Ата жолы тарихаты мен мағрипат ерекшеліктері және масхаб ұстанымы.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 128

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Жалпы адам баласына негізінен алғашқы рухани өлім кедергісінен өту адамзаттың негізгі намаз оқуы болып табылатын ғылым-білімді меңгеру дәрежесіне, яғни жаратқаннан берілген өзіндік ерекшелік, сынақтарымен тағдыр сөзі болып келген жанды жетілдіріп өсіруге тәуелді болып, бұл жағдайдың жер әлем халқына ортақ мәдениет құндылықтарын қалыптастыруда, адамгершілік еркіндікті қалыптастыру сияқты әрбір мемлекеттің өз ата заңдарымен бекітілген қағидаларын сақтап өмір сүрсе де жеткілікті болмақ. Кейде мұны заманына қарай адамы деп те ұғынамыз.

Заман Алла тағаланың біздерге көрсетіп қойған «Ар» қуаты болып саналады. Сондықтан заманға сай «Ман»-ға жету үшін ардан үлес алуды шариғатты, ұлттық тәрбиені, ар білімін жетілдіріп, меңгеруді қалыптастыру керек. Ар Құдайлық нұр болып, сондықтан аталарымыз: «Жаным арымның садақасы» деп «Жар»-дың нұрын алып, рухани өлімді меңгеруді білдірген.

Алғашқы рухани күнәлі болмыстың толық өлімі де ақыл толып, кәмелетке жетіп: «Отызыңда (жыланның, күнәнің ордасын) орда бұзбасаң, қырқыңда қамал (ібіліс кедергісін жеңу, ілім сынағы) алмассың» деп ескерткен. Ал енді аятта: «Сендерге екі ерін бір тіл, екі көз жаратып, екі жол көрсетпедім бе, сонда да кедергіден аса алмадыңдар» деген үкімнің осындай надандықтың қамалын бұзып, екінші және үшінші рухани өлім сатыларынан өтудің ерекшелігі де, рухани негіздегі аманат періштелік жанды ақиретке толық тапсырып, сезімдік негіздегі нәпсіні өртеп жағумен, ұлттық ділінен ғана пайда болатын адамның парасаттылығын, зайырлығын қалыптастыратын мінездік, қылықтық жанды жетілдіруді бұл дінде тарихат, мағрипат деп атағанымен негізінен әрбір пенде өзінің ұлттық болмысын тауып, тарихи есіне жалғану, діл білімін жетілдіру, ата-баба әдет-ғұрпына сай сөз аманатымен жүктелген тағдырлық ғұрпын толық меңгеруді айтады.

Бұл жағдайды аталарымыз: «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп, бірінші негізгі жанның төрт сападан тұрып, ал екінші болмыстың алтау арқылы нәпсімен, сезіммен байланысты екенін ескерткен. Бұл жағдайды 6-шы басылымда (13-11) аят арқылы дәлелдер мен мысалдар көрсеткенбіз. Осы екі санның қимасынан яғни 23-санынан мүміндік қасиеттік кітапқа жалғану арқылы ғана қажылық амалдарды орындауға болады. Болмаса қазіргі таңдағы жасы 40-қа жетпей, жасы келгеннің аяқ түгіл  басының қадірін де білмей, бөріксіз, мүміндік есті-ақылды меңгермеген қажылардың болмысы тек «мұнафықтық», екі жүзділіктің жетілген түрі болмақ. Бұндай әрбір адам баласының алғашқы иманды меңгеру, сенім дәрежесіндегі міндетті болған кедергі екі жүзділіктен арылудың, орда бұзып, қамалдарды қалай алудың Ата жолының да өз мектебі бар.

Негізінен адам өз бетімен бойын сынап, екіжүзділігін анықтай алуы екіталай. Аталарымыз: «Кім екеніңді білгің келсе, өзіңе халықтың көзімен қарап үйрен» деп ескертіпті. Ал халықтың көп жағын «Аруақтар» және біртұтас адамдар періштелігі «Біздер» деп атайтынын да естен шығармаған абзал. Сондықтанда ата жолының масхабтық өздерін жол-ғылым көзі атаған ұстанымдары мен ерекшелігі де өз бойын, арлылығын халыққа сынату үшін және қандай қызмет атқаратын дәрежесіне қарамай халықтың өкілеттілігін алған жамағатпен бірге кіші  керуенге, бес аталарына рухани сезім қуатын алуға шығып, жомарттығын көрсетіп, әулиелер аруағының батасымен жетеленіп, Түркістан арқылы үлкен керуеннен де өтіп, әрбір 9 жылдық тәубе сынағымен аманатталған адам баласы шариғат амалдарын; тәубеге келіп күнәлі болмысының білімін анықтау барысында ойын түзеп; сөз, мінез тазалықтарын жетілдірумен бірге тарихат амалдарын, яғни жеті атасына жалғану ұлттық намаздарын да қоса орындай бастайды. Енді ата жолының басты сынағы да әрбір пенде өз еркімен шариғатын, ғұрпын, сөз, тіл мүкістерін қалыптастыру, жетілдіру және екіжүзділігінен арылу керек.

 Негізінен ата жолына келген әрбір пенденің белгілі бір жағдайларда қиындықтарға, сынақтарға, әбігерге, екіжүзділікке түсіп барып, мұндай  тығырықтан өз ақылымен жол таба алмай екіжүзділікпен келуі де сөзсіз. Оған себеп әрбір адам баласына берілген алғашқы рухани өлім сатысынан өткенінен кейінгі түстермен күнәлі болмысын көрсетумен және аян-аяттары арқылы аманатталған тағдырға берілетін ескертулерді екінің бірі көріп, немесе көргенімен ақ-қарасын, жақсылық-жамандығын ажыратып, жорып, іске айналдыруы екіталай. Бұл жағдайда негізінен дін ілімін оқып үйренбей-ақ әрбір пенденің сауатты, сауатсыздығының да арасын жалғап, тағдырлық несібесін теңестіріп тұратын түс көру қабілеті жаратылыстан сыйға берілген алғашқы негізгі жанның білімділігіне, қауымдық аруақ қуатының жүректердің, бірліктердің тазалығына, тағдырының мықтылығына да тікелей тәуелді. Сондықтан әрбір пенденің көрген түсі өткен өмірінің кіші тарихаты, тағдыр болып қалыптасқан өмір тәжірибесінен, қол екі істерінен келген хабарды мойындап, күнәсін, екіжүзділігін түсініп, бірақ теріске жақсылыққа қарай жорып және тәубеге келіп, шүкірлік амалымен түзу жолға, сауаппен ақталуға шақырған жаратқанның нығметі, тағдыр кітабыңды оқытуы болып саналады. Өз өткен өміріңдегі тарихи өмір белестеріндегі қалдырған күнәлі іздеріңді тазартып қана енді ата-ана шежіресіне тарихына жалғану басталады. Ал адам бойындағы екі жүзділік жылан ордасын өзі бұза алмаса, онда үнемі ескертумен болатын сынақтардан да құтылуы екіталай. Сондықтан жалпы тарихат дегеннің екі сипаты болып: бірі кітап пен қағаз жүзінде жазылған тарихи білімді, шежірені меңгерумен, екінші ақирет білім арқылы түс білімін, яғни шындықты шынға айналдыруды меңгеру керек. Бұрынғы сауатсыздық және кітаптар мен білімнің жетімсіздігі тұсында тарихаттың екінші саласы дәуріштік сопылық жолы арқылы меңгерсе, ал Абай атамыз ғылым, білім арқылы сопылық, тақуалық жолмен діннің ақиқатына дейін меңгергендігін еңбегінен оқып аянмен көруге жалғануға болады. Ал Шәкәрім атамыз бұл екі жағын да тең ұстап меңгерумен жан сырының ішкі құпиясын, ақиқатын да меңгере білген.

Ал ендігі таңдағы тарихат, сопылық жолдағыларымыз да сол надандық дәуірлердің амалдарына, бөлшек намаздарына оралумен дінді бір «фанат», жалпы халықтың тағдырынан ерекшеленумен және тәубе сатыларының реттілігімен, рухани өлім сатыларының хикметтерін меңгеруді былай қойғанда білімсіз, кітапсыз құлшылықты «жансыз» сезімге негізделген сопылықты дәріптейді.

Негізінен мағрипат білімі тарихаттың ішінен ғана пайда болатыны тағы ескерілмейді. Мағрипат біліміне арнаулы кітаптарға жалғанбаса, онда тарихат кедергісін қамалын ала алмаған болып саналатыны әлемнің барлық сопылық топтарында да ескерілмейді және нақты білімі де, намаздарының ерекшелігі де көрсетілмеген. Ал ата жолының сопылығы да, барлық шариғат масхаб амалы да біртұтастай қамтылуымен ерекшеленеді. Сондықтан ата жолында мынау масхабтық, мынау тарихаттық немесе тақуалық, сопылық жол деген болмайды. Әркім шамасына қарай тарихаттық, мағрипаттық белестерден, кедергілерден өту үшін масхабтық білімін ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде жетілдіру шамасына қарай өз биігін қамал, қорған ерекшелігін алуымен қасиет, дарындылықтарын меңгеру тиіс.

Алдыңғы қатардағы ерекше жеңілдік берілген, Ақ ұлдың жанына топтасқан қасиетті аққу, сұңқарлардың тән тазалығын, ата ғұрпын толық мойындап меңгере білмегендіктен орта топ деңгейінде қалғанымен қазіргі тарихаттық жолдамыз дегендерден әлдеқайда ақпараттық деңгейдің де рухани өлім сатыларынан да биікте тұрғаны сөзсіз. Тек арасындағы шариғат ұстанымына, ата ғұрпына мүлде қарсы немесе екіжүзді қылықтылардың ғана ата жолын ібіліс жолы қылып көрсетуімен ақылы сау адамдардың жиіркенішін тудырып жүргені де сөзсіз шын.  Ал негізінен ата жолының нақты шынайы бейнесін іздесеңіз, онда кейінгі орта буындағылардың 9 жылдық тәуба сатыларынан өтумен, онда да үкімет тарапынан қудалаудан, сынақтарынан сүрінбей өткендердің арасында  енді ғана жемісін беріп келеді. Бұған алда хикметтерден нақты дәлел келтіреміз.

Бұндай жағдай тек зияраттап қана, немесе дін жалбарыну намаздарын орындаумен ғана шектелмей, барлық дүние істері мен ғылым-білім салаларына тәуелді болып, соған байланысты 9 жылдық дайындық рухани дәрежелену тәубе сатыларын меңгеру шарт. Ата жолы негізінен қарапайым қара халықтың ортасынан басталып және еліміздің барлық шаруашылық салаларын да қамтығаны да сөзсіз. Ата жолына келген қандай да пенденің біліміне, қызметіне немесе қандай ортадан шыққанына да қарамай, көп жағдайда алғашқы адамзатқа ортақ екіжүзділік тәубелік сынақтарға түсіп, өздігімізден тазарып, рухани жетіле алмай, күнәлі болмысымызды, нәпсімізді  өлтіре алмай, сондықтан біреулеріміздің дүние істерінде жолымыз болмай, енді бағзы біреулер түрлі рухани кеселдермен, енді біреулеріміз қанша намаз оқып, жалбарынып, шариғат ұстанымдарын да бұзбай, білімді, кәсіпті меңгеріп, мемлекетіміздің заңын бұзбай «ниетім дұрыс» дегенмен, түрлі кедергілерден, қиындықтардан жол іздеп немесе ұрпақ, жар сүйе алмай, амал жоқ көріпкелдерді, құмалақшыларды, сәуегейлерді жағалап жүріп, әйтеуір кездейсоқ біреулердің себепшілігімен, көрсетуімен ата жолына келгендеріміз де жеткілікті.

Жалпы енді ата жолына келмей-ақ, бұндай жағдайдайлардан «орда бұзып» қыспақтардан шығу үшін құдайдан сынақ түсіп, нұрдың, аманат сөздің келуімен кейбіреулерінің қауымдық аруақтары, яғни жеті атасында қасиетті, әулие болған ата-аналары болса және жаратылыстан мықты тағдырмен туылған болса; мұндай қараңғылықтан, күнәнің құлдығынан түрлі сынақтармен, жан түршігерлік қорқыныштармен, тозақтарды аралатып өлімге, азаптарға кездестірумен, жанды тазартушы аруақтарының, күзетшілерінің жетелеп алып шығары сөзсіз. Себебі аятта: «Әрбір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертуші емес» деп өз ата-аналарыңды, аруақтарыңды иман келтіруге аралық себепші қылдым деген жаратқанның айқын берген уәде, серті бар. Сондықтан да бәрібір қандай дәрежелі хан, патша, ғұлама болсаң да тарихи есімізге, жандағы жадымызға, аруақ, жан білімінің заңдылығына жүгінеріміз де сөзсіз.

Бірақ мұндай алғашқы рухани сатыдан өтіп, өз дәрежесінде иман келтіріп, халқымыздың жалпы ортақ мүддесіне сай өмір сүріп, ақылы толуымен, кейде тән өсуі тоқтап (34 жаста) жасы келуімен, енді екінші рухани дәреженің, тәнді тазарту арқылы имандылық қуатын меңгеруге өз бетімен із кесіп, өз қауымын жетілдіруге ізденген адам баласын жолында отырып өз қауымына қосылып кетуден тосатын, бір топты өзге топтан үстем деп отанын, рухын сататын, бабалары иіріп берген «Ар»-жарық  және жыныс аралық «Қа» (шаш) (уақтық) ала  жібін тарқатып, дінді басқа жағдайда бөлшектейтін, өздерін бәрінен білгіш санайтын, арамызда ақылы қысқа, білімсіз, сезім жетегінде жүрген жыланның ордасын емес, ұлтының рухани ордасын бұзатын қатын құсаған топтықтар да болып, бұдан да жоғары намаз оқуды жетілдіріп, түрлі зікірлермен бас айналдыратын топтардың, білгіш пірлердің де тосып тұруы да екінші бір сәл ғана жоғары 19 санды негізгі сынақ тәубаның, екіжүзділіктің, орта топтың қызылбастық намаз оқушылар сатысына көтеріліп, бәрібір жан, діл білімі жетілмеген жағдайда, қайтадан құдыққа құлап қараңғылыққа тап болуы да қазақ еліндегі қалыпты жағдай. Иман қуаты мәңгілік тұрақты зат емес, толықтырып, тазартып жетілдіріп тұрмаса көлікке құйған жанар май сияқты өз межесіне жеткеннен кейін таусылатыны да хақ. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз: «Зікіршіл тіл, шүкіршіл жүрек, таусылмайтын иман сұраңдар!», деп ескертіпті.

Ал ұлттық діл білімі жетілмеген діни топтардың ортасына түскен әрбір пенденің тарихатына, шежіресіне жат,  жалған сенім-нанымы бекіп, болмаса пірге, ұстазға сенім келтірумен «тәкледи иманы» яғни тақсырлық, құлдық иманы пайда болып, пірлерінің арқасында ғана өзін-өзін ерекше жетілдірген, кеудесін керіп, тура жолға түсіп, көкке күнде көтерілгендей бес сезімге бөлейтін қалыпқа түсумен қайта рухани адасуы әбден мүмкін. Бұл құлдыққа түскен құлдың бір қожайыннан босап, екінші бір қожайынның қарамағына өткендегі өзін бір бостандыққа шыққанындай сезінгені сияқты. Бұндай иман келтірудің алғашқы «Сұбханалла, Әлхамдулла» сатыларын толық меңгеріп, Алла жолында мал-жаныңмен соғысқа шығып, қамал бұзып, рухани өлім дәрежесінен өтіп; «Аллауақбар» таспихымен, яғни жаратқанның растығымен Раббымызбен жолығып нұсқауларын алмайынша өте қауіпті және екіжүзді иманның негізі болып қаланады. Сондықтан шын иесін табу, яғни Раббысының нұрына жеке аруағымен, көместегі сыңары «Бір» жүрегімен қайта табысу екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Бұндай жағдайды аятта: «Расында адамзатты әбігер жараттық.(4) Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?(5) «Толып жатқан мал ысрап еттім» дейді. (6) Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? (7) Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11).

 Бұл аяттар бойынша егер сандар мәндерінің сырымен тәпсірлесе ата жолының қағидалары осы сүремен аталарымыз өсиет еткен мақалдың «Отызыңда орда бұзып, қырқыңда қамал алатын», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып ескертіп тұр. Екі жолдың аманат болып жүктеліп, аянмен, уахимен көрсетілу сырын бірі тарихат, ал екіншісі мағрипат, яғни ғылым, білім мен даналықты, сабырлық қуатты толық меңгеру жолы. Бұл жағдайға тек ана тілің «бір»-дің ірге тасы кірпіші болып қаланып, ішкі сыры 13 кірпіш, ал көктік сыры 31 кірпішпен бірліктердің жиынтығымен Алланың сүйген құлы «Лұқманға» (Лұқ-ар; Ман-насыр) айналу ата жолының басты қағидасы. Ол үшін де алдымен тән тазалығын, шариғат құндылықтарын толық меңгеру арқылы ғана жүректегі сөзден хабар беретін екі ерін сөзі сұхбатты меңгеру, яғни бас пен аяқтың тұтас тазаруының белгісі; бойдың толық қалыптасып, еттегі теріс санды білімдер тазарып, 7 кітап  болып қол сүйектерінде аруақ болып, пері-бой болып теріде жазылып, оның жүрекпен байланысты кітабы екі ерінмен көрінісін табатын, тәубенің 10-шы дәрежесін яғни 99 санын, үшінші рухани өлімнен кейінгі сүннеттелу істерін меңгеруді меңзеп тұр.

 Ал тарихат құндылығының қазақ халқында масхаб білімі болып, салт-дәстүрімізге, яғни тұрақты намазымызға айналғанын Міржақып атамыз: «Тарих дейтін бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым (Тарихат). Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің (нұрландырушы дін) кітабы, тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күнің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих не айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі, қандай құты (иман қуаты) барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы…».

 Сонымен сопылық ағымдамын, тарихаттамын деген ұғымның өзі болашағымды, тағдырымды, тарихи шежіремді жаңғыртып қайта құрып жатырмын деген ұғымды береді. Шындығында қазіргі таңдағы осындай тарихат сопылық ағымдары өз тағдырларын мықтап тұрғызып, болашақтың бақытты ұрпағы қатарынан табыла алды ма екен? Оны өзіңіз ақыл таразысына салып байқап көріңіз.

Негізінен қазіргі таңдағы тек намаз оқудың соңына түсіп алған тарихаттық сопылық ағымдарымыз тек адасушылықты ғана, яғни тура жолдың қисығына түсіп алған, жеке-жеке біріміз білімнің, біреулеріміз ілімнің соңына түсіп оларды тазартып, ортасын белгілеп, бастарын «бір» көңілде тоғыстыратын кітап шындығымызды яғни аян, уахиымызды көріп, ести алмайтын қараңғылықтарға түсіп, жүрек көздерінің жабылуынан деп біліңіз. Тарихат құндылықтарын меңгеру адам баласының шығармашылық дарындылықтарының өткен тарихи оқиғалардың ақ-қарасын ажыратуға әулиелердің меңгерген хикметті кітаптарымен жалғана білуімен де ерекшеленеді. Және әрбір мұндай тақуалық қабілетке жеткен адам баласының тарихи құндылықтардың ұмыт қалған тұстарын түзеп, ескіргенін жаңалап, тылсымнан хабар алатын көріпкелдік қасиетті, яғни білмегенін ақиреттегі білгендерден сұрап, жауап алатын қабілеті ашылып «Төртеуі де түгел» болуы керек.

 Мұндай шығармашылыққа және қазақ елінің дін ілімі, тура жолы тарихат, мағрипат құндылықтарын меңгеруде кеңес үкіметіне дейін де жалғасты түрде меңгерген дана аталарымыздың Абай-Шәкәрім сияқты философ, ғалым-сопы аталарымыздың шығармалары айқын дәлелге тұра алады. Абай атамыз тағдырдың екі түрлі жазудан, яғни адам баласында екі тағдырдың бірі тарихат, екіншісін мағрипат болып айқындалып, шариғат арқылы негізгі дін тағдырымызға жалғануын насихаттап көрсетіпті. Адам баласының тағдырын негізінен алғашқы екі сөзді жаратқаннан келетін рухқа байланысты екенін: «Сөз сатып алып не керек? Тәңір сені екі сөзбен атқан» деп алғашқы тағдырдың нәсілдің ерекшелігін және екі түрлі тағдырдың да болатынын ескерткен. Сондықтан әрбір адам баласының тағдыры екі негізден ана тілі, ата сөзінен пайда болып, бұл сөздің тағдыры бата, уахи болып оқылуы, яғни Ата жолы бұрын да болған, қазір де жалғасын тауып жатқаны даусыз. Ал арап сөзі арқылы пайғамбарлар, сахабалар тағдырына жалғануды «шал емшегін ему» деп; «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген астарлы мақалмен, алысқа бармай-ақ олардың сөзі атаңның аруақтық кітабында жандарына жазылады деп  ескерткен. Тілге байланысты діл білімі де жаңбырмен келіп «Жер емшегін» де еме білуді ескертіпті. Сондықтан  тарихатты біліммен ғана меңгеріп, жалпы ілім, білімді зерттеп, шығармашылықта жүргендер ұлттық ғұрыптық дініміз емес, қызылбастық немесе түрлі жалған сопылық жолдарға түсуімен нақты шындықтың өзін таба алмай ата жолының құлдырауына себепші болғаны да сөзсіз.

Тарихат дегеніміз, сопылық жол дегеніміз қайдан бастау алады және ол іргелі білімнен бөлек пе?- деген сауалды қойып, енді құран философиясына жүгінсек онда  бұл жағдайдың сырын аятта: «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Сендер Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге (пайғамбарларыңа, жол басшы елшілеріңе) түсірілгендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68).

  Міне осы аяттың үкімін орындау барысында Інжіл, Тәурат және ата-бабаларға келген дін істерін ислам дінін енді қабылдағандардың және сауатсыз халық арасында қарсылығын тудырмас үшін астарлы түрде тарихты меңгеру, яғни бұрынғы кітап берілгендердің христиан, тәурат, зәбурліктердің сопылық, тақуалық амалдарын, намаздарын орындау деп түсіндірген.

Негізінен тарихат және мағрипаттық сопылық жолдар Тәураттың барлық жер бетіндегі жаратылыс сырлары мен білімдер жинағы болып, кітап болып түсуімен тікелей байланысты. Және бұл сопылық амалдардың негізі Мұса пайғамбарымыздың 40 жыл Қазығұрт жерінде өмір сүруімен, кітап алуымен қалыптасып, оның да негізгі мұрагерлерінің бірі қазақ елі болып табылатынын біле бермейміз. Енді құран тәуратты қайталайтынын ескерсек, құран ғылымын меңгеру дегеніміз мағрипатты меңгеру яғни Тәуратты Мұса пайғамбарға түскен нұсқауларды да меңгеру болып есептеледі. Ал тарихатымыз өз тарихымыздан бастау алып, әлемдік шежіре негізі 18 ғаламмен байланысты намаз орындаулары да Інжіл және Ғиса пайғамбарға келген нұсқаулармен, кітаптармен тікелей байланысты.  Сопылық таспихтық 11 санды белгімен «Һұд» сүресімен де байланысты бөлігі хақиқатты меңгеру, яғни зәбурмен бірге үш кітапты да құран арқылы толық меңгеру және діл білімі болып саналады.  

Мұхаммед пайғамбарымыз осы алдыңғы 3 кітаптардағы сопылық амалдардың бәрін жетілдіріп, намаз оқу және көктен аяндар алу арқылы жер, көк есіктеріне жалғанып, рухани өлімдерді тез жетілдіру хикметтері сияқты хаж амалдармен оңайластырумен тура жолдың негізін қалады. Жалпы ол кезде иманның негізгі 60 бұтақты дәрежесін ғана меңгеру тек санаулы сахабаларға ғана тән болғаны да сөзсіз. Сондықтан пайғамбарымыз екінші дәрежелі 70 бұтақты иманның жоғарғы хикметті сатысын меңгеруді: «Негізінен 69 сан қауіпті белес» деп ол кезде тыйым салып, пайғамбарымыз сопылық жолдың көптеген намаздарын тек жеке оңаша меңгергенін көрсетеді. Және бұл намаздардың әйел жанымен бірігуге, яғни әйел тақуалығына тікелей байланысты болып, ондай тақуалық тек пайғамбарымыздың жұбайларына ғана парыз болып және бұл әдетті сол қалпымен көшіріп, жұбайларын перделеп ұстаудың өзі осы екінші иман ағашына жалғанудың жоғарғы дәрежелі сопылықты меңгеруімен байланысты.  Бірақ бұндай жеке әулиелер ғана орындай алған тақуалық сопылық намаздарының  сахабалардан кейін масхабтарға бөлінуімен тек Құран аяттарынан ғана үлгі алуымен, тек аты ғана қалып, кейіннен келген жол басшы, әулие-әмбилердің алған кітаптарға, аяттарына мүлде қарсылыққа ауыстырып алатындардың келетінін пайғамбарымызға ашық ескертіп, көрсеткен сүнеттерін, тура жол үлгісін үмметтерінің жоғалтып алатынына, олар үшін уайым жемей, ақырын күтіп, бұл істерді түзейтін елшінің болатынын астарлы ескертеді. Және Арыстан баба арқылы құрмамен 1000 түрлі зікір, Алланы еске алу намаздарын орындауды аманаттап, 69-шы яғни тәубенің 7-ші сатысы болған жан тазалығының, тәубалық біліммен, іліммен және діл білімімен байланысты кедергіні меңгеріп, екі иман ағашының да арасын жалғап біртұтас ғұрыптық, жалпы халықтық тағдыр-ғұмырлық үлгісін қалыптастыруды Ясауи бабамызға тапсыруының өзі осы жағдайды растап тұр. Сондықтан иманның рухани негізін толық меңгерудің 60 бұтақты, екінші тағдырлық 4 сөзді жетілдіріп жандық, хақиқаттық 70 бұтақты имандардың бірлігінен 13 сатыдан тұратын түркілік сопылық жолдың енді жалпы әлемдік білім жолы қалыптасуы ата жолының негізгі шарты болды.

Бірақ алғашқы 60 бұтақты иманның тарихаттық бейнесі түгіл, шариғат білімін тура жол қылып алған масхабтық адасулардан кейін ғасырлар өте дін істерімен тура жолын тауып табандары  бекіген түркі елдерінде де, әулиелердің азаюымен қызылбастық жол қайта бас көтеріп, қазіргі таңдағы «Нақшпанди», «Ахмедия» т.б. бір жақты ілімге, жеке басын рухани тазартып, яғни 60 бұтақты иман негізін қалыптастыруға, ал екінші дәрежесін оймен ғана өлшеп: «жаным  хикметті білімге толып, ағарып жетілді» деген пәтуаларға сүйенген сопылық тарихаттары осы қызылбастық жолдың иманның екінші 11 сатылық  жағдайының сипатын  орындай алмауын білдіреді. Бірақ негізгі Имам Ағзам әулие көрсеткен шариғат біліміне ғана тоқталып қалмай, кейінгі келген әулиелер білімі арқылы жетілген түрде орындауымен де екіжүзді шариғаттық тәубе құлдығында жүргендердің ызасын келтіріп, үкімет басшыларын да алдап айдап салуымен де қазақ елінде болып жатқан дін сынақтарының жеткілікті белгілері бар. Және мұндай жағдайды құран арқылы теріске алудың үлгісін біздің мүфтият басшы хазіретіміздің жоғарыдағы пәтуасынан: «Оларда берілген діни үкімдерді бекіте келді және алдыңғы кітаптардың (Інжіл, Зәбур, Тәурат аяттарының) үкімін жойған соңғы түскен қасиетті кітап болды.» деген ой жорумен берілген надандық, діни сауатсыздық, ілімсіздік тұжырымының негізі сонау сахабалар заманынан кейін масхабтар арқылы дін істерін бөлшектегендерден (жансыз діншілерден) бастап келе жатқан ескі ұғымды қайта жаңғыртып отырғанын көруге болады. Және біздің ата жолына қарсы болған бүкіл дін ғалымдарымыздың да, ел басшыларының да әрекеттерін Раббымыз: «Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше (ата-бабаларының аруақтарымен, пайғамбарларымен, елшілерімен сөйлестірмейінше), оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші.» (9-115) деген аятпен ашық ата жолының хақиқатын растайды.

Енді бұндай ашық үкімге Құранға қарсы шығып, «Алла жер бетіндегі пендесімен сөйлеспейді» дегендердің, яғни «Алла жер бетіндегі  бұндай қарсылық жағдайды білмейді» деп пайғамбарлардан сұрауға болатынын, куәлік бере алатынын да мүлде ескермей, өздерін тәңір қылып, Алламен бірге теңдес жасап, ортақ қосып кәпір болғандар деп, Құран философиясы жүздеген аяттармен дәлелдер береді. Сондықтан да әрбір тарихат намаздары тылсымнан берілген дәлелдермен, заманға қарай сақсынатын нәрселерді ескерту аяттар-аяндар, уахи, батамен бірге түрлі дарындылықтардың себептік белгілерін хикметтерді меңгерумен, яғни заман өзгерістеріне қарай білім, ғылымды жетілдіру мақсатындағы түсіп тұратын мұғжиза кереметтермен де тығыз байланысты.

 Енді діннің алғашқы келген сауатсыздық заманында шариғат ісін Раббымыздан түсіріп тұратын аяндармен, яғни Құдай ісіне қосып орындау мүмкін емес те еді. Сондықтан да сопылық жолдамыз деген сылтаумен ел кезіп, халықтан жырақта жүріп жеке басын немесе аздаған шәкірттер арқылы ғана дін хикметтерін меңгерген әулиелер де жеткілікті тарихта. Ал қазіргі таңдағы қандай да бір хикметті істерді түсіндіруге болатын білім-ғылымның жетілген заманында және әрбір жер бетінің тұрғынында, екі сөзді тағдырында және әке-шеше қанында, ұлттық діл білімінде, тарихат, мағрипат белгілері де жаратқаннан  жазылып келеді де қазіргі жастардың өз бетінше дінде, ғылымда ізденіп және адасуға да түсіп жатқаны осы алғашқы жандағы «Карма» заңдылығынан туындап отырғаны сөзсіз. Сондықтан ол замандағы ілімді дінші мен бұл замандағы қарапайым адам баласының өзінің «қармасын» мүлде салыстыруға болмайды. Ол замандағы емес кешегі өткен әулиелеріміз меңгерген кітаптардың белгісі де қазіргі әлі тілі шықпаған ұрпақтарымыздың қанында дайын жазулы тұрғанын және тек шариғат пен ұлттық тәрбиені ғана қалыптастырса әрі қарай жалғастырып, тарихат түгіл, мағрипат сатысын меңгермей-ақ ақиқаттан хикметтер алып, мұғжизаларға жалғануға жандарының қабілеттілігі де, періштелік қуаттылығы да дайын екенін біле бермейміз. Оған қазіргі туған балалар арасынан шығатын тума дарындарды есептемей-ақ Жамбыл атамыздың аруағы қайта жаралып, Жамбыл атты баланың шығарған өлеңінің, сөз мәйегінің азулы ақындардың да өзін еріксіз мойындатқанына қазақ елі түгел куә бола алады.

Мұндай әлі талай әлемді де таңқалдыратын қазақ ұрпақтарының өмірге келуімен, Ақ ұлға түскен жаратқанның сыйы — мөр мұғжизасына тікелей байланысты екені әзірге тек екіжүзді надандарға ғана түсініксіз. Ата жолына ғана байланысты болған мұндай хикметті жайғдайлардың, енді 3 негізгі кітаптардың, көктегі сақтаулы кітаптық, иман жапырақтарына, парақтарына байланысты 11 санды хикметтерін құран арқылы меңгеруге байланысты хақиқат деп аталып, діндегі бөлшектену мен түрлі Құранды терісіне алған бұзықтықтарды түзеу үшін түсіретінін, ондай ұрпақтардың өмірге келетінін де Раббымыз ашық ескертеді. Және бұл жағдайдың тәубенің қабылданумен, тілектердің Алланың тарапына көтерілу белгісі 10 санымен, яғни Жүніс сүресі, түркілік пайғамбар істерімен байланысты болып аятта: «Мұхаммед егер саған түсіргенімізден күдіктенсең, сенен бұрынғы Кітап берілгендерден (ақиреттік пайғамбарлардан, Алла достарынан, елшілерден) сұра. Расында саған хақиқат келді. Сондықтан күдіктенушілерден болма.» (94) Сондай-ақ Алланың аяттарын (аяндарын, көрсеткен түстері мен әулиелер батасын) жасынға шығарушылардан болма. Онда зиян тартушылардан боласың.» (10-95) (105-ші кітап «Філ»).

 Бұл аяттың ақирет тіршілігіне, өлім дәрежелеріне байланысты болған сандық мәндерімен насихатын толық ашып көрсеңіз, жүрек ашу мұғжизасының және ата жолының тылсымнан өліктер арқылы хабар алып, әулиелер батасымен тарихат істерін меңгерудің хикметтерін Мұхаммед пайғамбарымыздан да әріден келе жатқан істер (пайғамбарлар, елшілер меңгерген дүниесі) екенін білдіреді.

Енді осы аяттардың насихатымен салыстыра отырсақ, ата жолымыздың бұрынғы тура жолдық дін ахуалымызды қазіргі таңдағы дінді жетік білеміз деген білімді, ілімді жағдайымызбен салыстырғанда бұрынғы уақыттарда қазақ халқының негізгі жағдайы басқа еді. Кеңес үкіметі дінге қарсы қанша ашық күрес жасағанымен қазақ аталарымыздың, аналарымыздың аруақ патшалығына яғни Раббысының нағыз иелік сипатына, Алланың құдіретті орындаушы қолына деген наным, сенімін, тылсымнан жеке оқитын кітаптарын, аяндарын ешқашан жоғалта алған жоқ. Және рухани өлімнің негізгі 3 сатысынан, екі кедергі тіл мен ерін, жүрек көздерін, аруақтарын меңгерумен бірге 90-шы сүреден сүрінбей өтіп, пайғамбарымыздың толық намаздары 92-ші сүренің  тақуалық намаздарын орындай білген, бақсылар мен мағрипат дәрежесін меңгерген көріпкел, қасиетті сөз ғылымын меңгерген сұлтан, хандарымыз, билер, абыздарымыз, ишандарымыз сияқты аталарымыз кешеге дейін арамызда өмір сүргені де хақ.

Бұндай жағдайларға дәлел кешегі кеңестік «халық жауларын» тазарту кезінде атылып, айдалып қаза болған даналарымыздың еңбектері, шығармашылығы айқын дәлел бола алады. Керісінше егемендік алып, енді жоғалтқан дінімізді таптық дегендей, құранмен келген тек арап тіліндегі кітаптық үгітке, яғни Құранның рухани сүннеттелудің үндік қасиетіне ғана жүгінген қызылбастық жолдың арқасында аруақ, яғни дініміздің тарихат, үнемі тарихи қауымымызбен байланыста тұратын ғұрпымыздың әдеттерін де, астарлы сөз ұғымын қатаң ұстанған қарттарымыз ана дүниелік болып «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» қазақта азайғасын, өзге елдің жоғын түгендеген өз ағайындарымыз бекіген тура жолымызды мүлде ұмыттыру мақсатында ешқандай ашық дәлелдерсіз-ақ, құр білімге жүгінген ой жору тәпсірлермен-ақ «жансыз» надан тек ілімге ғана жүгінген діншілерді жоғары атақ дәрежелерге көтеріп, қолдан абырой бедел жасаумен; «Өтірікшінің куәсі қасында жүреді» мен өздерімен пәтуалас ел басшыларының, мемлекет қазынасымен байлық егелерінің қолдауымен дінді теріске алуға ашықтай күрес жүргізіп және белгілі бір жағдайда ақпараттық негізде нәтижеге, жеңіске жетіп те үлгірді де, табиғи тектілігіне қарай жаратқаннан берілетін даналықтың орнына жасанды сөз ұғымдардың, теріс рухты жансыз аяттардың пайда болуымен бірге рухани қараңғылықтардың кең өрістеуі, яғни жасанды атақ дәрежемен ғана өлшенген ғалымдық, аудармашылық, шығармашылық пәтуа, ақындық, күйшілік т.б. толып жатқан құран аяттарына, жаратқанның үкіміне ашық қарсылық білдірген туындылар мен саяси пікірлердің қалыптасуымен бірге дін ұстанымыз да жалған; хазіреттік, дін ғалымдық, сопылық, тақуалық, имамдық бейнесі де қалыптасып үлгірді. Және бұл жағдайдың ерекшелігі де бұрын төре, қожа деп бұхара халықтың арасын құдай үйреткен ғұмыр-тағдыр шежіресін, гендік теңдікті, текті, жан ғылымын теріске алумен қалыптасқан теріс әдеттің енді басқарушылық, «зайырлық», «светский», партияшылдық, ақсүйектік жікке бөлінумен және оның тек дүние байлығымен ғана өлшеніп: «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлейтін» арсыздық бейнесін де қалыптастырып, белгілі заңдар арқылы енді қоғамның саналы, қасиетті, қадірлі жанды мүшелері емес керісінше, азғын, жеті атасына жалғанбаған жетесіз, ана ділінсіз, ұлттық ар-намыссыз, ұятсыз, дарынсыз «светский-зайырлы» аталған жансыз, сезімсіз топтарының мүддесін қорғауға арналған жансыз, рухсыз «ата заңымыз» қалыптасты. Және дінде де, ғылым-білімде, өмір базарында да құдайлық аманат, уәде: «бір тіл, екі ерін» шарты да жоғалып, енді бір қазақ бір қазақты түсінуден қалғанымыз былай тұрсын, даналықтың, сөз ғылымының бейнесі философ деген ағайындардың еңбегі дінімізді, сөзіміздің атауларын, білімін түсіндіруге емес тек атақ дәреже алуға ғана жарамды болып қалды. Ата-бабамыздан мақалдармен, нақылдармен аманатталған ар білімі енді тек түсіңізге еніп, (онда да жүрегіңіз бітеліп қалмаса,) бірақ қалай жоритынын меңгеру парыз болған имамдарды қояйықшы, жоғарғы діни білімді дін ғалымдарының арасынан да ондай таза білімді ар-намыстылықты емге де таба алмайтының хақ.

Мысалға бір дәлел келтіре кетсек: Ислам өркениеті басылымның №18, 21-31 шілде басылымында Жоғары дәрежелі жан ғылымының ғалымы- хазіреті мырзамыз Үндістанға құранды жатқа оқушы қарилар жарысына барып, 4-ші орын алғанымен мақтанып және соның құрметіне өте аса мәртебелі әрі ғалым, Үндістан президенті Абдул Кәләмнің қабылдауында болғанын мақтаныш етіп жазыпты: «Бізге  хаттама қызметкері: «Сіздерге 9 минут бөлінді. Ол кісінің уақыты аз. Ол ядролық физика маманы, ғылым докторы, профессор. Уақытын алмаңыздар. Сұхбат тоғыз минуттан аспасын.» …»..Міне қараңыздаршы (құранды ақылсыз жаттаудан) төртінші орын алыпты. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасы. Қариларды бастап келген министірлердің кейбірін мен жылда қабылдаймын. Бұл жолы оларды емес сізді таңдадым, Сіз де ғалым екенсіз..» .

Енді осындай хазіретіміздің ғалымдығының жарқын бейнесін суреттеген барлық көріністерді тізіп жазу мүмкін емес, осы бір ғана белгіден екі ғалымның (тырна мен түлкінің бір-біріне қонаққа баруындай) құранның маңызын, ғылымдық, ілімдік, білімдік адамзат өміріндегі, рух жандарындығы орындарын санмен белгіліп, көрсеткен жүздеген аяттарды былай қойғанда қарапайым құран ашық аятының: «Мұхаммед өлең үйретпедік әрі ол, лайық емес. Ол бір үгіт және ашық Құран ғана: Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға айналу үшін.» (36-70). Тірі кісілер тек түсініп оқысын дегенін де елемей, жастарды рухани азғындыққа, мәңгүрттікке апарып соқтыратын, жазу, сызу дамымаған кездегі амал жоқ, осындай әдістермен құранды сақтау және қағазға жазылып қалса, тәурат сияқты арадағы дұшпандардың өзгертіп жібермеуін ескеріп, пайғамбарымыз ақиреттік болғаннан кейін ғана уахи арқылы жетеленумен қайта қалыптастырып, қағазға түсіріп, сандық ғылымын белгілеумен енді жаттаудың мәні жойылғанын ескермей, аталарымыздың: «ала кеуімде екі қу кездесіпті» деген мысалына сай келеді.

Ондай құранның қарапайым білімін де түсініп, меңгермеген ғалым, профессор дегеніміз елімізде  таяқ лақтырсаң тәндері жынды судан тазармай, бастарынан күн өтумен, ұйқы бездерінің құлақтары тілінген, сонан түрлі жыныстық, уақтық, қандық ауруларға ұшыратқан тақыр бастарына «тоқ» ете қалатыны сөзсіз. Оған бола тау асып барып, мақтанбаса да болар еді.

Егер қарилық немесе құранды арапша оқи білгендер тылсымнан хабар алатын тарихаттық дәрежені меңгергендер масхаб ғалымдарының арасында болғанда, арғы беттен Беріш Құрбан атамыздың топырағын Сұлтан Бейбарыс деп, өздері және үкімет басшыларының да рухани жетімсіздіктерін әшкерелегенімен тұрмай, бүкіл халықты алдаудан соңы Құдай біледі болашақта қандай масқармен аяқталатынын. Сұлтан Бейбарыс атамыздың Астраханнан бері жоңғарлар мекендеген далалықта жерленіп және үйде отырып-ақ басында қандай белгі, өзімен бірге қандай нәрсе бар екенін айтып беретін аққуларымыз бар ата жолында. Және дін басшымыз Қосшы ауылында қарилар мектебін аштық деп мақтаныпты. Осы басылымды оқығандар, егер таныстарыңыз осындай мектепке балаларын берген болса уақыт оздырмай тез шығарып алғаны да жөн, себебі бұл жоғарғы жағдайдан да үлкен рухани масқаралыққа соқтыратын, болашақта түбінда жан сыры мәлім болатыны да хақ.

Алдыңғы басылымдарда жан, рух ғылымынан құран, інжіл арқылы хабар беріп, біздің дін ғалымдарымыздың мұндай ашық зұлымдығы түгіл, христиан дінінің әкелерінің де жан ғылымнан жасаған зұлымдықтарын әшкерелеп және оны бүкіл әлем ғалымдары мойындауымен құранды зерттеуге Абай-Шәкәрім аталарымыз бен Ясауи хикметтерінің құпиясы ашылуымен қазақ бабаларымыздың қалдырған, теріге жазылған әлемдік 5-ші негізгі хақиқат кітабы да табылатынына уәде берумен және мұндай ғалымдықтың болашақтың алдында, осы кезеңде өмір сүріп жатқан бәріміздің ел басшыларымен бірге әлем алдында тек күлкі болуымызға, тарихта қара таңдақ болып қалуымызға ғана себепші болмақ.  Демек мұндай құранға қарсы ашық әрекет жасаумен ой жорып, жастарды ақылынан тежеп, болашақта жансыздықтан азғындыққа соқтыратын жағдайды пайымдай білмеуінен де, олардың ұлттық сана-сезім қуаты жетілмеген, олай болса еліміздің көптеген білімді топтарының жандылығы тек салыстырмалы түрде.

Егер европа және басқалай білімді өзге діндегілермен салыстырғанда жаны бар, ал исламдық және ата-бабаларымыз меңгерген рухани біліммен салыстырғанда жансыз, яғни өзге елдің мүддесін қорғап, рухани жағдайдағы «тыңшылық», шеріктік қызметке тұрып алған. Ал ілім тұрғысынан да осындай салыстырмалы түрде нақты анық білім Раббымыздан көрсетіліп, шындықтың дұрыс жорылып шынға, хақиқатқа, іс-шараға айналуымен салыстырар болсақ, біздердің имамдарымыз түгіл хазірет, дін теологтарымыз да жансыз, дін ілімінің жолында өзге елдің тыңшылық қызметіне тұрғандары даусыз, бірақ рухы таза емес деп айта алмаймыз, тек толық тазарған да емес. Өйткені ұлттық хаждары, жер рухымен жалғану амалдары, көретін, оқитын, ақиретпен жалғанған діл білімдері мүлде жоқ.  Және жан тәрбиесін былай қойғанда рухани тазарудың негізгі шарты хажды алсақ, Құрманың қазақ жерінде өспейтінін мүлде қаперге алмай, ендігі рухани хаж ағашымыз тек құрма мен кейбір жылы жерде ғана өсетін, жемісін тек саты қойып жинайтын ағаштарға айналды.

Қазағымыздың рухани тегіміз, еркектеріміздің қайыңдай қайыспайтын, теректей иілмейтін, қара ағаштай төзімді, ал әйелдеріміздің алмадай жемісті көп берген сайын жерге жақындай түсетін, сыр талындай иілгіш, бірақ сынбайтын қасиеттеріміз ішкі еріктілігіміз азайып, қазіргі таңда тек емге ғана табуға болатын, ауырғанда, құдайдың азабына ұшырап жол жабылғанда ғана іздейтін дәрежеге жеткенімізді аңғарар да емеспіз. Сондықтан ендігі қатынбасты еркектердің басқаруына көшкен еліміздің негізгі рухани және жандық сипатымыз: жаны бар болса да өз ұлттың «Мені» жоқ, тірі өлікке ұқсаған рухани жансыз ата заңымыздың, біліміміздің, философиямыздың ғана сипаты бар. Ал біздің діни философиялық ұғымымыз, сіздің де оқушым  рухани еркіндігіңіз, егерде ар білімінен азғана хабарыңыз болып, құдайдан ұялумен тәніңізді жалаңаштамай және басыңыздағы дене мүшелерін қорғап, қаныңызды тазартып, санаңызды сақтауға бұйырған құдайдың үкімін орындауға және қызыңыздың да орамал тартып, зейнеттерін, ұятты жерлерін қорғаумен етегін жауып, ал ұлыңыз да өз ұлтына сай әрекетпен ата-ана ғұрыптарын, оларға Раббысының көрсеткен бұйрықтарын ашық орындатпақ түгіл, мәдени ошақтарда, қоғамдық орындарда, оқу орындарда бәрібір ондай құдайлық іске тыйым салынып, тазалықтың үлгісі медицина мекемелеріндегі арсыздықтың жоғарғы көріністерінің белгісі болғанын есептемегеннің өзінде, тіптен қақаған қыста да «теле арнаның» тілшілері жалаңбас тұруға міндетті болған жындылық қуаттарды меңгеруге, шерік қосуға, қан азғындығын қалыптастыруға негізделген «европалық жансыз ата заңымыз» да бар. Яғни мағрипаттық біліміміз-дініміздің қорғаны, иманымыздың жартысы және діліміздің сауыты; жаулық философиясы ескіліктің қалдығы болып, ата заңымызбен аналарымыздың қасиеттілігі, ұрпақтардың тектілігі де, ар білімі де мүлде қоғамнан аластатылды. Сондықтан да әрбір пендесіне ақ пен қарасын ажыратып, көрсетіп тұруға міндеттелген, тағайындалған аруақ атты серігін тыңдап, түсінде көріп ел, дін басқарушыларының өтірігін біліп қоймас үшін де шайтан жамағаттарына айналған жоғарғы қауым өкілдері де және бірде-бір басылымдарда, теле арналарда ел билеушілер мен саясатшы қауымның арасында да аруақ деген Алланың қозғалыс себепшісіне сүйенген, сыйынған пендесін кездестіру қиын. Тек ел басшымыз ғана анда-санда аруақтың растығын, хақиқатын халық алдында ашық айтып, дін имамдарымыздың тек сол кісіні ғана азғыруға жалған білімдерінің шамалары жетпейді, болмаса құдайдан емес алған қызметтерінен қорқуынан да жалған тәңірге табынып, дүниелік істерге шоқыну сипатын көруге болады.  Сондықтан әлі буындары бекіп, 40-қа жетіп ақылы толмаған жастар түгіл, сауатты ел басшыларының өздері де рухани өлім сатыларынан, түрлі кедергілерден аман-есен жаратқанның сынақтарынан сүрінбей өтуге қолдау беретін күрделі қанатты, жанды періште-аруағын ашық айтуға, жазуға ұялатын арсыз, намыссыз заманада (заманда емес) өмір сүріп жатқанымыз даусыз.

Осыдан барып дініміздің де ой-өрісі тарылып, аруақ заңдылығымен бірге оның масхабы әдет-ғұрпымызда, дәстүрімізде әлсірегені де шындық. Ендігі  діни салтымыз жартыкеш, жартылай азған христиандық, исламдық орта топтың тек араптарға ғана берілген Құранның үгітіне ғана негізделген, адасқан қисық дәстүрімен бүкіл мемлекет тұрғындарын соңы азаптар мен қиямет соғысына апаратын жолға түсіп алдық. Құрандағы қандай санмен жансыз періштеге табынбаңдар, қай санмен жанды періштелері, сүйікті құлдары біртұтас денемен Алланың өзі деген ұғымды жоғарыдағы басылым басындағы мысалға алған үш дін ғалымының соңына ерген барлық дін мүшелері де тіптен Нұр Мүббәрәк жоғарғы дін оқытушыларының, шет елден келген бастықтарынан бастап бірі де білмейтіне бәс тігуге болады. Ал енді хақиқатына жүгініп, қудалауға түскен ата жолының рухани өлімнен зейнеттелу қағидасымен салыстырып көрсек: Ата жолының шариғат ұстанымының, бірінші орында дәрет, кәлима т.б. сияқты шариғат тазалықтарын меңгеруді және қалай зияраттау, құран оқу, қалай бағыштау т.б. ұлттық шариғат ерекшеліктерінің ұстанымдарын үйретумен; негізінен керуен арқылы жердің есігін, көктің сатыларын табуға, сол арқылы «Уақ»-тың ала жібіне, мүшелдік ішкі тағдыры 13-не жалғанып, өз тағдырына аяттар яғни аяндармен жетеленуге, «Ар»-білімін толық меңгеру үшін аруақтар батасымен жетеленіп жол көрсетіледі.

Қандағы көктік элементтердің киелі ойпаттар арқылы хаж ағаштарымен жалғанып, көкпен тұрақты байланысын қалыптастырумен сана қуатын тазарту арқылы ұлттық нәсілмен берген қандағы 11 санды рухани жанды тірілтіп оятуға, ал өзіңді жүргізіп, тұрғызып, ойландырып, сөйлетіп үйреткен 15-тік «насыр» аманат жанды өз иесіне қайтарумен өз дін-жаныңды өсіруге және оны да қайта-қайта 1000 рет өлтіріп, тірілтумен ақирет тіршілігіне бағыттауға, көк жолдарымен өз аяғымен басып, жүріп үйретуге негізделеді. Сондықтан жалпы орындалатын шартты бұл қағидаларды жол ашу, яғни жер кезіп, өз тағдырына байланысты жеке-жеке жол-жобасын алу, яғни екі көзбен: бірі табиғи жаратылыстан рухпен қоса берілген жан-жүрекпен, екінші жанның яғни жүрек көзімен, көңіл көзі -ар-ұждан арқылы көруді меңгеру болып саналады. Ол үшін де әрбір бұл керуен жолына келген пендеге аққу, сұңқарлардың тәндік жүрек арқылы тілге келген ішкі сезіммен байланысты емес, мөр арқылы жүрекке рухани сезімдердің, арттағы ерген жүрек арқылы бес белгі жиілікпен, үш түрлі жағдай сандық мәнімен беріліп және тәннің тазалығына байланысты көкейге, екі ерінге келетін аруақтар батасының көмегімен адам баласының ішкі дүние сырларын, өткен өмірлеріндегі кейбір жаңсақ кеткен қателіктерін көрсету арқылы күнәлі өмірі қараңғылықтары жарыққа шығумен, күнәсін мойындап, тәубеге келуімен, ескі күнәлі өмірінің рухани өліп тоқтауы, алғашқы рухани адамгершілік тәубеге келуі болады.

Бұл әрбір облыстарда және Алматы қаласының маңындағыларға өз мекендеріне сай 5 аталары «Ар-қылы» (ар-жібі) тәндік сезімдік қуатқа, тылсымнан келетін әрекеттік бес сезімдік рухани қуаттарына жалғану кіші зиярат керуені арқылы атқарылуға тиісті болды. Бұдан әрі қарай үлкен керуенге шығумен төбе арқылы көктік мүліктерге жалғанумен және табан арқылы 41 жер есіктерінен, ойпаттардан өтумен және бойындағы «қара  шекпен» киім болып қалыптасқан кәпір жындарын, көлеңке еріп жүретін жаман иістерін өлтірумен және табиғи бес сезімдік рухани қуаттармен қоса дін-жерімізге байланысты табиғи жаратылыстық 40 әулиелік шілтендермен байланысқа түсіп белгілерін алумен бірге Айша ана, Қарашаш, Гауһар, Домалақ, Зеріп, Сыланды, Гүлнұр ана т.б. көптеген әулие аналарымыз арқылы 7 қазынаның,  яғни жанның киеліктеріне кездесіп, зейнеттелумен де ерекшеленеді. Ал, бұндай алғашқы рухани өлімінен босаған, тазарған жан, сезім үйдің 10 түрлі бөлмелерінің де ұзақ уақыт бос тұрып, қара күштердің ықпалына түсіп кетпеуі үшін де, жанның өсіп тез жетілуі үшін де, алдымен күнәлі болмысын анықтап, бата арқылы қателіктерін, сақсынатын нәрселерін ашық ескертіп көрсетумен, жаңадан бұрынғы қазақтың болмысын қалыптастыру және тура жолға өз бетінше білім шамасына, қабілетіне қарай ізденуге жеке-жеке жол-жобасын (аралық Уақ-жібі мен көктік Ар-қылын) және бұл бағыттан жаңылысып кетпеу үшін 9 жылда жылда қайталанып орындалатын хаж амалдарымен; 9 рухани өлім тәубе сатыларынан өтуімен алғашқы мұсылмандық қарыздар — шариғаттық тәубе міндетті болғандықтан да, 10-дәрежелі рухани сүннеттелудің, яғни белгілі бір әулиелердің қасиеттілік шамасына қарай өзі пір болып жетекке алуымен, өткен күнәлі болмысындағы оқиғалардың алдына тағдырға, кітаптарға айналып, қайталанбауы үшін де, түсінде көретін жаман оқиғалы түстерді теріс жорып тазартумен және аят-аяндарды тағдырға бағдар қылып алумен, әрбір пенденің өзіне тән ғана белгілі рухани өлім сатыларынан құрабандықтар шалумен, қосылатын шеріктерін мал қанымен жуып тазартып алумен ғана өтіп отыруға тиісті.

Сондықтан мүфтияттық масхаб мектебінен айырмашылығы да бұл жолдың негізгі бағыт беріп жолға салушы жоғарғы дәрежелі әулие-әмбилер болғанымен, әр ата жолына келген адам баласының өз қауымынан көтерілген аруақтардың және тұрақты жүрек мөрінің ашылуының негізгі киелері болған Жетісулық 5 атаның тылсымнан батамен ұстаздық етуімен және бұл жолда әрбір пенденің жеке ізденістері мен рухани білімдерін, жетілу намаздарын меңгеруге де байланысты. Негізінен ата жолын жетекке алып тылсым үкімдерін оқушы 103 әулие және 33 сахабаның тұрақты Раббымыздың алдында есеп беріп отыратынын да білгеніңіз жөн. Және ата жолының ерекшелігі тек рухани намаздарды оқумен, орындаумен ғана шектеліп қоймай өмір сүру, тіршілік шаруашылықтарына да байланысты намаздарды шамасына қарай орындаумен, яғни сауап жасаумен, құрбандықтармен, Алла жолында артық хайыр жасаумен жер, көк есіктерінен, тау-тас, киелі бұлақтар арқылы судың буы ақылмен жетілген нұрмен сүннеттелуді бұйырады.

 Негізінен бұндай істерді реттілігін тауып, намаздарды толық орындай білуді меңгеруге және білімді, ілімді, жетілген сау адамның да ақылына сыймайтын хикметті істердің жоғарғы білімді, қасиетті, ілімді ел басқарушы, ерекше нығмет берілген топтардың емес, қарапайым қара халықтың, жастардың арасына жеңілдікпен нығмет болып келуінен, әрине мұндай үнемі ел кезіп зиярат жасауға және дүниесін шашып құрбандықтар шалуға уақыты жоқ, ішкі білімді жетілген жандылар мен және ілім жолында өздерін білімдіміз деп санайтын, бірақ іргелі ғылымнан да, ақиреттік таза білім, кітаптан да хабарсыз сондықтанда жансыз; тек бес сезімдік қуаттарға ғана негізделген ақылы да естілігі  де есепшіл, дүние тапқыш болып қалыптасқандар арасында қарсылықтарын да, көреалмастықтарын да туындатуы да сөзсіз. Бұндай жағдайға басты себептің бірі: жүрек, көңіл көзі жомарттыққа, ескі қазақтық, ұлттық табиғи көзқараспен емес, европа немесе қызылбастық көзсіздік, ысырапқа жібермейтін, қалтасының, ақшасының таусылып қалуынан қорқатын, несібе ризықты құдайдан деп білмейтін жаңа қазақтық, жаратқанның берген нығметінің арқасында күрек ұстап жер қазбай, маңдай терлемей-ақ табыс тауып, бір орында отыра беруден қарын, тоқ ішек бездерінің бүлініп, ішек майларының арамдануынан, есепсіз артық қадам баспайтын дүниеқоңыздық, іштарлықтықтың да пайда болуымен, жоғарғы топтардың көре алмастық, қызғаныштарын тудыруы олар үшін жаратқаннан берілген арнаулы сынақ болды.

Кезінде тарихта өткен «феодалдар» мен қарапайым шаруалар арасындағы болған және одан кейін дін ілімінің кітаптары түгелденіп, дін істерінің толық бекіп жемісін бергеннен кейін, сондай нәсілдік ұрықтардан пайда болған білімді меңгерген ел басқарушылары мен ілімді меңгерген дін басқарушыларының адамзаттың тұтас рухани құндылықтарын ілім мен білім арасын екіге бөлуге, яғни бір ұрықты екі жарып себуге бағытталған рухани негіздегі ақпараттық соғысы сияқты сипатта болды. Ал бұл сауатты топтың да арасынан қызығушылықпен немесе жоғарыдағы көрсетілген сияқты түрлі кедергілерге тап болуымен немесе аруағының, яғни ішкі «кармасының», рухани сезімінің түрткілеуімен қызметіне, білімділігіне қарай жаратушы тарапынан міндеттелген қолдау беруші әулиелер аруақтарының жетелеуімен барған  кейбір басқарушы, халыққа несібе мен ақыл үлестіруші пенделердің әулие аруақтар тарапынан жастардың,  яғни аққулар мен сұңқарлар арқылы берген батасымен берілетін түрлі жағдайдағы ескерту және өздеріне тән ақыл алуы, әрине олардың көбінің ар біліміне, намысына, ортасына қарай бағаланатын адами құндылық дәрежелеріне сәйкес келмей, тек жасырын жағдайларын түзеу мақсатында ғана пайдаланып, сондықтанда тылсым сырына терең бойлай алмауынан да, еліміздегі ата жолының рухани жетілмеуінің  қалыптасуына да себепші болды. Ал кейбір осындай ортаға келіп, бата, аяндармен ескертулер алғанымен, бірақ Құдайдың бар пендесін іс-әрекет түгіл, ойын да оқитынын ұмытып, яғни аруағының ескертулерін, көрсеткендерін дұрыс жорып түсіне алмай, ашық қарсылық білдірумен аяқталғаны да растық. Яғни көбіне елімізде сол кезде қызу науқанға айналған ата жолға қарсы бағытталған ақпарат соғысының, масхаб діншілерінің «мұнафықтық» насихаттары, Раббымыздан түскен аяттарды ашық келемеждеп, мазақтаулары жемісін беріп, көбінесе осындай екіжүзділік тәубенің ақыл-ой сынағынан өте алмады.  

Бірақ ел басқарушылары мен білімді аталған жоғары топтардың ішінен де аздаған кісілердің бұндай рухани жетістіктен, ақыл-ойға берілген рухани өлімдерді жеңе білу дәрежелерінен үлгі алып, шамасына қарай өз алған білімдерін тазартып, белгілі жағдайда өмірлерін түзеп, бірақ мұндай көргенді сауатты, ел басқарушы азаматтарының арамызда аз болуымен, көп надандарға қарсы тұра алмай,  ата жолына ашық қолдау беруге әзірше дауыстарының шыға алмай жатқаны да хақ. Олай болса ата жолының тарихы да желтоқсан уақиғасын қайталауы да хақ. Негізінен осындай ата жолының 9 жылдық, мұсылмандық 3 сатылық және шариғатты толық меңгерумен 4 дәрежелі тәубелік сынақтарынан өтіп мүмін болып және одан әрі қарай тақуалық негіздегі жоғарғы дәрежедегі 11 санды кезеңдермен бөлінген 9 түрлі рухани өлім сатысынан өтіп, мағрипатқа бөленіп, арнаулы кітаптар алумен, тәубенің 13 дәрежелі иманның 130 бұтағын алумен хақиқатқа жетіп, ғылым-білімде қазақ елінің озық ойлы екенін әлем алдына көрсету осы топтағылардың, ел басқарушыларының еншісіне тиісті болатын. Және ата жолының білімді, ілімді ел басқаратын аққу, сұңқарларын яғни пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген ел, сөз, дін басқарушыларын қалыптастыру арқылы ғана әлем көш басшысына айналдыру; Ақ ұлымызға  мөрмен берілген мұғжизаның  хикметінің хақиқатқа айналуымен, бұзықтықтардың мүлде жойылып, иманды елдің жоғарғы дәрежесіне жетуге және әлемнің иман көшінің керуенін бастап, жол көрсету  ата жолының да басты мақсаты еді.

Ал қарапайым халықтың арасынан, сауатсыз аталған топтар арасынан шыққан, көп жағдайда жансыз-білімсіз болғанымен, бірақ рухани тазарған аққу, сұңқарларымыз ата-бабаларымыз меңгерген ақ бақсылықтың және тура жолдың сопылық тақуалық негіздегі құпия дәуріштік, тазарту қасиеттік дарындылық саласын меңгерумен тақуалықты жетілдіріп, нәпсілерін, қандарын тазартумен және ұлттық ғұрыптық діл білімін жетілдірумен өмірге киелі ұрпақтарды әкеліп, санасы ашық, тәні арамнан таза жастарды тәрбиелеп жетілдірумен, төменгі топ пен жоғарғы топтың арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан атақ дәрежелерге, жалған тәңірге, дүние ақшаға негізделген айырмашылық жікті жойып, әділетті қоғамды адамдар арасындағы ақыл-естің теңдігін қалыптастыратын тақуалықты меңгерумен ерекшелену керек еді. Яғни жастар бұндай жаратқаннан келетін рухани құндылықтың, дарындылықтардың қадір-қасиетін нағыз періштелік сипатты; «жұлдыздың» жаңа, хақиқатты үлгісін қалыптастырып, жастарымыздың, қарапайым қара халқымыздың да мәңгілік өмірдің хақтығын түсінумен, жаратқаннан келген нұр баққа мас болып, еліктеу арқылы яғни қазіргі жалған, тозақтық азғындық, арсыздық дүние қызықтарына мас болу емес; нағыз Құдайлық шарап ішіп, әлем халқына да заман қуаты болған ар білімінен, тіршілік намаздары арқылы үлгі өнеге көрсетумен жақсылыққа жарысуға шақыру тиісті болатын.

Осындай негізде тәрбие алып, ғылым-білімін, жанын өсіріп жетілдіруге тырысып өскен жастар, болашақ ел басқару істерінде әлемге жаңа өнеге-үлгімен әлем бейбітшілігін, алтын ғасырдың ұрпақтарын тәрбиелеуде көрегендік, кемеңгерлік қасиеттерді меңгерумен дұрыс заңдар, пәтуалар шығарумен, әлем көшін бастайтын болашақтың текті халқын қалыптастыруға арналған ел басқарушы төрелік айтушы рұқтарды, номадтық нәсілдерді, тектерді қайта тірілтіп, жаңғыртуға болашақтың жоғарғы саналы қуатты адамзат тегін қалыптастыруға тиісті болды. «Болды» деп өткен шақпен айтылғанмен, бұл біздің сіздермен бірге де енді өткен сүрінген сынағымыз және алдағы әрбір мемлекеттің және әлемнің де саналы таңдаулы құлдарының алдына тағдыр болып жазылып жатқан, қуанышын да, қайғысын да егерде тура келетін ажалдан аман болсақ, алдағы уақыттарда бірге көтеретін жаратқанның үкімі деп біліңіз. Ал қоғамнан бөлек көрген қуаныштың өзі болашақтағы алдымыздан тағдыр болып тосып тұратын қайғы-қасірет деп біліңіз. Сондықтан Абай атамыз: «…Сөз сатып алып не керек, тағдыр сені екі сөзбен атқан» деген ескертуден, енді осындай екі ғана емес енді оған бүгінгі 4 сөз тағдырымызбен бірге 6 сөзбен тәңір оғы тиген, рухани жаралы халыққа айналдық.

Ел басшылары мен дін ғалымдарымыздың барлық уәдені үйіп-төгіп, халықты тыныш отырсаңдар өзіміз қағазға жазылған заңдармен қорғап, қарық қылып, бәрінен озып, еңбек етпей хайуан сияқты жатып жейсіңдер,- дегенімен, ал шындығында өмірде олай болып жатқан жоқ және алдағы уақытта рухани жаралы халықты Құдайдың қандай сынағы, жазылмаған заңдарының үкімі, аяндары хақиқаттарының бейнеленіп қозғалыстарға, түрлі азаптарға, аурулар мен апаттар, тосыннан келетін ажалдарға, яғни шынға айналуы да тосып тұрғаныны да хақ.

Раббымыз бұндай қияметті мезгілді, яғни көктегі, жердегі жайсыз жағдайлардың келетінін ескертумен бірге, жалпыға келген рухани өлімнен «Түтінсіз оттан», яғни ішке байқатпай еніп жатқан аптап ыстықтан және кенеттен пайда болып игеруге мүмкіндік бермейтін от апаттарынан «Отсыз түтіннен»-кенеттен баурап алатын, тыныс жолдары арқылы өкпеге өтіп, қанға сіңіп жатқан иісті түтіннен және алда күтіп тұрған қуаңшылық, су, от апаттарынан масхабымыз да, оқыған намазымыз да, анда-санда амал жоқ мешіттерге қолымыздағы артығын, ауысқанын ғана атаған садақамыз да, жылына кейбіреулеріміздің көрсету үшін бір рет қана шалатын құрбандығымыз немесе өзге елдің тағдыр кітабына жалғанған көптеген құрбандықтарсыз атқарылатын «Умра» және бір-ақ құрбандықпен жасаған, жер рухымен табаны бекіп хажы және жаны  жетілмеген, жансыз рухпен ғана жасаған қажылығымыз да, жинаған дүние байлығымыз да, салған салқын, жылы сарайларымыз да құтқара алмайтыны да хақ. Сондықтан мұндай жағдайға түскенде амал жоқ кейбіреулер: «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртуға, жаныма тікелей сөзбен қуат беретін кімнен бата алсам екен және қандай ақсақал, тақуаның батасы нақты қабыл болады деген пейілмен із кесіп кетсе, ал енді бағзы біреулеріміз байдан шыққыш қатындардың, ең соңында өкінішке түсіп, іштей алғашқы құдай қосқан байын жоқтағаны  сияқты, ата жолында әулиелерден тікелей бата алып, жаны жай тауып жағдайы жақсарғаны есіне түсіп, қайта солай қарай жүгіріп, ордалардың арасында із кесері де сөзсіз және тағы «мен білем» мен өзгені де тағы адастырары да сөзсіз.

Ал енді арамызда аруаққа Құдайдың құдіретті қолына сенбей; «Бір Аллаға» құлшылық қылдым деп, өзі сол «Бірдің» (жүректердің, аруақтардың) де сипатына ақыл жетпей жүргендер мен мүлде ата жолына қарсы шығып; «шерік қосылады» деп халықты ашық азғырғандардың қораларына мықты әскерлердің түсіп, жүректері мен рухы, ескі күнәлі баураушы киімі (аурасы-ар сауыты) жындары мен жандарының арасына перде болып килігумен, тәндегі үндердің қуат алмасуы болған; 19-санды «натрий» жолдарының жабылып қалуымен, сыртқы 38 санды рухани бақшасы қурап, солып, лағнеттің жыннан, шеріктерден болған қара шекпенін киіп, ер тоқымы басына түскен есектей, сонан  басын тауға-да тасқа да ұрып, немесе түрлі мүгедектік, ауру азаптармен жинаған сақтаған, құтқарады деп жинап тыққан, шоқынған қазыналарын шашып, шипасын іздеп шет ел кезіп кеткенімен, дем де, көмек те болмағандықтан амалсыздан ата-баба дінінің хақтығын, тылсымнан берілген батаның шындығына иман келтіріп; ата жолына келумен ғана әулиелер аманатын, енді алғашқы берілген жеңілдіксіз, амалы құрып еселеп  орындаумен, жинаған дүниесін қазынасын төлеп ақталумен ғана әулиелер шапағатын, батасын алумен  басына түскен қайғы-қасірет азаптардан құтқарылуы да мүмкін. Бірақ көбінесе бұндай қоғамның тұрғындарының бәрі бірдей өзіндік сезімдік кесірлігін, екіжүзді ойын, тәкаппарлық мінезін, ескі әдетін,  қылық-жынын, шайтан жамағатына айналып, өзінің мазаққа айналдырғандарының жүректеріне еніп алуымен азапқа түсіп, шайтанның салатын екіжүзділік ойдан құтыла алмай және енді жыны мен шайтан сезімінің арасы қосылып кетуінен, күнәлі кәпір жындарын өз еріктілігімен жеңе білулері де екіталай.

 Бұндай жағдайда халықтың көмегімен көтерілген аруақтарының әулие-әмбилердің аруағына жалғануы арқылы ғана қауымдық ұрпақтарына еріксіз, шақырусыз аян болып еніп, қолдау беріп келетін рухани шапағатшысыз, кісілікке жеткен таза жынсыз, әулиелер аруағынсыз жағдайының оңалып кетуі де мүмкін емес. «Сендерге Алладан азап келсе, кім одан арашалайды, (ақымақ болмай ойлансаңдаршы) Ол, Алла емес пе?», «Ра –Х(уақ)» + «Ман»-ға ғана құлшылық етіңдер», яғни «Ар» және белгісіз Х-«2»-Мен-рух»-тарыңмен, өздеріңнің «Ман»-тектерінің иесіне жалбарыныңдар деп Раббымыз қайта-қайта ескертуі бекер дейсіз бе?

Сондықтанда ендігі үміт, жаман да болса да жаудан да жаман, отанына қастық, дініне, аруағына сатқындық, еліне, ұлтына опасыздық қылса да; өзіміздің ағайын қандас, құда жек-жат дегендей, қазақтың түп негізі Алаш атамыздың ұрпағы болғандықтан: «ештен кеш жақсы», ал «адасқандардың айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң», «алдыңа келсе атаңның да құнын кешір» деген аталар аманатынан аттап өтпей, бірақ аруағынан, ата-анасынан аяған құндарын артығымен төлетіп, бастарына белгілерін салдыртып, қайта батаменен көгеріп, бірге көктеуге шақырғанымыз абзал болар.

Бірақ осындай жағдайда кейбір надандардың, көзін шел басқан бауырларымыздың, жақсылықтан көрі жаманшылықты тез көріп жиренуінен Алла үкімінің аруақтар мен біртұтас адамдардың, тірілген өліктердің лағнетіне ұшырап қалмау үшін де, ата жолымыздың ішіндегі болып жатқан, айтуға да ауыз бармайтын кейбір келеңсіз істер мен жалған аққу, сұңқарлардың кім екенін де халыққа өздеріміз-ақ алдын-ала көрсетіп, анық пен танықтың, бұзықтық пен хақиқат шындықтың арасын айыруды үйретуіміз де керек. Сын түзелумен кешегі өткен, немесе бүгінгі жеткен шынды емес, өзгермейтін аталарымыздың қанымен қорғалып, жанымен саудаланып, аққан терімен жуып тазартқан шынды қорғаумен ғана екіжүзділік мін түзелетінін ұмытпайық, ағайын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *