Ілім, білім ортасы-Ғылым!

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 154

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Бұл тақырып халыққа таратылып жатқан басылымдардың негізгі ірге тасы болғанымен «Қайталау білім анасы» деп, тағы бір қысқаша мысалдармен тоқтала кетейік. Бұл үш негізден адам баласының сауаттылық деген қабілет, қасиет белгісі пайда болмақ. Енді дін ғалымдарымыздың, имамдарымыздың «Діни сауаттылық» деген түсінігі бар. Және бұл түсінікті ислам елдерінде арап тілімен байланысты пайдалану философиялық қағидаға айналғаны да даусыз.

Жуық арада Астана күнінде Әзірет Сұлтан бабамыздың атымен ашылған мешітте дін ғалымы және бүкіл масхабшылардың бірегей мойындаған ғұламасы, философ, теологы болып саналатын муфтият діни білімінің жетістігінің халық алдындағы айнасы болып, негізінен осы ғалымның еңбегі арқылы масхаб жетістігімен халықты тура жолға бастаушылардың бірі деп санайтын Қайрат Жолдыбайұлының осы еңбектеріне орай ел, дін басшыларының үлкен құрмет тұтып, қазақ елінің ең үлкен басты мешіттерінің бірі болып саналуға тиісті құрметті орынға бас имам болып тағайындалыпты. Сондықтан діни философия тұрғысынан басты тұлға ретінде көгілдір терезе арқылы берген сұхбатында: «Мешітте намаз оқу залдарынан басқа сауат ашу мектебі де бар… Адамдар және жазғы дем алысында балалар да келіп құран оқу және ислам құндылықтарынан сауат ашуына болады…» дегендей пікірін білдірді. Енді бұл сөздердің қарапайым философиялық астарына үңілсек: Мемлекет тұрғындары мейлі қандай білімді немесе дәрежесі болсын, арапша оқу білмесек сауатсыз аталады екенбіз. Яғни, менің қазақша алған білімім және қазақ емлесі, ұлттық тілім, Алланың бабаларыма түсірген уәдесі арап тілінің алдында дін болып саналмай және жалпы сауатсыздық болып есептелінетін көрінеді. Осындай «ібілістік», тәкаппарлық қағидалармен өз басым өмірімде екі рет кездесіп, ал қырықтан кейін діннің құлшылық намаздарына қарай бет бұруыммен бірге бұл үшіншісі болып саналады.

Біріншісі: ауылдан мектеп бітіріп Алматы қаласына оқуды жалғастыруға келгенде «Орыс тілін білмеген сауатсыз» деген келеке мен мазаққа ұшырап, бірақ сауаттылық орыс тілінде емес, ойыңды бейнелей білу өнерінде екенін және  ғылымды білімді меңгеру жаттап алып айтып беру емес, керісінше сөздің астарын, құпия сырларын, есептік жүйесін меңгерумен білінетінін дәлелдеу үшін және қазақтық намысты жоғары көтеру үшін де білім жолындағы орыс ұлтты замандастарымнан жоғары тұруға күресте пайдалы болғаны да сөзсіз.

Екіншісі: әскер қатарында осындай орыс «шовинистік» ортаға түсіп, қазақтың әскер құпия техникасын және әскери білімді меңгеруде сауаты әлде қайда жоғары болатынын ділдік, рухтық қуаты өзге халықтан жоғары екенін дәлелдеуде де намыс қуаты болғаны да растық.

Енді құранды зерттеу барысында араптық «шовинизм» ауруымен ауырған қандастарыммен тірескеніме 10 жылдан асып барады. Барлық имам, хазірет және қатардағы діншілердің негізгі пікірталастағы маған қарсы қоятын дәлелдері: «Құранды арапша жүргізіп оқып, арапша тәпсірлей алмасаң түк емессің» деген шартты қояды. Ал  құранға жүгінсек, Раббымыз: «Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұсаның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.» (46-12).  Арап тілінде оқылумен үндердің құпиясы Құран болғанымен философиялық насихаты Мұса пайғамбарымызға берілген, яғни оның түпнұсқаға көшірілген бейнесі 5-ші кітап «Ізбөрі» деген атпен Укаша сахабаның бастауымен  қыпшақтардың пайғамбарымызға апарып таныстырған шариғат негіздерін кейіннен пайғамбарымыз «Бес таңба» деп атаған екен. Олай болса құран насихаты астарлы сөздерге аударылып қана «Кітап» аталды екен де, ол кітап негізінен Мұса пайғамбарға жинақталып беріліп, Құран кітап түрінде оны тек растаушы болады.

Сондықтан құранның негізгі философиялық насихаты мен тура жолдың игіліктері Мұса пайғамбарымызға берілген кітаптардан, намаз орындау үлгілерінен іздеу керек екенін ескертеді. Ал Мұса пайғамбарымыз өмір сүрген кезінде арап атты халықтың тұтас тілі де, сөзі де қалыптаспаған кезі еді. Сондықтан аятта: «Мұхаммед оларға айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68).

Олай болса арап тілінде ғана құранды зерттеуден азғындыққа түсіп жаңылысу қаупі зор болып тек інжіл, тәурат нұсқаларын зерттеу арқылы салыстыра отыра намаздарды толықтырмаса онда тура жол болып саналмайды. Ал енді Інжіл, Тәураттың қазіргі заманға дейін арап тілінде аудармасы болмағанына, жалпы кейінгі кезде араптық масхаб ғалымдарының бұл салада еңбегі де болмағанына да бәс тігуге болады. Ал енді Раббыларымыздың әрбір үмметіне тек өз араларынан жол басшылар, елшілер және өз тілдерінде пайғамбарлар жіберіп ғұрыптарын, жол-жобаларын қалыптастырғанын ескерткен Құранда көптеген аяттар бар. Пайғамбарымыз да сахабаларына ұлттық құндылықтарын, ғұрыптық салттарды орындауды қатаң тапсырған хадисі де бар.

Бұл ескертулермен, үкімдермен жаратушымыз тілдердің, сөз атау ұғымдарының маңыздылығын және соған байланысты түсірілген нұсқау кітаптардың өзара несібе нығметтерінің теңдігін ескертеді. Олай болса, әрбір  өз тілінде жазып, сызып, оқи білген адам баласы сауатты болып есептеледі. Себебі белгілі мемлекеттік шекарасы, тілі, ұлты және ғұрыптық, салт-дәстүрлік өмір сүру ортасымен ерекшеленетін әрбір мұсылман қауымы өзінше үмметтік топ болып саналады. Сондықтан әрбір үмметтің өз араларынан шыққан жол басшылары болып, өз тілдері мен сөздерін байыту арқылы Құраннан аяттарды алып құпиясын шешу арқылы дінді өркендету мен жақсылықтар жасауда сауаттылық та, білім де тек қарама-қарсылық жағдайда ғана жарысу керек. Ал діншілеріміздің, арап танушы мамандарымыз, ғалымдарымыз арап тілін білмеген діни сауатсыз деген ұғыммен дүние танымдық, жаратылыстық түр-түстік қарсылық даму, өркендеу заңдылығының ғылымына қарсылық білдірумен бірге Раббымыздың үкімдеріне де жала жауып және Құранға қарсылық білдірумен ортақ қосып кәпір болып саналады. Сондықтан «арапша сауат ашу» деген қазақ елінің арап емлесін пайдаланған замандарда жазу, сызу іргелі пәндік  білімдерді меңгеруге байланысты қалыптасқан ұғымын сол қалпымен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан өркениет заңдылығын, бекіген сөз ғылымын, философия білімінің ой мен тіл арасының тұтастығын дінін бөлшектеуге пайдалану «ібіліс жолы» яғни, шайтан жамағаттарының адамзаттың сөз ғылымы арқылы ортақ ойлана білу мен дінде бір мәмілеге келуден ажыратуға тырысқан; әлемдік тіл, сөз, философия ғылымдарының құран ілімі арқылы өркендеп кемелденуіне жасап жатқан қастандық әрекеттері болып саналады.

Әрбір мектеп көріп оқып жаза білген, әрбір жер әлеміндегі мемлекет тұрғындары мейлі қандай ұлтта, тілде болмасын жаратқан алдында сауатты болып есептеледі. Ал өзге тілді ұлттар үшін арапша оқып үйрену қосымша тіл үйрену, мамандық қана болып саналу керек. Бұндай пәтуаның екінші астарлы түрдегі құпия сыры да ислам дін имамдарының өз сауатсыздығын бүркемелеп және аудармашылық ғалымдығының ішіндегі ең жауапты, күрделі және арнаулы сопылық, тақуалық дәрежедегі Алланың сүйген құлына ғана тиісті болып, аятта ашық ескертілген пайғамбарлық қасиетті меңгерген құлдарына тән жұмыс екенін де жалғанға шығарумен көрінісін береді. Аятта: «Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, (Мұхаммед пайғамбарымыз да алғашқы бой ұсынушы.) Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген сопылар мен (Исламдық) ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар (Тәураттағы нұрға) оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! (Білімсіз, ғылымсыз тәпсірлеп аудармаламаңдар!) Кім Алланың түсіргенімен (құпия аяттардың, түспен берілген аянын жорып) үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар.» (5-44).

Енді діни сауатсыз ұғымын Тәурат, Інжілмен байланысты екенін аятпен растап тұрса, онда діни сауатсыздар біздердің дін көш басшылары мен дін ғалымдарымыз, теолог, философтарымыз және аруақ заңдылығына яғни Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса т.б. көптеген пайғамбарларға берілген кітаптарға қарсылық білдірушілер, дінді бөлшектеп Тәурат, Зәбур, Інжілдегі нұрлардан пайғамбарларға түсірген мұғжиза мен тура жол нұсқауларынан бас тартумен Аллаға ортақ қосып өздерін тозаққа салушылар екенін «Арап көктемі» әшкерелеп тұр. Онда біздің мемлекеттеріміздің кемеңгер көш бастаушыларының жетілген дін қағидасы масхабымыздың жағдайы қалай болып шығады. Олар өздерін шариғатты ғана меңгерумен тура жолда екеніне кепілдік беріп және әлемді мойындатқан кемеңгер ел басшымызды да сендіріп заңмен бекітілген жоқ па?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Қысқа ғана дәлел келтіре кетсек, «Ислам өркениеті» басылымынан тура жолды бастаушы арап тілінің бірінші маманы, дін ғылымының шоқтығы, яғни құранды ең жетік меңгергендіктен хазірет, шейх дәрежесімен марапатталған, ел басымыздың да ең сенімді адамы болған Әбсаттар қажының үлкен басын кішірейтіп, ең басты баспасөз бетінде халық зиялы қоғамының басты тұлғалары қатарынан табылатын Сауытбек Абдрахманов мырзаның алған сұхбатынан және мақала  аты «Ислам адамзаттың асыл тәжі» деп аталады. Осы мақала барлық мешіттерімізде дәріптеліп және бұл мақаланы жариялаған «Егемен Қазақстан» басылымы ұжымы да мемлекет ақпарат басшылығынан, ел басшыларының саясатының нақты айнасы ретінде жоғары марапат алғаны да көпшілікке мәлім. Бұл жағдайларды тәптіштеп баяндап отығанымыздың  мәнісі де дін ұстанымыздың, жалпы құраннан түсінігіміздің және мемлекет саясатының ата-салт дәстүрлі дінімізді қалай түсініп, қандай діни ілім сауаттылық дәрежесі бар екенін, болашаққа бағытын, халықты қайда бастап апара жатқанын, рухани сана сезіміміздің даму ерекшелігі мен жалпы қазақ ғалымдарының, зиялы қауымның, ел басқарушыларының да діни ілім сауаттылығының бейнесін бұдан артық басқа жерден таба алмасыңыз хақ.

Қош, енді қысқа мысалдар келтіре кетейік, Әбсаттар қажы сұхбатынан: «Сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік» деп оған ерекше ілтипат танытты. Сондықтан Алланың соңғы елшісі…» (И.өркен. №13 (265) 1-10 мамыр басылымынан). Жалпы дін адамдарының пайымдауымен арапша тіл білмегендіктен дін ілімінен сауатсыз болғанмен, құдайға шүкір қазақ тілінің қадірін біліп, жастайымнан шал емшегін де емуді үйренгендіктен ой, сөз, тіл арасын бөлмей, сөз астарын, қуатын, иісін, дәмін ажырату қабілетім барына мақтаныш ету ата-баба рухымен келген дерт десе де болғандай. Сондықтан дін адамдарына түсініксіз қазақ философиясына тән ауру сөздерді айтуым да мүмкін.

Жалпы Құран философиясының қазақша түсінігі бойынша Мұхаммед пайғамбарымыз әуелден жалғастырушы елші, ескертуші, тазартушы, садақаларды қабылдап берекеттендіруші т.б. көптеген іс басындағы періштелік Алла үкімдерін орындаушы қызметтерді атқарылуға жіберілгенін мәлімдейді. Сонымен бірге Құранды оқушы діннің жаңадан ұғымын, сөз атауларының насихатын жеткізуші соңғы пайғамбар екенін растайды. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз бұрынғы жалғасты келе жатқан елшілік қасиетін меңгерген әмір иелері, әулие-әмбилер сипатында болып, әулиелердің әулиесі дәрежесін меңгерген соңғы пайғамбар. Ал пайғамбарлық сөз ұғымдарын жетілдіруші, арап тіліне қосымша сөз атауларын енгізумен дін ғылымына өзгерістер әкелуші болып, сөз ғылымын жетілдірумен және діннің қағидаларының жаңару өзгерістері Құранмен толықтырылып, бекіп адамзатқа тоқтағанын ескертеді. Әрбір пайғамбар белгілі бір істерді орындаушы, жаманшылықтан тосушы ескертуші, елшілікті жалғастырушы болуы мүмкін, ал әрбір елші яғни, өз арамыздан пайда болатын ескертуші әмір иелері әулие-әмбилер дінге, яғни сөз ғылымына жаңадан атаулар енгізіп, жан ғылымына жаңалық әкелетін пайғамбар болып саналмайды. Сондықтан жаратушымыз пайғамбарымызға: «Мен елшілердің тұңғышы емеспін деп айт» деп бұйырған. Олай болса, сен егерде ата-анаңның тұңғышы болмасаң, онда соңы да болуың мүмкін емес те, онда ортасы әйтеуір бір сандық орның болары сөзсіз.

Қазақ сөз түсінігінде баланың әрі тұңғышы әрі соңы деген ұғым жоқ, ондай жағдайда «жалғызы» деп атаған. Тағы аятта: «Пайғамбарды тамақ жемейтін дене қылмадық, ол базарларда жүретін» деген сияқты насихаттармен пайғамбарлық адамзаттық жер бетіне тән болмыс екенін есертеді. Ал «Адамдардан да періштелерден де елшілер тағайындадық» деген аятпен елшіліктің сан алуан түрлері мен екі дүниелік сипаттары мен өлшемдері барын Құраннан көруге болады. Сондықтан Ыбырайым пайғамбарға елшілер келіп бұзауды пісіріп алдына қойғанда, олар жеуден бас тартқан екен. Себебі олар адам бейнесіндегі періштелер, яғни елшілер еді. Егер олар пайғамбарлар болғанда әрине дәмнен ауыз тиюге тиіс еді. Менің ақылым жетпей жүрген жері хазірет, ғалымдарымыз, философтарымыз осындай құран философиясының қарапайым ашық аяттармен берілген үгітін, философиялық мәнін шеше алмайтын болса, онда арап тілін меңгеріп діни сауатты аталғаннан не пайда келеді? Әлде арапша білгеннен кейін ана тілін меңгеру міндетті емес деген масхабта шарт бар ма? Құранның, кітаптардың үгіті тұрмақ, терең сырлы насихаттары мен олардың жұбы болған көместік кітаптардағы аянын алып, сөздің құпиясын, ғылымдық маңызын шеше білмеген қандай діни сауаттылық?

Алдағы басылымда Құран мен кітаптар ерекшелігіне арнаулы тоқталып насихатын түсіндіре жатармыз, әзірше осындай жүздеген аяттарды өз біліміңізбен зерттеп, салыстырып растығын қазақ тіліндегі Халифа Алтай аудармасынан арнаулы дін жоғарғы орнының білімінсіз-ақ мектеп білімімен анық түсінуге болатынына куәлік береміз. Сонымен діни жоғарғы білімді Хазіретіміз қарапайым ұғымдағы елші мен пайғамбарлықтың ара-жігін ажыратпай, Раббымызға жала қойып, аяттарға ортақ қосып: «Мұхаммед пайғамбар, пайғамбарлықтың емес елшілердің соңы» деп, бүкіл сөз жаратылыстың да себеп заңдылығына да, Құдай патшалығын насихаттайтын Інжіл кітабы мен Ғиса пайғамбардың көктен елші болып жер бетіне түсіп, Мәді елшілігінің жерден пайда болатынына да, оны ескерткен Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттеріне де ашық қарсы шығып отыр.  Әрі қарай тыңдаңыз: «Мүбәрәк Құран болса, жер бетіне өзінен бұрын түскен қасиетті кітаптар мен парақтардың (сухуф) мазмұнын толықтай қамтыды. Оларда берілген діни үкімдерді бекіте келді және алдыңғы кітаптардың үкімін жойған соңғы түскен қасиетті кітап болды.» Астапыралла деп аузыңызға кәлима салыңыз. Себебі алдыңғы Құран кітаптардың үкімінің мазмұнын сандар ғылымымен қамтығаны хақ болғанымен онда қалай үкімін жояды және жоғарыдағы аяттағы: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!», «арап тілінде Құран растаушы» деп ішкі сыры мен мазмұнын яғни намаз орындау тәсілдерін толық қамти алмайтынын дін басшымыз неге жалғанға шығарды?

Мысалға жоғарыдағы (5-44) (49) аятта Тәурат үкімдері исламдық ғалымдар мен сопы тақуаларға түсіріліп, көрсетілетін аяндар жүйесі аят-кітапқа айналғанын ескертіп, оның ой жорумен арзан ақша-мал-параға айналмауын, ал аянды меңгермеушілер Алланың қасындағы ахирет Кітабына, яғни Тәурат үкімдеріне қарсы болып кәпір, тозақтық болатынын ескертеді және аятта: «Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына өзіңе түсіргеніңмен (бұрынғыларға берілген нұсқауларды көрсетілумен) үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан (аяннан, кітаптан, жіптен) айырылып, олардың ойларына (тәпсірлеген пәтуаларына) еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет (арап тілі арқылы ғана Құранды, кітапты оқып түсінуші) қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы( өз тілдеріңде елшілерге берілген үкім хикметтермен, әулиелеріңе көрсетілген дін істерімен). Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің (аян, уахи алатын, ұжмақ, жаннатарың жіптеріңнің ұшы) Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48).

Сонда осындай жоғарғы дәрежелі дін ғалымының өзі қарапайым ашық түсірілген құран аяттарына қарсы болып, кітап пен Құран мағынасын ажырата алмағаны ма, әлде халықты адастыру үшін қазақтың бабаларымыздың иман келтірген ата дінінің негізгі ұстанымына әдейі дінді бөлшектеу үшін ұйымдастырылған қастандық әрекеттерінің демеушісі ме?-деген пікірдің пайда болуы да сөзсіз. Құранда артық, бос сөз келмейді деп күдіксіз иман келтіру масхаб білімінің  бес парыздық ұстанымдарының ең маңызды шарты емес пе? Олай болса Мұхаммед пайғамбарымызға түскен үкімнің яғни иман парызының шарты аятта: «Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірлген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яқұптарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғисаға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне де сеніп, иман келтіреміз) Және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз.» деңдер.» (2-136) Олай болса қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне де иман келтіріп бой ұсынуды пайғамбарымызға ескертіпті. Себебі Ар мен Ғұндардан тараған Ыбырайым, Ысқақ пайғамбарымыздың жерленген орны Маңғыстауда, ал Жақып пайғамбарымыз Балхашта, сол сияқты Мұса пайғамбарымыздың екі ұлы Еділ мен Есіл біздің аталарымыз болса, басқа қандай дәлел керек? Ең сорақысы осы аятқа ашық жала қоюға дін хазіретін кім мәжбүрлеп әлде Халифа Алтай атамыздың арап тілінен білім, сауаттылығына күмән нақты дәлел бар ма? Болмаса бұрынғы кітап аяттары-үкімдері күшін жойды деген аят құранда бар ма?  Осындай аяттарға зұлымдықпен ашық жала ортақ қосумен жүректері мөрленген жоғарғы діни білімді ғалымдарда ең басты халыққа беретін уәжі және үнемі баспасөз бетінен түпейтін мысалдары «..Білмесеңдер, білгендерден сұраңдар..» (16-43) деген аятты алға тартып, масхаб ғалымдарынан сұрап қана тура жол табу керек деп түсіндіреді.

 Енді осындай арап тілін әлсіреткен аудармашылардың сауатсыздығынан немесе өз мүдделеріне қарай бұрмалап өзгертіп алған. Ал шындығында аятта: «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43). Негізінен бұл аят бұрын уахи алып дін істерін өркендеткендердің енді Алла досы болып, Мұхаммед пайғамбардан бұрын жер бетінен өткен елшілер туралы және олардың кітап берілгендер екенін растап, олардан енді қалай сұрау керек екенін де пайғамбар намаздарының орындау ерекшелігінен тақуалықты меңгеру барысындағы тарихат, мағрипат сатыларынан алатын хикметтер болатынын ескертіп тұр. Осындай ақирет, аруақ заңдылығын, Құдай патшалығын, Тәурат, Інжіл аяттарын растайтын жүздеген ашық аяттарға қарсылық білдіріп, Аллаға теңдес жасап, ортақ қосылған пікірлердің, тәпсірлердің әсерінен бе еліміздің ата заңымыз бен ата дініміздің Адам атадан бері жалғасты дамытылып отырған ата жолының ғұрпына қарсы үкімет тарапынан аруағын қорлаған, Алланың жер бетіндегі ұлықтық белгілерін «шерікке»-арамға айналдырған заңның шығуынан қияметтік сынақтың, ақырзаманның пайда болуын ғана туындатады. Егер бұл заңға бағынатын болсақ, онда Алла тағала барлық періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтіріңдер деп бұйырып тұрып хазіреттеріміз, масхабымыз арқылы біздерге білдірмей пайғамбарларына берген нұсқауларын жойып жіберген болғаны ма? (Раббымыз Алла шайтаннан өзіңе ғана сиынатынымызды қабыл ете көр! Өзге діндегілерге ислам ғалымдарының мұндай әрекеттерін әшкере қыла көрме деп тілеңіз!).

Керісінше Құранның, бұрынғы берілген кітаптардың барлық ғылымы, насихат мазмұны қасымыздағы арнаулы кітапта және оны қалаған құлына аян арқылы көрсетіп білдіреді деп үгіттейді Раббымыз. Және соңғы арап тіліндегі Құран (кітаптардың құпия үндер жинағы-ілім) деп аталғанмен, соңғы қасиетті кітап білімі болып адамзаттың ақыл-білімін, жаратылыс дамуын жаратушымыз қалайша тоқтатып қояды? Онда уахи және елшілер жіберіп кітап берілу Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін тоқтаған деген надандық пікірдің ислам елінде және қазақ жерінде де қасірет болып жабысуы осындай тәпсірлерден болса керек. Оған дәлел: «соңғы түскен қасиетті кітап болды.» деген ұғымды «Соңғы түскен кітаптар жинағы Құран болды» деп түсіндіруі керек еді дін басшымыз.  Олай болса дін мектептері Құран мен кітап ерекшеліктерін, білім мен ілімнің ерекшелігін және оның ортасындағы шындығын, ақиқатының қалай оқылу керек екенін, ортасын табу намаздардың орындалу тәртібін, пайғамбарымыздың сүннеттерін өздері де толық білмейді. Аталарымыз надандықтың шектен тыс қылықтарын көргенде: «Әкесін сабағанды талай көргенмін, ал әкесін талға байлап сабағанды бірінші көруім» деп астарлы мақал қалдырған екен. Енді Құранды және жаратушымызды қалай астарлы түрде мазақтауға болатынын көргіңіз келе ме? Онда оқып ақыл-ойыңыздың және тілмен сөздің арасын бөлмей қазақша ойланып көріңіз. «Мәзһаб-жол, мектеп, бағыт деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүнеттен шығарылған үкімдер мен Ислам ғұламаларының көзқарастар жиынтығын масһаб дейміз…» (Әбсаттар қажы).

Егер қазақша қысқа ақылмен ойлансақ, адамзатқа қиямет-қайымға дейін берілген және алдағы мыңдаған жылдар бойы берілетін сөздер мен істердің қағидасы жол болып, ол тек масхабты меңгеруші мың жыл бұрынғы ислам ғұламаларының көзқарасынан ғана тұратын болса, онда Құранды сандыққа салып, қиямет-қайымда бір-ақ ашуға неге сақтап қоймаймыз? Ал пенделік ақыл аясында Масһаб жол деп түсінсек, онда шариғат дегеніміз құранның намаздарын, ғылымын, құлшылық істерін қиямет-қайымға дейін қамтыған жоғары сопылық ұстанымдардың, дін ғылымының шыңы, үлгісі болу керек. Оған себеп «Шариғатты жол қылып алмаңдар!» деген ескертумен және аятта: «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені (жолды)  оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс (жол-жобалары) бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (42-21) Демек шариғат бекіген дін істері мен шектеулер мен тыйымдар ережесі болып аятта: «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Ендеше Мұхаммед олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.» (22-67).

Әрбір ұлт тіл, сөз, ғұрыптық, ғұмыр-шежірелік ерекшелігімен үммет болып есептеледі де сондықтан әр үметтің шариғатты орындау ереже ерекшеліктерін қалыптастыратын жол-басшылар, ескертуші елшілер жіберіп өз араларыңнан болған әмір иелеріне бағынып, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, арнаулы батасымен ғана тура жолға түсіресіңдер деп ескертеді Раббымыз. Сондықтан үстеріңде жеті жол және өздеріңде екі жол кедергіні (90-10 аятпен) түсіргенін де ескертеді. Және: «Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге (аруақ күзетшілерін,аян көрсетуші періштелерді) хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгендер, ашық дәлел келгеннен кейін (өліктердің сөйлеуі, хикмет, елші, ескертушілер) араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізеді. Алла қалағанын даңғыл жолға салады.» (2-213).

Бұл аятпен Раббымыз адаммен бірге өмір сүретін, аруағы болып сол кітабы арқылы хикмет, мұғжиза, жүрек ашу, өліктерді тірілтіп жүректерін сөйлету сияқты хикметтер мен кереметтерін көрсету арқылы өзі ғана жолға салатынын ашық ескертеді. Ал масхаб, яғни біздер үшін Имам Ағзам әулие тура жолға салатын болса, онда құдай қылып, күдіксіз серік қосып, ортақ қосумен тағы кәпірге айналамыз. Имам Ағзам атамыз қандай әулиелік дәрежеде болғанымен жеке алғанда Алламен бірге тәңір болуы мүмкін емес! Тек біздерің өлшем ақылымыз жетпейтін миллиардтаған бірліктерден пайда болатын денелердің жүректер арқылы ғана  «Бірге» бірленумен және іс атқарушы Алланың сүйікті достары «Біздерге», Раббының нұрына қосылып барып шапағатшы дәрежесінде Алла үкімін, кітабын белгіленген сүйікті құлдарына ғана шындықты жеткізуші болуы әбден мүмкін. Және бұл аралықтағы істерді меңгеру үшін біздің жыл санауымызбен 1000 жыл керек екенін де ашық ескертеді. Сондықтан да әрбір пендесіне, сүйген құлына аталарымыз ескерткен «Тоғыз жолдың торабынан» яғни тәубенің тоғыз сатысынан өтіп барып тура жолда Алла жолында жанымен соғысу дәрежесіне еге болу керек. Алланың сынағынан өтіп тақуалықты меңгермеген пендесіне көрсетпеген жолды қалай жер бетіндегі тұрақты бекіген дін ісі- шариғатпен және арап нәсілді үмметтерге арналған ғана ғұрыптық масхаб ережелерімен, тек намаз оқумен, жер тесігі мен көк есігін іздеп тауып мұғжиза келтірумен тура жолға, өзгермейтін даңғыл жолға алғандарына мен өз басым түсіне алмаймын. Әрине бұл пікірлерге құраннан аяттармен ашық дәлелдер берілгенмен қызылбастық жоба масхабпен және араптарға құранның кітап болып оқылу үгіті ғана тура жол деп түсінумен, жүректеріне аманат жүгі ана тілі, ата сөзі қарсылық болып және жындарды да мазаққа алып жүктеліп жүректерге арақ, мастық болып сіңіп алған «намазхан» ағайындар да, ашық қолдау көрсеткен масхабшы білімді ғалымдарымыз да келіспейтіні даусыз. Оған себеп аудармашылық дарындылыққа байланысты діндегі ғылым берілу ұғымының өлшемі және ондай қасиетке, қабілетке де Алланың ұлықсаты үкімі болу керек деген ұғымды да мүлде масхаб білімінен, шариғаттан шығарып тастаған.

 Енді аталарымыз «Іліммен білім ортасын таппасаң бүлін» деп неге айтқан?-деген сұрақ қойсаңыз болады. Әрбір біздерге берілген білімдердің негізгі әлі ашылмаған көмес сырларын, философиялық түсініктерін, сөз нахылын оның ілімі деп атаймыз. Құран негізінен сөз ғылымы, яғни ілімдер жинағы. Ал оның білімі әрбір жер бетіндегі негізгі сөз білімі, атаулары дамыған елдерге аудару арқылы ғана құпия сыры айқындалу керек. Сондықтан өзге тілге аударылған аяттардың екінші, үшінші жұбын табу арқылы парға айналдырып түсіну үшін түрлі жағдайдағы сызықтық, сандық, оқиғалық бейнелерін ақиретпен кездесіп аянмен көру арқылы ғана білімі қалыптасып адамзат өркениетін қалыптастыру керек. Сондықтан осы аяндарды оқушы қандай ұлт, нәсіл, дінде болсын ақирет тылсым тілі ортақ және адамзатқа бірдей пәтуаны көріп иман келтірумен, діннің бірлігінің қалыптасуы осындай ортақ ғылымға жүгіну арқылы ғана мүмкін болатынын Раббымыз қатаң ескертеді. Енді мұндай жолдармен иман келтіру арқылы және әрбір еліміздің сауатты тұрғындарының өз тілінде бір кітапты тікелей оқып, амал қылып, ой-өрісін, сана сезімін жетілдіріп рухани жетілген ұрпақтарды қалыптастыруға, әділетті заңдар шығарып заман өркениетін қалыптастыруға не кедергі болды?  Әрине іс басындағы, көш, білім басындағы ағайындарымыздың ғылымды меңгере алмауымен сөз жүзіндегі даналықтың, ойшылдықтық өлуімен, жалған ғалымдықтың әсерінен ғана туындап отырғаны хақ. Енді бұл жағдайға бір ғана дәлел бере кетсек; «Аңыз адам» айлық басылымында еліміздің барлық алға ұстар даналарымыздың өмір философиясы мен дінге, салтымызға қатысты пікірлері жарияланып тұрады. Бұл халқымыздың даналығының айнасы десе да болғандай және бұл басылымды шығарып жатқан азаматтарға бір жағынан алғысымыз да шексіз.

 Екінші жағынан қазақ сөз саясатын қалыптастырушы зиялы қоғамның да ақыл-ойының алуандығы және қоғамдағы негізгі дертіміздің де көрінісін ашық көрсетіп отырғаны да сөзсіз. Енді осы басылымдағы Қайрат Жолдыбайұлының сұхбатынан: «24 мың пайғамбар жіберілді деп айтылады. 224 мың деген руаяттар бар… Күллі ерекшеліктер мен кемелдіктері бойына дарыған соңғы елші(?)…жалпы адамзат қара түнекте еді(?)…» «Ғылым сөзінің өзі арапша.(?) Ең қажетті құрал кітап, ол да арабша.(?) Дәптер, қалам, мәдениет, мектеп, медіресе, ұстаз, дәріс — бәрі араб сөздері(?). Көрдіңіз бе? Демек, ғылым бізге дін арқылы келген, сосын одан әрі көркейген (?)… Иман — ең киелі де қастерлі нәрсе болса, сол иманның жартысы тазалық. Пайғамбарымыз да хадисінде «Тазалық-иманның жартысы» деген.» (Аңыз адам №-16 Тамыз айы). Бір қарағанда діннің жанашыры, ғұламасы деп ойлауға да болады. Ал Раббымыздың насихатымен, аяттарымен салыстырсаңыз ұлттың тамырына, діліне балта шауып жүрген жансыз шеріктің өзі болып табылады.

Біріншіден, Пайғамбарлық пен тілдің және адамдық әулиелік негізгі қасиеттердің тікелей қатысы болып, сондықтан құранда 24 пайғамбардың ғана аты аталып, 25-ші Мұхаммед пайғамбарымыздың соңғы болып аталуы да ғылым.

Екіншіден, «бойына дарыған соңғы елші» деп дін ғалымымыз Аллаға ортақ қосып, құран ғылымына ашық жала жауып отыр.

Үшіншіден, «жалпы адамзат қара түнекте еді.» деген пікірмен әлем дініне жала жауып, бүкіл әлем араптар сияқты исламға дейін надан болды деген пікірмен дін ғылымынан, әлем тарихынан түсінігі  мүлде қара түнекте екенін әшкере жариялап отыр. Және арап елінде исламның бекіп, шариғатының кең насихатталып, надандықтан құтылып, арап түбегінде ең өркениетті елге айналған уақытында: « Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар (дін таратуда, Алла жолында кәпірлермен соғысуда), расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алланың олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. (Тура жолға түсіп жердің мұрагері болу) Алла (Т) толық білуші, хикмет иесі.» (4-104) (108) деген аятымен әлі толық мемлекет болып қалыптаспаған, дінді араптардан да жоғары дәрежеде меңгерген 108-ші ділдік саны араптардан 4-еуі артық қазақ деген қауымның бар екенін және ол қауымды іздеп тауып құрманы тапсыруға Арыстан бабамызды жұмсағанын да, қыпшақ аталарымыздың пайғамбарымыздың алғашқы сахабалары болып ислам дінінің шарттарын да араптармен бірге меңгергенімізді және Раббымыздың өзін өтірікке ұйғарып отырғанынан масхаб ғалымдарын кім деп атауға болады? Төртіншіден, «Ғылым сөзінің өзі арапша. Ең қажетті құрал кітап, ол да арабша. Дәптер, қалам, мәдениет, мектеп, медіресе, ұстаз, дәріс-бәрі араб сөздері. Көрдіңіз бе? Демек, ғылым бізге дін арқылы келген, сосын одан әрі көркейген». «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) (91). Бұл аяттың қазақтың бабаларының бірі Салих пайғамбарымыздың (Арқада жерленген!) абыздар еліне байланысты ескертілген сандық тағлымы түгіл сөз жүзіндегі ортақ ашық ескертуіне де жала қойып, біздің аталарымызға дін де, сөз де келмеген және араптардың арқасында ғана адамдық дәрежеге жеттік деп насихаттайды.

Ал пайғамбарымыз «Ғұрыптарыңды орындаңдар, аталарың кесірткенің ініне кірсе, сендер де кіріңдер», «Мен бір сөзге көптеген ұғымдарды сыйғызуға келдім» деген өсиеттерін мүлде жоққа шығарып, мысалы: «Арап» атауының өзі «Ар» және «Ап» жерден  көтеруші, «Ғыл»-Қыл, жаса, үйрен; «Лығ»-лық, толтыр, лық толы; «Ым»- «Ымды (аян, түсті) білмеген дымды білмейді». «Кітап»-кісісін, бейнесін, ұғымын тап. «Медір» «есе»-ақыл, ойыңды еселе, көбейт. «Қа»-Ақ, «Лам»; ақтың үні, «Қал»-белгі таңба, «Ма»-ал немесе теріс қарай оқысаң өмір бастауы. Осындай бұрынғы сақтардың, ғұндардың, садақтар мен перғауындық шолақтардың да екі, үш буынды сөз атауларынан күрделі түрде арап тіліне енгізген Мұхаммед пайғамбарымыздың философ, абыз, әулиелікті меңгерген еңбегінің жемісін және құран тілін тек өзге елдердің тіліне ғана аударылып насихат ғылымы ашылатынын жасырғанмен сандар тағлымы бәрібір мұндай залым ғалымдарымыз әшкерелейтінін қайда тығып қояр екен. Және Адам атамызға берілген алғашқы сөз ғылымын меңгеруді: «Алла Адамға біртұтас атауларды үйретті (көкейге салу, ғылым берілу) де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер.» деді» (2-31).

 Әрбір жаратылыс нәрсесінің қасиетіне қарай ат қойып, білімін көрсетуді ғылым берілу болып, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан адамдық қасиетті біздің аталарымыз меңгермеген деген әлемде ат қоюдан алдына жан салмайтын ұлттық қасиетімізді, өз ұлтымыздың ана сүтін емген ұрпағының аузынан мынадай зұлымдық сөз шығады деп аталарымыздың «Үш ұйықтаса да түсіне де кірмеген шығар». Енді ғылым сөзінің балама атаулары: Шындық көріну, аят, атау сөздерді үйрету-уахи берілу, ақиқат, хақиқат, Алланың «Бір» сипаты ғылым-хикмет, құдірет болып; Алланың пендесіне  көрсеткен жолы болып та саналады. Және Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымызға да араптар әлі тұтас ел, бір тілді халық болмай тұрғанда ғылым беріліп, дауға билік айту қасиеті дарыған екен. Сондықтан әрбір шабыт шығармашылық, ақындық қасиеттері де жаратқанның берген сыйы, ғылымы болып саналады. Енді осымен ғана қорытындыласақ «Ілім мен білім ортасын таппасаң» бүлін деп ортасы аян болып; Үш ұйықтап, тылсымнан сұраққа жауап алмайтын болсаңыз, онда ешқандайда ілімді жетік меңгеріп халыққа ақыл айтуға да құқығыңыздың болмағаны деп біліңіз.

Осындай философ ғалымдарымыздың жастарды европа елдеріне еліктету пәтуасымен, дін ғалымдарымыздың жансыздық әрекетімен өз ұлтының ар-намысына қарсы қойып,  ата-баба дінін де ойланбай сата салатын ұрпақтарды жарыса дайындап, халықтың өз қаражатымен санасын жауып, тұқымын тоздыруға жәрдем беруші ел басшыларын да дінін, рухын, ар-намысын, аманат ділін саудаға салған опасыздар қатарынан табылатынына шәк келтіруге де болмайды. Бұған дәлел дін ғалымымыздың өзі көрсетіп: «Иман-ең киелі де қастерлі нәрсе болса, сол иманның жартысы тазалық. Пайғамбарымыз да хадисінде «Тазалық-иманның жартысы» деген.» пәтуасына пайғамбарымыздың «Діннің басында білікті адам отырғанда дін үшін алаңдамаңдар; бірақ дін басында қабілетсіз адам отырса жылайтын болыңдар.» (944-өсиет). «Әрбір нәрсені өлімге, қайғыға апаратын себеп бар!; Ислам үшін қайғы-нашар имамдар» (660). «Менің қауымым үшін жаман мінезді, өтірікші діндар-оқымыстылар аса қауіпті, олар дажалдардан да жаман.» (572). Кім өзінің діл тазалығын жоятын екі тілде сөйлеп ойлайтын болса және ата аманатын, ана сүтін, жер-дінін, көк отанының, ұлтының тарихын қадірлей алмаса ондай пенделер іс басында отыратын болса, онда дажалдан да қауіпті ұлттың жауын іздеп керегі де жоқ. Бұндай пенделерді аталарымыз «Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тілінде адам. «Тілі екеудің — діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам.» Иманның жартысы дегеніміз осы екенін ұмытпаңыз ағайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *