Жеті мүше сәждесі,
Қар мен шынтақ жазылса.
Сегіз сезім мүшесі,
Ыдысы білек тазарса.
Бес сезіммен қарсылық,
Ұжданмен болар таласы.
Табан-аяқ тазарып,
Ағарар ала құласы.
Естуші адам баласы,
Құлақтың болып тазасы.
Алланың үнімен,
Санаға тиер пайдасы.
Құйымшақ, мойын, жаурыннан,
Қара құс, сирақ, табаннан
Жеті жұлдыз сәждесі,
Бас сүйек, маңдай жалғанған.
Тарам-тарам тамырдан,
Тазарып арам қанынан
Жүректе сана қуаты,
Үн алар таза ақылдан.
Жеті қарақшы жұлдызбен,
Құйрықты, Сәре, Шамменен.
Жеті жұздыз күнтізбе,
Жалғанған Хижра айменен.
Мұхаммед діннің қазығы,
Ясауи діннің қажыры.
Інжілмен бекіп ақиқат,
Сәждесі ислам танымы!
Махаббат сүю бұлағы,
Мұхаммед елші тұрағы.
Мың өліп, мың тірілмек,
Ғайсадан ғибрат алмағы.
Адамдық, ғылым, қажырлық,
Сауытын киген ар қылып.
Түркістан діннің Астаны,
Дәптерінен сәни жалғанып.
Сөздің таза асылы,
Аманат мирас нақылы.
Ішер асың ақ болсын,
Аршалап даудан басыңды.
Әйелің болсын жаулықты,
Етек жеңмен алып саулықты.
Аяқта мәсі, білезік,
Жаласыз қылмақ нәзікті.
Кең болар пейіл жүрегі,
Тазарып жан үйлері.
Жарасын жанның жазатын,
Қаныннан шарап бермегі.
Еріне әйел сәждесі,
Жаласыз болса етегі.
Ертеңіне ұрпақ тегінің,
Үш күннен ризық бермегі.
Қан-суыңды тазартпай,
Қауымнан жүкті алдыртпай.
Сәждең болмас адамзат,
Жарасын тағдыр жаздыртпай.
Құтылам деме жазадан,
Надан көп өзін ақтаған.
Көгіңе дүние жинамай,
Келтірмей уахи шындықтан!
Тылсымнан келген үнменен,
Бейнелеп ана тілменен.
Пайғамбарға қуат қосатын,
Сахабалық жол қол берген!
Алты ай, он күнің бар,
Жан мен рұқың қосылар.
Он алты шырақ жағасың,
Сәждесі көркем сөз болар!
(Қараша 2018 жыл)
***** *****