Парықсыздық (138)

Бөлім: Зікір өлеңдер 108

Парықсыздық көбейген,

Қажырлық бойда түгескен.

Тәуекелге бел буар,

Ниетті пенде сиреген.

Адамдықтың білігін,

Түсіріп парқын ілімін.

Күш қайратты іштегі,

Тауысқан жұмсап өнімін.

Тағдырдың кем тұстарын,

Екі қолға іспен жазғанын.

Қиындық боп келген басына,

Түзет деп, берген сынағын.

Бей-берекет құныға,

Дүниенің еріп соңына.

Түземек солай тағдырын,

Мардымсып тапқан малына.

Тәуір деп, мұным ұғынып,

Өлмейтін жанның қамын жеп

Мәңгілік ел қалай болмақсың,

Бүгін барсың ертең жоқ.

Ел билеген есерсоқ,

Жеңіл тұрмыс, қарын тоқ

Қайыры жоқ артында,

Тұра ма мәңгі дүние боқ?

Болдық деп ел зайырлы,

Тазартпай іштен шайырды.

Ар-ұят, ұждан ойламай,

Тазара ма тағдыр қайғысы?

Елді салып қайғыға,

Парықсыз дертін жаюға.

Тілеп алып Құдайдан,

Азабына қиямет салуға.

Парықсыздар ел билеген,

Арсыздық салтқа күйлеген.

Ғылымды білім ататып,

Адамдықтың қадірін білмеген.

Білгіштік болар парықсыз,

Білімі ақыл жарықсыз.

Қазаққа келді қасірет,

Жете, сана нанымсыз!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *