Ой түйін(150)

Бөлім: Зікір өлеңдер 94

Болса да кедей қолы ашық,

Жомартық еткен пенде артық.

Болса да бақты, дәулетті,

Сараң байдың несі артық?

Жоқ пен барды жаратқан,

Кедей мен байды сынатқан.

Құранды хикмет, деп сыйласаң

Құдайдан болар кім артық!

Кем-кетікті жасырып,

Абыройыңды асырып

Сыйлаған бізді Ол артық!

Жазылмас дерт, ауруға

Шипасын берер Мен артық!

Құлшылығың болсын маған деп,

Таусылмас берер иманды,

Әлемнің Раббы нұры артық!

Жүректерді тазартқан,

Құпия білім жаздыртқан

Жанға жұмақ Сол артық!

Байлыққа кенеліп жетпедім,

Болмадым артық көптерден

Жегенің уайым несі артық?

Әлемді тұрсаң басқарып,

Жалғаның ісін қолға алып.

Сана түгіл жете жоқ,

Тозақтық жанның несі артық?

Ар-ұятты болмасаң,

Арсыздығын дүние жақтасаң,

Хайуанан болдым деме артық!

Болмаса да дүние байлығы,

Тән, жаның болса саулығы

Құдайға адал құл болған,

Бәрінен де болар сол артық!

Әлемді түгел басқарған,

Таза ақылдан ой салған,

Алланың үнсіз тілі артық!

Рабысымен тілдескен,

Нұрымен Раббы жүздеспек

Дәстүрімен қазақ діні артық!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *