Достық пен қастық(205)

Бөлім: Зікір өлеңдер 61

Ой қуаты теңізден,

Түп-тұқияннан негізден.

Жұлдыздың түскен сәулесі,

Ойпатты жердің ішінен.

Бір-бірімен алысқан,

Бір арнада тоғысқан.

Жер кіндігін жағалап,

Бәрі кеп соған құйысқан.

Кім сергек болса алысқа,

Күміс жіппен жабысқан.

Көп ауласа да көңілін,

Шығар көзден жаңылысқан.

Қажырлы ғана жетісіп,

Ақылдың көзін сол ашқан.

Сертпен жеткен аманат,

Иесін тауып табысқан.

Теріс ойды жастықтан,

Даңғойлық пен мастықтан.

Тазартар құран үнімен,

Таза ақыл боп табыстан.

Достық шығар қастықтан,

Жамандықтан тазартсаң.

Ар бақсылық қасиетке,

Аманатына баба жалғансаң.

Көкті баққан хикметін,

Тамашалап құдіретін.

Жанға білім құпиялап,

Рахметін бізден беретін.

(Желтоқсан 2018жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *