Адам періштесінің пайда болуы туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 1

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

        Әуелі Алла тағала адамзаттың бастапқы және соңғы нұрын жаратты. Бұл нұр сүттей ақ, судай таза сансыз майда бөлшектерден (атомдардан) сөз буынан тұрғандықтан топыр-ақ деп аталды. Бұл нұрдан бастапқыда Адам атамыз жаратылып, барлық адамзат сондықтан сол нұрдан үлес алып «Адам» деп аталды. Бірақ сол нұрдың бейнелену нәтижесі; толық Құдай тағалаға ұқсас болып, барлық сипатын меңгеретін соңғы пайғамбар еді. Сондықтан оны Мұхаммед пайғамбарымыздың нұры деп атаймыз. Бастапқыда Адам атамыз жаратылмай тұрып, мың жыл бұл нұрға Алла тағала өз рахмет назарын салып, сонан кейін ол нұрда дария пайда болды. Бұл дариядан қайнап көбік шықты да, одан жеті бөлік бу шықты да осы буды топыр-көп, сансыз ақ-сөз деп атайды. Енді жаратушымыз, бұл булардан жеті табақ жерді сейсенбі күні жаратты. Әр қабат жердің ара қашықтығы 500 жылдық жол болды. Енді бұл жерлердің негізінде 18 мың ғаламды жаратып, сәрсенбі күні осы жерлердегі барлық дарияларды, балықтарды пайда қылды. Біздің мекеніміз болып саналатын жерде Құдай тағала 4 дарияны жаратты. Бірінші дария Ніл дария деп аталып, онда үлкен балықтар жүзіп жүрді. Екінші өзеннің аты Фират деп аталып 7 мың фарсақ яғни 70000 шақырым болып, Гиннен шығып Хурмурға барып қосылады. Үшінші өзеннің аты-Жейхун (Амудария) деп аталды. Оның ұзындығы 9 мың шақырым созылып жататын. Төртінші дария Сейхун (Сырдария) деп аталды. Бұл дария 10 мың шақырым болатын. Ал күн шығыстан күн батыстың арасы 51 мың фарсақ (51000 шақырым) болды. Жердің тоғыздан бір бөлігі құрлық, судың тоғыздан бір бөлігі тығыздық болып қалған сегізден бір бөлігі бостық болып жаратылды. Осы бостыққа тиесілі 8 түр орындарды толтырып, жаннат мекеніне айналдыру адамзаттың еншісіне тиесілі болды. Періштелер негізінен нұрдан жаратылды. Нұрдың да екі сипаты болып, бірі темір буы сары, екіншісі судың буы ақ сүт болатын. Енді оттан жаратылған жаратылыс нәрселері пері болып аталады. Бұлар да періштелер болып саналып, ібіліс осы оттан жаратылғандардың басты перісі болып жаратылды. Және оттың жалынынан су мен от аралық ағаш өнімінен жаратылған жындар да осы перілер тобынан болып жаратылды. Алла тағала барлық періштелерге сөзді үйретіп олар үнемі сол сөздермен жаратқанға зікір айтып мадақтаушы еді. Сонан кейін сансыз, шексіз (топыр) ақ нұрдан (сүттен); «Мұхаммед сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,-деген еді. Періштелер онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу (жерді қызылмен бояйтын, ойпаттарды қанмен толтыратын) жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз» деді.(ойпаттарды сөзбен толтырудамыз) Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!»,-деді. (2-30) Яғни енді сол ойдағы сөздерді біліммен алмастырамын деп түсіндірді. Сөз атауларын үйреткеннен кейін енді олардың қасиеттерін белгілеуді; «Алла тағала: «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда Адам оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істеріңді білемін деп айтпадым ба?»,-деді.»(2-33) Сонымен сандар тағлымына жүгінсек Адам атамыз алғашқы жаратылысында 30-пара нәсілдік білімнен (топыр-ақ; сүт), періштелерден жаратылып және 3 түрлі сезімдік қасиеттің қуаттары; көру, есту, ойлау қабілетін меңгеруші, сөз атауларының көмес, құпияларын білуші «жан-ләпсі» атты қанатты періштелік қабілеті болып, оған енді ібілістен басқа періштелердің бәрі Адам атамыздың денесінен орын алып, сонан Хау анамызды бөліп шығарумен 35 санды періштелік белгімен, күн және ай болып жаннаттың тұрғыны болып тіршілік етуші еді. Ал, ібіліс періштесі Адам денесінен орын алуға қарсы болып, сондықтан 34-ші санды, яғни 34-орын Адамның рухани денесінде бостықтың белгісі болып, барлығы 34+35=69 санын Мұхаммед пайғамбарымыздың «қауіпті белес, сан» деп ескертуінің өзі осы жан сырының толық жетілу құпиясын көрсетіп тұр. Бұл алғашқы Адам атты қасиетті жаратылыстың жоғарғы жарықтың, реңдік сипатта болғанын сүре, аят мәндері көрсетіп, әшкере етіп тұр. Сонан шайтанның азғырумен, көрсетуімен тыйым салған ағаштың жемісінің дәмін, иісін, бояуын алумен яғни 34 санды белгінің бірленген, бейнеленген белгісін ағашты алуымен, яғни жыныстық мүшелердің айқын көрінісінің пайда болуымен 35+1= 36 санды дәрежемен жанаттан қуылған еді. Сонымен адамзаттың жыныстық қуаттарының яғни ағашының мәні 34 санына тәуелді екенін жадыңызға тоқып қойыңыз. Ұрпақтық нәсілдік байланыс негізі де осы санмен Құранда ескертіледі.

     Сонымен Адам атамыз Раббымыздан сөздер үйреніп тағы бір періштелік сипат тәубаны, 9-дың бірін алумен 37 санды періштеге айналып, барлық жанаттан қуылғандар саны 37+1= 38 періштелік белгімен және тура жолға қайта келу үшін осы 38 бірлікпен ғана келуге үкім алды. Енді Адам атамыз бен ібіліс арасындағы жағдайды; 2-ші;6-шы; 7-ші; 15-ші, 18-ші, 20-шы, 34-ші, 38-ші сүрелерде неге қайта-қайта сандық мәндерінің өзге орындарға ауыстыруымен аяттар сандық мәндерінің өзгерумен баяндалғанын Адам ата, Хау анамыздың 7-кезеңді, мезгілдік- «уақ»-тық жаратылыс сатыларынан өткенін және адамзаттың негізінен; 3 түрлі жаратылыстық, кезеңдік жағдайға тәуелділікті түсіндіру үшін де жаратылыс негіздерін басынан аяғына дейін насихатын қамтып отыру қажет. Болмаса ондай ауыр түсініктер ертегіге айналып, адам жүрегінде қарсылық пайда болып, қандай ашық аяттардың өзі қандағы теріс шайтан белгілерінің қарсылығын туындатып ақылмен қабылданбайды, жүрекке зейнеттеліп санаға және санға айналуы болмайды. Сонымен енді қысқарта отыра  туралап түсіндірсек; «Барлық нәрселерді жұбымен және пар-парымен жараттым» деген Раббымыздың ескертуін назарға алсақ; әрбір нәрсенің қасиеттік, қабілеттік түр, түс және мәндері ұқсас жаратылыс егелері бір-бірмен жұп болып есептеледі. Парлану заңдылығының оң, сол дәрежесі болып, мысалға; сүредегі 17 санының пары 71 санды сүре болып есептеледі де, сол сияқты 17 санды аяттың мағынасын 71 санды сүреден іздеу керек. Бұдан басқа қасиеттерімен ұқсас нәрселер өзара жұптасып, ал қарама-қарсылықтағы сипаттар бір-бірімен пар болып та саналады. Әрбір жаратылыс нәрсесінің екінші қарсылық жағы оның жаратылыстағы пары болып есептеледі. Енді құран аяттарының сандар тағлымы бойынша 30 пара яғни пар аяттардан болып, осы пара ішіндегі аяттар бір-бірімен жұптар тізбегін құрап, сол сияқты тақ сандылар мен жұп сандылардың бір-бірімен жұптасуынан жұп мәндерінің шығуы да жұптық заңға сәйкес болып есептелді.  Мысалы күн мен түн бірінен-бірі пар бір-бірін жауып тұрады да жарық пен қараңғылықтың сандық мәндері үнемі өзгеріп тұрғанмен түпкі нәтижесі тұрақты 24 сағат жұптық белгіні құрайды. Сол сияқты өмір, тіршілік бар жерде өлімнің де болуы парлық қасиет. Өлім мен өмір түбінде жұптасып, адам баласы бір жағдайдан екінші жағдайға өтуі де хақ. Сол сияқты біздерге көрінетін тығыздық жаратылыс сипаттарына қарсы бостық, ғайып жаратылыс егелері де бар болса, бұл аралықты бір-біріне жалғаушы екі аралық жарыс егелерінсіз тағы жаратылыс нәрселерінің тұтастығын көзге елестету мүмкін емес. Екі саны жұптық белгінің басты негізі жаратылыстың жанды егелерінің атына, ішкі зайырына, жарығына, ақылдың өлшеміне тәуелді болса, адамзат үшін «ақ»-«қа» яғни иманының кемелдік дәрежелену белгісін көрсетеді. Егер «Қа-тын» деп айтсақ осы екінің қарсылық белгісін 3-пен түрлендіруші, қара қуатты тазартушы, ағартушы деген ұғым пайда болады. Барлық тағдыр жазуы осы екі арқылы басталып жазылады және дәрежеленеді де. Ал енді осы екіден пайда болған сөздің, тағдырдың қозғаушы, орындаушысы  пар заңдылығы болып, осы екі рет екінің арасындағы «екі аралық» үшінші аралық қозғалыстың басты себебінің  болуымен де маңызды. Парсыз жанды, бағытталған қозғалысты елестету де мүмкін емес. Жаратылыс қозғалысының негізгі бастауы 3 санымен басталып, бұл санды адам баласының да жалпы жанды жаратылыс егелерінің қимыл, қарекеттік мінезі осы санға тәуелді болып оның адам баласына сай ерекшелігі жанының нәсілдік белгісі, дін тағдыры елдік белгісінің қалыптасуымен яғни адамдық басты белгісімен көрінісін табады. Құранда 3-сүре осы хикметті меңзеп және 200 аятпен тұжырымдалуы да бес қуаттық шамалардың өзара бірлену, жұптасу белгісін көрсетеді.

       Сондықтан Адам-ата, Хау анамыздың 33 санды жаратылыс мәні бүкіл жаратылыстың адам өніміне тән рухани себептік қозғалыс негізі деп түсініп және  оның 3 түрлі тәңірлік сипаты; 99 санды таспих болып, жаратылыс атауларының ақылды жанды негіздерін толық қамтитын зікірдің, естің негізі болу себебін осындай Құрандағы сандар тағлымынан, ғылымымен насихатталады. Ал психология ғылымында бұл сан адам баласының (интеллектуалдық) танымдық жетілу (ес) саны деп аталады. Және өзара қарама-қарсылық заңдылықпен періштелік қуаттардың да осындай сандар арқылы көрсетілген өзара түрлену, көбею және алмасым дәрежелену ерекшеліктері де бар. Ал, негізінен барлық адамзатқа берілген періштелік белгілер екі сипаттан білімді және білім берілмеген және екі сипаттан және көруші, естуші болып, сол сияқты қарекеттік, танымдық болып, т.б. үнемі екі қайшылықтардан өзара жұп болу арқылы ғана 3-ші аралық нәрсенің әрекетімен жанның  заңдылығы кимыл, қарекетті туындатады. Енді осы бастапқы екіні «Ақ»-ты осы 3 қозғалыс қутымен дәрежелену арқылы пайда болатын 6 санды рухтың үні, (ғашықтық, мүсәпірлік, күдік, мақсатын жоғалту, жүктелу, жүктілік) әлем жаратылысының жарықтық негізі 6 сезімдік несібені аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп, осындай 3 түрлі мінездік, әрекеттік, тұжырымдаушы болып және бұл да парымен екі орынды, жұптылық нәпсіге жанға байланысты екенін білдіріп нақыл қалдырған. Ал рух негізін қалайтын періштелердің 3 мәнді негізден 4-ші жағдайға өтуімен, бейнеленуімен яғни 4 санымен (жақсылыққа жету, кәмелеттік белгі) байланысты болып, оны «Төртеу түгел болса төбеден» деген нақылмен бастың ағзаларына, адамдық негіз 4 қасиетті (зейін, зерде, жете, сана) немесе от, су, жел, жер белгілерін  меңгеруге тәуелді екенін көрсетіп жалпы сандық негізгі мәні;  74; 76 санымен барлығы 150 санды негізгі «Мен» белгісін беріп және оның жұбымен 300 періштелік белгіні қуатты көрсетеді. Абай атамыздың: «Әй қайдам 100 қараға, 200 кісі сұғын қадап жүр ғой..» деген және қазақ аталарымыздың бүкіл руларды 300-ге бөліп қарауынан осы 3-пен нәтижеленіп дәрежеленген жан сырының белгісі шығады. Бұл белгілердің есебін Бақара сүресі 286+2 және Фатиха 7+1 сандарының қосындысы 296 санын беріп екілік жүйеге түрлендірсек; 17 санымен «Ісра» сүресін адамзаттың кемелдік дәрежеге жетіп, миғражға көтерілген жағдайын, пайғамбарымыздың көрсеткен хикметін көрсетіп тұр. Ал енді қалған 4 санның мәнін негізгі төрт періштеге қосылу арқылы жаратқанның берілетін негізгі 4 кітап нұрды, кісіні несібені  ескертіп тұр. Және адамзатқа берілген 4 негізгі тербелістік жан сырының, дін ғалымдарының теріске шығарған «реинкарнация» сенім негізін білдіреді де, бұл 4 санының негізгі мәнін жердегі несібені 4 күнге есептеп жаратуымен адамзат несібесінің, зейнеттің, аманаттың, тілдің және парасаттылық пен 4 түрлі қандық топқа байланысты адам баласының ішкі дүниесіне келетін азап, ауру, қайғы «өрттің» шарттары осы сандық мәндерге тәуелді екенін Раббымыз аяттарда ескерткен. Сондықтан адамзат қанының ішкі 11 жұлдызбен әрекетінің нәтижесі бүкіл әлемге ортақ діл білімі 44 санды сүре мен аяттардан көруге болады. Діндегі төртеуді түгелдеу нәтижесі де осы сүренің 59-санымен тұжырымдалып; «Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде.» (44-59) (14;58) Хикметтердің білінуі, ақирет өмірі өліктермен және от санымен, өліммен, шырақпен байланысты екенін ескертіп тұр. Алда бұл тақырыптарға арнаулы мақала жаза жатармыз әзірге құран аяттарымен расталған ақиқат белгілерінен аз ғана сырын тарқатып көрейік.

      Барлық рухани ақылды жаратылыс белгілері құран бойынша 30 санынан яғни 30 пара нәсілдік белдеуден басталатынын есте мұқият сақтап, сондықтан негізгі жер жүзінің тіршілігі тек 30 санымен байланысты. Ал әрбір осындай құранда көрсетілген 10 сандар жүйесі барлық қозғалыс негіздерін дәрежеленуі мен бір жағдайдан екінші жағдайға өтудің, түрленудің, жеңістің, қиындықты жеңудің, белгілі мақсатты істердің орындалу нәтижесін белгілейтін, өзіндік хикметті Алла тағаланың сипаттарына дәрежеленуді көрсетеді. Әрбір химиялық (элементтер) нәрселер 10 санымен дәрежелену арқылы келесі бір жаратылыс нәрсесін түзейтіні ғылымда мәлім. Ал рухани негіздің түрленуі, дәрежеленуі 6 санымен белгіленіп, шабыт, ғашықтық, күдік, күмән, жүктелу сияқты ақыл-ойдың дәрежеленумен қозғалыс мінезін әшкерелеп, ал құран сүрелерінде 11 рет баяндалып 11 рет дәрежелену арқылы белгілі мақсатқа жету, Алла достарымен қауышу, тақуалықтың негізгі шарты осымен нәтижеленеді. Сондықтан рухани сүнеттелудің, рухани негіздің; 6,16;26;36;46,56;66;76;86;96;106-шы негізгі кітабы болып есептеледі. Жалпы адамзаттың ақыл-ой рухани жетілуі жұп сандық мәндерге тәуелді болып 2; 4; 6; 8; 10; сандарымен белгіленіп дәрежеленіп отырса, ал жан негізін қозғалыс, қимыл әрекеттерінің дәрежелену шарттары 3; 5; 7; 9; сандарына тәуелді болып және 11; 13; 15; 17; 19; сандарының барлық адам жанының тағдырының тазалық көрсеткіші болып табылады. Құран аяттары осы сандар арқылы рухани және жандық сүнеттелудің бір-бірімен қандай жағдайда қарсылық тозақтық қараңғылықтың пайда болатынын, ал қандай сандық мәндерде жаннаттық жарықтың зейнеттелуімен және адам баласының иманының кемелденуін түрлі себептермен байланысты ара жігін ашып насихаттайды. Ал адам баласының ақиретпен толық байланыс саны және ақиретте сұралу, кемелдену, жаннатқа немесе тозаққа түсу сияқты барлық жинаған рухани, жан қазынасының мәні негізінен 7 саны арқылы атқарылады. Бұл сан Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірге келуімен де, оған дейінгі рухани тылсым өмірімен де  байланысты сан болып есептеледі және Құранда да солай шапағатын 47-ші сүремен белгіленген.  Ал 8 саны жарықпен, жаннаттар санымен және жаратушы иеміздің сегіз сипатты хикметімен байланысты адам баласына берілген негізгі несібе, мирас болып, ғылым-білім рухани кемелдену осы санмен толық зейнеттелетін болғандықтан аталарымыз; «Сегіз сері» деп атаған сөз өнерінің әр түрлі қасиеттердің  шыңы болып, бұл сан Ғиса пайғамбарымызбен байланысты болып інжілді 18 санмен белгілейміз. Енді бұл рухани байлықтың сырын 6-шы кітапта баяндай жатармыз, біздің негізгі тақырыбымыз «Ақ»-тың бастауы болып саналатын және Құран насихатында рух және қарекеттік, танымдық жан сырының тұтастығын белгілейтін 7 санымен  11 рет қайталанып 107-сүре «Мағұн» жан сырының, мұғжизалы көріністерінің кітабының негізі болып саналады. Бұл санды кітапты барлық қозғалыс түрлену және заман мен уақыттың негізгі себепшісі деп атауға әбден болады. 7 аяттан тұратын «Фатиха» сүресін Құранның анасы деп түсіндірудің өзі осы сырды айқындап, дәлелдеп тұр. Аналықсыз ешқандай жаратылыстың түрленуі де мәнді қозғалыс, қарекетінде қалыптаспайтыны даусыз. Ал жеті саны барлық несібе, жеті жол жер және Күннің санын белгілесе, 5 саны Ай және аспан несібелері санын белгілеп, екеуінің қосындысынан 12 айлық жыл саны адамзатқа және жер тіршілік әлеміне ортақ несібе мезгілі пайда болады. Бес санының түрлену хикметіне алда мысалдар бере жатармыз, ал енді 7 санының қалай, қайдан пайда болатынын Енді Шәкәрім атамыз; «Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла, Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда? Бір сипатын ортадан кесіп алсам, Орнында тағы болар екеу пайда. Біреу деп кесіп алып тастағаным, үшеу болып жатады басқа жайда.» Жетінің сипатынан бөлінген  3-тің тағы да сондай өзінен 3-ті бөліп, үнемі қалдығы екі болып шығатын үш негіздің пайда болатынын жұмбақтап шешімін де: «Бір қағазды қи-дағы үш бұрыштап, Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап, Қалған қағаз болады төрт бұрышты, Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап.» деген астарлы жұмбақпен 4-ші«Ниса» сүресінің неке заңдылығы арқылы адам баласының 3 қараңғылықта пайда болуын және 4-тен 3-тің бөлініп шығып, жанның және 7-нің пайда болуын жұмбақтаған. Сондықтан бұл сандарды 4 маусымды тіршілікті қалыптастыратын апта; «Мезгіл» деп, тек 7 санының басқаруымен, әрекетімен ғана  уақыттың заманға түрленіп, қоғамның, адамзаттың қылық мінезінің ерекшелігін қалыптастыратынын ескерте отыра, соған байланысты қазіргі таңдағы кейбір надандардың заманды кінәлауын былай түсіндіреді; «..Мен болсам Толстойдай, арманым жоқ, Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ. Сырымды білетұғын сендер емес, Өлейін деп елсізге барғаным жоқ…Надандардың сөгуі айып емес, Мен ешкімге байлаулы зайып емес. Хақиқатты жырлаған келешекте Мерзім болып шығуы ғайып емес..» деп жан сырын «зайып-Ман» деп ескерте отыра замандық мерзімді; «..Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп, Сырты сопы, іші арам қылықтар көп. Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп, Адалымсып жүретін ұлықтар көп. Бір емес, әр жерде бар осындайлар, Өз малын өзі ұрлайды кейбір байлар. Қазына берген ақшаны қалтаға сап, Елге міндет кеңесшіл пысықайлар. Бір ұрты май, бір ұртында қандар бар, Қой терісін жамылған жандар бар. Жазасызды жалалап атақ алып, Ақ жүрексіз жүретін надандар бар.». Заман себебін тышқан қылықты жандардың, бұрынғы залым нәсілдердің өмірге қайта келуінен ізде деп, осы заманғы біздің ел басшы, дін басшыларының тіршілігін айқын бір мысалмен әшкерелеп, себебін де осы кітаптың мұғжизасынан яғни Құраннан ізде деп ескерткен.

       Абай атамыз бұл 7 санды аяттағы белгілерді де терең зерттеп ашып көрсеткен де мысалға 107-ші кітапты: «Қараша да өмір тұр, Тоқтатсаң тоқсан көнер ме? Арттағы майда көңіл жүр, Жалынсаң, қайтіп келер ма? Майдағы жұрттың іші-қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да, сөнер ме?..Кеудесі толған қулық ой, Бәрі де пысық, езбе емес. Құмары оның айт пен той, Пайда мен мақтан, өзге емес. Алдадым, ұрдым, қырдым деп, Қулығын бұлдап сатпай ма? Момыннан жаман қорқақ жоқ, «Қу» «пысық» деген ат қайда? Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда?» деген  өлеңнің астарында қазіргі таңдағы біздің және әлем психологтарының да білмеген жан сырын көрсетіп кеткен. Кеуде мен арттағы құйрық майдың қатынасы және іш майларының жұмысына тәуелді адам мезгілінің тоқсанының өзгерісімен құйрықтары қайқайып, төсі жалаңаш азғындаған ұрпақтардың, нәсілдердің пайда болып, партия құрып еңбексіз табысқа, қулықпен алдау, парақорлық, той тойлап гәккулеген арсыздық заманның келуін қалыптастыратынын адам жан сырына діл бақшасына тәуелді екенін ескертеді. Адам баласының көңіл-күйі яғни жыныстық тазалығы, қылықтық, мінездік ерекшелігі де артына ерген күзетші періштенің шырақтық, жарықтық майына да тәуелді деп ескертеді. Және  көңілдің азуы да семіздік пен жамбас, құйрық майларының шамадан тыс өсумен де белгісі қалыптасады. Бұндай семіздіктен адам баласының ішкі жан дүниесінің суықтыққа ұшырап, діл бақшасының, жан гүлі бәйшешектің (қандағы қызыл түйіршіктер «красные тельца») өнім бермейтінін, сонымен қанның да азуын туындататынын ескертеді. Ал адам баласының діл бақшасының яғни қанның азуы мінез, қылықтың тәрбиесіне тәуелді болатынын Шәкәрім атамыз; «…Европа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла, шырағым, сырттан күл де. Сол есті елде киім бар мода деген Керегіне лайықтап киінбеген. Жас балаша қызығып сәкәкүлге Масқара боп (арсыз боп) жүргенін бір білмеген. Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек, Киіп алып, қылтиып қағар селтек. Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа Ойланбай, болғаны несі мұнша тентек?(жынды, бәңгі)..»Адам баласының сыртқы киімі мен қозғалыстық әдеті де және тәндегі ыстықтық, суықтықты қалыптастырумен көңіл, сөз майының артқы жаққа кетіп, семіздікпен қоса адам мінезінің жындылығын, мастығын да қалыптастыратынын ескертіп оларға күлген жағдайда, мұндай ұсақталып, жәндікке айналатын қылықтардың да қазақтың да баласының басына келмесін, сондықтан алдын-ала «іштен жыла», қайғыр да абай бол деп ескерткен де; «Лайықты киім жоқ па бұдан басқа, Керексіз кербезденіп бос шатаспа. Ақылды киім бермес, ғылым берер, Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста!». Ал бұны істемей европаның теріс қылығын алсаң онда; «Араны ашық жалмауыз, арсыз төбет, Аулақта жемтік жеуден жиіркенбес. Адамның сыртқы дене жаралысы, Нәпсісі айуанменен анық теңдес. Бөлектігі – жалғыз-ақ таза ақылда, Әлің келсе, жол тап та осыны емдес!».

     Қазіргі сыртқы тән сұлулығын дәріптеген қазақ мәдениеті мен әйелдеріміздің жалаңаштанып, нәпсімізді жетілдіріп өмірімізді уға, қанымызды ақ-қантқа толтырып жатқан қылықтары тек арсыз, иттік хайуандық ұйыққан иттердің қылығын бейнелеп, жиіркену, ұят сезімдерінің жоғалып денелерінің, қаб өрістерінің, иман періштелерінің, көлеңкелерінің де хайуанға айналатынын және ең үлкен дін соғысы осындай арсыздықпен күресумен айқындалатынын ескерткен. Абай атамыздың  ескерткен тәннің зейнет сызықтық өлшемімен нәпсісін яғни хайуандық болмысын анықтауға болатынын астарлап; «Терең ойлап сөзімнің түбін біл!» деп ескертіпті. Бұл аз ғана мысалдармен алдағы бұл басылымның негізгі талабы осы санға байланысты екенін Құран аяттарына, ақыл-ойды тұрақтатып түсіндіру мақсатында ғана  көрсетіп отырмыз. Енді әрбір 10-ға дейінгі сандардың осындай құпия сырлары кітаптары болса, ал құран сүрелерінің 10-мен дәрежеленген ортасындағы бір сүре осы кітаптардың (сандық мәндердің санатының) басқарушысы негізі болып жалпы адамзатқа берілетін ортақ кітаптарының нәтижесін береді. Мысалға 7 санының негізі ортасы болып 47-сүре «Мұхаммед» болып, әрбір мұсылман үмметінің алуға болатын ортақ несібесі, жан сырының негізгі хикметті нұрлану несібесі болып саналады. Және бұл жағдайдың да 40 саны жер рухымен байланысты болып, Мұхаммед пайғамбарымыз жалпы жер бетінің дін имамы, қыдырлық яғни «Ерен ғайып»-тық шілтендерді басқарушы шапағат дәрежесін де білдіреді. Енді 107-ші кітаптың жағдайына келсек қан және жүректің тазалығына байланысты адамзатқа ортақ дін, діл жемісінің нәтижесі естің, парасаттың сарайын қалыптастырушы кітабы болып табылады. Ал рухтың өнімінің теңдігінің негізінде 4 саны физика ғылымында да тұтастықтың, атомның негізгі сыры болып және геометрия ғылымында шаршының негізі бейнесі болып табылады да 6 күнмен жер шарының тұтастығы мен 4 күн жер несібесін құрайды. Бұл жаратылыс сырына іргелі ғылымның әлі ақылдары жетпей жатқан бір жағдай; Альфа бөлшегін түрлендіргенде екіге ғана бөлінетінін дәлелдеп, ал оның 3 және 1-ге тақ мәндерге, бөлшектік дәрежелерге де бөлінетінін Құран философиясында айқын көрсетіліп және бұл 4-тен бөлінетін бөлшектердіәң де 176-14-5 (180;18;9) санымен нәтижеленетін екі түрлі тұрақты мәндері бар екені әлі де әлем ғылымында белгісіз. Адам баласының семіздігін қалыптастыратын бетта сәулесімен тамақ арқылы және терінің улануынан жан үйлері «натрий» әурет орындарының қорғалмауынан пайда болатынын және оның адам көзінің негізгі ошағы болып, сұқтану арқылы түрлі дерттердің пайда болатынын да медицина ғылымының ақылы әлі жете қойған жоқ. Сол сияқты сөзден, үннен пайда болатын негізінен тақ санды мәндер гамма (үн), бетта (күй-күш) болып, негізі алфа-ақ жаратылыс басы және соңы болатынын, екі сәулені де өзіне жұта білетін зейнет қорған киімін, жанның да тәннің де імүндік қорғаныс қабілетін арттыратынын да, діннің шариғат істерінің адам баласының тектерінің азбауы үшін жаратқаннан берілген нығмет екенін де әлі біле бермейміз. Ал жаратылыс әлемнің негізі екі жазықтан яғни екі күннен бастап пайда болып, бірі шеңбер ішіндегі үш бұрыш (альфа, бетта, гамма; 3-негізді қозғалыс басы), екіншісі шеңбер ішіндегі шаршы қазіргі көріп жүрген күніміздің негізі тәңірлік 5 қуат (бес негізді қозғалыс) болып табылады. Ал дінде осы шаршыға байланысты 5 күн ұғымы пайда болып, 6 қабырғалы текшенің бір қабырғасы жермен бірігіп кетеді де, ал қалған 5 қабырға  осы 5 рет төрт шаршының бір-бірімен қосылып және жермен жалғануын яғни «Қағба» — (бес қабырға және жер-хаж) қажылықтың ғылымын көрсетіп тұр. Сондықтан қажылық жетінші көкке жалғану ғылымы болып, ал енді қалған бір күн әрбір адам баласының кіндік арқылы өз туған жерінің рухына жалғанумен хаж амалдарын толық меңгеруден пайда болатынын да ескерген жөн. Сондықтан бұл күн 1-ші санмен белгіленіп «Ман» ды және «Уақ» қуаттарын ар арқылы бірленуін қалыптастыратынын да естен шығармаңыз. Енді шеңберді яғни күнді шаршымен бөліп көрсеңіз, күннің бес бөлікке бөлінгенін яғни күн бетіндегі 5 дақтың сырын «Уақ» пен «Ман» ның пайда болу хикметті сырын да осыдан білуге болады. Демек қарекет және ақыл-ой  қозғалыс негіздері біздің азықтық, рухани қуаттық өмір сүрген жаратылыс ортамызға тікелей байлаулы тұрғаны сөзсіз. Бұл қуаттар енді 4-уді түгелдейтін «Ар» күшінің бірлігімен ғана пайдалы рухани күштерге айналатынын да естен шығармаңыз. Енді әлемде екі түрлі жазықтық болып ол шеңбердің біреуі шаршымен, яғни 5-пен бөлінсе, екіншісі үш бұрышпен яғни 4-ке бөлінетінін де жадыңызға тоқып алыңыз.  Әл-Фараби атамыздың 81:64 санының қатынасының орнына музыканы (үнді, күйді) зерттеуде 4:5-тің қатынасын «Ми» деп алуының себебі мен адам басының миының қалыптасуы да осы білімнен пайда болады. Онда енді осы өлшемді «Ар» мен «Ман»-ға бірленген «Уақ» қарекеттерінің теңдігі десек те жаңылыспаймыз. Сондықтан біздердің оқыған психология ғылымының миды санаушы яғни сана негізі деп түсіндіруін жалғанға шығарып, көру, есту сезімдерін бейнелеп үнге айналдырушы ой қызметін атқарып, жүрек, қан тазалығы арқылы ғана сана қалыптасатынын біліп, қазіргі қан, тамыр ауруларының негізгі себебі де ұлттық салт-дәстүрінен безген, ана сүтін ақтамаған, шал емшегін ембеген; «санасыздар» ауруы деп түсінгеніміз ақылға қонымды болар. Сондықтан  жер несібесі 4 күн-ана «Ар», ал жермен көк аралық ақиреттік несібе 5-күн-шал емшегі «Ман, Уақ» және сөз тазалығы  болып адам баласының Абай атамыздың ескерткен «Ішінде оты бардың қарға (шайтан азғыруына, әйелден неке, жыныстық қатынас арқылы енетін теріс өріске) сөнбейтінін» рухани кемелденуді, мұсылмандық адамгершілік негіздерді, ұрпақ сабақтастықты, ата-ана аманаттарын өтеумен 4-сүре мұсылмандықтың ортақ кітабы болса 104-ші сүре арап елдерінің шариғатын қалыптастырушы кітап болып, ал 114-ші сүре «Нас-Сан» жалпы әлемдік шариғаттарының негізгі кітабы, барлық кітаптардың баяндаушы жинағы болып есептеледі. 113-ші,103-ші 112-ші, 102-ші, 101-ші кітаптар да өзге елге келген нұсқаулар мен тәурат, забур, інжіл кітаптары арқылы берілген шариғат негіздерін баяндаушы кітаптар болып саналады. 103-ші кітап себептің негізі қозғалыс басы, жан ғылымының негізгі кітабы болып; сақтарға, түркі әлеміне және қазақ аталарымызға оқылған бүкіл заман өзгерістерін қамтыған әлем  шежіресін толық баяндаған аяндардың да кітабы болып саналады. Ал 113-ші кітап рух ғылымын, 5-күнге жалғану, тәңірлік қуаттарды меңгеру білімін түсіндіретін әлемге ортақ белгісі болып саналады. Сол сияқты рухани ортақ беігі, сөздің нұры; 26-шы «Шұғара» сүресі болып негізінен ақындық, философиялық, сәуегейлік пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруге негізделген адамзатқа ортақ меңгеруге тиісті уахи болып кәпірге де оқылып жатқан кітап болып есептеледі. Сондықтан Раббымыздың шапағаты  қан арқылы берілетін нәсілдік қасиеттермен іштен оқылатын елшілік, періштелік дарындылық болып осы сүре арқылы түсіндіріледі. Бұл жағдай 7 санымен әр адам баласының әлем мүлкімен тұтастық байланыс қуаттық саны болып аятта; «Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе, оларға бір қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды.» (7-35) Енді бұл аятпен жалпы адамзатқа ортақ және өздеріңнің іштеріңнен «жүректеріңнен» елші, періштелер сөйлейтін болса, уахи болып естіліп, аян болып көретін болса және сол нұсқаумен жүрсеңдер қайғы-қасіреттен құтқарыласыңдар деп ашық ескертеді. Бұл жағдайды қысқаша ескертіп отыру себебіміздің өзі дін ғалымдары мен құран зерттеушілерінің жалпы ислам әлемінде қазіргі таңдағы құранды теріске алып, азғындыққа түсудің өзі аяттардың ұғымын, мақсатын білдіретін сүре саны мен аяттар орнының міндетін, сан ғылымының маңызын ескермек түгіл, аяттардың қарапайым үгітін парлап, жұптап және қандай үмметтерге және қандай адамзатқа ортақ жағдайды және жерлік, көктік қандай дәрежелі періштелерге, кісілерге немесе біртұтас адамдар қауымына, т.б. тиісті екенін, қандай құлшылық түрлеріне арналғанына және сүренің сандық мәндеріне, аяттың сүредегі орнына қарамай, ортасынан ойып алып құр ой жорумен, бал ашумен және білімдік маңызын да араластырып түсіндірумен өздері де тура жолынан оп-оңай шатасқан.  Сондықтан да бүкіл ислам дін ғылымы философиялық бағытынан бұрылып, Құранды терісіне зиянына алған, теріс пікірлердің қалыптасуына ғана себепші болған. Осыдан барып Құранның философиялық та, теологиялық та ғылымы жоғалып, ислам әлемінің тура жолды таба алмай адасу себебінің негізі де осындай жалған Аллаға жала жапқан тәпсірлерде тұр. Бұл зұлымдыққа түскендердің негізінен масһаб ұстанушылар және арап елдерінің діни топтары кіреді. Бұндай жағдайға басты себептің өзі аудармашылықпен айналысқан ағайындарымыздың, хазірет, дін ғалымдарымыздың іргелі ғылымнан, философия, психология ғылымдары түгіл, ұлттың сөз құндылықтарын білмей, нақыл ғылымын зерттемей ой жорамалмен өзінің өмірдегі материалдық жаратылыс түсінігіне сай еңбектерді ақыл-ойды азат қылып сұрыптамай, керісінше өзге елдің ғұламалығына күдіксіз табынып, әулие, шейхтарын құдай қылып алумен, талғамсыз таңдай қағып, құл темір сияқты ақылсыз көшірумен ғана айналысып, ал арап ғалымдарының, түркілік даналардың да арап тілінде жазылған еңбектерінің мүлде ескерусіз қалғанынан деп түсінгеніміз абзал. Мысалға Әл-Фараби атамыздың сандық, сызықтық жүйеде жан, рух сырын дәлелдеп көрсеткен еңбегін  иманы жолдас болғай Мағжан Машановтан басқа зерттеген, жазған ғалымдар кездеспейді. Фатиха сүресінің яғни жеті санының бірге қатынасынан туындаған 52 мың жұп пен тақ заңдылығын т.б. басқа құранның сандар тағлымын әлем ғалымдарына қарапайым сандар мен сызықтар жүйесімен рух, жан, мал қуаттарының өзара алмасымын, түрленуін айқын түсіндірген еңбектерін шаңынан тазартып жарыққа шығарса, басқа діндегі ғалымдардың құран хикметтерін түсінуге жол ашылып, ислам дінінің бірлігіне бар діндердің атасы екендігіне көз жеткізумен бірге, осындай біздердің де өздеріміздегі бар ғылымды, тура жолымызды бағалауға өзге елдің ғалымдары арқылы өзіміздің кім екенімізді түсінуге септігі тиюмен қатар, қазіргі таңдағы білімсіз жастардың діннің рәсімдік сипатының соңына түсіп зұлымдыққа түспеуіне, ұлттық намыстың ана тілінен құрмет пен оймен тілдің бөлшектенген мәңгүрттік ұйқыдан, рухани өлімнен қайта оянуымен және  ислам  әлем діндеріндегі жоғары дәрежелі дін ағайындастармыздың да Құран ғылымының мәнін түсінуімен, діни жалған сопылық надандық пен жалған тәпсірлерге үлкен соққы болары сөзсіз. Және Құранның құндылығы да көрініп, бүкіл әлемдік ең басты кітапқа айналуына жол ашылар еді. Қарапайым сандар мен геометриялық сызықтық бейнелері көрсетілген, бірақ жариялауға ғылымын ашық түсіндіретін осындай аталарымыздан қалған аманаттардың жарық көрмей жатқанына байланысты дін ғалымдарының назарынан тыс қалған, соған байланысты «шерік, ширік, серік қосу» деген жалған ұғымдардың пайда болуына бірден-бір себепші болған; Адам атамыздың жаратылуынан бастап енді қанатты періштелердің пайда болуымен жоғарыда баяндалған 5-ші;6-шы; 7-ші; 8-ші; 9-шы; 11-ші; 13-ші санды және жеті көктермен байланысты 7 түрлі орындаушы періштелік дәрежелердің жалпы несібелік сандық негізі 12 болып, (кітабы Ыхлас-112) адамзаттың негізгі несібесін қамтамасыз етуші адам жан, тән, рухының өнімдерімен және бүкіл жаратылыс нәрселерімен, қоршаған ортамен тығыз қатынаста, қуаттық алмасымды қамтамасыз етуін насихаттау Құран философиясының басты тақырыбы болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.