Қылышты болу(151)

Бөлім: Зікір өлеңдер 2

Тағдырды тазарт жүктерден,

Шежіресін жеті ата меңгерсең.

Талаптан сауап іс жаса,

Садақа артық хайырмен.

Жігерлік таныт ыңғайлан,

Кездейсоқтық жоқ байқасаң.

Бәрі өмірде заңдылық,

Себептен себепшіге айналған.

Өзіңнен шыққан жаңғырық,

Қол ісің екі тағдырлық.

Жамандық келсе басыңа,

Көлеңкең келген қаңғырып.

Себеп болар сынаққа,

Тоғыз пәле бір басқа.

Сөзіңнен өріс бейнесі,

Тәніңнің иісті қоспаққа.

Қостың дер шерікті,

Ақылға бермей ерікті.

Араммен тәнді былғасаң,

Жауыңа беріп өрісті.

Құр босқа күнді өткізіп,

Уақытты босқа кетіріп.

Жауыңа берген қанжарың,

Жаныңды кетер өлтіріп.

Қайта айналып бір соғар,

Арқаңнан тіл көз қадалар.

Аруақтан ажырап тағдырың,

Сынағың болып сандалтар.

Осыны ойла анықта,

Қол ісіңді шығар жарыққа.

Қылышың болып қолыңда,

Ашатын соғыс қарсыға.

Өлген соң қандай жағдайға,

Тұрғанда қызыл майданда.

Не күйге түсер екенсің,

Болмаса саудаң Құдайға.

Қанжарын кектің қайрама,

Сұқтанып көзбен ойнама.

Тағдырға берер несібе,

Тауыспа нұрын қулық айлаға!

Ақ бақсылық ер ісін,

Қылышың жарық жетілсін.

Батыры ұлттың заманда,

Қорғайтын жанмен өрісін!

Бес қуатын байлаған,

Бес қаруын сайлаған.

Белді буып белдікпен,

Нәсілін қазақ жалғанған.

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.