Сабыр, шүкір, қанағат(168)

Бөлім: Зікір өлеңдер 77

Сабырлық болмай бойыңда,

Қуат болмас ақыл-ойыңда.

Шүкірлікке жетпессің,

Ақталмай ет малың да.

Шүкірлікпен сыналып,

Садақа, сауап қолға алып.

Қанағатты танырсың,

Жомарт адам аталып.

Ерсі мінез ессіздік,

Күнаға жолды ашады.

Ойланбай жасаған әрекет,

Көңіл-күйді бұзады.

Ұстамдылық жетпесе,

Құт-береке қашады.

Сөз қадірін білмесе,

Ақылға қақпан құрады.

Маңдайың сордан тазарса,

Көгіңе есік ашады.

Жүрек көзің көреген,

Көріпкел қасиет қонады.

Қимылдаса қол, саусақ,

Жанға қуат қосады.

Бар періште бір қуат,

Асыл сөзбен толады.

Ар-ұят пен дұрыс сөз,

Иманға қуат болады.

Жинақы және қағылез

Әйелде иман толмағы.

Жартысы иман әйелде,

Етектен сана болмағы.

Сабырлық болса ерінде,

Атадан алтау тумағы.

Ақыл, пайым, ойшылдық,

Ізет, көрік, ізгілік.

Жаны жомарт, мейірімді,

Сабыр боп, тұтас шығады.

Жиып, теріп әлемнен,

Жартыдан бүтін болмағы.

Аршып алып түнектен,

Тегіне қуат қосады.

Қол қанаты Құдайдың,

Қанатты періште саналы.

Аспанда жанып жұлдызы,

Бір-Біздерге Құдай қосады.

(Қазан 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *