қолымен қудалануына себеп болған да насихатын түсінуге, парын табуға дін ғалымдарымыздың сандар тағлымынан инсандығы жетпеуінен ғана болды.

Енді бұл аяттың бір ғана парына назар салсақ: «Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім берілуге (батаға, аян, уахи Алла тағаламен сөйлесуге) шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік бой ұсындық» деу болады. Міне бұлар құтылушылар.» (24-51). Ата жолына келіп әулиелер тарапынан түсірілген батаға, яғни үкімдерге мойын ұсынып, иманға келгендер мүмін болып саналып, оларды «инсандылыққа» жетуге, санасын тазартып, рухани ұйқы өлімді жеңушілер, тақуа болуға талаптанушылар, ар білімін қалыптастырушылар деп атауға болады. Аллаға бой ұсынудың негізгі шарты да осыдан басталып, және Алла тағаламен жүрек көзімен үнсіз тілдеспей, жанның тазаруы да, рухани зейнет алуы да мүмкін емес екенін де естен шығармаңыз. «Тарыққанда тау-кие, Тұңғиықтан үн қатты; Кереметін әулие Мойындамау — биғат-ты!» деген аталарымыздың да аманаты болған. Яғни тәурат ғылымын меңгергенін де ескертіп тұр.  

Енді дін жолының қандай да бір түрлері мейлі христиан, тәурат куәгерлері, буддалық т.б. топтарының түрлері болсын, негізінен осы 3 негіздегі рухани жетістікке жеткізуге ғана негізделген тылсым үнін меңгеру арқылы ғана ар білімінің, яғни шариғат ұстаным қағидасы болу шартты үкім. Шариғаттың қандай да бір шаралары діни істер қағидасы, яғни тылсым сырын Раббымыздың заманға қарай түсіретін үкімдерін тыңдап бой ұсыну арқылы қалыптасқан ғұмыр-тағдырлық, шежірелік тәжірибе болып, әр халықтың үмметік ерекшелігі мен оның ғұмырлық мектебі, яғни әдет-ғұрыптық тарихи естілігіне тікелей байланысты болуы, жаратқаннан берілген шартты үкім және нұр сүресінің аяттары парыз екенін де түсінгеніміз абзал.

Нұр сүресінің ішінде жасырылған осындай 24 негізгі адам баласының зейнет қуаттарының бұлағын енді масхабтық бес парызға қоссаңыз, пайғамбарымыздың  құлшылығының кітабы және екі жолдың тарихат пен мағрипат белестерінің негізі, 70 бұтақты иманға өту сүресі болған 29 санының құпиясы шығып тұрғаны хақ. Сондықтан дін құлшылығының негізгі иман келтіру парызы масхабымыз көрсеткендей 5 парызбен ғана шектелмейді, керісінше 29 парызбен құран насихаты ескертеді. Сондықтан ата жолы осы иман келтіру парыздарының негізін қалаушы дін мектебінің жоғарғы сатысы бола алады және ата жолының бастауыш мектебі болып, масхаб шариғат білімі болу тиісті еді.

Бұл, дін негіздерінің біртұтастығын қалыптастыру үшін де, әрбір үмметке Раббынан түсірілген өз араларынан шыққан жол бастаушылары болып, тілдік, сөздік аманаттарды орындау барысында қалыптасқан философиялық ілімі және шариғат ерекшеліктері тұрмыстық ырым, жоралғылары, дәстүр ерекшеліктері сақталу да шарт. Енді неге бірден ислам ірге тасы болған, арап шежіресіне хаж-умра арқылы жалғануға болмайды деген сұрақ қойыңыз?

Бұл жағдайдың негізгі себебі де, адам баласының екі сөзді, екі тағдырына, ұлттық, жерлік  ерекшелігіне байланысты ақирет өмірінің де есіктері өмірден өткен әке-шеше, сосын ата-ана және Алланың араларымыздан ардақты еткен құлдары әулие-әмбилерімізге байланысты, хаж ағашының яғни көкке тілектерімізді, дұғаларымызды көтеретін жолдары рухани ағашымыз, осы ақирет өмірінің рухани қақпасы болып саналады. Сондықтан рухани да, қияметтік ажалдан кейін де осы ата-аналарымыздың жандары жалпы адамзаттың ортақ ақирет тіршілігіне  жалғанып, Алла қасына жиналамыз. Жанның негізі білім арқылы ғана өсіп жетілетін болса, онда осындай халықтар тектерінің ерекшеліктерін, ұлттық болмысын сақтап, өздеріне өлшеп берген аймақта тіршілік базарын жүргізу үшін жаратқанның ең әділетті үкімі ол- діл біліміміз, яғни ана сүтімен берілетін қандық ерекшелігіміздің мыңдаған жылдар ана тілімен бірге жетілумен бірге енді жоғалып, бір-бірімізді құлданудан және өзіміздің ата-аналарымыздың жинаған қазынасынан рухани азығымыздың көктің несібенің тек өз ұрпақтарына ғана тиісті болып сақталуын қамтамасыз етуге бағытталғаны хақ. Ал мұндай жағдайды құдайдан артық әділеттілік заңды адам ақылы ешқашан ойлап қалыптастыра да алмасы хақ. Сондықтан бүгінгі несібесі ерекше болып, жерді тесіп, көкті бағындырмақ болып, мақтаннан, тәкаппарлықтан бойымызды бояп, бірақ арымызды жоғалтып, жер бетіне симай жүрген барлық жер тұрғындары да өзінің  бұрынғы замандарда әділетті, арлы тіршілігімен, ізгілікті істермен өсіріп кеткен діл бақшасының дайын жемісін жеумен ғана өсіп-өніп жатқанымыз хақтық.

Ал енді біз өзіміз болашаққа қандай рухани егін егіп беріп жатқанымызды мүлде қаперімізге де алмай жүргендеріміз жеткілікте жер бетінде. Бұндай ар бақшасын жан өсірсе, ал жанды діл білімі ғана өсіреді. Рух оның азығы және қызметшісі. Сондықтан пайғамбарымыз: «Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есептеледі.» (567) «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында, тегінде) ол адамға пайдалы болып есептелінеді. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» деген (568-өсиет). Олай болса біздер өз ойымыздан білім шығара алмаймыз және  осы аталарымыздың меңгерген ар білімі арқылы жазылған кітаптарды оқумен ғана заманға сай ақыл-ойымыз, біліміміз қалыптасады екен.

Бірақ енді осы екі түрлі білімнің, яғни тіл мен діл білім болып табылатын сөзіміздің арасын жалғап тұратын ойымызды, яғни армандық, арлылық білімімізді қалыптастыра алмасақ, онда ой мен тілдің арасы бөлініп, діл білімі өсіп-өніп өз жемісін көрсете алмайды.

 Енді имандылық дегеніміз ана тілі, ата сөзі аманаттарына ғана байланысты түрде қалыптасатын, ұлттық ғұрыптық сипаттағы арлылық, ұяттылық болып, ал оның негізгі жаны адам баласының қаны мен тілінде діл білімінде, яғни соған байланысты көрініс беретін сөз байлығында болу керек екен. Енді жоғарыда мысалдармен келтірген рухани дәрежелену, яғни Алламен тілдесу үшін қанды тазарту құлшылықтары мен сөз байлығын меңгеруде, тілді де тазартуда осы біздердің шариғатымыздың, масхабымыздың негізгі ірге тасы болу керек екен. Егемендік алып енді тура жолымызды, рухани жетістіктерімізді қалыптастырады деген масхабтық шариғат біліміміз осы негізгі рухани өлім сатыларына әкелетін тәрбие бермек түгіл, әлі кезге дейін өздері құдайға қарсы шығып, халықты мүлде шежіресінен, ділінен ажыратуға әрекет жасап жатқанын мойындар емес.

Қазақ еліне келген мұндай сорақылықтың да тарихи оқиғалардың үмметтер арасына айналып жүретіндігі және бұрын болған құбылыс екендігіне Інжілден мысал берсек: «Тәурат заңын (құранды) үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер құтқарылу туралы білімнің кілтін (аруақ заңдылығын)  тартып алдыңдар, өздерің де кірмедіңдер (зираттамадыңдар), кіргісі келгендерге кедергі жасадыңдар.» (11-тарау 52) .

 Енді бұл жағдайдың хақиқаттығына және ислам дін ғалымдарының Інжілге қарсы шыққандығына қазіргі таңдағы жеткілікті дәлелдерді өздері қамтамасыз етіп Ислам ғалымхалы, Имани гүл, Дін мен Діл т.б. шығармашылықтары нақты қазақ елінің мүфтияттық дін саясатын айқын көрсетіп бергені даусыз.

Дін мен Діл кітабын ғана алып оқып көрсеңіз жалпы діл туралы дін ғалымының білімі түгіл, жалпы діннің де сипатын толық білмейтінімен қоса құтқарылу заңдылығын 99 таспихпен айқын белгіленген рухани өлім дәрежелерін де өздері  меңгерулерін былай қойғанда, тіпті халықтан дінін тартып алғанын  және қазақ еліндегі бүкіл дін ғалымдығының тек аты мен дәрежесі ғана бар. Нұр Мүббәрак діни жоғары оқу орындарының атақты ұстаздары да жан, рух ілімінен мүлде сауатсыз екенін «бес парызбен» жаннаттарды армандаулары ашық әшкере білдіріп тұр. Егер ішкі жан дүниеңізде осындай пәтуаның мықты отырып алып, қарсылығын білдіріп, ашуыңыз келсе де, әзірге  сабыр сақтасаңыз оқушым дегім келеді. Себебі оларға деген аруақтардың арнаулы сыйы да, Раббымыздың көрсетіп, оқытып жатқан хикметті діл білімі, жан ғылымы да бар алдағы басылымдарда баяндайтын.

Енді бұл кісілерге халықтың несібесін бөліп беріп, жоғарғы орындармен, тақтармен, марапаттаулармен қамтамасыз етіп, өз халқына ит құсатып айдап салып отырған ел басшылары мен ғалымдарымыздың ойларында не тұрғанын, армандарының сипатын, ар-намыстылықтарын өзіңіз бағдарлап, сабырмен «Ақырын бер жаратқан» деп тілеңіз.

Ал ата жолы осы уақытқа дейін не берді?-деп енді сұрайтын да уақыт та жауап беретін мезгіл де келді. Ата жолының негізгі ұстанымы да: «Бірінші байлық ден саулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» болып, осы қызыл, сары, ақ түсті болған үш арманның да жемісін алып, тұрақты байлыққа да иелікке жеткен, арамыздан дарынды киелі ұрапақтар да жүздеп санауға болады және әлі жете алмай бірін алсақ, екіншісіне қол жетпей немесе ар қуатымыздың, рухани сезіміміздің жетілмеуінен керісінше сынақтарға түсіп, ит болып керуенге үріп, шайтан жамағаттарына жәрдемге тұрумен, ата-анасына аруағына, діл білімі, ар білімі, ғұрып-ғұмырына ашықтай қарсы шыққандарымыз да арамыздан мыңдап кездеседі.

Ата жолы негізінен сөз байлығын меңгеруге талаптылар мен тілді тазарту, тәнді тазарту, шариғаттық, діни ұлттық ұстанымдарды, құлшылықтарын, намаздарын жетілдіру сияқты алғашқы 3 жылдық кезеңмен, алғашқы негізгі рухани өлім дәрежесінен (субуханалла-Алланың шақыруына келу арқылы) ізгілік, қайырымдылық, жомарттық сияқты қазақи болмысын табу арқылы өту шарт. Енді осы кезеңде рухани тазалығына, қабілеттілігіне байланысты Ақ ұлға берілген жүрек ашу мұғжизасымен яғни; «Немесе бір елші жіберіп өз бұйрығымен қалағанын (бір перденің артынан аруақтар арқылы бата) уахи етеді.» (42-51) аяттың бір үкімімен Аққу, Сұңқар аталып немесе солар арқылы Алла Тағаламен бір перденің артынан аманаттармен жүктеліп, оны намаз қылып орындау ерекшелігімен, белгілі бір рухани дәрежелерді, дарындылықтарды меңгерумен келесі (әлхамдулла) яғни Алла жолында білім, ілім арқылы қажырлы күрескер, яғни Ғиса пайғамбарымызға ерген сахабалар сияқты елшілік істерді толық меңгерумен көрінісін береді. Ал бұл сатыдан енді аяндар арқылы Алламен тікелей тілдесуді меңгерумен жан білімін жетілдіру, сөз сөйлеу өнерін меңгеру міндетті болып және жаратқанның: «Сендермен көкейге салу арқылы сөйлесемін» деген (42-51) аяттың бір үкімін, яғни шешендік өнерді меңгерумен де байланысты болмақ. Ал енді соңғы 6-жыл мен 9-жыл арасында әулие-әмбилердің, пайғамбарлардың кітаптарына жалғанумен және рухани тез жетілген жағдайда өзіңе тән кітап алумен, ғылым берілумен, яғни Құран насихатын терең меңгерумен: «Сендермен санада (ойға салу) періштелер арқылы сөйлесемін» деген аяттың үкімін меңгеріп; Ілияс, Зәкәрия, Яхия, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымызға берілген кітапты және Мұхаммед пайғамбар кітабы, шапағаты аруағына тұрақты жалғанумен ерекшеленеді.

Енді осындай сипатты дарындылықтарды меңгерген арамызда санаулы ғана ұл, қыздарымыз, аққу, сұңқарларымыз бар. Енді діннің жетістігін арамыздан бір ғана адам меңгерсе де, бұл бағыттың да, жолдың да хақиқатын білдіріп, онда ол дін жолы тура және хақтық деп саналу керек.

Қандай да білім, ілім саласы әуелі бір ғана данышпанның шығуымен, кейіннен шәкірттері сол еңбектің білімін жетілдіріп, бүкіл адамзатқа ортақ білімге, ілімге айналатыны да даусыз. Менделеев ғалымның аян арқылы жасаған кестесін әлі кезге дейін адамзат біліміне қызмет етіп келе жатқаны Раббымыздың түсірген білімі емес пе? Сондықтан қазақ философия сөз өнерін, ғылымын неге Абай атамыз ғана меңгеріп, жазып, сол заманның бүкіл ақындары да солай жазбағасын біздің дін және ар біліміміздің негізі бола алмайды деген пәтуа берсек, онда надандық және сөз ғылымына деген зұлымдық болып табылады. Енді ата жолының осындай сипаттық ерекшелігімізде болып жатқан құбылыстардың нақты айқын дәлелі болмаса, құр сөзбен айтылған, жазылған, дәріптелген пайымдау, пәтуалар ой жору болып, хақиқатқа саналмайды. Бірақ әрбір дәлелденуге тиісті хикметті істердің екінші жағы, яғни таразы басына қоятын өлшемі де болу да шарт. Бірақ ондай жағдайға да белгілі бір бәсекелес ата жолына ұқсас дін тобы болу керек. Ондай жағдай қазақ елінде мүлде мүмкін емес және ондай мүфтият біліміне, дін ұстанымына ұқсас болған жағдайда және кейбір амалдары жоғары болса, онда шам алып соңына түсіп, арасына ши жүгіртумен, түрлі жалаларды ойлап тауып, бірден соттап, айдап жібере салатын салтымыз, яғни жындылығымыз бар. Және құқық қорғау орындарының осындай жындылығына Раббымыздан түсіріп, сыналып әлем халқы алдында мазаққа айналған жағдайларымыз да жетікілікті және күн санап көбейе де бермек. Сондықтан теңдесі жоқ тура даңғыл жолдың мұрагеріміз деп есептеп, өздерінің білімділігіне мардамсыған қазақ елінің философ, психолог, теолог, дін хазіреттеріне ата жолының қарапайым білімін түсіндірген және олардың қателіктерін түсенетін сынақтарды да ескертіп, көрсеткен үн парақтарды 7-8 жыл бойы баспасөз, теле арна, мәдени құзырлы орындарына ашық таратып көргенмен, пікірталас басылымға жіберуді сөз етпей-ақ, «бұны қайдан алып және неге жаздың?»,- деп сұраған бір пенде болған жоқ.

Ең бір ақыл жетпейтін жағдай, Құранның Халифа Алтай аудармасының 2-225-аятты неге түсіп қалған және пәтуаларындағы, намаздарындағы, сөз ғылымына ашық қарсы әрекеттер мен дәлелдерді келтіріп сұрау салғанмен арланған, намыстанған бірде-бір осы топтың арасынан шыққан, жалпы дендік арын былай қойғанда, басына еге болатын бетінің ғана ары, ұлтына сай адамгершілігі бар пендені де діншілер арасынан кездестіре алмадым.

Бұл жағдайдың өзі адам баласы масхаб ұсынған бес парызбен екіжүзділік, «мұнафықтық» мұсылмандық алғашқы болмысын да өзгерте алмайды және алғашқы рухани өлім сатысынан әрі өткізуге жолға шығаруға, бағыт беруге мектебі қалыптаспаған десек өтірік болмайды. Сондықтан еліміздің бес парызбен иман келтірген барлық сауатты тұрғындары мен ата жолының жоғарғы иман дәрежесін дәлелдемек болып жасаған шараларым, тек құр ауамен жұдырықтасқан, өзімен-өзі сөйлесіп жүрген жындының нағыз өзі болып жүрген жайым да бар.

«Мұнафықтық», екіжүзділік болған жерде сөз түсінудің, парлап ойланудың, инсандықтың құны болмай, сондықтан ондай пенделердің арлы, парасатты дегені ойдан құрастырып атақ, дәрежелермен өзара келісіммен адам қолымен құрастырылған, сыртының бояуымен ғана көрікті болған арлылықтың ғана сипаты болады. Сондықтан да Шәкәрім атамыз: «…Анық қара; жан-өзің, дене киім, Мақтан бояу-денеге берген сыйың. Жанға мұндай бояуың азық емес, Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?» деген өсиетпен денсаулығың бар, ақ жаулығың бар, ал енді он саулығың, он тиының қайда?-деп сауал қояды. Ал жалаңбастық салт бар жерде алдыңғы екеудің байлығы болған, ақ жаулықпен бірге денсаулық та жоғалып, беттің ары тұрақтауы да мүмкін емес. Бұндай байлық қорған болмағанда, ондайлардың малдық құлағының көздері тілініп, созылып, ұйқы безінің жанмен арасында қуат алмасуы тоқтап, сөз қуатын тұшынып ұялумен арлық қасиеті жоғалады. Бұндай пенделердің тылсымнан көрсеткен, білдірген ар білімі бойынша көбіне қандары азу, қант аурулары т.б. жыныстық түрлі ауруларға ұшырауымен тәнде арсыздықтың өнім берумен белгілі болады. Егер ер азаматтың жыныстық қабілеті төмендеп, түрлі ауруларға ұшыраса да онда ұлттық намысы-ары тоқтап, аян кітабы — ар жібі үзіліп, қысқарып, екіжүзділіктің қапанына түскен деп біліңіз.

Бұндай жан ғылымынан терең хабарлардың әзірше  тек сыртқы белгісін баяндап қана әзірге ондай жағдайдан қалай құтылуға болатын ата жолындағы бақсылық, хикметті дәлелдерімізді жасырын ұстап, ата жолының жалпыға бірдей шапағаты көрінбей жатқан себептерін ғана, яғни өзімізге-өзіміз сын айтумен ғана шектелгеніміз жөн. Жоғарыдағы парыз болған 24-51 аяттың үкімін аталарымыз: «Шақырғанда бармасаң,онда шақырғанға зар боласың» деген нахыл қалдырған екен.

Әулиелер аруақтарының шақыруын алып, дұрыстыққа жорып, алыстан құр тілмен ортақ қосып, ой жорымай, ата жолына келіп, көріп, салыстырып пікір таласқа түсіп, ақ пен қарасын, жақсы мен жаманын ажыратуға қабілетті ел, көш басшыларының дүние қызығын түгелдеп, өзге құдыққа құлап жатқан елдермен жарысқа түсуден қолдары әзірге босамай, бірақ түбінде бәрібір маңдайлары тасқа тиіп немесе құзға жолығып, ал кейбіреулері мұндай дүние қызығынан, бос мақтаннан жалығумен бәрінің баянсыз екенін біліп, енді қалай бұрылсам деген кезде, аяқ астынынан бір пәлеге душар болып немесе  өлім періштесі, аруақ түсіне еніп; «..жинал! Не ажалыңды қабылдап өлесің, не өліміңді тоқтата тұру үшін айтқаныммен жүресің»,- деген Құдайдың пәрмені келгенше осындай әрекеттермен ғана шектеліп, Мұхаммед пайғамбарымыздың «Қиямет мезгілі бір діндегі ел өзара қарсылық пәтуаға келгенде болады» деген өсиетінен аталарымыздың мұндай жағдайда: «Көктен Ғиса түсіп, жерден Мәді шығады» деп ескертіпті. Әулие аруақтарының бір тұтас Мәді болып, елді тура дінге шақырғанда, Ғиса пайғамбарымыз рухы періштелер болып сөйлегенде де мойындамайтындардың, қарсы шығатындардың болатынын ескертіп; «Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелері алдында танбақпын. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлаушыларға кешірім болмайды.» (12-тарау 8-10)

Сонымен аталарымыз: «Құдай кешіргенмен, аруақ кешірмейді, аруақ атқан оңбайды» деген даналықтарының қияметтік мезгілі басталып та кеткеніне күндегі болып жатқан апаттар мен сынақтар, ажалды өлімдер куә болары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *