Тілсіз жау арам ниетің,
Қанды бұзар қасиетің.
Қоя біл тілге тиекті,
Айтпасаң үнін жүректің.
Құтыларсың ауыр бейнеттен,
Өз бойыңнан мін терсең.
Ілім мен білім ортасын,
Ақылмен теңгерсең.
Тектілік мінез үш ағаш,
Ат байлар ер азамат.
Көріп, естіп, ойланған,
Үш тегімен жалғанбақ.
Сарғайып түскен жапырақ,
Біздерден көктен болып хат.
Иманың болып қосылар,
Ойпаттан рұқымен жалғанбақ.
Бой түземей, ой түзеп,
Бойдан бақша өсірмек.
Мінез, қасиет егізді,
Ақ пен қара теңгермек.
Пайғамбарлық қасиет,
Ер мінезі сөз түземек.
Қырық алты белгіні,
Бір ақылмен бірлемек.
Мінезін деп бала тумадым,
Әжелер айтқан бұл тағлым.
Жетпіс екі қылық бар,
Жын қуатпен қоспағың.
Қылық мінез нәсілді,
Қарсылықпен бар үні.
Бес қуатты өнермен,
Меңгермек пенде бұл діні.
Танығың келсе Абайды,
Мінезсіз көркем болмайды.
Жетпіс екі түрлі қылықтан,
Дәстүрмен текті жалғайды.
Қаныңда ділдің қасиеті,
Мінезге түбі айналар.
Үні ұлттың мінезі,
Жаратқаннан сый болар.
Үнімен дыбыс қосылған,
Малдық қуат аталған.
Адамзаттың артық ғылымы,
Үн мен дыбыстан сөз қылған.
Әр заманда түрленген,
Сөз мінезін кім меңгерген?
Сегіз бен он үш белгіні,
Қоса алсаң көктен үн келген.
Өлшемсіз нәрсе болған ба?
Алланың сөзі құранға
Өлшемін әлем сыйдырып,
Санменен есеп қылғанда.
Есепті білмес есектер,
Сансыз ойлап жүктелер.
Ой жорыған білімді,
Арқалап кітап ақыл дер.
Іші тар артып білімі,
Артына кеткен көңілі.
Алты түрлі мінезбен,
Етекбасты еркек бүгінгі.
Бес беріп алты алатын,
Он бірмен қандық қуатын.
Жіңішке жолды нәзіктер,
Сезімнен мінез туатын.
Ақ нұрын әйел өндірер,
Етектен сана жетелер.
Ақылдың болып шарабы,
Некемен ерге берілер.
Қараны еркек меңгеріп,
Рұқынан қуат өндіріп.
Егіндігінен жары өсірген,
Көбейтер малды жем беріп.
Екі жарты бір бүтін,
Төрт құбыла теңдігін.
Адамдықтың мінезі,
Көбейтер жанның өнімін.
Сегіз жынды меңгермей,
Бір ақылмен сыр термей.
Ер мінезді болмасты,
Төртеуін түгел өндірмей.
Ақылдың болған дәптері,
Сәнимен мінез өспегі.
Он үш кезең белгімен,
Қасиет, мінез қазақ тектері!
Аманат сәни қолыңа,
Мирасы қазақ тағдырда.
Ар кітабы жөн болар,
Қарсылықтан қорғанар.
Ақ сауыт қалған атадан,
Арамға болды былғанған.
Мәнді мен мәнсіз қосылып,
Мінезің елдік жоғалған!
Ел мінезі сөзбенен,
Ұғым болып бірленген.
Сөз түземей ел түзеп,
Азғындық текті өлтірген.
(Желтоқсан 2018 жыл)
**** *****