Батаменен ел көгерер немесе рухани тірілу туралы өнеге.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 153

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ата-бабамыздан келе жатқан дініміздің жарқын үлгісі болған әулиелердің, ақсақалдардың батасын алумен, өмір жасың ұзақ және бақытқа жетесің деген наным қалыптасқаны және бұған тарихи шежіремізде жеткілікті ашық дәлелдер бар. Мысалға: Райымбек атамыздың ел қорғаған хас батыр әрі әулие болуын Әлмерек атамыздан бата алуымен байланыстырса, сол сияқты пір Бекет атамыздың Шопан атадан аянмен батамен бағдар алуы да хақ.

Осындай жүздеген мысалмен-ақ ата жолының масхабтық тек имамдар, дін ғалымдары арқылы шариғаттық біліммен, өздері құранды түсінуі бойынша ғана беретін бағыт-бағдарымен салыстырғанда, ақирет өмірінен тікелей таза ақылдан және іс басында тұрған белгілі әулиелер батасымен атқарылады.

Батаның да мақсаты адам баласының жанының қараңғылықтардан, рухани өлім сатыларынан жеңіл өту үшін, әрбір пендесіне Раббымыздың жеке-жеке күнәлі болмысына, жан біліміне сыйымдылығын өлшеумен ғана батамен, аянмен жол сілтеп бағыт берумен ерекшеленеді. Ең маңыздысы адам баласы қандайда бір жағдаймен ескі рухани күнәлі болмысы өз міндетін аяқтап, түрлі нәпсілік, арсыздық істермен пендені  батпаққа батырып, қараңғылыққа айналғаннан кейін ғана  Құдайдың уәдесі бойынша нұры-сөзі де жетіп, қандай пенденің де дәрежесіне, қоғамдағы орнына, дін ұстанымына, сеніміне, кәсібіне және жынысына да қарамай, өмір көшінде қол екі істеген істерінің нәтижеленетін мерзімі келуімен рухани өлімге тап болары даусыз.

Мұндай рухани ахуалдың әрбір пендеге міндетті түрде болатын кезеңдері болатынын Мұхаммед пайғамбарымыз: «Алла тағала адам баласына 100 түрлі өлімді себеп қылып қоса жаратқан, егер осы 99 себеп өлімдерден аман өте білсе онда өз ажалымен ғана өледі» деп ескертіпті. Яғни таспихтың 99 санды кіші өлім себептерінің белгісімен және негізгі арасын пердемен бөліп тұрған қауіпті үш кезеңнің де бар екенін растап тұрғаны даусыз. Шәкәрім атамыз мұндай рухани өмірдің адамзатқа ортақ қағидасы деп: «Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас, Бір рәуішті болады шал менен жас, Ең керекті дегенің ортаншы өмір, Түгел қолың жетпейтін бір жанталас. Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын, Өкініші қалмайды, кетсе ағатың. Күні-түні дей гөрме, ғылым ізде, Қалсын десең артыңда адам атың. Өмірдің басы-бала, ортасы-адам, Қартайып шал болған соң кетті шамаң. Мақтап жүрген өмірің осы болса, Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тамам.»

Мұндай жағдайды әрбір 32 санмен адам баласының Алла жолында құлшылығы мен адамгершілік қызметін айқындайтын сынақ кезеңіне 33-ші тәубе кедергісіне кездесуді аятта: «Олар, Алланың нұрын (уахи, бата, сөзін) өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) деп ескертумен Алла тағаланың нұры көркем сөздің көз-денесі, иман шары болып, өзінің сүйікті құлдарының аруақтары арқылы ғана иман болып зейнеттелуін, сәжденің бір намаз амалы етіп ескерткен.

Енді бұл жағдайдың әрбір адам баласының ішкі жанның биологиялық (биоритм) сағатына және тағдыр жазуының мықты, күнәлі, күнәсінің жеңілдігіне және тіршілік ету барысындағы рухани қуаттарды меңгеру нәтижесіне қарай ғұмырлық мезгілі де әр түрлі болып келеді де негізінен сәжделік ар білімін меңгерумен, бой ұсыну және кәсіптік, жыныстық тағат ерекшелігінен туындайды.

Осындай алғашқы рухани өлім сатысынан өтудің үлгісін Шәкәрім атамыз өткеннен өнеге қылып астарлы әңгімемен насихаттап кетіпті: «Өткен заманда Мекке, Мәдинеге Құжаж деген адам патша болған. Елге мейірімсіз, қатты жүректігінен Құжаж залым атанған. Сол Бағдат шаһерінде дұғасы қабыл болатын бір әулие бар деп есітіп, соған барып: «Маған бір жақсы бата беріңіз!»,-десе, әулие: «Қолыңды жай да, я құдай, осы кісінің батасын қабыл қыл деп тіле»,-депті. Құжаж әулиенің айтқанын айтып қолын жайса, әулие: «А, құдай! Мына Құжаждың жанын ал!»-, депті. Құжаж: «Мұның қалай?»-деп ашуланса, әулие айтыпты: «Шырағым бұл екі жаққа бірдей пайдалы бата. Сен өлсең, зұлымдық қылудан тыйыласың. Ел сенің зұлымдығыңнан құтылады. Алғашқы туыс-бір туыс, әдет-екінші туыс. Алғашқы туысыңнан түзелуге болады. Әдетті тастап түзелу-сендей жуанның қолынан келуі қиын іс, бірақ шырағым, мен саған бір әңгіме айтайын, соны ұғып алсаң сен де түзелер едің»,-депті де айтыпты: «Бұрынғы заманда әлі жеткенге күшпен, әлі жетпегенге айламен зорлық қылып, ел қақсатқан залым ұйықтап жатса, қасынан өтіп бара жатқан үш адамның бірі: «Мына залым кешке дейін оянбаса, талай момын зұлымдығынан аман болар еді»,-депті. Онда тағы біреуі:-«Тіпті, ертең де оянбаса игі еді»,-дегенде, қалған біреуі:-«Шынында, мұның осы ұйқыдан оянбай өлгені артық, сөйтсе тамам адам зұлымдығынан құтылар еді»-депті. Әлгі залым ұйқылы—ояу жатып, сөздің бәрін естіпті де, өзіне-өзі: «Үш кісі қауым деуші еді. Мынаның бәрі менен безер болды. Ойлап қарасам, тамам адам баласы бір бауыр, бір дене сияқты, әр адам сол дененің мүшесі, бір мүше аурулы, зиянды боса, тамам денені тынышсыздандырады. Мен аурулы мүше екенмін де, тамам адамды тынышсыздандырған екенмін. Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не барша жанға тынышсыз болатын залымдықты қоюым керек екен ғой»,-деп, бұрынғы мінезін тастап, түзеліп кетіпті. Шырағым! Мен керемет әулие емеспін. Әулиелік деген түзу жолмен жүріп, түзу ақыл айтумен болады. Менің саған соңғы берген батам-осы әңгімем. Мұны қабыл көрсең, сен де түзелесің»,-депті. Насихатты тыңдаған адамның  құлағында қырағы көзі болса, жүрегінде әділ тезі (ұжданы) болса, сәті келген дәрідей ем болып, жаман мінезді жазады. Егер ондай болмай, құры ғана қуыс құлақпен тыңдаса, құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп (рухани егін) шықпайды.».

Бірақ тәнін күтіп, толық дәретпен, яғни зейнет киімін: Бас, Аяқ, тән мүшелерін де ата ғұрпын сақтап, құлақтағы қырағы көздерін тазарту үшін де, қазіргі таңдағы жалаңбастық, жалған тәңірге шоқынып кеткен салтты ағайындар арасындағы жаман әдеттен арнаулы заңмен де түзеу қиын іс. Сондықтан мұндай ұйқылы-ояу қалыптағы жанның рухани өлім сатысынан өту үшін Арыстан бабаға түнеп; өлім патшасы «Арыстанмен» кездесіп, ескі күнәлі рухының көлеңкесін кестіріп (сүнеттетіп, жынын піштіріп) жанның түршігіп, күнәнің қорыққаннан тітіреп өлумен бірге, Түркістанға келіп қайта тірілуге батамен ұлықсат алу керек. Енді осындай үш рет қайталасаңыз, яғни кіші қажылықтың бір сатысынан өтіп, рухани тәубе сатысынан өткеніңіз де немесе ескі мінез, күнәңізді жуып ақталғаныңыз болады.

Бұл ата жолының негізгі рухани тазару шартын аятта: «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі, (жандарыңдағы ақпараттар оқылады, тазартылады). Сонан соң сендерді белгілі мерзім толтыру үшін оятады. (рухани өлімнен өткізеді). Соңыра қайтып бара жерлерің Сол жақ (ақирет өмірі, жер қойнына, қабірлерге). Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді.» (6-60) деген үкіммен 60 жапырақты иманның келуі өлідей ұйықтаумен байланысты болса, ал ұйқы арқылы рухани екінші дәрежеге өтуге болатынын және сол қолдағы 81 санының енді ақирет өмірі сол жақпен байланысты болып, аятта: «Толған айға серт, (18) Әлбетте сендер, бір жағдайдан (айына бір рухани өліп, тірілесіңдер, өлілермен кездесесіңдер) бір жағдайға өтесіңдер. (19) Сонда оларға иман келтірмейтін не болды? (20) Оларға Құран оқылған сәтте (аяттары АЯН болып көрсетілген кезде) сәжде қылмайды (жорып амал қылмайды). (21) Әрине кәпірлер «Өтірік»дейді.» (84-22).

  Енді 21 саны Айша анамыздың ақ туымен байланысты және 22-ші ортадағы күмбезімен хаж санын берсе, ал 19 саны бір жағдайдан бір жағдайға өту үшін «Атың шықпаса жер өрте» деген аталар мақалын орындап, тәнді қымтап, рухты тазартып, негізгі жер рухы болған әйел тәнінің өртеніп шайтандық иістен тазаруын қалыптастырып, оған еркек ұрығы арқылы егілетін рухани егінді де ескертіп тұр. Және иманның «Бірдің» орны болған, 20 түрлі көздердің де бар екенін ескертеді. Ал әулиелер тарапынан берілетін бата иманның насихаты, мұсылмандық қарыздарды өтеудің үгіті, ақыл-кеңес құран емес деп қалай айта аламыз.

Мұнда жер өртеудің әдет-ғұрыптық ұлттық ерекшелігі болып, арап елдері әйелдерін күн ыстықта қара киіммен тұмшалап орап қою салтын көруге болады. Сол сияқты христианда мұндай ат шығаруды күйеуі өлгеннен кейін ғана қара жамылып, аза тұтумен немесе монастырларға тығылумен атқарады. Ал енді қазақтың ұлттық киімдері жер ықылымымызға қарай нағыз жетілген нұсқа болып табылады. Енді осындай ата жолының ғұмырлық, жер өртеумен негізгі тарихаттық жолға түсу амалын, рухани өлімнен қайта оятатын аят-аяндарды «маркетинг», «өтірік», «шерік қосу» деп бағалағандар, қандай дәрежеде болса да иманы жойылып, кәпірлер қатарынан болады екен.

Тазарған жанның немесе оған алған жарық нұрдың, өмірдің нәрінің, адамзаттың бағасы, жаннаттың құны сонда қанша болу керектігін ел, заң, дін басшылары білер ме екен? Әй бірақ тегіне, санасына  «инсан» берілмеген, ынсапсыз санасыздарға қарапайым аталарымыз меңгерген сан тағлымымен түсіндірмек болған мен де кейде ақымақ шығармын деген ой да келеді. Дегенмен де «Оян қазақ, ата жол келді еліңе» деген қазақ еліне русыз «Бір» болған аруақтың үнін тағы да қайталап кетсек артық болмас: «Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат, Не боларын ертеңгі күн болашақ. Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында, Алла жолын мойындасаң оңғарылар жолың да. Растығын «Алланың» Абай атам жырлап өткен өлеңмен, Алла жалғыз, Алла шексіз шек келтірме оған сен. «Құдайсыз қурай сынбас» деген сөз ескіден, Шындығына ақ ниетің, ой-өрісің жеткізер.» «Аруақтың пендесімін аманатты жүктеген, Бұйрығын Бабалардың орындайтын көптеген. Алла барын мойындатып, иманды ғып ұрпақты, «Ата жолға елің үшін еңбек терін төк» деген… Аруақ көп, тылсым жақтан ел үшін, Алла жолмен биіктетер ел ісін. Ту көтерді Айша-Бибі періште, Еңбек етер, ұрпақ үшін біз үшін. «Бір жеңнен қол шығарып» бірлесіп, «Бір жағадан бас шығарып» жүздесіп, Айша Ананың ақ туына ілессек, Жетерміз-ау биіктерге күнде өсіп, Аманатын аруақтың жеткіздім, Ақылға сап, сараптап бір өткізгін. «Өлі риза болмай, тірі байымас» дегенді, Туралықты Бабалар айтып кеткен тек біздің.» «Жүрегіңде «Алла» болсын бар ғаламды билеуші, Жол көрсетер құран кітап, бір өзіңе жетекші. Аруақтар батасымен болсын қазақ, тіреуің, Сонда ғана жалған өмір сынағынан өтерсің..!»    (21 қазан, 2000 жыл. Қыдырәлі Момбай ұлы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *