Уәзін- Құран үні(167)

Бөлім: Зікір өлеңдер 100

Тағдырдағы құпия,

Әрбір жанға оқылар.

Таза болса ындыны,

Миына нұр құйылар.

Артыңнан ерген қорғаушы,

Құдайдың болар қолдауы.

Арқадан хабар береді,

Тағдырмен болып жалғауы.

Алдыңда амал боларың,

Қаракет іске аларың.

Қорғаушы көз күзеткен,

Келтірген көктен хабарын.

Жүректен өтіп өңделіп,

Көкпенен қайтар түзеліп.

Түс болып жанға енеді,

Жорыған дұрыс жөн көріп.

Оңың мен солыңда,

Екі ісің бейне қолыңда.

Бағып тұрған күзетшің,

Дайын боп істі жазуға.

Лағфуз бен мағфузға,

Кітабың иықта жазуға.

Амалыңмен аларсың,

Тағдырға жақсылық жазуға.

Жамандық келсе басыңа,

Көлеңкең қайта қосылса.

Ізгілік амал, сауаппен,

Тазарта біл сынбай қарсыға.

Төрт жақтан да тазарып,

Ет малыңды түгел ағартып.

Жамандықты жоюмен,

Төртеу түгел боларлық.

Түгел болса төртеуің,

Төбеден келер бесіншің.

Жалғап өтіп ғаршыға,

Бес қуат түгел бірлігін.

Ақ сауытын күмістен,

Киімі болып жеті өрістен.

Аққа Құдай жақ болар,

Түңілмейді енді періштең.

Бақ қарап Қыдыр дарыған,

Ар сауытын киіп қорғанған.

Нұр жеткізер бейіштен,

Ажыратып сынақ, кейістен!

Сөйлеген пенде уәзінмен,

Құранның жеті үнінен.

Сана бер, деген Құдайға,

Қазақтың тегі нәсілден!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *