Ғылым-нұрлы сөз (215)

Бөлім: Зікір өлеңдер 116

Ашылып есік тылсымнан,

Айнасы түсті жарықпен.

Иманның болып суаты,

Ілім мен білім қосылған.

Барлық нәрсе ортасы,

Таразы мизан болмағы.

Санымен оның белгісі,

Ғылымы өлшем салмағы.

Сұлтанның түсті назары,

Дәптерден сәни қуаты.

Иісі жұпар нұрлы сөз,

Жалын мен оттан жаралды.

Иісшіл кімде мұрын бар,

Тынысы оның ашылар,

Зіл қағдамен кіргенде,

Маңдайдан көзі тазарар.

Мүкаррамда талайы,

Санын соғып өкінер.

Кез келіп жайына,

Шикілігі өзін күйдірер.

Уақыты болар өткінші,

Ашылып кітап есебі

Түзеле ме енді не пайда?

Төменнен қайта өседі.

Күн санауға келмейтін,

Алыстан іздеп енбейтін.

Ғылымнан суат иманды,

Досынсыз Алла бермейтін.

Кілті оның көгінде,

Бір Алла тұтас Бізінде.

Қанатымен құстың ойпатты,

Түседі сәуле жеріне.

Ғылымсыз жоқ ортасы,

Нұрлы сөз болар суаты.

Таза ақылдан ой салып,

Иманның өнер жапырағы.

(Желтоқсан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *