Көңілдің күйі(204)

Бөлім: Зікір өлеңдер 90

Сырт көзге сыпайы боп жақсы аталмақ,

Ішіне жиып алып жаман атақ.

Нәпсіге ие болмай жолдан тайып,

Бір күні опық жесе қайтіп оңбақ?

Өршеленіп ішінен, күйіп-жанбақ,

Дертіне емді таппай отқа оранбақ.

Өзіңді тия білмес бейбағымының,

Мақтан сөзді құмартып жүрген аз-ақ.

Ешбір зат өзгеріссіз тұрмас білем,

Сен де өзгер, тый нәпсіні, ақылмен жең.

Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамас,

Ой ойлап, миды қозғап терлеп денең.

Ескі шоқ еске түсіп тұтанбасын,

Адамдық, есті мінез су боп шашсын.

Ақыл мен ұяң мінез алып шығар,

Ұятсыздық қайда апарар дертті бассын!

(Желтоқсан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *