Қанағатсыздық(137)

Бөлім: Зікір өлеңдер 36

Қанағатсыздық жүректе,

Айналды ол бір дертке.

Мал дүние, табыс мақтаныш,

Ақылды байлап керекке.

Ар-ұят, ұждан ойламас,

Қызығына дүние болып мас.

Мәңгілік өлмес шайтандай,

Ғылымсыз хайуан боп ұқсас.

Насихат айтып пендеге,

Ар-ұяттан хабар келтіре.

Есебін тауып көзін аш,

Ақыл беріп емдеуге.

Тұрақсыздық ойдағы,

Киіммен дәретпен жанбағы.

Иістен сасық тазарса,

Ынсапсыздық болған бойдағы.

Жеті қабат жарықпен,

Зейнеті кебенек өріспен.

Ардан сауыт қорғаны,

Ақтан бар қуат жетілген.

Бақшасы ділдің бойдағы,

Жеті күн іштен жанбағы.

Үйлесіп құран үнімен,

Нұрынан үлес алмағы.

Соғады жүрек тілдесіп,

Жар лебізінен үндесіп.

Ұғынып үннен сырларын,

Ақиреттің ашып жұмбағын.

Жүректің көзі ашылып,

Ар-ұжданды боп қылық.

Болашаққа сапармен,

Жан өсер, рұқ жаңғырып.

Қанағатсыздық жүректен,

Ынсапсыздық ниеттен.

Жоғалғаны сауығып,

Тазарып барлық себептен!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *