Адамзат тағдыры(216)

Бөлім: Зікір өлеңдер 55

Оңай олжа, асық сөз

Көп адамға болды кез.

Ауызы қисық, соқыр көз,

Бұрды жүзден кезбе-кез.

Жұлдыз кие көгінде,

Оранатын ақтық бөз.

Бірі басы, соңы бірінде

Екі арасы бос әуре.

Сезімменен танысаң

Қызық толы бұл дүние.

Ақылменен танысаң

Бола алмассың жасқа ие.

Ақиретпен болмаған,

Күндеріңе өкінте.

Ескілікпен осынғың,

Жалғандырған көпірге.

Мәңгі өлмейтін жандары

Қайта келер өмірге.

Адамзат тағдыр аруағы

Екі қолмен ісінде.

Түп-тұқияннан қазіргің,

Ортасы бір қуат өзің де.

Табыстырған қос қолды,

Маңдайдағы көзіңде.

Тағдыр кітап лахфуз, мағфузы

Екі иық пен теріңде.

Төртеу түгел қыбылаң,

Өлшемі толық негізде.

Әрбір күнің өткінші,

Босқа кетпес тегінде.

Жеті күннің дәлелі,

Көлеңкемен өзіңде.

Қайта айналар әдетің,

Тағдырың боп бекуге.

Үш–төрт жылғы әдетің,

Жендет жының өлімге.

Мың өліп, мың тірілмек,

Сынағы тағдыр тіріге!

Адамдығың сөз болған,

Жеті қат таза теріңде!

(Желтоқсан 2018)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *