Желпіндірер жастық шақ,
Келмес қайта айналып,
Жүрекке жиған нұр қуат,
Қанмен бойға таралып
Жүйткіп өтер бар уақыт
Қас қағымдай болып сәт.
Қайта соғар сын сағат,
Төреші, сыншы аталып.
Қимыл әрекет бар қуат,
Көлеңке ісің оралып
Дәулет әлде боп сынақ.
Екі қол тағдыр тазартып,
Адал еңбек қыл тағат,
Ет малыңды жұмсатып
Жанға келер күш-қуат,
Бойдан жарық ағарып.
Құлшылықпен қыл тағат,
Бой өрісті тұрсаң тазартып.
Айналып соққан көлеңкең,
Қосылсын қайта ағарып.
Тамаққа болсын қанағат,
Ораза ұстан жиі ашығып.
Ұйқыда болсын сергектік,
Суықтықтан мидан қорғалық.
Ет пен терің тазарып,
Тіл көзді өрістен қуалық,
Қамшымен шаңы қағылсын,
Сіңбесін сүйекке қаралық.
Тап-таза болып тән, малың,
Өркендер жаның жасарып.
Қайта оралар күш, қуат,
Жастықтан өтіп балалық.
Келтірдім деме иманды,
Қауымың он бір түзеп бақ.
Бір рәуішті болар кәрі, жас,
Дәстүрімен болса тақуалық.
Бейнет қылып тер төкпей,
Иман өнбес зейнет боларлық.
Жүректен гүлі ашылмас,
Үш сүюмен болмай махаббат.
Қызыл, сары ақ қуат,
Жемісі иман жерде ойпат.
Үш байлығы ұлтыңның,
Ғылымнан келер бұл суат.
Жолында Алла жұмсайтын,
Алтын, күміс нұр қуат.
Зұлымдық қылма сопы боп,
Жұмсамай елге тығып ап.
Қырық жыл жинап иманды,
Жанға құпия білім жазылмақ.
Жемісін иман алар өліден,
Өзіне, Бір-Бізге қол жалғанбақ.
(Қараша 2018 жыл)
**** *****