Тура жол ғылым суаты(213)

Бөлім: Зікір өлеңдер 64

Насихаты ескінің,

Асыл кітап көгінен.

Ізбөріден тараған

Қазақтың қан тегінен.

Нақыл сөздің жақсысы,

Бір ақылдың бар күші

Суаты ғылым ділінен,

Құраннан кітап тағдыры.

Пайдасы бар ақыл дүр,

Ойға салмақ салып тұр.

Сырты күміс іші алтын,

Жүрекке енер үннен нұр.

Ескіден аттап кеттім деп,

Салтымен әлем өстім деп.

Алқынба ойға бойламай,

Мәртебең жалған, болған сеп.

Құдай ісін сезіп біл,

Хикметін танып ақылға іл.

Қызықтар арсыз тазарып,

Бойды үйретіп ширықтыр.

Өзіңді өзің сына дүр,

Астарынан сөздің біліп сыр.

Адамдықтың белгісі,

Салқын қанды болып жүр.

Сезімталдық әйелге,

Ұятпен қанда иманнан.

Діл болып текпен жазылып,

Жүрегіне нұры құйылған.

Зәйтүннен алып қуатты,

Көзінде мейірім шуағы.

Он үш жыл сайын түрленіп,

Жаңғырған көздің қарасы.

Тербеткен әлем бесігін,

Сақтаумен ұлттың діл жібін.

Адамдық текті жалғайтын,

Меңгеріп ата дәстүрін.

Ғылымнан болса суаты,

Артады жанның қуаты.

Сары қарын бәйбіше,

Елдіктің жанған шырағы!

Әйелсіз діннің турасы,

Анадан төрт қуаты.

Төртеуің түгел болмаса,

Алатауың араз болмақты!

(Желтоқсан 2018 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *