Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 136

«Есті жи, ел шаңына ер, мұны тастап,
Қайғы жоқ басқа жатсаң ғылым жастап.
Сен-батыр, мынау білгіш, анау есті,
Апардың қазақ көшін қайда бастап?..
Бәрің есті, батырсың, айлалысың.
Қазақтың түзеттің бе жалғыз қылын?»
(Шәкәрім сопы.).
«Зер ұстаған зердің жайын біледі,
Жақсы басшы елдің жайын біледі.
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғы мен жердің жәйін біледі…
Ой дүние-ай, дүниесің,
Дем алғанша құбыласың.
Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар,
Кейде орға жығасың.
Кеше көл еді бүгін тақыр,
Кеше бай еді бүгін пақыр,
Ар сатуға ақырын келе жатыр.»
(Көбей би ).
«Сіздер де сопы боларсыз,
Табатын жолды жанарсыз!
Құдіретінен Құдайдың,
Қалмаңыз достар хабарсыз
-Сөзіме рух бер, Алла!»
«Тарықанда тау-кие,
Тұңғиықтан үн қатты;
Кереметін әулие
Мойындамау – биғат-ты!
Пақыр жолы-қиналмақ,
Құдіретке иланбақ.
Лә-иллаһа иллалла!
Лә-иллаһа иллалла!
Нәпсі-оңай жау деме,
Иман кәміл, тәубеде.
Жаратушы жар болсын,
Түсірместен әуреге!
Біз Мұхаммед үмметі,
Жол көрсетер сүннеті:
Мұсылманның міндеті — Лә иллаһа иллалла!
Лә иллаһа иллалла Мұхамадур расулалла!»
(Ата жолының ұраны).

«Мен үкім шығаруда ең алдымен Құран кәримді бірінші орынға қоямын. Егер сұрағыма Құран аяттарында анық жауап болмаса, пайғамбарымыздың сүннетінен іздеймін. Онда да мәселе шешілмесе сахабалардың ішінен өзім қалаған кісінің сөзін аламын. Қайсы сахабаның сөзін қабылдау, қабылдамау өз еркімде» (Әбу Ханифа).

Бұл естеліктен Әбу Ханифа тақуалығының негізгі шарты пайғамбарымыздың: «Барлық құлшылық амалдарының, намаздың да ортасын ұстаныңдар және сахабалар жолын ұстаныңдар!» деген өсиетін берік ұстанғанын көрсетеді.

Жаратушымыз сондықтан да пайғамбарымызға қай сахабаны қай елдерге жіберуді көрсетіп негізінен 7 ислам дінін берік ұстанатын Азия елдеріне сахабаларды жіберіп пайғамбар сүнеттерін, намаз амалдарының орындау ерекшеліктерін үйретуді аманаттап өз көзі тірісі кезінде жібергені тарихта мағлұм жағдай. Ал пайғамбарымыздың алғашқы қарулы дін соғысында-ақ, қыпшақ елінің таңдаулы батырлары мен білімді тектілері сол соғысқа жәрдемге келіп, сахабалар санатынан табылып, ислам дінінің өркен жаюына үлестерін қосқаны, ал кейінгі екі жүзді мұнафық араб ғалымдарының өз арамыздан шыққан екі жүзді намыссыз жалаң ілімнің соңына түскен ағайындарымыздың қолымен тарихтан мүлде ұмыттыруға тырысқанымен бәрібір халықтың жадынан өшіре алған да жоқ және нақты жер бетінде Алланың сүйген құлдарына ғана берілетін сый, хикметтерімен ардақталып, мәңгілік белгілері де қалғанын жасыру да мүмкін емес.

Сол қыпшақ батырлары мен ғұламаларын бастап барған Укаша, Ерқоян, Құттықожа т.б. әлі тарихта беймәлім жатқан жүздеген сахабалардың және пайғамбарымыздың ерекше ықыласына бөленіп және тікелей пайғамбарымызбен байланыста тұрып, дін ғылымын жетілдіріп, заманына қарай шариғат істерін дамытып, дәстүрдің, ғұрыптың қазығын қағуға аманат алған Арыстан бабамыздың тұрақтаған жерін, Укаша сахаба елін іздеп келген Ысқақ баба, Қорасан ата, Тектұрмас ата сияқты дін ғылымын терең меңгерген сахабалар көзін көрген «табиғындармен» Алла жолында қажырлықпен күресуші қажырлы қажы әмбилер де, қазақ халқының әдет-ғұрып, салтына исламдық дәстүрді қалыптастыруға ат салысқандар да қазақ елінде жаратушы нығметіне бөленіп, халыққа зираттарынан Алланың нұрын үлестіруші шапағатшылар қатарынан табылып, түрлі хикметтерімен ақирет несібесін үлестіріп жатқаны да даусыз.

Барлық дін бұлақтарының негізгі көзі қазақ елінен пайда болып, қайтадан бір арнада тоғысып, әлем діндерінің ортасы болып, қазақ халқы үшін барлық діндердің намаздары ғұрыпқа, дәстүрге айналып, сауатсыз қарапайым пенденің өзі аруақ арқылы әулиелік, сопылық, тақуалық биіктерге жете алатынын және бұл бүкіл жер тұрғындарына ортақ әрі оңай болуы әрине өзге елдердің кітап берілген ғалымдары мен машайықтарына, сопыларына жинаған беделдеріне тиімсіз болары да сөзсіз. Сол сияқты арамыздан шыққан ілім соңына түсіп, құранды араб тілінде ақыл жұмсамай жаттап, жалбарынуды да тек араб тілінде жаттанды тілектермен бес сезімді жетілдіруге ғана негіздейді. Ал араб тілін меңгермеген жастардың және қара халықтың арасынан шыққан пенделердің кенеттен қасиеттері оянып, әулиелер, сахабалар аруағының жетелеуімен халыққа жаратушының құран арқылы түсіретін ем-шипа, рахметін үлестіруші, дін хикметтерін насихаттаушы болып шыға келуі де бұндай діншілердің беделіне нұқсан келтіруі де сөзсіз. Және неше ғасырлардан бері құранды тек түпнұсқасынан араб тілінен меңгеру арқылы ғана дін кемеңгері және парасатты, зиялы қоғам мүшесі, қожа болып саналуды қалыптастырған мұндай саясаттарына қарсы шыққандарымен тұрмай діннің де нығметтерін оп-оңай меңгере бастаулары да ақылға да сыймай және атақ, дәрежелеріне меңгерген ілім, білімдеріне де қауіп төндіргені де даусыз. Сондықтан шайтанның салатын «көре алмастық» деген дерттің ықпалымен Құранның тек хатымын алып, кәрімін (кітап-білімін) яғни насихатын ұмыттыруға, араб тілінің құпиялығын және өзге тілді халықтың жинаған білімі артқан сайын құранның кітапқа, насихатқа айналуы тек тақуалық және жаратқанның жәрдемімен, пайғамбарымыздың шапағатына жалғану арқылы ғана мүмкін болатынын және керісінше білімсіз пенденің, әсіресе 40-қа дейін құранды және арапша дайын үгіттерді жаттауға қабілеті зор болып, соған байланысты санада өзге білімнің қабылданбайтынын шайтанның жамағаттарына айналған дін ғалымдары өз абырой, беделін қорғауға ғасырларға жалғанып келе жатқан исламның шала білімді дін ғалымдарының, тілмаштар мен аудармашыларының үлкен қаруына айналғанын біле де бермейміз.

Аталарымыз бұл жан және рухани зейнет сырын: «Жасыңда тасқа жазғанмен бірдей. Орта жаста құмға, ал қарттығыңда суға жазғанмен бірдей» деп ескертіпті. Ал бұл нақылдың енді астарын білімге айналдырсақ, онда жас кездегі алған білім, сөз сүйекті өсіріп тектіліктің негізін қалайды. Орта жаста етті, малдық қуатты және қанды толықтырып, нәсілді жетілдіріп, ал ақыл толып үлкендік жеткенде жанды өсіріп, қанды тазартады екен. Сондықтан адам баласы жас кезінде қандай білім алса, сөз сүйекке өтіп негізгі болашақ өмірінің ірге тасын және қабырғасын қалайды. Ал негізінен өзге тілділер және біздер үшін де құран аяттары араб тілінде тек үн қуаты болып, адам баласының етіне сіңіп етін қалыптастырумен малдық қуатын ғана жетілдіреді. Сондықтан араб тілді халықтың жындылық қылықтарын да, білімсіз мәңгүрттігін, бір жақты ойлау әдетін де қалыптастырады. Пайғамбарымыз: «Жаттаған құран аяттарың түйеге (малдық қуат) айналып, үнемі қарауылдап тұрмасаңдар (яғни қайталап түзетіп, тілде бекітіп отыру) қашып кетеді» деп ескертіпті. Арап тілінен тілмаштық дәрежеге жеткен немесе тек тіл білімін ғана меңгерген ғалымдарымыз өзгенің дайын білімін меңгеру арқылы ғана ілімді болған өзіміздің ағайындарымыз, тіптен әлемді аузына қаратқан ғалымдарымыз бен ел басқарушыларын да алдап, аю қақпан құрып, қазақ елін рухани зұлымдыққа бастап әкелгенін аңғару әзірше мүмкін емес. Бірақ әрбір нәрсенің де өз мезгілі, шегі болып, жуық арада жаратушымыздың хикметімен ғана әшкере болатынын, ақирет арасындағы әрбір пендесіне түсірген рухани жіпті еліміздің миллиондаған тұрғындарынан үзіп, тұтас иірген діндерді бөлшектеумен, арасын бөліп, ала жіп шектерін тарқатып та үлгіргенін білетін боламыз.

Әрбір ұлтқа тіл ерекшеліктеріне қарай сөздің ұғымдарын ақирет өмірінің түсінігімен байланыстыру үшін араларынан пайғамбарлар тағайындалып, Алланың алдында кепілдік антымыз жол-жобаларды түсіріп бекіткен де, соған байланысты әрбір халықтың үмметтік ерекшеліктері, яғни шежіресі мен әлеуметтік даму тағдыры ғұрпы болып бекітілгені хақиқат. Осындай тілдік, сөздік, ғұрыптық, ғұмырлық шежіре ерекшеліктері арқылы жақсылыққа жарысып өзара жетілген ілімнің дін жетістіктерімен алмасып жарысуды бұйырған. Ал барлық діндердің негізгі үкімдері мен насихат, қағидалары жеті жолмен бекітіліп, жеті түрлі сипаттағы дін нұсқаулары болып түсіріліп, ал бұл барлық дін жолдардың бәрін арасын жалғаған Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраж оқиғасы еді. Осыдан барып барлық діндерге ортақ «Тәубе» заңдылығы, яғни «Мұсыл»- тазару құлшылық негіздерін «Нахылмен» яғни, әр елдің өз сөздік құндылықтары болып және араларынан елшілер тағайындалумен, құпия астарлы сөздердің үмметтік, ұлттық философиялық ұстанымдарын қалыптастырған дін ерекшеліктерін жол-жоба деп немесе тарихат, мағрипат, сопылық жолы деп атаған.

Әрбір елдің өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты өзіндік философиялық түсініктері болып және бұл насихаттарды құран аяттары мен пайғамбарымыздың хадистері және Інжіл, Тәурат құндылықтарымен салыстырып қана ортақ дін істерін қалыптастырып отыруды, яғни араб тілді мамандардың «Қиас» деген ұғымы пайда болған. Сондықтан да әр елдің өздерінің тұрмыс салттарына қарай дін істерінде ерекшеліктері болып, әр халықтың өз арасынан шыққан елшілері және арнаулы сахабалары арқылы ғана жалғанған ортақ мәмілеге, бірдей шешімге жүгінуге, жан ғылымын негіздеуге арналған ақирет заңдылығы уахилар, аяндар жүйесі болып, бұл жобаны «Алланың түсірген жібі» деп құранда қайта-қайта ескертіп және әр үмметтің өзіндік сандық, қуаттық белгілерін де ашық көрсетіп қойған.

Алланың жібі, яғни ақирет өмірінен тікелей хабар алып жаратқанмен әрбір пенде өз қабілетіне қарай байланыста тұрып және бұл байланыстардың ортақ мәмілесін қалыптастыруға әр елдің өзіндік масхаб білімін жетілдіріп пәтуа беруші әулие-әмбилері, хазірет, сұлтан, дін имамдары болып саналады. Және заманға сай білімнің, ғылымның өзгерістеріне, заман талабы мен сынақтардық алуан түрлілігіне қарай шариғат істерінің аясын кеңітіп отыру ғайыптан-уахиға, ал уахилардан-көмеске яғни аянға, аяндардан көрнеу түске айналып; онан әрекетке, амалдарға, намаздарға айналдырып отыруға, үнемі заманына қарай адамдардан да, періштелерден де елшілер тағайындалып, бұл жіпті иіріп жолдарға жалғап кеңітіп отыруды және осындай жіпті иірушілерді, хикметті істерді меңгеруші әулие-әмбилер, Алланың достары деп атаған.

Ал осындай түрлі хикметтерді, уахиларды меңгеру арқылы хикметтердің хақиқатқа айналып, оны меңгерген әулие-әмбилердің ақиреттен де өз шапағатын, белгісін беріп, Алла тарапынан мәңгілікке ардақталуымен болған жағдайды, яғни діннің мықты бекуін; қалған ұрпақтарға сол жердің тұрғындарына берілген серт-уәде, аманат деп ескертеді де оны Құранда «Нахыл» деп атайды. Негізгі білімі 9-санды «Мұсылмен» тазарып сүннеттелу арқылы 7 жолдың көктен түсу несібесімен, (9+7)= 16-санымен белгілеп, жер бетіндегі хикметті көрінісі болып бейнеленіп, денеге, хикметті істерге нәтижеленуі 61 санды аяттардың көрінісі болып, дін істерінің шектік белгілері, ескертулері болып заманға қарай түсіп тұрады. Енді кері қарай тәпсірлесек 61 санды аяттарды, яғни бақсылық істердің құпиясын меңгеруден көктегі ұрпақтарға қазына болып, 16 санмен көктік белгісі қалыптасса, оның философиялық түсініктерін астарлы сөздермен жасырылған «Нахыл» деп атаған.

Сондықтан да әрбір халық, үмметтер өздеріне түсірілген «нахылдары», аян-аят білімдері арқылы ғана жолына қарай жоба табатынын және оны насихат немесе дінде «тарихат» тарихтан, шежіреден уахи, хат алу екенін көбіміз біле бермейміз. Мағжан атамыз бұл жағдайды; «Қиядан сөз табатын нахыл (уахи) бар ма, Тыңдайтын бойым балқып ақыл бар ма? Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе, Обалы жаулығы жоқ қатындарға…» деп, әйел затының қан тазалығын, діл білімінің қорғаны болған ақ-жаулыққа, яғни екінші дәрежелі байлыққа, логикаға-ділге сөз ғылымы да, дін тазалығы да тәуелді екенін бір-ақ өлең жолымен бейнелеп кетіпті. Осымен-ақ атамыздың мағрипат білімінен хабары болып, қазіргі пайғамбармен өзін теңдес жасаған хазіреттерден де әлде қайда құраннан, дін философиясынан сауатты болғанын білдіреді. Аятта бұндай қиядан келетін хикметті жағдайды әуелі арсыздықтан тыйылып, намаздарды ақылсыз тек оқи бермей, ақылмен орындайтын сауапты, игілікті намаздарды (ғұрып пен, ғұмырды, дәстүрді сақтап) орындап барып мүмкін болатынын аятта; «Негізінен Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. (ар білімін жетілдіріп, меңгергеннен кейін ғана) Сендерге насихат береді. (Аянмен, уахилармен ескертіп, аяттарын аянмен көрсетеді) Әрине түсінесіңдер. (Жорисыңдар!) (90)…Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды (әулие-әмбилер істері арқылы бекіген діни жоралғы ғұрып, дәстүрлеріңді, сөз астары нахылдарыңды) бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен (шариғатта және Құдай ісінде) нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92).

Қиямет мезгілін «бір күн» деп атап, яғни 12 сағат немесе 4 мезгіл, 4 ғасырдай болып саналу керек. Ал қиямет қайым болса, ол жаратылыстың соңғы күні болып түсіндіріледі де, араб танушылар осы екі ұғымды біріктіріп ақирет білімін ақылдан, адами түсінік білімінен өте алыс ұғымға, ертегіге айналдырып көрсетеді және Имам Ағзамнан кейін шариғат жібін иірген, Құдай ісін меңгеріп уахи алған, өзіміздің үмметтік ерекшелігімізге қарай дін ісін жетілдірген бірде-бір әулиеде, әмбиде елшілік істері де жоқ деп түсіндіреді. Олай болса жаратылыс даму, ақылдың жетілуі, түрлену заңдылығы исламда тоқтап, аспан мүліктері жетіліп, өсіп кеңіп, жандардың да көбеюімен, ақылдың, білімнің жетілуімен жарықтың да кеңістікте жаңа орындарды иемденіп, жаннаттың кеңіп толуы, соған байланысты хикметті істердің де білініп, адам ойының ақылы дамуы тоқтаған көрінеді. Бірақ Раббымыз бұндай ұғымдардың жалған екенін және аспан мүліктеріне жалғанатын ақиретпен арадағы көпір қатынасы көркем сөздер арқылы тілектердің, хаж ағаштарының үнемі жерден тамырын жайып және сол арқылы көркем сөздердің көтерілетін жолдарын, яғни жіптердің, жер бетіндегі ірі белгілерді жаратушымыз астарлы түрде сандық белгімен «иманның 60 бұтағы» деп көрсетіп аятта: «Расында сендерге оларда (Алла достары әулие-әмбилерде) Алланы ахирет күнін үміт еткен кісілер үшін көркем өнеге бар. Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсіз Алла еш нәрсеге мұқтаж емес, аса мақтаулы.» (60-6) деп ескертеді.

Ал енді мұндай белгілермен жер, тау-тас арқылы пайда болатын 41 әулие, киелік болып және адамның тұрмыстық жағдайына байланысты тағы 7 әулие киені қоссаңыз, барлығы 48 болып, енді бұл санға адамзатқа ортақ несібе негізгі 12 кірпіштің (қағба-үй) бар екенін атомның сырына үңілгендер ғана біле алады. Иманның 60 бұтағы осындай жаратылыс себептеріне байланысты болса және аяттағы 6 саны негізгі рухани себеп қозғалыстың, тәулік ішіндегі 6 «Уақ»-тық белгісін, жағдайын береді. Енді иманның 60 бұтағы жер бетінен көктегі негізгі иман жолдары ағашына жалғанатын 60 түрлі ағаштың, бұтақтың болатынын ескертеді. Олай болса 60 түрлі жаратылыс киесін, себептерін меңгерумен ғана иманның біріші дәрежесін қалыптастырған болып есептелу керек. Бірақ бұл аятты меңгерудің қазақтың өзіндік ғұрыптық істеріне «Масхаб» білімін ұстанушылар мен түрлі ислам діни топтары ашықтай жала жауып, бұндай көк мүліктеріне қарай жалғанған бұтақтары бар киелі орындарға барып Алланы еске алуды «шерік қосушылар», яғни «Арсыздар» деп атап, оған әлемге танымал болған мақтаулы кемеңгер аталған ел басшылары мен ғалым, жазушы және өздерін «зайырлы» атаған қауымды да мойындатып, өз ағайындарының соңына ит құсатып айдап салумен және барлық тілші қауымын баспасөз беттерінен айтақтатып қойғаны да шындық.

Бұнымен де тоқталмай, өздері сияқты тек заңды жаттап алған, ақылсыз, ұлттық логикасыз азғын елдердің салтын дәріптейтін заңгерлерді де, ел басшыларын да дін істерін дүние ақшамен өлшеуді, бағалауды ұсынады. Мұндай шайтандық әрекеттерге құлақ салғандарды Ата жолын ұстанушылар сендердің заңдарыңа бағынбай Құдай заңымен байып кетіп, тақтарыңа қауіп төндіруі мүмкін деп қорқытумен, ақырында аруағын да қоса соттатып, қудалап осыған байланысты жаратқаннан түсіп жатқан қамшы, азап ескертулерді де мойындаудан ашық бас тартып отырғаны өздеріне беймәлім болғанымен, халықтың іштей наразылығын, яғни қияметтің оқиғасының әлі де ауырлай түсуін күтіп отырған жайымыз да хақ. Бірақ Абай-Шәкәрім атамыздың мысалдарындағы «Ала қойлар» мен пілге үріп, әйтеуір ел естіп атағым қалса деген қанден иттің тірлігі сияқты болып шыққанын осы ойынға қатысушылардың өздері жуық арада түсінетін мезгіл де туатыны сөзсіз. Себебі қияметтің бар негізгі белгілері қазақ елінде түсіп болуға да жақын қалды. Ал бар белгі түсіп болғаннан кейінгі иман келтірудің түкке де жарамайтынын Раббымыз ашық ескерткен. Сондықтан біздің де негізгі мақсатымыз мүмкін араларынан тәубеге келіп өзін, қауымын отқа оранып, жандары тозақтық болудан сақтанып, алдын-ала бір күн болса да иманға келер деген үмітпен бұндай оншақты жылдан бері айта-айта жауыр болған әңгімені енді басқаша түрмен тарқатып көрмекпіз.

Негізінен көктегі, жердегі тылсым қара күштерінің жетіліп, еркіндікке шығып, өрістік ақпараттық дәрежесі де жетіліп, түрлі жағдайда адамдарды түйсік киімі болып баураумен жер бетінің иманы әлсіз тұрғындарын арсыздыққа, жаппай күнәнің құдығына құлатуда. Осындай адамзат білімінің қараңғылыққа түсуіне байланысты жаратқаннан берілетін жаза, азаптардың жиілеп көрініс беруіне қарай хикметті істердің де белгісі түсуі де хақтық. Сондықтан құранда иманның 60 бұтақты белгісін «Тұр» яғни тікесінен жер мен көкті байланыстырып тұрушылар болып, аятта: «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық.» (51-49). Әрбір жаратылыс өзінің жұбымен болса оған қарсы теріс белгілі тақ санды пары болып, жердегі әрбір жаратылыс егесінің көместе, ғайыпта пары болатынын ескертеді. Орыс мақалында: «Муж и жена одна пара сапога» деген мақалын алсақ, пар болу үшін екі түрлі кері жаратылыс егелерінің оң сол белгілерінің өзара жаратқанның аяты-кісі арқылы ғана бірге айналуын меңзеп тұрғаны сөзсіз. Олай болса әйел, еркек арасын неке, яғни аруақ арқылы жалғап тұратын болса, онда ол да өзіндік «Бір» сапасын береді. Сондықтан үш бірліктен бір пар шығып оның енді ғайыпта, көместе жұбы болып аталарымыздың: «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деген нақылы мен несібе заңдылығы пайда болады. Олай болса 60 бұтақты иманның несібесі де осы алтының некелік өмір арқылы қалыптасатынын, рух заңдылығын ескертеді. Егер енді бұл пар-парымен жаратылған некелік жұбайлық қағидаға, яғни иман санына 66-ға тағы бір парды қоссаңыз, онда 666 санын азғындық саны деген христиандық нахылы шығады. Шерік қосу дегенімізді де осы сандар тағлымынан айқын білімін ажыратуға болады. Осындай барлық жаратылыс себептерінің парын, яғни тақ санды бірлік белгілерін меңгеруді «Тақуа» немесе тақуалыққа жету деп атаған. Енді себептік қозғалыста парымен жаратылып және егер шайтан, жын пенделерге хабар беріп сөйлейтін болса, оған қарсы дұрысын сөйлейтін пары яғни «Бір», бірліктерінің де бар екенінін растап тұр. Сол сияқты әрбір жақсылық істердің жамандығы да қасында болып, керісінше жер бетіндегі жамандыққа қарсы көктен жауап болатыны да хақ. Бұл құдайдың өзгермейтін жаратылыс себептік қозғалыс заңы, яғни рухани шындығы. Сондықтан да арсыздықтың кең өріс алуына қарсы, яғни парын тірілту арқылы ірі белгі болып қиямет мезгілінде өліктердің жаппай хабар беруімен, құран аяттарының заманына қарай жаңадан құпиясы ашылуымен, жазылмайтын күнәлі ауруларға ем-шипа рахметінің түсуі де хақ. Бұндай қиямет мезгілінің басталуымен адамдар арасынан елшілердің пайда болуымен, пайғамбарлар істерінің қайталануымен және оны да мойындамаған соңғы тозақтық үкімі бекігендерге адамзаттың да, қара күштердің де пары болған хайуанды да сөйлетемін деген Раббымыздың уәдесі де үкім болып бекіген.

Бұндай ашық белгілерге де қарсы болып, шайтанға жұп болатын арамыздан пенделер де шығып «шайтан жамағаттары» деп аталумен, олардың тіпті ел басқарушы бастықтар да болатынын да ескертеді. Және мұндай пиғылды топтағылардың кәпірлер қатарынан болып, себебі олардың өз білімдеріне мардамсып азғындыққа түсуіне дәлел белгі болатын, ондай елдерге ескерту түрінде соғыс, азаппен бірге түрлі ауру, рухани сынақтардың да түсетінін ашық баяндаған құранда. Бұндай рухани дағдарысқа түскендігіне нақты белгі болып «намазхан» елдерге рухани сынақтың, яғни «Ар» қамшысының жауып жатқаны әлем елі куә болып отыр. Ар қуаты әлсіреп, жалпы халықтың жүректерінің қатаюымен Алла жолында артық хайыр, мал жұмсап, құрбандық қандарымен жер жүктерін, көк отандарын тазарта білмеген және өздерінің жын, шайтандарымен күресе білмеген елдерге жан құрбандықтары мен шейіттер алу үшін соғыс сынақтарын түсіретінін жаратушымыз ашық ескерткені дәлел болып және ондай елдерді аятта: «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) (73).

Біздің дін ғалымдарымыздың масхаб білімін тікелей осы елдерден көшіріп алып, арты солар сияқты 13-ін (ашық хикметтер мен сенім, шежірелік естілік қуаттарын) меңгере алмаудан рухани дағдарысқа түсіп бірге азапталып кетпеуімізді ескертіп тұрғаны хақ. Және бұл аяттың сандар тағлымының астарлы сыры да пайғамбарымыздың аманатын ақтаушы болатын 73-ші топтардың өліктерден, қабірдегілерінен ешқашан күдер үзбей, үнемі еске алумен, зияраттаумен және оларға Алла достары арқылы шапағат беруін сұрап жалбарынып, Алланы көп еске алып, құрбандықтар шалып, аруағының басын көтеріп, Алла жолында артық хайыр жасап, мал-жанымен соғысушы топтан екенін бұл аяттың «нахылы» арқылы да әшкере көрсетіп тұрғаны даусыз.

Енді бұл аятты сіз аян қылып кітабын көретін болсаңыз, онда жору арқылы кері мағынасы шығатынын да естен шығармағаныңыз абзал. Тек осындай аяттардағы астарлы ұғымды ғана дәлелдеп, қазақ еліндегі қандай да бір топтағы зияратшылардың «шерік қосушы» яғни арсыз емес керісінше «Ар», «Уақ» қуаттарын «Манға» айналдырушы екенін ғана дәлелдеу үшін 6 жазба кітапшаның әзірге бесеуін үн парақтар түрінде халықтар және ман қуаттары туғаннан «зайырлы» болып, өздерін сондықтан халыққа ақыл үлестіруші «зиялымыз» яғни төреміз, қожамыз деген топтардың, ел басқарушылардың да арасына таратылып жатқаны да хақ.

Бірақ 7-8 жылдан бері әлі үкімет, заңгерлер, жазушылар тарапынан жартастан шығатын жаңғырық сияқты да жауап немесе әрекеттердің де жасырын, болмаса ашық халық көзіне әзірге түспей жатқаны да даусыз. Керісінше, Алланың достарының қатарынан, яғни Алланың құдірет қолына айналған «Біздер» тобына қосылып үлгірген атақты бабаларымыздың, әулиелеріміздің жер бетіндегі аруақ көрінісін мазақтап, жалаңбас тұрған мүсіндерін өздеріне ұқсатып, жалған тәңірлерге шоқынушы «таз басты» тозақтық белгісін жасаумен «Аталарымыз да осындай біздер сияқты жалған тәңірге шоқынған екен» деген саясатты дәріптеп және аруағымен жаратушы арасына себепші табыну, сыйыну дәстүрі гүл «шоғын» арнаумен «шөпке шоқыну» арқылы жаратқанға жалғануға болады деген нанымды жастарымызға, халқымызға үлгі қылумен құдайдың ата-бабаларымыздан алған сертіне ашық қарсылықпен және жала қойып, жолдан қосылған жалған діннің үлгісін ел басшыларымыздың арсыздық қылықтарын теле арна терезесінен күнде көру қалыпты жағдай. Ал жүректерінің көздері жабылған, құлақ көздері созылған мұндай діні, ар-намысы қараусыз қалған елде ұят, ұлт намысы, салт-дәстүрі түгіл Алланың пендесіне ашық дәлелдермен көрсетіп, жаратып қойған құдірет қолының себептік сипатын яғни «бірлердің»- аруақтар намысын да қорлап, жалған тәңірлік дінді, дүние арқылы шоқынуды, намаз арқылы яғни құран арқылы Аллаға құлшылық жасауды емес, керісінше намазға, мешіттерге шоқынуды дәріптейді. Және ел тұрғындарының бір-бірінен есепсіз, мешіт имамдарының көрсетуінсіз артық хайыр жасамауды діни құзырлы орындары арқылы ашық қолдаушы екенін растап пәтуалармен бекітілгені де хақ. Сондықтан халықтың көкпен, яғни отанымен, сақтаулы иман қазынасы аспан мүліктерімен арасындағы ата-бабаларымыз иіріп ширатып жалғап берген байланыс жіпті кесу үшін Алла жолында мал жұмсауды, жомарттықты «маркетинг» деп атауды әдетке айналдырдық. Ал құдайдың көркем есімдері және Алланың жер бетіндегі өзі сипатын әулиелерді де «шерік-арам», «Алладан өзге, басқа яғни «шайтан» деген ұғымды қалыптастыруға арналған арнаулы заң шығарып та үлгерген әлемдегі алғашқы «Ібіліс жолын» ашық дәріптеуші, дүние байлығын ғана меңгерген, өздерінің халықтан бөлек діні, тағдыр, өлім заңдылығы қалыптасқан ел басшыларымыз бар мемлекет тұрғындары екеніміз де сөзсіз. Ендігі дініміздің сипаты құранды т.б. киелі нәрселерді адамға қызмет үшін жаратқан емес, керісінше адам соларға қызмет жасау, табыну арқылы ғана Аллаға құлшылығымыз көрініп және намаз оқу жағдайымызбен ғана өлшенеді.

Ал жалпы тіршілік арқылы орындайтын құлшылығымыз да намазымыз да енді мешіттерге, құранның ерте замандардағы білімге сай ашылған насихатымен араптарға ғана арналған үгітіне ақылсыз шоқынумен және сауатсыздық замандағы еріксіз болған әдеттің, яғни құранның аяттары жоғалудан, өзгеруден сақтандыру мақсатында міндетті болған қарилық, хафиздік қасиетке табынумен құранды ақылсыз тек жаттап алуға және араб тіліне ақылсыз еліктеу арқылы иман келтірумен ғана айналысамыз. Ендігі қалыптасқан халқымыздың, жастарымыздың діни философиялық түсінігі: жаратушымыз өзіне орынбасар қылып ақылды меңгеруші адамды емес, керісінше тұрақты ақылдар жинағы құранды, мешіттерді және намаз оқу сияқты құлшылық амалдары мен «масхабты» жаратқан сияқты.

Қазіргі таңдағы масхабшылар философиясы бойынша адамгершілік, мұсылмандық қарыздар мен ата-анаға деген шүкіршілік, адам баласының бір-біріне деген махабатпен іс қылуының т.б. негізгі тіршілік бойынша намаз орындау іс-әрекет, ғұрыптық, дәстүрлік амалдардың, отанға еңбек, мемлекетке қызмет қылып қан тазалығын, ұрпақ сабақтастығын, тектілікті жетілдіру үшін тіл, сөз тазалығын, ойды, ғылымды меңгеру, жер ананы өңдеп, күту сияқты діннің негізгі адамдық борыштардың бәрі намаз оқып, сәжде жасап жалбарыну мен мешіттерден шықпай құлшылық жасау сияқты Меккелік араптардың ислам дініне куәлікте ғана тұрушы орта топтағылардың салттары алдында түк емес.

Бұндай көзсіз шоқынушылықтан және өзге елдің тозған біліміне, ғұрпына, тағдыр шежіресіне табынушылықтан әрбір бұндай елдің көш басшы, ел, дін басшыларымыздың жеке-жеке ғұмыр, тағдыр кітаптарына, аруақтарына түсетін жаратқанның жауабы болып, соған байланысты өздерінің болашақ ұрпақтарының ғұмырын, тағдырын да келмеске кетіріп, өзі отырған иман бұтағын өзі кесіп немесе өсіріп жатқан бақшасы ұрпақтық шежіре ағашының тамырына су орнына у беріп, сондықтан енді бір жүз жылда ныспысы түгіл аты да мәңгі өшіп, құм, топыраққа айналып, аруағының мыңдаған жылдар азап шегетінін түсінетін жүрек көздері жабылып, еститін құлақтары созылып шайтанның жамағаттарына айналғанын сезер де емес. Бұл жағдай басылым беттерінде жарияланбағанымен, бірақ 7-8 жыл көлемінде астарлап та, ашық та жазып, бүкіл қол жеткен басылымдар мен мәдени ошақтарға жекелей дін, ел басшыларына ата жолдық дін қандастарымның көмегімен де жеткізіп, жеке бастарына келетін, алда тұрған азаптарынан арашалауға және болашақ ұрпақтар мен өзге елдердің алдында мазақ болмауға үндеп те көрдік. Бірақ сол баяғы жартас бір жартас болып, енді амал жоқ көптеген зиялы қауым мүшелерінің арасынан тек ар-намысы мен ұлттық ұжданы бар дегендердің ғана атын атап, түсін түстеп еңбектерінен мысалдар беріп, 6 түрлі кітапша жазылып оның 5-шісі «Масхаб» дін ғалымдарының құранға ашық қарсылықтары мен аталарымыздың намаз ерекшеліктерін көрсеткен жазба әзірге қараша айына дейін әулиелер нұсқауымен перделеніп тұрған жайы бар. Және ол кітапта көрші орыс елінің арсыздықтарына жаратқаннан сынақтармен әсіресе су апаттарымен қиындықтар көретінін, аруақтар арқылы Раббымыздан ескерту келетіні ақпан айында белгілі болып және ол басылымда сол мезгілде жазылған да еді.

Ал енді қазақ еліне әрбір ата салт-дәстүрін теріске алып, тілі шұбарланып, жалаңаш жалпы азған арсыздықтың қақпанына түскен әрбір тұрғыны мен дінді бөлшектеуші «намазхандарға» да төніп тұрған Құдайдың айқын жазасына дәлелдер келтіріп жазылатын 7-ші кітапта кімдерді мысалға алып және қандай әлі құпия сақталып келе жатқан, аталарымыз меңгерген жан ғылымынан хабар беруді айқындау үшін осы жазба енді ата жолы ішіне тартылған жазбалардың бөлімі, түсініктері ретінде тек көкірегі ояу, санасы тазарған дін қандастарыма, ата жолдық бауырластарға ғана арналады. Сондықтан енді ата жолының намаз орындау (оқу емес) ерекшеліктерін және қасиетті меңгеру барысында болатын кедергі, асулардың жалпы қағидасы мен «Ақ ұлдың» толық көрсетуге үлгірмей кеткен елшілік істерінің құпиялары мен аққу, сұңқарлардың міндеттерін, жалпы тура жолдың негізгі шарттарын жариялайтын кезеңі келіп, көптеген қазақ ұл-қыздарының сынақтардан шыңдалып, ақ пен қараны ажырататын мезгілі де туды деп түсінемін. Енді әрбір тарихи оқиғалардың, әрбір елдің рухани тіршілігіне және мәдениет, шаруашылық, ғылым-білімді меңгеру барысындағы өтпелі кезеңдерді бастарынан өткізуі де ата-бабаларымыздың бастарынан өткен сынақтар мен өмір сүру ерекшелік тәжірибелерімен, тарихымызбен, шежіремізбен тығыз байланысты екені даусыз. Және жаратушы тарапынан белгілі бір тылсым өмірінің аспан мүліктерінің жетілуі ақ пен қараның ара салмақтарына да тығыз байланысты.

Сондай рухани байлықтың өз ұлттық құндылықтарының өлшемдік шамасынан ең төменгі дәрежесіне түскен азия мемлекеттерінің ішіндегі өзге елдің салтын, әдет-ғұрпын түгел болмаса да шамадан тыс қабылдап, қандық тепе-теңдігінен, қандық діл білімінен көпшілігіміздің ажырап, сүйектік тектіліктің жоғалу дәрежесіне дейін жеткен қазақ халқына осындай жаратушы тарапынан рахым шапағаты келіп, өліктердің тіріліп, тылсымнан ұрпақтарына хабар беріп, ірі белгінің түсуі де әрбір 4 ғасыр (1 жыл) сайын әлемде мемлекеттер арасында кезектесіп қайталанып тұратын қиямет мезгілінің заңдылығы болып саналады. Бұндай үкімнің ендігі кезегі де бүкіл мемлекет болып заң арқылы да шариғатын қатаң сақтап намаз оқушы араб елдеріне немесе ғылым-білімді басты тіршілік намазына айналдырып, жер мәдениетін, рухын өркендетуші европа мемлекеттеріне түсірілмей қазақ елінің ырысы болып жазылуының негізгі себебі де сіз бен біздің жетістіктеріміз емес.

Ежелден пайғамбарлар, елшілер арқылы қалыптастырылған сөз, тіл тазалығын қатаң сақтап, үндік кеңістіктің жоғары дәрежесіне жеткен, сөз жалауын ұрпақтан ұрпаққа аман-есен сақтап өткізе білген әулие бабаларымыздың Адам атамыздан бергі негізгі діл қазынасын жетілдіріп сақтаушы және тектік, нәсілдік негізі «номадтық» белгі болып қалыптасқан; әйелдеріміздің, қыздарымыздың діл, қан тәрбиесін бірінші орынға қойған, салт-дәстүріміздің, ғұрып-ғұмырлық қасиетті жоғары бағалап, бабалар еккен діл бақшамыздың жемісін көріп, нығметтеріне бөленуге біздей бақытты ұрпақтарға бұйырыпты. Сол бақшаның бір жемісінің нәтижесі: ел басшымыздың шаруашылық істері мен жер өңдеу мәдениетін өркендету жолында жасап жатқан қызметі де дәлел бола алады. Бірақ бұл бақшаның бағбандары әулие-әмбилеріміздің артында қалдырған мұраларын әлемге көрсетіп мақтану орнына, бір-бірімізді асыра дәріптеп, тіптен өз арамыздан көптеген тәңір-құдайлар жасап алып, өзара бір-бірімізге, қызмет орындарымызға, байлық, атақ, дәрежелерімізге табынып, шоқынып жатқанымызды сезер де емеспіз. «Құдай қаласа» деген сөзді тек ел басшының ғана аузынан анда-санда естігенмен, басқа лауазымды адамдардың да ақирет жұртына қайыр жасаудан ашық бас тартқан еліміздің «зайырлы» аталған тұрғындарынан да «ел басшысы, дін басшысы, заң басшысы қаласа ғана» деген ұғымды жастарымыздың да ел тұрғындарының да санасына мықтап сіңірумен мәдениет құзырлы орындары белсене кірісіп және ақпарат жүзінде жетістіктерге жетіп жатқаны даусыз.

Бұл қазақтың ендігі ой, сөз, діни ішкі еркіндігінің жаңа қағидасы, яғни заманымыздың салты болып қалыптасып заңмен бекітіліп те үлгірді. Бұндай рухани ахуалдың қалыптасуының ең басты себебі: тіл, сөз құндылықтарының Алла алдындағы бабалар аманатының, Аллаға берген сертінің аяқ асты болып, қарапайым халық түгіл, жоғарғы дәрежелі ғалым, білімді ел басқарушылары мен сөз мамандарының да жүректері жабылып, рухани ұйқыға түсуінен, яғни даналықтың өлуімен де байланысты болды. Абай атамыз жалпы халықтың басына түсетін рухани өлімді алдын-ала болжап: « Нанымы жоқ, анты бар, Ел нұсқасы кетті ғой, Елмін деген салты бар, Әлі күнге уайым Қылған жоқ, ұялмай..» деп қазақ салтының жоғалуы сол өзі өмір сүрген замандардан басталып, арты жалпы халықтық ұятсыздыққа ұласып кететінін ескерте отыра: «…Ұятсыз, арсыз салтынан, ұйықтап кетер артынан..» деп бүкіл халықтық рухани өлімге, жанның қараңғылыққа түсуі мен қанның азғындығына тап болатынын болжаған екен.

Егемендік алумен қазақтың өз бетінше шаруашылық т.б. дүние танымдық жағдайы өркендегенімен орыстық салтымыздың керісінше одан ары қарай европаланып, ал рухани дүние таным салтымыз араптануға айналып, қазақтық болмысымыз мүлде жоғалу қаупінен сақтандыруға жаратқаннан үкім түсіп, арамыздан елші пайда болып: «Аруақ!» деп ұран шақырып, «Оян қазақ, ата жол келді еліңе!» деп Момбай ұлы Қыдырәлінің «Ақ ұл» аталып, дін әлемінде үлкен хикметті жаңалықты, яғни жүрек ашу мұғжизасын көрсетіп, мыңдаған қазақтың қарапайым ұл, қыздарын рухани ұйқыдан оятып иманға, тазалыққа бастаған ісі қазақ елін үлкен апаттар мен сынақтардан, құрдымға құлау қаупінен сақтап қалғаны да сөзсіз.

Мемлекет тұрғындарының жаппай арсыздық, ұятсыздық салттар мен қатыгездік, мейірімсіздік, надандық құрсауына түсіп, Ібіліс жолына түсуінен ондай елдерде не қарумен болатын соғыс, болмаса рухани ақ пен қараның арасындағы тылсымнан көрінбейтін белгісіз аруақтық соғыстың болатыны ақиқат. Сондай әлемге әлі белгісіз болып қанша өзге елдің ғалымдары да, дін басшылары да сырын ұғып таба алмай: «Бұл ел бізден рухани да, білім де жағынан әлде қайда төмен тұрып, соншама ұлттардан құралғанымен қандай бірлікте және жоғары жетістіктерге жетіп жатыр?..» дегендей сұрақтардың туындап, әлемнің көш басшылары өздеріндегі бар көшірмесін алған қай салтымыздан үлгі аларын білмей, бастары шарадай болып жатқаны да сөзсіз. Оны енді Құдайдың назары түсіп, аруақтың қолдауымен жетіп жатқанымызды көп ойлы ел тұрғындарының іштей мойындағанмен, сыртымыз қампайып, бәрі ел және дін басшыларының ойшылдығы, ақылдылығы мен ел басшымыздың ерекше жаратылысынан деп асыра мақтанумен, баяғы замандарда арты қайғымен аяқталып отырған тойшыл, сауықшыл, күлкішіл ескі салтымызды әлемге паш етумен айналысып кеттік. Біздердей бақ қонған ұпақтарына өсіріп, өндіріп, жетілдіріп берген көктегі қазынамызды, ақыл, қуат, ұрпақ болып бейнеленіп жатқан жүректерімізді және түрлі жағдайдағы сепші «Бірлерімізді», рухани тірілген жауқазын гүлдерімізді аяқ асты қылып таптап, қолға бергенін оңды-солды шашып, «аруақ» деген сөзге табынатын шүкірлік амалдарын ұмытқанымызбен қоймай әулиелерімізді, даналарымызды көше бойына жалаңбас мүсіндерін салып, басына той жасаған сайын « құрметіміз, еске алуымыз осындай, сыбағаң осы» деп мал сияқты шөп салып немесе мұражай-музей мен ойын-сауық орындарына айналдырып алатын арсыздық, малға шоқынған жат жұрттан алған ескі тәңірлік салтымыз қайта өркендей бастады.

Ал енді өзі аруаққа айналған «Ақ ұлдың» артында қалдырған, аяқталмаған істері мен өсиеттерін одан ары қарай бас көтертпей тұншықтыру үшін мәдениет, дін құзырлы орындары арқылы халыққа жауыз, елдің қазынасын тонаушылар қылып көрсету іс-шаралары әлі жалғасын тауып келе жатқаны да даусыз. Сондықтан да жүрегінің көзі ашық, ата-салтын, ғұрпын қадірлеп, дәстүрін жетілдіруге талпынған қарапайым халық үшін; ел, дін, сөз басшыларының мұндай арсыз, ұятсыз пайымдаулары мүлде түсініксіз. Олардың істері дұрыс дейін десе, аталар аманаттары, нақыл, мақалымыз және Ясауи бабамыздың ашық түсіндірген Құран насихатын былай қойғанда Құран аяттары мен Абай-Шәкәрім сияқты әулие-әмбилер еңбектерінің өзін ашық мазаққа айналдырып, тіптен Құранға ашық жала жауып қалай хазірет, теолог, философ, психолог, дінші аталып өтірікті көбірек айтқандардың, жалған кітап жазғандардың неге ел басшыларының марапаты мен жоғары дәрежелі қызметтерін атқаруға лайық болып ұсынылып жатқаны мүлде ақылға сыйғыза алмай жатқаны да сөзсіз. Сондықтан да Ат аттатырып, сүйек сындырмайық ағайын! деп іштей айғайлаудан басқа шарасы жоқ бұқара халықтың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *