Есті мен есуас(200)

Бөлім: Зікір өлеңдер 61

Естелік боп күнәлар,

Қыр соңыңнан қалмайды.

Тәубең болса азшылық,

Сорың сонан қайнайды.

Ыстық қайрат жетіспей,

Нәпсіге қарсы тұрмайды.

Шын ықылас, ниетің,

Жоғалса қайдан шығады?

Ақыл, қайрат жүрекке,

Бағынса естілік туады.

Бір естілік-оқ қағар

Жанға жара түсірмес.

Көрген, білген сенімің,

Күзеткен еспен ескірмес.

Есуастың белгісі,

Жанды өзім деп түсінер.

Менікі мен Мен жанын,

Тәпсірмен рұқ дегізер.

Әуелі мен сол қалып,

Өзгермесін білмейді.

Шарт сынатын ыдысы,

Төзбеске де төзеді.

Әуелгі жан алып боп,

Ол Құдайлық Мен еді.

Кішірейіп қалғанын,

Масһабшылар сезбейді.

Ақыл алда әрдайым,

Жүрсе нәпсі ермейді.

Ноқта тағып сезімге,

Тұлпарын кім ерттейді?

Сөз қоспақ пен ер қоспақ,

Сөз мінезі бейнесі.

Сегіз сырлы бір сырлы,

Бұл қазақтың діні еді.

Бір қуат қосылар,

Кебенек киім кимегі.

Жаның сонда көктейді,

Алты жан болып өнбегі.

Өнімің болып бұл алтау,

Өмірге қайта келмегі.

Қайта айналып келгенде,

Тазарудан өткені

Естілік болар бермегі.

Мұңаю қалар әрдайым,

Өткен өмір дерегі.

Қиында-қыстау күн келсе,

Демейтін күшің естегі

Есуастық — жансыздық,

Естілік — жанның өнгені!

(Желтоқсан 2018 жыл)

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *