Құдайдың ұзын құрығы,
Ілінбес маған демегің.
Тағдырдың құпия бар сыры,
Екі қол ісің келетін.
Атадан қалған асыл сөз,
Айтылған бекер демегің.
Аманат нақыл, мирасың,
Аян, уахи болар келетін.
Жүректі қозғап асыл ой,
Әсері тимес демегің.
Данадан қалған өсиет,
Болады түбі керегің.
Мықтымын қанша десең де,
Ажал бар түбі өлетін.
Ақталмай мына дүниеде,
Иманың толмас келетін.
Жолығар зорырақ бір күні,
Алыпты алып демегің.
Ғайбат күші Алланың,
Жын қуатын басқа еместің.
Бір күні болар жақындай,
Дұшпанды қатты жек көргенің.
Дұшпаның болар жақының,
Құпияңды ашып беретін.
Жамандықтың ішінде,
Жақсылық болар өнетін.
Жақсылықтың ішінде,
Теріс бар ойды бөлетін.
Растық пенен барлығы,
Алланың өзі сенетін.
Шын иланған иманды,
Өлімсіз болмас келетін.
Өлілермен тілдескен,
Тірі деп біл өмір сүретін.
Мәңгілік жанды өсірген,
Дәстүрі деп қазақ білерсің.
Келтірдім иман демегін,
Ойпатын іздеп кезесің.
Үш ағашқа ат байлар,
Есімін тауып әулиенің.
Достары Алла біз деген,
Рахметі нәсіп беретін.
Қараңғыдан жарыққа,
Сәулесін жолға түсірген.
Растығы Алла білетін,
Кітаптар діні сенетін.
Барлығы Раббы белгісі,
Хикметі, мұғжиза түсетін!
Растығы рұқың тегімен,
Барлығы жеті жаныңмен.
Алланың өзі-қолы боп,
Рас, Барлығы Алла- аруақ өзінен!
(Желтоқсан 2018 жыл)
***** *****