Ұғыну (183)

Бөлім: Зікір өлеңдер 37

Сөз -қуат, күш берер,

Желпіндіріп сес берер.

Аяқтан шалып еңкейтіп,

Кейбірі сүйектен өткізер.

Сөзден қадір кеткенде,

Қарсылық ойы өскенде.

Ұғына алмай бір-бірін,

Байланар ақыл дүниеге.

Бұрынғының билері,

Сөз әділін дәл тапқан.

Қазіргі заман билері,

Сөзден пәтуа жоғалтқан.

Атау сөздің ұғымын,

Ойын бұрып қисайтқан.

Ібілістің алып құрығын,

Ұғымсыздыққа байлатқан.

Сөз ұғынар қабілет,

Адамдықпен өлшенер.

Жоғалса жаннан қасиет,

Есті болмас түсінер.

Тоқтау болмас көңілде,

Нәпсімен бәрі өлшенер.

Қадірі болмас тілінде,

Арсыздыққа ел телінер.

Қайраттан ақыл аса алмай,

Білімді ғылым делінер.

Жігіттікпен қоштаспай,

Ессіз қалар үлкендер.

Қарға ілім дін болып,

Пәндерге дінің бөлінер.

Құзғындарды дос қылып,

Дәстүрін ата кемсітер.

Ескірілімей қалып өлілер.

Иманды сенім деп білер.

Сенімге елді мас қылып,

Жан емес жын көбейтер.

Ел басқарған көп билер,

Қыз дүниеге елітер.

Ғылымың білім аталып,

Хайуандай тән семіртер!

Сөзіңнен қадір кеткені,

Ар-ұяттың үні өшкені.

Әділдік деп сөз айтып,

Үнінен ақиқат жоқ белгі!?

(Қараша 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *